Пятница , 4 июля 2025

ДОКТОР БЕРІК немесе Сәті түспеген сұхбат

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №31 (395) от 31 авгу­ста 2017 г.

 

Біле жүрей­ік


 

Соңғы уақыт­та қаза­қстан­дық бас­пасөз­де Берік Жәң­гір­ба­ев­тың фено­мені тура­лы жиі жазы­ла баста­ды. Адам ағза­сын­дағы түр­лі ауру­лар­ды емде­у­ге қаты­сты жаңа­ша көзқа­рас қалып­та­сты­рған қаза­қтың халы­қа­ра­лық мара­пат­та­ры мен сый­лы­қта­ры да бар­шы­лық екен: Еуро­па­лық Биз­нес Ассам­бле­я­сы­ның меди­ци­на мен ден­са­улық сақтау сала­сын­дағы Халы­қа­ра­лық Сократ сый­лы­ғы; Вена Халы­қа­ра­лық Уни­вер­си­тетінің құр­мет­ті про­фес­со­ры; Чижев­ский атын­дағы Ака­де­ми­я­ның ака­де­ми­гі; «Адам­зат алдын­дағы қыз­меті үшін» Зоро­астрий кол­ле­джінің мақтау қаға­зы (Бом­бей, Индия); «Жүз­жыл­дық меце­нат­та­ры» Халы­қа­ра­лық қай­ы­рым­ды­лық қоры­ның «Абы­рой мен шара­пат» медалінің иегері…

 

Халы­қа­ра­лық дәре­же­де аты таны­лған Берік Жәң­гір­ба­ев­ты Қаза­қстан біле ме? Ол кім? Оның емдік қаси­еті қандай?

Газет оқыр­ман­да­ры жол­даған осын­дай сау­ал­дар­дың жете­гі­мен біз Берік мыр­за­ны іздеп, сұх­бат­та­су үшін офисіне бар­дық. Док­тор Берік жұмыс үстін­де екен. Көмек­шісі: «Бүгін қолы тимей­ді, бос уақы­ты­на жазы­луға бола­ды…» – деді.

«Біз емде­лу үшін емес, сұх­бат алу үшін келдік…».

«Өкініш­ке қарай, сұх­бат алуға да жазы­лып қою керек…».

«Енді қайт­тік?».

«Амал жоқ… Бәл­кім, өзі шыққан­да сөй­лесіп көрерсіз…».

Ара­да жар­ты сағат­тан артық уақыт өткен­де өзі шықты. Газет редак­ци­я­сы тап­сы­рған бұй­ым­тай­ы­мы­зды айттық.

«Теле­фон­дап алу керек еді… Бүгін уақы­тым бол­май­ды ғой…» – деп, Берік доғ­дыр шара­сыздық танытты.

«Жұмыстан кей­ін ше?».

«Мен­де «жұмыстан кей­ін» деген уақыт бол­мау­шы еді… Сіз алды­мен мені «сырт­тан» оқып, таны­сып алы­ңыз. Сұх­бат­та­су­ды содан кей­ін­гі бір күн­ге бел­гілей­ік, уақы­тын көмек­шім­мен келі­сер­сіз» – деп, доғ­дыр Берік қай­та­дан каби­нетіне кіріп кет­ті. Өзін Али­на деп таны­сты­рған жас қыз алды­ма бір бума (пап­ка) қағаз қой­ды. Пікір­лер кітап­ша­сы екен – еріксіз бумаға үңілдім.

 

• Исла­мо­ва Мах­бу­ба (Әзір­бай­жан):

Менің жасым 67-де. Берік Жәң­гір­ба­евқа мен әртүр­лі ауру­лар­мен кел­дім. Бірін­ші­ден, мені жүре­гім маза­лай­тын. Был­тыр жаз­да мен мик­ро­ин­сульт алдым, содан кей­ін менің басым жиі ауы­ра­тын­ды шығар­ды және бой­ым­да жан­сызда­ну, тоңу мен аяғым­да әлсіздік пай­да бол­ды. Соның әсері­нен менің жүрісім де әлсіреді. Аяғым­ның тоңа­ты­ны сон­ша­лық, тіп­ті жаз­дың ысты­ғын­да да шұлы­қ­сыз жүре алмадым.

Берік док­тор­дың көме­гі­мен жүрек тұсым­да және бар­лық ағза­да жылы­лық сезіл­ді. Ем жасаған 2–3 күн­де мен жүрек тұсым­да оқы­стан шан­шу сезін­дім де, башпай­ла­рым ауы­ра баста­ды, бірақ ол лез­де кет­ті. Ем алып жүр­ген 9‑шы күні ауру­ла­рым қозып, қызуым және қан қысы­мым көтеріл­ді, қат­ты ұйқым кел­ді. Алай­да келесі күні бәрі лез­де тоқтап, мен өзім­ді бұры­нғы­дан әлдеқай­да жақ­сы сезіндім.

Бір кез­дері мен көлік апа­ты­на ұшы­рап, иығым­ды сын­ды­рып алған бола­ты­н­мын. Сынған орным күш түс­кен­де және ауа райы өзгер­ген­де жиі ауы­ра­тын. Емдеу про­цесін­де иығым ауы­ра­ты­нын қой­ды. Соны­мен қатар аяғым ұйы­ған­ды қой­ды, ақы­рын­да аяғым жылып, мен аяғы­ма шұлық кимей жүре ала­тын күй­ге көштім.

Мик­ро­ин­сульт алған­нан кей­ін, сөй­лес­кен кез­де қосым­ша күш керекті­гін бай­қай­ты­н­мын. Қазір ол да жой­ыл­ды. Менің көзім шай­дай ашы­лып, кенет­тен қызы­қты іспен айна­лы­су тура­лы ойлар туды. Жұмыс жасағым кел­ді. Бұған дей­ін өзім­ді нашар сезін­ген­дік­тен, мен үне­мі ауруым мен оның емдеу амал­да­ры тура­лы жиі ойлай­ты­н­мын, ал қазір өзім­ді толы­ққан­ды адам ретін­де сезінемін.

Емде­лу­ге мен күй­е­уім Исла­мов Али­мен кел­дім. Оның жасы 69-да. Ол созыл­ма­лы шар­шау мен селқо­сты­қтан зардап шегетін. Соңғы кез­дері оның белі қат­ты ауы­ра­тын. Ешқан­дай май дәрі-дәр­мек оған көмек­тес­пей­тін. Ол да Берік Жәң­гір­ба­ев­тан емде­лу кур­сын алуға шешім қабылдады.

Маған қараған­да ол емнің бірін­ші күні-ақ жүрек және бауыр тұсын­да қат­ты ысты­қты сезін­ді. Кей­ін­нен бел­де­гі ауруы түгел кет­ті. Ол да өзін мен­дей сер­гек, қуат­ты және жинақы сезін­ді. Қалып­ты жағ­дай­ы­на қай­та оралды.

 

Фарит Гай­фул­лин

(58 жас, Пет­ро­павл қ‑сы):

2014 жылы мені жүре­гім қат­ты маза­ла­ды. Маған күш жұм­сап, еңбек­те­ну қиы­нға соқты, енті­гіп, қан қысы­мым көтерілетін бол­ды. Содан бері мен екі рет толы­қтай меди­ци­на­лық тек­се­ру­ден өттім және мәсе­ле екі рет аор­таль­ды қақ­пақ­ша­да екені аны­қтал­ды, яғни ол қат­ты каль­ций­лен­ген екен.

Маған аор­таль­ды қақ­пақ­ша­ның күр­делі сте­но­зы, жүрек жет­кіліксізді­гі, гипер­то­ния деген диа­гноз қой­ыл­ды. Осы жылы жағ­дай­ым нашар­лап, дәрі­гер­лер бір айдан соң қақ­пақ­ша­ны ауы­сты­ру үшін ота жасау қажет екенін айт­ты. Мен ота жасатқым кел­меді, тығы­ры­қтан шығар басқа жол іздедім. Ғалам­тор­дан мен Берік Жән­гір­ба­ев тура­лы ақпа­рат­ты тап­тым. Бұл менің мүм­кін­ді­гім екенін түсін­дім де, бір­ден қабыл­да­уға жазыл­дым. Бірін­ші қабыл­да­удан кей­ін-ақ мен өзім­ді сер­гек сезін­дім. Дәрі­гер маған ауру­дың аздаған қозуы бола­тын­ды­ғын ескерт­кен еді. Екін­ші күні қозу ретін­де ағза­ның реак­ци­я­сы білін­ді. Мен емім­ді жалға­стыр­дым, күн өткен сай­ын өзім­ді жақ­сы сезіне бастадым.

Ем алған алға­шқы күн­дері мен жай ішкі жылы­лы­қты сезін­ген­мін. Алай­да 4‑ші күні сол жағым­нан, әсіре­се қолым­да ыстық леп соққа­ны сон­ша­лық, сау­сақта­рым діріл­деп кет­ті. Содан 5‑ші күні ыстық сол аяғы­ма жет­ті. Енді бұл қуат жет­кілік­ті дең­гей­де ағза­ма бекі­ген­ді­гіне көзім жет­ті, себебі мен қай­та­дан өзім­ді сау сезініп тұр­мын. Онкүн­дік емдеу кур­сын­да менің енті­гуім кет­ті. Мен жоға­ры­ға, тауға, бас­пал­даққа жеңіл көтері­ле ала­мын. Жеңіл болған­ды­ғы сон­ша­лық, тіп­ті жүгір­гім де кел­ді! Енді мен өзім­ді өте жақ­сы сезінемін!

 

Жан­на (Алма­ты):

Мен 27-жаста­мын, екі бала­сы­ның ана­сы­мын. Берік Жәң­гір­ба­ев­тан ем алғанға дей­ін мен үне­мі енжар, сел­соқ қал­де жүретін­мін. Менің ағзам­да гор­мон­дар бұзы­лып, соның әсері­нен жыны­стық мүше­ме зиян кел­ген-ді. Бұның бар­лық себебі қан қысы­мым­ның төмен болуы екен, өмір бойы қан қысы­мым 9060. Осы­ның себебі­нен менің үне­мі аяқ-қолым тоңа­тын. Жұмыста қол беріп аман­да­суға ұялатынмын.

Берік Жәң­гір­ба­ев­тан ем алған­нан кей­ін, мен аяқ-қолым­ның ақы­рын­да жылы­нған­ды­ғы­на таң-тама­ша бол­дым. Қан қысы­мым да қалы­пқа келіп, бір­тін­деп ауру­ла­рым да кетті.

Менің білін­бей жүр­ген ауру­ла­рым да аны­қтал­ды. Мен ем алған екі күн ішін­де дене бой­ым­да тек жай ғана жылы­лы­қты сезін­сем, бір­тін­деп, оқы­стан жүрек жағым­да жауы­рын астын­да қат­ты ысты­қты сезін­дім, ол қат­ты ауы­рып, бір­та­лай уақы­тқа дей­ін сол қолым­ды қозғал­та алма­дым, бірақ кей­ін­нен ауы­рға­ны басыл­ды. Мен оқы­стан бүкіл денем­де бір­түр­лі жары­лыс болған­дай, қат­ты ысты­қтың құй­ы­лға­нын сезін­дім. Бұл айтып жет­кі­зе алмай­тын әсер.

Менің жауы­ры­ным­ның астын­да ісік бары аны­қтал­ды. Ол да толы­қтай басы­лып, тарап кет­ті. Бүгін­гі күні өзім­ді өте жеңіл сезі­нем, ағзам­ның жал­пы тону­сы көтеріл­ді. Ден­са­улы­ғы­ма бай­ла­ны­сты мені маза­лаған жайт­тар­дың енді бәрі арт­та қал­ды. Менің күй­ге­лек­ті­гім басы­лып, бай­сал­ды, сал­мақты бола баста­дым және шабыт пай­да бол­ды. Жұмысқа құл­шы­ны­сым артты.

 

Бекай­дар Каржау

(62 жас, Шымкент):

Мен Берік Жәң­гір­ба­евқа жүрек ауруы­мен кел­дім. Дәрі­гер­лер маған арит­мия деген диа­гноз қой­ды. Менің жүрек соғы­сым өте баяу бол­ды, мину­ты­на нор­ма бой­ын­ша 80 соққы болу керек бол­са, мен­де 32 ғана бол­ды. Тек­се­ру кезін­де дәрі­гер­лер ұйқы кезін­де жүрек соғы­сы­ның ұза­қты­ғы 2 секунд­тан астам көп­те­ген үзілісін аны­қта­ды. Мұн­дай жағ­дай­да шұғыл түр­де кар­дио­сти­му­ля­тор қою керекті­гін айт­ты, олай істе­ме­се, жүрек кез кел­ген сәт­те тоқтап қалуы мүм­кін. Мен­де гипер­то­ния баста­лып, қат­ты енті­гу пай­да бола баста­ды, мен үшін екін­ші қабатқа көтерілудің өзі азап бола­тын. Ұзақ уақыт бойы дәрі қабыл­даған ем нәти­же бермеді.

Док­тор Берік­те ем алған­нан кей­ін жүрек соғы­сы­ның ырғағы қалы­пқа кел­ді. Ентік­кенім басы­лып, енді бұры­нғы­дай көп шар­ша­май­тын бол­дым. Қан қысы­мым орны­на кел­ді, ақы­рын­дап түсе баста­ды және жал­пы жай-күй­ім жақ­сар­ды. Менің шыдам­ды­лы­ғым арта түсті. Бұл – айт­са нанғы­сыз жайт!

 

Мен қаза­қ­шаға аударған осы пікір­лер­ді оқып оты­рған­да, Берік доғ­дыр каби­неті­нен шықты.

«Сіз әлі осын­да­сыз ба?».

«Иә, мынау пікір­лер кітап­ша­сы­мен танысып…».

«Жақ­сы болған екен… Көп­шілік адам өзінің ауруға қар­сы тұру қабілетін біле бер­мей­ді, біл­ме­ген соң – пай­да­ла­ну мүм­кін­ді­гі өшеді… – деп, Берік мыр­за бола­шақ сұх­бат­тың бір ұшы­ғын бастаған сыңай біл­дір­ді. – Бірақ бұл ұзақ әңгі­ме, ал қысқа­ша айтар бол­сам, бұл өмір­де өзін-өзі жең­ген адам ғана қиын­ды­қты жеңе ала­ды. Өмір ада­мға өзінің мүм­кін­ді­гін барын­ша көр­се­ту үшін беріледі. Адам табиғат­пен беріл­ген мүм­кін­шілік­ті 5–10 пай­ы­здан аспай ғана қол­да­на­ды. Ал мен өз мүм­кін­шілк­терім­ді барын­ша көп дең­гей­де жүзе­ге асы­рғым келеді. Мүм­кін емес нәр­се бол­май­ды, бұл – менің өз өмірім­де­гі ұста­ны­мым. Сон­ды­қтан мен күн­де өз өмірім­нің мәнісі­мен айна­лы­са­мын, қысқа уақыт­тың ішін­де мен жүрек­те­гі қан айна­лы­мы­ның күшін арт­ты­руға тыры­са­мын. Оны мен ағза­дағы жары­лыс деп атай­мын. Ал бұл жары­лыс бүкіл ағза­ға әсер ете­ді, оны қазір­гі тренд­пен «пере­за­груз­ка» деп атайды…».

«Қызық екен… Сон­да адам да ком­пью­тер сияқты қай­та­дан жүк­те­летін болға­ны ма?».

«Иә, ағза­ны қай­та­дан жүк­теу үшін, док­тор­дың дәруі мен адам­ның өз қабілетін оята білу құдіреті керек…».

«Ол қан­дай құдірет бол­ды сонда?».

«Оны келесі жолы кел­геніңіз­де айтып берем… Бүгін­гі гра­фик тығыз. Али­на, жур­на­лист жол­да­сты қабыл­да­уға жазып қой!» – деп, сөз соңын­да көмек­шісіне нұсқау бер­ген док­тор Берік «сау болы­ңы­здың» бел­гісі­мен қолым­ды қысып, қай­та­дан каби­нетіне кіріп кетті.

Ал мен «қабыл­да­уға жазы­лып» кет­тім. Сон­дағы сұх­бат­ты күтейік…

Айсұ­лу ОСПАН,

«

 


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн