Пятница , 4 июля 2025

Дариға НАЗАРБАЕВА: ЕЛДЕГІ ЕКІ ЖҰМЫССЫЗДЫ бір жұмысшы бағып отыр…

 

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №31 (395) от 31 авгу­ста 2017 г.

 

Әле­умет әуресі

 

Мой­ын­дау


 

Бұл тура­лы кеше «ҚазА­қ­па­рат» агент­ті­гі «Әйел­дер кәсіп­кер­лі­гін дамы­туға арналған жаңа мүм­кін­дік­тер» атты халы­қа­ра­лық биз­нес-кон­фе­рен­ци­яда сөй­ле­ген ҚР пар­ла­мен­ті сена­ты­ның депу­та­ты Дариға Назар­ба­е­ва­ның сөзіне сіл­те­ме жасап хабарлады.

 

«18 мил­ли­он халы­қтың 8,5 мил­ли­о­ны ғана жұмыс істей­ді. Сон­да жұмыс істей­тін бір адам екі жұмыс­сызды бағуы­на тура келеді», – деді сена­тор. Яғни, осы­лай­ша сена­тор-ханым елде­гі жұмыс­сызды­қтың етек жай­ып кет­кенін еріксіз мойындады.

Деген­мен, ол Қаза­қстан халқы жұмақта өмір сүріп жатыр деп ойлай­тын болуы керек: «Біз ерекше кезең­де, еркін елде өмір сүріп жатыр­мыз. Біз жоға­ры білім­ді қаза­қстан­дық қоғам­ның бір бөлі­гі­міз. Әрқай­сы­мыз сая­сат­та, биз­не­сте, ғылым­да биік жетістік­ке жете ала­мыз… Әйел бол­ма­са, білім мен ден­са­улық сақтау сала­сы әлдеқа­шан құр­ды­мға кетер еді, жұмыс­сыздық 30 пай­ы­зға дей­ін жай­ы­ла­тын еді», – деді сенатор.

«

 

 

 

БАСТАР мен ТАСТАР


 

Қызы­лор­да облы­сы­ның Қаза­лы қала­сын­да Ғ.Мұратбаев атын­дағы мұра­жай бар. Соның қап­та­лын­да Ғани­дың ескерт­кі­ші, оның артын­да ком­му­ни­стер­дің алты көсе­мінің бюстілері тұр. Жақын ара­да қала­ның 150 жыл­ды­ғын той­лай­тын­ды­қтан шығар, мүсін­дер­ді жер­ге қой­ып, тұғыр­ла­рын жөн­дей бастап­ты. Бір тұғыр­дың быт-шыты шытып­ты. Маркс тұғы­рын­да тоз-тоз боп тұр, Энгель­стің басы жер­де жатыр. Жер­де мұр­ны сынған Киров­ке басын тақап, Ста­лин «жай­ға­сып­ты». Ленин­нің алдын­да етпе­ті­нен біреу жатыр.

 

Осы шашы­лып жатқан көсем­дер­ді көр­ген қазір­гі «нұро­тан­ды­қтар» – бұры­нғы ком­му­ни­стер не дер екен? Халы­қтың есін­де мәң­гі сақта­ла­мыз деп ойлай­тын шығар. Әрине, кім­нің сақта­лып, кім­нің дат­та­лып кетерін уақыт көрсетеді.

Кеше­гі көсем­дер­дің мұжы­лып біт­кен мүсін­дерін көр­ген­де, осы­дан 16 жыл бұры­нғы оқиға есі­ме түсті. Қаза­лы аудан­дық кіта­п­ха­на­сын­да М.Шоқайға арналған кеш өтті. Төр­де бұры­нғы ком­му­ни­стер – аудан әкі­мінің қазір­гі орын­ба­са­ры Д.Алтынбаев отыр­ды. Оған қарап: «Бұрын Мұста­фа Шоқай­ды халық жауы­на, Ғани Мұрат­ба­ев­ты жастар көсе­міне теңедіңіз­дер. Енді Мұста­фа ақтал­ды. Сон­да Ғани кім бола­ды?» – дедім. Ком­му­нист-биші­кеш үнде­меді. Үндей­тін­дей жөні жоқ еді: ұлт тұлға­ла­ры­на қаты­сты тари­хи мәсе­ле Ақор­да­да шешілетін болған соң, ол пақыр не десін?

Енді дей­мін-дағы: Ғани­дың арты­мен ком­му­нист көсем­дер­дің мүсін­дерін сақтап қала ма? Жоқ әлде бір кез­дері бас болған, ал бүгін­де керексіз тастар­ды күресін­ге тастай ма? Қалай болған­да да, көп қалған жоқ: Қаза­лы­ның 150 жыл­дық той­ын күте тұрай­ық, бастар мен тастар­дың тағ­ды­ры не болар екен…

Серік ЖӘБИ

 

 

Ақтө­бе­де­гі Милы ауы­лын­да МИСЫЗДАР ҒАНА ҚАЛДЫ?


 

Ақтө­бе облы­сы Әйте­ке би ауда­нын­дағы Милы ауы­лы тұрғын­да­ры­ның аузын­да жүр­ген сөз – ондағы небәрі 26 оқу­шы­сы бар орта мек­теп­тің келер жылы баста­уы­шқа айна­ла­ты­ны тура­лы әңгі­ме ғана. Екі кісінің басы қосыл­са, мек­теп­тің жай­ын айта­ды. Өйт­кені отыз шақты түтіні бар ауыл­да мек­теп пен меди­ци­на­лық пункт­тен өзге ешқан­дай меке­ме жоқ.

 

Милы – облыс орта­лы­ғы Ақтө­бе­ден 300 кило­метр, аудан орта­лы­ғы Ком­со­мол­дан 170 кило­метр жер­де­гі шалғай ауыл. Күре жол­дан қашы­қтау орна­ласқан ауыл­дағы мек­теп­те еңбек етіп жүр­ген 30 тұрғын­нан өзге­лер­дің (оның 17-сі – мұғалім) тұрақты табысы жоқ. Шалғай­дағы жұрт мал өсіріп, өз күн­дерін өздері көріп отыр.

«Азаттық» тіл­шісі Милы­ға барған­да, ауыл мек­тебінің есі­гін­де құлып тұр­ды. Мек­теп іргесін­де көмір үюлі жатыр. Аула­дағы гүл­дер­ді шелек­теп су тасып суа­рып жүр­ген әйел­дер өздерін «еден жуу­шы­лар­мыз» деп таны­стыр­ды. Олар­дың айтуын­ша, мек­теп бас­шы­сы қалаға кеткен.

Мек­теп дирек­то­ры Жаңа­гүл Шала­ба­е­ва «Азаттық» тіл­шісіне теле­фон­мен бер­ген сұх­ба­тын­да 1977 жылы салы­нған Милы мек­тебінің мате­ри­ал­дық база­сы мен білім сапа­сы жақ­сы, кадр­ла­ры жет­кілік­ті екенін айт­ты. «Ауы­лы­мы­здың жағ­дайы жақ­сы. Милы мек­тебінің негіз­гі­ге айна­луы­ның басты себебі – бала саны­ның азды­ғы. Ауы­лы­мы­зда соңғы жыл­да­ры бала туу көр­сет­кі­ші күрт төмен­деп кет­ті», – деді Жаңа­гүл Шалабаева.

Ал осы мек­теп­те 1991 жыл­дан бері қазақ тілі мен әде­би­еті­нен сабақ беретін Ұлдай Қай­рат­ба­е­ва­ның сөзін­ше, «мақта­на­тын­дай дәнеңе де жоқ». «Соңғы үш-төрт жыл­дың өзін­де Милы­дан 20 шақты отба­сы көшіп кет­ті. Жұрт күн­көріс қиын­даға­сын көшіп жатыр. Мұғалім­дер­де де бұры­нғы­дай бедел жоқ. Өз басым оқу-тәр­бие про­цесін­де­гі олқы­лы­қтар тура­лы аудан­дық білім бөлі­міне сан мәр­те айт­тым. «Ары­зқой Ұлдай» атанға­ным бол­ма­са, осы кез­ге дей­ін менің сөзі­ме құлақ асқан ешкім бол­ма­ды», – дей­ді мұғалім.

Аты-жөнін атағы­сы кел­ме­ген тағы бір тұрғын жұрт­тың көшіп жатқа­ны рас екенін айт­ты. «Келер жылы ауыл мек­тебі баста­уыш бол­са, жұрт үде­ре көшетін болар. Осы көшенің бас жағын­дағы үш үй буы­нып-түй­ініп отыр. Мына бір үйді иесі 150 мың тең­ге­ге беріп кет­ті. Ана бір үй әлі өтпей тұр», – деді ол тере­зесіне қаңы­л­тыр қағып тастаған шет­кі үйді иегі­мен нұсқап.

Әйте­ке би аудан­дық білім бөлі­мінің бас мама­ны Қаныш Жарым­бе­то­втің айтуын­ша, Милы мек­тебі келер жылы баста­уыш мек­теп­ке айна­луы әбден мүм­кін. Өйт­кені негіз­гі мек­теп болуы үшін бала саны 41-ден кем бол­мауы тиіс.

«Милы секіл­ді шалғай ауыл­дар­дан жыл сай­ын жүз­де­ген бала көшіп кетіп жатыр. Бала саны­ның аза­юы­ның негіз­гі себебі – ішкі мигра­ция. Жұрт аудан орта­лы­ғы Ком­со­молға, тоғыз жол­дың тора­бын­дағы Қара­бұтақ ауы­лы­на, реті кел­се, облы­стың орта­лы­ғы Ақтө­бе­ге қоны­ста­нуға тыры­са­ды. Әйте­ке би ауда­нын­да бала саны тым аз жеті мек­теп бар. Оның алта­уы – бұрын өз алды­на дер­бес аудан болған кез­де Қара­бұтаққа қараған ауыл­дар», – дей­ді Қаныш Жарымбетов.

Әйте­ке би аудан­дық білім бөлі­мінің дере­гін­ше, Милы орта мек­тебін соңғы кез­дері жылы­на бес-алты бала ғана бітір­ген, ал биыл Милы­да 10–11-сыныпқа бара­тын бала жоқ.

Аудан­дағы Жарөт­кел, Мамыт мек­теп­терін де Милы мек­тебі сияқты оңтай­лан­ды­ру күтіп тұр. Өйт­кені қазір Жарөт­кел­де­гі мек­теп­те 38 оқу­шы, Мамыт­та 28 оқу­шы бар. Аудан­дық білім бөлі­мінің бас мама­ны опти­ми­за­ция тура­лы мек­теп бас­шы­ла­ры мен ата-ана­ларға алдын ала ескерт­кен­дерін айта­ды. «Бұрын аудан орта­лы­ғы болған Қара­бұтақ ауы­лы­на интер­нат салу керек деген мәсе­лені екі-үш жыл­дан бері көтеріп келе­міз. Егер интер­нат салын­са, біраз мәсе­ле шешілер еді. Интер­нат ашы­лған жағ­дай­да алыс ауыл­дар­дағы жабы­лып қалған мек­теп­тер­дің мұғалім­дерін сон­да жұмысқа алар едік», – дей­ді Қаныш Жарымбетов.

Ал облы­стық білім депар­та­мен­тінің айтуын­ша, Қара­бұтақтан интер­нат салуға сұра­ныс беріл­ме­ген. «Жер­гілік­ті атқа­ру­шы орган­дар мәс­ли­хат сес­си­я­сын­да қан­дай­да бір нысан­ды салуға бюд­жет­тік тап­сы­рыс беруі керек. Соңғы сес­си­я­лар­да мұн­дай мәсе­ле көтеріл­ме­ген» деп хабар­ла­ды Ақтө­бе облы­стық білім депар­та­мен­тінің бас­пасөз қыз­меті. Депар­та­мент дере­гін­ше, облыс аумағын­да қазір жеті мек­теп-интер­нат салы­нып жатыр. Осы интер­нат­тар­дың құры­лы­сы аяқта­лы­сы­мен, 2018–2020 жыл­дар ара­лы­ғын­да 29 шағын жинақталған мек­теп оңтай­ла­на­ды. Яғни, 27 мек­теп­ті қай­та құру жос­пар­ла­нып отыр, ал екі мек­теп жабылады.

Azattyq.org

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн