Пятница , 4 июля 2025

ЖАҢА БАҒДАРЛАМА жақсы азамат өсіруге КЕПІЛ БОЛА АЛА МА?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №28 (392) от 11 авгу­ста 2017 г.

 

Тамыз кеңесі қарсаңында

 


 

Елі­міздің Білім және ғылым мини­стр­лі­гі дәстүр­лі Тамыз кеңесіне ұсы­ныс-пікір­лер жинап жатыр деген­ді құлағы­мыз шалып қал­ды. Сон­ды­қтан мен жоға­ры санат­тағы мек­теп мұғалі­мі, оның үстіне «Назар­ба­ев Зият­кер­лік мек­теп­тері» ДББҰ Педа­го­ги­ка­лық шебер­лік орта­лы­ғын­да 1‑деңгейлік кур­стан өтіп, жаңа бағ­дар­ла­ма бой­ын­ша білім алған ұстаз ретін­де Тамыз кон­фе­рен­ци­я­сы қар­саңын­да ой-пікір айтуға толық мораль­дық құқым бар деп ойлаймын.

Жал­пы алған­да, Жаңа бағ­дар­ла­ма өзі­ме ұнай­ды. Деген­мен, маман ретін­де келіс­пей­тін тұста­рым да баршылық

Жаңа бағ­дар­ла­ма­ның басты ерекшелі­гі, мек­теп жұмысы мен оқу­шы жетістік­терін өрісте­ту­де­гі негіз­гі тұлға – мұғалім деген ұста­ным­ды негіз­ге ала оты­рып, жыл­дам өзгеріп жатқан заман тала­бы­на сай, мұғалім­дер­ді оқу­шы­ларға қалай оқу керекті­гін үйретіп, соның нәти­же­сін­де еркін, өзін­дік дәлел-уәж­дерін наным­ды жет­кі­зе білетін, ынта­лы, сенім­ді, сыни пікір-көзқа­рас­та­ры жүй­елі дамы­ған, сан­дық тех­но­ло­ги­я­лар­да құзыр­лы­лық таны­та ала­тын және өз білім­дері мен дағ­ды­ла­рын күн­делік­ті өмір­де де қол­да­на білетін оқу­шы қалып­та­сты­руға даяр­лау екен­ді­гі белгілі!

«Тех­но­ло­ги­я­лық, педа­го­ги­ка­лық және маз­мұн­дық білім ара­сын­дағы өза­ра бай­ла­ны­сты іске асы­руға қабілет­ті мұғалім жоға­ры дең­гей­де­гі кәсі­пқой болып табы­ла­ды» (Миш­ра мен Кёлер) деген қағи­да­ны еске ала оты­рып, Білім беру мен ғылым­ды дамы­ту­дың 2016–19 жыл­дарға арналған бағ­дар­ла­ма­сы тура­лы бірер сөз айтайын.

Тек оны Бағ­дар­ла­маға қар­сы­лық деп емес, Кем­бридж тех­но­ло­ги­я­сын­дағы 7 модуль­дің бірі «Сыни тұрғы­дан ойла­у­ға үйре­тудің» әсері деп түсін­ген абзал.

Бағ­дар­ла­ма бүкіл­ха­лы­қтық талқы­ла­удан өтпе­гені бол­ма­са, жал­пы алған­да бірер бабы­нан басқа­сы ізгі ниет­тен туған болар деп ойлай­мын. Бағ­дар­ла­ма­ны іске асы­руға кедер­гі бола­тын маңы­зды фак­тор­ларға тоқта­ла кетейін.

 

Ком­пью­тер­ге кене­ле­міз бе?

Оқы­ту мен оқу­да ақпа­рат­тық-ком­му­ни­ка­ци­я­лық тех­но­ло­ги­я­лар­ды пай­да­ла­ну сала­сы бой­ын­ша, 2019 жылға дей­ін мек­теп­тер­дің мате­ри­ал­дық-тех­ни­ка­лық база­сын жасақтап үлге­ру мүм­кін бе? Интер­нет­ке қара­жат табуға болар. Ал сон­ша­ма мек­теп­ке интер­ак­тив­ті тақта­лар орна­ту мен бар­лық оқу каби­нет­терін ком­пью­тер­лен­ді­ру мүм­кін бе?

Мыса­лы мен 1,5 мың бала оқи­тын мек­теп­те жұмыс істей­мін. Осын­ша балаға бар болға­ны 11–12 интер­ак­тив­тік тақта бар. Олар­дың өзі 2009–2010 жыл­да­ры шыға­ры­лған тақта­лар. Бұзы­ла қал­са, қосалқы бөл­шек табу қиын және өте қымбат.

Пән мұғалі­мі­нен бөлек, осы құрал-жаб­ды­қтарға қыз­мет көр­се­тетін инже­нер-маман­дар ескеріл­ді ме? Мил­ли­онға жуық тұрғы­ны бар облыс орта­лы­ғын­дағы жағ­дай осы­лай бол­са, шалғай ауыл­дар­дағы мек­теп­тер­дің жағ­дайы қалай?

Облыс-аудан орта­лы­қта­рын­да білім беру меке­ме­лерін­де­гі ком­пью­тер­лік-ақпа­рат­тық тех­но­ло­ги­я­сы­на арнайы қыз­мет көр­се­ту орта­лы­қта­рын құру қарас­ты­рыл­ды ма?

 

Бәрін кадр шешеді

Мек­теп­тер­де «кадр» көп, бірақ маман-кадр тапшы.

ОҚО-ның мек­теп­теріне келіп жатқан жас маман­дар­дың бар­лы­ғы дер­лік өңір­де­гі атта­ры­нан ат үркетін ашық-шашық ЖОО-ының бітірушілері.

Шалғай ауыл­дар түгілі, облыс орта­лы­ғын­да орна­ласқан «лицей» ста­ту­сы бар мек­теп­ке 13 жыл­дан бері Алма­ты мен Аста­на­ның бел­ді ЖОО-ын бітір­ген жас маман кел­ген емес.

Енді 2019 жылға дей­ін­гі 2,5 жыл ішін­де келе қояды деп ойлай­сыз ба?

Тіп­ті, кей­ін­гі оншақты жыл­да ЖОО‑ы мек­теп­тер­ге прак­ти­кант жібе­руді де қой­ды. Сту­дент прак­ти­ка­сыз қалай маман болады?

 

«Үштіл­ділік» туралы

Ия, неше тіл біл­сең де артық емес.

Бірақ заң­мен бекітіл­ген Мем­ле­кет­тік тіл­ді шын мәнін­де­гі мем­ле­кет­тік ете алмай тұрған біздің жағ­дай­ы­мы­зда оны абай­лап іске асы­ру керек.

А) Баста­уыш сынып­тар­да бала­ны ана тілін­де оқы­тқан жөн. Осы сынып­тар­да бала­ның ақыл-ойы мен дүни­е­та­ны­мы­ның негізі қаланады.

Ә) Үштіл­ділік енген жағ­дай­да ана тілі бұрын екін­ші план­да бол­са, енді үшін­ші планға сырғи­ды. Ата-ана алды­мен шет тіліне көбірек назар ауда­ра­тын болады.

Б) Бала­ла­рын қазақ мек­тебіне беру арқы­лы өздері де қазақ тілін үйрене бастаған оры­стіл­ді қаза­қтар тіл үйре­ну­ден бас тар­туға мәж­бүр бола­ды. Енді олар бала­сы үшін ағы­л­шын тілін басты наза­рда ұстай­тын бола­ды. Қазақ тілі­мен тереңірек айна­лы­суға уақы­ты бола бер­ме­уі мүм­кін. Ең басты­сы, енді олар­да қазақ тілін үйре­ну­ге деген моти­ва­ция қал­май­ды. Қазақ тілінің ары қарай­ғы тағ­ды­ры не болады?

В) Үштіл­дік тура­лы айта оты­рып, жоға­ры да айтып өткен маман­дар мәсе­лесіне қай­та ора­луға мәж­бүр бола­мыз. Ағы­л­шын тілін үйре­те ала­тын дәре­же­де білетін маман 50–60 мың тең­ге жалақы­сы бар мек­теп­ке бара ма?

Ауыл мек­тебінің жайы қалай болады?

Олар аудар­ма­шы­лы­қты таң­дай­ды неме­се ағы­л­шын тілін оқы­та­тын ақы­лы кур­старға жұмысқа орна­ла­суға тыры­са­ды. Нәти­же­сін­де, мек­теп­ке ЖОО-ын сүй­ретіліп, әзер бітір­ген маман бара­ды. Үштіл­ділік­ті қол­дап оты­рған ірі шене­унік­тер мен биз­не­смен­дер ауыл­дар­да соңғы рет қашан болып­ты? Бол­са, мек­теп­ке бас сұқты ма?

 

Бес­күн­дік­ке көшу туралы

А) Адам ағза­сы тәулік­тік ритмдер­мен жұмыс істей­тіні бел­гілі. Адам қала­са да, қала­ма­са да тәулі­гіне бел­гілі бір мерзім­де дема­луы қажет! Ағза­ға зор­лық жүрмейді.

Ал оқу апта­сын қысқар­тқан­мен, тәулік­ті ұзар­та алмай­сың! 5 күн­дік оқы­ту жүй­есіне өту үшін, кей­бір сағат­тар ғана емес, тіп­ті пән­дер қысқар­ты­лып, жұмыс саға­тын ұзар­туға тура келеді.

Бұрын орта есеп­пен 5–6 сабақ бол­са, енді 7–8 сабақ өтілетін болады.

Ә) Ал қан­дай пән­дер қысқар­ты­ла­ды? Ол қысқар­ту­лар бала­ның аза­мат ретін­де қалып­та­суы­на қалай әсер ете­ді? Бола­шақ маман дай­ын­да­уға әсері қалай бол­мақ? Еңбек нары­ғын­да бәсе­ке­ле­стік қызып тұрған­да, бала­ла­ры­мы­зды білім­сіз етіп алмай­мыз ба?

В) Көп­шілік ата-ана­лар­дың мек­теп жасын­дағы бала­сы­на тәр­бие беруі «ішкіздім, жегіздім, киін­дір­дім» деген түсінік­тің шең­беріне қарай тары­лып бара жатқа­ны бел­гілі. Жалғы­зілік­ті ана неме­се әке­лер­дің неме­се бала тәр­би­есін түбе­гей­лі мек­теп­ке артып қой­ған отба­сы­лар мен бала­ла­ры 2 күн үйде не істеп оты­ра­ды? Көше кезіп кет­пе­сіне кім кепіл?

 

«Қамқор­шы­лар Кеңесі» туралы

Мек­теп­тер­де Батыс үлгісін­дей мате­ри­ал­дық қол­дау көр­сетіп қана қой­май, мек­теп­тің оқу бағ­дар­ла­ма­сын жасау мен кадр таң­дау ісіне қаты­са­тын «Қамқор­шы­лар Кеңесін» құру үшін, алды­мен елде орта тап қалып­та­сты­рып алу керек. Біз­де мек­теп­ке қомақты қар­жы­лық қол­дау көр­се­ту­ге мате­ри­ал­дық және мораль­дық тұрғы­да дай­ын шын мәнін­де­гі орта тап бар ма?

Мұның арты бала­ла­ры арқы­лы бопса­лап, ата-ана­лар­дан жап­пай ақша жинау болып кет­пей­ді ме?

 

Латын әлі­п­биі туралы

Латын әлі­п­биіне ауы­су, бірін­ші­ден, біздің халы­қа­ра­лық қауым­да­сты­қ­пен инте­гра­ци­я­ла­нуы­мы­зды жедел­де­те­ді. Екін­ші­ден… Әркім әр мәсе­ле­ге өзі оты­рған төбе­шік­тен қарай­ды: мек­теп мұғалі­мі болған­ды­қтан мен әлі­п­би ауы­сты­ру мәсе­лесіне де білім сала­сы­ның приз­ма­сы­нан қараймын.

Жыл сай­ын Қаза­қстан мек­теп­терін бітір­ген бала­лар­ды Ресей ЖОО‑ы жәй ғана әңгі­ме­ле­су арқы­лы өздеріне тар­тып әкетіп жатыр. Және ең білім­ді түлек­тері­мізді әкетіп жатыр. Мәсе­лен, мен жұмыс істей­тін қазақ-орыс мек­теп-лицей­інің орыс сынып­та­рын жыл сай­ын 50-ге жуық түлек бітір­се, соның жар­ты­сы­нан көбі Ресей­ге оқуға кете­ді. Көп­шілі­гі сол елдің аза­мат­ты­ғын алып, қалып қояды.

Бір жағы­нан демо­гра­фи­я­лық шығын бол­са, екін­ші жағы­нан туған­нан бастап, сол бала­лар бара­тын бала-бақ­шаға, мек­теп­ке кететін шығын­дар­ды есеп­ке алсақ, салық төле­ушінің қал­та­сы­нан шыға­тын қомақты қар­жы көр­ші елдің эко­но­ми­ка­сы үшін жұмыс жасап жатыр.

Егер латы­нға көшетін бол­сақ, кететін­дері бір­ден кетіп, өзі мен бала­ла­ры­ның бола­шағын Қаза­қстан­мен бай­ла­ны­сты­рған аза­мат­та­ры­мыз қазақ тілін үйре­ну­ге кірісіп кетер еді. Сон­ды­қтан, көп созбай, ерте­рек өту керек.

Бұл жер­де басты ұран «Бір ел – бір әлі­п­би» болуы шарт.

 

Жалақы неге жарымсыз?

Бұры­нғы тәжіри­бе­лер­ді еске түсір­сек, бағ­дар­ла­ма­ны іске асы­руға ең басты кедер­гі – бөлін­ген қара­жат­ты мақ­сат­сыз жұм­сау болуы мүм­кін. 2013 жылы сол кез­де­гі ҚР БжҒ мини­стрінің орын­ба­са­ры С.Шаяхметов деген үлкен мөл­шер­де­гі қара­жат­ты талан-тара­жға салаға­ны үшін сот­ты болды.

Өткен жылы рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет­тің атқа­ры­луын бақы­лау жөнін­де­гі есеп коми­тетінің мүше­сі Сов­хоз­бек Құл­маған­бе­тов Есеп коми­теті жүр­гіз­ген аудит кезін­де ҚР Білім және ғылым мини­стр­лі­гі­нен 1,8 млрд. тең­ге­ге қар­жы­лық бұзу­шы­лы­қтар аны­қталға­нын жария етті. Білім беру мен ғылым­ды дамы­ту­дың 2016–19 жыл­дарға арналған бағ­дар­ла­ма­сын іске асы­руға 1,8 трлн қар­жы қарас­ты­ры­лға­нын ескер­сек, қау­пі­міз орын­сыз деп ешкім айта қоймас.

Сөй­те тұра, білім сала­сы қыз­мет­кер­лерінің жалақы­сы елі­міз­де­гі орта­ша жалақы­дан әлдеқай­да төмен. Жалақы­ны көте­ру біз­ге не береді?

Жалақы көтеріл­се, педа­го­ги­ка­лық маман­дық иелері елі­міздің еңбек нары­ғын­дағы бәсе­ке­ле­стік­ке батыл ара­ла­сып, педа­го­ги­ка­лық маман­ды­қтарға қазір­гі­дей білі­мі нашар, әке-шеше­сінің әле­уеті төмен бала­лар емес, мек­теп­ті үздік неме­се жақ­сы бітір­ген түлек­тер бара бастар еді де, ол өз жемісін 4–5‑ақ жыл­да бере бастар еді.

Жаңар­ты­лған оқу бағ­дар­ла­ма­сы­мен жұмысты бастап жібер­ген 1‑сыныптардың мұғалім­дерін әңгі­ме­ге тар­тқа­ны­мы­зда, оқу жылы бары­сын­дағы кез­дескен қиын­ды­қтар – оқулы­қтар­дағы қателік­тер, көп­шілік ата-ана­лар­дың жаңа баға­лау жүй­есін түсін­бе­уі, осы баға­лау жүй­есі үшін әр оқу­шы­ға жеке-жеке порт­фо­лио жүр­гізіледі. Порт­фо­лио жүр­гі­зу уақыт­тан бөлек мате­ри­ал­дық шығын­ды талап ете­ді. Биыл 1‑сыныпты оқы­тқан мұғалім­дер­дің айтуын­ша, бір сыны­пқа орта есеп­пен 12 қорап қағаз (А4) кет­кен. Әр қорап қағаз­дың құны 1200–1500 тең­ге ара­лы­ғын­да екенін ескер­сек, мұғалім­нің онсыз да мар­дым­сыз жалақы­сы­ның қан­ша бөлі­гі бала-шаға­сы­на бұй­ыр­маға­нын есеп­теп шығуға бола­ды. Қағаз­дан өзге желім, сти­кер т.с.с. секіл­ді мате­ри­ал­дарға кететін шығын­дар да жетерлік.

 

«Алтын бел­гі» үміт еді

Биы­лғы жыл­дың тағы бір өзгерісі – «Алтын бел­гі» иегер­леріне берілетін арты­қ­шы­лы­қтар мен жеңіл­дік­тер­дің алы­нып тасталуы.

Осы­ған дей­ін біздің білім беру жүй­есі бой­ын­ша дарын­ды бала­ны ынта­лан­ды­ру­шы басты сти­мул болып кел­ген «Алтын бел­гі» иегеріне берілетін арты­қ­шы­лы­қтар мен жеңіл­дік­тер­дің алы­нып таста­луы ондай бала­ларға қалай әсер ете­ді? Ол жағы әлі беймәлім.

Бір білері­міз – соңғы жыл­да­ры «Алтын бел­гі» саудаға түсіп кет­кені рас.

Бірақ, осы бел­гі иелеріне берілетін жеңіл­дік­тер кедей отба­сы­лар­дан шыққан дарын­ды бала­лар­дың өздерін «эли­та» санай­тын әле­умет­тік топқа қосы­луы­на мүм­кін­дік беру­ші жалғыз жол еді. Моти­ва­ция еді. Үміт еді.

Атың өшкір жемқор­лық біраз бала­ны сол үміті­нен айырды.

Биы­лғы жыл­дың тағы бір жаңа­лы­ғы – БжҒМ биыл білім­ді қоры­тын­ды­ла­удың билет­тік жүй­есі мен ҰБТ жүй­есін қатар енгізіп, 11-сынып­тар­дың мұғалім­дері мен оқу­шы­ла­ры­ның шақ­ша­дай басын шара­дай қылып қой­ға­ны тағы бар.

 

Ауыл мек­тебі – тір­шілік көзі

Елі­міздің білім сала­сы тура­лы әңгі­ме болған­да, тұрғын­да­ры­ның басым бөлі­гі мем­ле­кетқұра­у­шы этнос қаза­қтар болып табы­ла­тын – ауыл мек­тебіне арнайы тоқта­лу керек. Бүгін­гі күні ауыл мек­тебін­де­гі басты про­бле­ма – ауыл­дағы жұмыс­сызды­қтың сал­да­ры­нан туын­дап отыр. Көп­шілік ауыл­дар­дағы тұрақты жалақы­сы бар жалғыз жұмыс орны – мектеп.

Сон­ды­қтан, ауыл тұрғын­да­ры­ның бар­лы­ғы өз отба­сы мүше­лерінің кем деген­де біре­уін мек­теп­ке жұмысқа орна­ла­сты­руға тыры­са­ды. Оған ауыл ақсақал­да­ры ара­ла­сып, кей­де руа­ра­лық неме­се әулет­тер ара­сын­дағы дау­ларға ұла­сып кетіп жатқан жағ­дай­лар аз емес. Бүгін ауыл мек­тебі­нен түр­лі, жол­дар­мен «Педа­гог» дипло­мы­на ие болып алған кеше­гі агро­ном, зоо­тех­ник, бағ­бан т.с.с. маман­дар­ды табуға болады.

Сұрақ көп, жау­ап жоқ!

 

Не ұсы­ныс айтамыз?

Соны­мен тағы бір оқу жылы баста­луға жақын. Ал ескі про­бле­ма­лар жетерлік.

Өткен оқу жылы елі­міз мек­теп­терін­де­гі ұжым мүше­лері ара­сын­дағы ірі жан­жал­дар­мен есте қал­ды. Көп­те­ген сот про­це­стері болып өтті. Шым­кент қала­сын­дағы №38 мек­теп бас­шы­ла­ры мен мұғалі­мі ара­сын­дағы сот әлі аяқталған жоқ. Алдағы уақыт­та мұн­дай жан­жал­дар­дың саны арта бере­рі сөзсіз.

Өңірі­міз­де­гі біраз мек­теп­те орын алған жан­жал­дар­ды зерт­тей келе, тағы бір түйгеніміз:

Менің­ше, рефор­ма­ны Облы­стық білім басқар­ма­ла­рын жер­гілік­ті әкім­дік­ке бағы­ны­шты­лы­қтан құтқа­рып, тіке­лей Білім және ғылым мини­стр­лі­гінің құзіретіне өткі­зу­ден бастау керек еді. Ондай өзгеріс мұғалім­дер­ді жер­гілік­ті билік орган­да­ры атқа­руы тиіс сай­лау, санақ, зор­лап билет сату, зор­лап газет-жур­нал­дарға жаз­ды­ру, сен­білік секіл­ді артық шару­а­лар­дан құтқа­рар еді де, мұғалім тек білім және тәр­бие жұмыста­ры­мен ғана айна­лы­суға мүм­кін­дік алар еді. Мұғалім­ді мін­детіне жат­пай­тын жұмыстарға тар­тқан шене­унік заң­мен қуда­ла­нуы тиіс. Өкініш­ке қарай, Білім және ғылым мини­стр­лі­гі мұғалім мәр­бесін көте­ру тура­лы әлдебір әре­кет жасаға­нын бай­қай алмадық.

«Негіз­дер­дің негізі – білім» екені әмбе­ге аян! Мем­ле­кет­тің мәң­гілік болуы сол елде­гі білім сала­сы­на тіке­лей тәу­ел­ді десек, жаңа­лық ашпаспыз.

Білім­сіз ешқан­дай эко­но­ми­ка­лық, сая­си неме­се әле­умет­тік рефор­ма жасау мүм­кін емес. Сонау «Ақта­бан шұбы­рын­ды, Алқа­көл сұла­ма» оқиға­ла­ры­нан кей­ін-ақ дана Төле би баба­мыз көшпе­лі қазақ халқы­ның тұр­мыс сал­тын өзгер­тіп, оты­ры­қ­шы­лы­ққа өтіп, егін салуға көшпе­се, ұлт ретін­де жой­ы­лып кететінін түсін­ген. Халық үшін мың­жыл­дық шару­а­шы­лық жүр­гі­зу әдісі­нен бір дем­мен айры­лу қиын: Төле бидің баста­ма­сы үлкен қар­сы­лы­қтарға ұшы­раған. Сол кез­де Төле баба­мыз өз ұлда­рын бас етіп, алды­мен өз туы­ста­ры­ның қар­сы­ласқа­ны­на күш қол­да­нып, ары­қтар қаз­ды­рып, егін салдырған.

Бір­те-бір­те Орта жүзді билеп тұрған Абы­лай хан да өз айна­ла­сы­на жар­ты­лай көшпе­лілік­ке көшіруді қолға алды. Арты­нан атақты қып­шақ Сей­ітқұл баба­мыз егін салуға кіріс­кені тарих­тан белгілі.

Бүгін­гі күні ешкім­ді күшпен өзгер­те алу мүм­кін емес.

Мем­ле­кет бас­шы­сы­ның «Бола­шаққа бағ­дар: руха­ни жаңғы­ру» атты мақа­ла­сын­да айты­лған «Руха­ни жаңғы­ру­ды» білім сала­сы­нан бастау керек.

Рефор­ма керек екені күмән тудыр­май­ды. Бірақ, Жаңа Білім Бағ­дар­ла­ма­сы­ның тиім­ді де, тиім­сіз де тұста­ры жетер­лік екенін жоға­ры­да айтып өттік. Сон­ды­қтан, соны қай­та зер­де­леп, зерт­теп, біздің қоғам үшін тиім­сіз тұста­ры­нан батыл түр­де бас тар­ту керек.

«Бастан құлақ садаға» деген­дей, жұм­салған шығын садаға…

Өмір ШЫНЫБЕКҰЛЫ,

жоға­ры санат­ты ұстаз, Қаза­қстан Жур­на­ли­стер Одағы­ның мүшесі,

Шым­кент шаһары

 

 

Фейс­бук­тағы пікірлер

 

Қар­лы­ғаш МЫРЗАҚҰЛОВА:

Өз туы­ста­рын жинап ала­тын дирек­тор біздің мек­теп­те де бар. Қадам баса алмай­сың: асха­наға бар­саң – жең­гесі, кіта­п­ха­наға бар­саң – сіңілісі, мұғалім келіні, рулас жең­гесі – орын­ба­са­ры… айна­ла көз­дер. Басы­мыз 360 гра­дусқа айна­лып, қай­дан шпи­он­дар шыға­ды деп, жал­тақтап жүр­ген жай­ы­мыз бар.

Енді 28 000 ұста­здарға мек­теп фор­ма­сын ала­сы­ң­дар деп мәж­бүр­леп жатыр.

Енди 28000 мың­га ұста­здар мек­теп фор­ма­сын ала­сы­ң­дар деп мәж­бүр­леп жатыр. Дирек­тор айта­ды: «Түй­ме­ба­ев келеді екен, соған ұста­здар юбка мен жилет киюлері керек екен. Алма­саң­дар – арт­та­ры­ң­нан шам алып түсе­мін!» – дей­ді. Фор­ма­ны сата­тын адам да дирек­тор­дың танысы.

 

Мей­ір­жан ТЕМІРБЕК

8000 мұғалім оқуға кет­се, сабақты кім оқы­та­ды? Мұғалім­дер­ді айлап оқы­тып «қаңғы­басқа» айнал­дыр­ды­ңы­здар. Мұғалім­де отба­сы жоқ па, бала жоқ па? Біраз отба­сы­ның осы кур­стар­дың кесірі­нен шаңы­рағы шай­қал­ды. Соны неге ойла­май­сыздар. Не деген біт­пей­тін оқу? Кей­біре­улер күліп, тіп­ті мақа­ла да жазған, мек­теп­те­гі мұғалім­дер­дің көбі ажы­рас­қан­дар деп. Осын­дай келеңсіздік­пен мұғалім­дер мек­теп­ке қонып жүр­се, ажы­рас­паған­да – қай­те­ді? Мұғалім­дер­ді алды­ға салып айдап, мал қылып, өзі қадірі кетіп тұрған маман­ды­қты одан әрі жер қылдыңдар!

Бұл рефор­ма біраз отба­сын ойран­дай­ын деп тұр. Жеке­ге әйел мұғалім­дер хабар­ла­сты. Облыс орта­лы­ғы­на күй­е­уі ағы­л­шын тілі­нен беретін әйелін кур­сқа жібер­мей жатыр екен. Чемо­да­ны­ң­ды қоса жинап, бір­жо­ла кет деп жатыр екен. Бұл кісі­ге қан­дай көмек беру­ге болады?

Енді біре­уі жас отба­сы. Күй­е­уі вах­та­да жұмыс жасай­ды. 4 бала­сын қай­да қоярын біл­мей дал. Біраз отба­сы­да осын­дай келеңсіздік болып тұр. Рефор­ма жасаған­да, мұғалім­нің жағ­дай­ын неге ойламайсыңдар?

 

Жания КУЛИШОВА:

Жал­пы мұғалім­нің жағ­дай­ын ойлай­тын кім бар ? Өзді-өзі­міз шырылдаймыз.

9 ай сілең қатып жұмыс жасай­сың, енді еңбек дема­лы­сын шығып, дема­ла­мын деген­де, кур­сқа жібе­реді. Ол 3–4 апта­лық. Күн қай­нап тұр. Ол кур­сқа барып-келу үшін еңбе­кақы­ң­ның тең жар­ты­сы­нан көбі кете­ді. Ыссы күн­де кон­ден­ци­о­нері жоқ ауди­то­ри­яға 30–40 адам­ды жинап оқы­та­ды. Күніне 7–8 сағат. Адам төз­гісіз жағдайлар.

Осы­ның басқа­лай бір фор­ма­ла­ры жоқ па?

 

Сұл­тан СҮЛЕЕВ:

Құр­мет­ті әріп­те­стер! Тамыз кон­фе­рен­ци­я­сы­на өзек­ті бір мәсе­лені күн тәр­тібіне қой­ғы­мыз келіп отыр. Ол – ұста­здар­дың зей­нет­ке шығу мәсе­лесі. Ұстаз еңбе­гінің қан­ша­лы­қты қиын да күр­делі екенін сіз­дер­ге түсін­дірудің қажеті жоқ шығар? Бірақ мынау күн­делік­ті еніп жатқан жаңа­лы­қтар мен инно­ва­ци­яға заман тала­бы­на сай еріп оты­ра­тын жаңа­шыл ұста­зды мек­теп­ке тар­ту қоғам­ның мін­деті. Сол арқы­лы бәсе­ке­ге қабілет­ті шәкірт даяр­лау арқы­лы қоға­мы­м­ы­здың әрі қарай дамуы­на үлес қосу. Оны орын­да­удың бір ғана жолы – еңбек өтілі толық ұста­здар­ды дема­лы­сқа жіберіп, орны­на жаңа­шыл, кре­а­тив­ті жастар­ды мек­теп­ке тар­ту. Бұл бүгін­гі күн­нің талабы.

Рес­пуб­ли­ка ұста­зда­ры осы зей­нет жасы тура­лы про­бле­ма­ны бір­не­ше ай бойы талқы­лап, еңбек өтіліне бай­ла­ны­сты сіз­дер қаты­сып оты­рған кеңес­ке төмен­де­гі­дей ұсы­ныс жасап отыр:

– жал­пы 27 жыл педа­го­ги­ка­лық өтілі бар әйел кісілер­ді зей­нет­кер­лік­ке жіберу;

– жал­пы 30-жыл педа­го­ги­ка­лық өтілі бар ер кісілер­ді зей­нет­кер­лік­ке жіберу;

– жеке­лен­ген ұста­здарға зей­нет­кер­лік­ке шыққан соң да педа­го­ги­ка­лық қыз­метін жалға­сты­руға заң­ды түр­де мүм­кін­дік беру (өз қалауынша).

Бас­пасөз бен әле­умет­тік желілер­де­гі жари­я­ланған сан алу­ан пікір­лер­дің ортақ мағы­на­сы осы.

 

 

 

Мини­стр­ге сұрақ

 

«Қазақ тілі» кіта­бы нені оқытады:

ТІЛДІ МЕ, КЛИМАТТЫ МА?

 

Елі­міз­де білім сала­сын­да «2016−2019 жыл­дарға арналған жаңар­ты­лған бағ­дар­ла­ма» енгізіліп жатыр. Бұл бағ­дар­ла­ма­ның ең бірін­ші соққы­сы үш тіл­ділік бол­ды. Был­ты­рғы жылы бағ­дар­ла­ма­ның алға­шқы құр­бан­да­ры 1‑сыныпқа барып, әліп­пе­сін тап­пай қалып жат­ты. Бұл масқа­ра­ның тоқтай­тын күні бар ма?

5–7‑сыныптарға жаңа бағ­дар­ла­ма енгізіл­гелі жатыр. Жаңар­ты­лған бағ­дар­ла­ма­ның кур­сын мен де оқып, бітір­дім. Мето­ди­ка­сын­да әңгі­ме жоқ. Бала­ны еркін­дік­ке тәр­би­е­лей­ді, неше түр­лі әдіс-тәсіл­дер­ді қол­да­ну арқы­лы, оқу­шы­ны өз ойын ашық айтуға дағ­ды­лан­ды­ра­тын тама­ша дүние. Бірақ жаңар­ты­лған бағ­дар­ла­ма­ның кіта­бы мен негіз­гі өтілетін тақы­рып­та­ры қазақ тілін жою­дың тап­тыр­мас жақ­сы құралы.

Мыса­лы, 7‑сыныптың «Ата­мұ­ра» бас­па­сы­нан шыққан «Қазақ тілі» оқулы­ғын алы­ңыз (мини­стр­дің сай­тын­да халық талқы­сы­на жоба ретін­де ұсы­ны­лған. Мына сіл­те­ме­де: http://okulyk-edu.kz/ocenka-kz).

Осы «Қазақ тілі» кіта­бын­да «Ауа райы, кли­мат, атмо­сфе­ра», «Кли­мат және кли­мат­тық аймақтар», «Кли­мат­тық өзгерістер» деген тақы­рып­тар жүр. Бұл тақы­рып­тарға арналған мәтін­дер мен тап­сыр­ма­лар да бар.

1. Мәтін­ді тың­дап, ауа рай­ы­ның біздің өмірі­міз­ге тигі­зетін әсерін талдаңдар.

2. Қаза­қстан­да қан­дай кли­мат­тық аймақтар бар?

3. Шөл дала­ның негіз­гі өсім­дік­тері нелер? Шөл дала аңы­на неме­се жану­а­ры­на нелер жата­ды? Кесте­ге салып толтырыңдар.

Негіз­гі тақы­рып – «кли­мат», тап­сыр­ма – «кли­мат», мәтін – «кли­мат», ал сон­да қазақ тілі қайда?

Тап­сыр­ма­лар­ды қарап отыр­сақ, гео­гра­фи­я­ны оқып жатқан сияқты­мыз. Егер мәтін ретін­де ғана беріл­се неме­се қазақ тілінің сөй­леу тілін дамы­туға арналған тап­сыр­ма­лар бол­са, түсі­нер едім. Қазақ тілі сабағын оқы­ту­дағы негіз­гі мақ­сат – қазақ тілін­де сөй­ле­у­ге, жазуға үйре­ту бол­са, қазақ тілі сабағы­на кли­мат­тың, шөл дала­ның не екенін сұра­удың қажеті бар ма?

Министр Ерлан Саға­ди­ев мыр­за! Мен оқу­шы­ма қазақ тілін үйре­те­мін бе, әлде шөл дала­ны ара­лап, зерт­теу жасап кете­мін бе?

Айман САҒИДУЛЛА

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн