Пятница , 4 июля 2025

ЖАҢА АУДАНҒА МҰҚАҒАЛИ АТЫ берілсе деп сұраймыз

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №31 (395) от 31 авгу­ста 2017 г.

 

Көп­тің тілегі

 


Алма­ты облы­сы­ның әкі­мі Аман­дық Бата­лов мыр­за­ға, Алма­ты облы­стық және Рес­пуб­ли­ка­лық оно­ма­сти­ка­лық комис­си­я­ла­ры­на Рай­ым­бек ауда­ны­нан бөлін­ген жаңа аудан­ды Мұқаға­ли ауда­ны деп атау жөнін­де­гі ұсы­ныс хат.

 

Алма­ты облы­стық мәс­ли­ха­ты Рай­ым­бек ауда­нын бөлу арқы­лы жаңа аудан құру жөнін­де 2017 жылы 10 тамы­зда шешім қабыл­да­ды. Халық көп­тен күт­кен бұл мем­ле­кет­тік маңы­зды істің ҚР Үкі­меті тара­пы­нан қол­дау таба­ты­ны­на сене­міз. Шека­ра­лық аймақтың эко­но­ми­ка­сын нығай­туға, басқа­ру­ды ыңғай­лы етіп, сол өңір­лер­де­гі тұрғын­дар­дың әле­умет­тік жағ­дай­ын жақ­сар­туға, ел іргесін берік ету­ге бағыт­талған бұл шешім­ді қуа­на құптаймыз.

Қым­бат­ты Аман­дық Ғаб­басұ­лы! Мем­ле­кет­тік мүд­де тұрғы­сы­нан қарас­ты­ры­лып, халы­қтың тала­бы­мен үйле­стіріл­ген шешім­деріңіз үшін Сіз­ге және облы­стық мәс­ли­хатқа риза­лы­қ­пен алғыс айтамыз!

17 тамыз күні Кеген ауы­лын­да аудан жұрт­шы­лы­ғы­ның өкіл­дері, облы­стық, аудан­дық мәс­ли­хат­тар­дың депу­тат­та­ры, тарих­шы ғалым­дар, ел аза­мат­та­ры қаты­сқан жиын­да бөлі­нетін аудан­ның атын бел­гілеу мәсе­лесі талқы­лан­ды. Жаңа аудан­ды қаза­қтың көр­нек­ті ақы­ны Мұқаға­ли Мақа­та­ев­тың есі­мі­мен бай­ла­ны­сты­рып, Мұқаға­ли ауда­ны деп атау жөнін­де біра­уы­здан ұйға­рым жасалды.

Мұқаға­ли Мақа­та­ев­ты бүгін­гі қазақ қоға­мы өте жақ­сы біледі. Жыр­ла­ры мил­ли­он­даған жүрек­тер­ді бау­раған ақын­ның есі­мі айры­қ­ша құр­мет­пен ата­ла­ды. Мұқаға­ли­дың дауы­сы – азатты­ққа ұмты­лған ала­штың дауы­сы. Оның жыры күрес­кер­лік рух пен махаб­бат­тан өріл­ген, ізгілік пен иман­ды­лы­ққа үнде­ген. Мағы­на­лы сөз­дері ой тереңіне бой­ла­та­тын, асыл мұрат­тарға жете­лей­тін өмір­шең өлеңі кеше мен бүгін­ді, бүгін мен ертеңді жалғай­ды. Сон­ды­қтан да ол – «ХХІ ғасыр­дың құр­да­сы», сон­ды­қтан да ол – бола­шаққа жыл­жып бара жатқан қазақ көшінің алдын­да, сон­ды­қтан да ол – «миы­на ұлт­тың коды жазы­лған ақын».

Мұқаға­ли – ұлтқа және ұрпаққа керек тұлға. Халы­қтың ұста­зы­на айналған ағар­ту­шы. Ұлы ақын­ды ұлы­қта­удың мәнісі мен маңы­зын осы тұрғы­дан түсін­гені­міз жөн.

Ұлан-ғай­ыр дары­ны­мен бір елдің аясы­нан асып, бүкіл адам­заттық биік­ке көтеріл­ген М.Мақатаевты өмір сүр­ген зама­ны дер шағын­да баға­лап үлгер­меді. Поэ­зия көгін­де көрі­нуді пеше­несіне жазға­нын анық ұғы­нған, өз еңбе­гінің қай­та­ры­мы­на сен­ген хас талант қала­мы­нан өшпес, өлмес өлең туды. «Ақын­ның ақын­ды­ғы атақта емес, Ақын­ның ақын­ды­ғы арда ғана». Мұқаға­ли­дың бұл аны­қта­ма­сы дәл өзі үшін де айты­лған­дай. Ақын­ды ары­ның таза­лы­ғы, адам­дарға адал­ды­ғы, шын­шыл­ды­ғы мен табиғи­лы­ғы, боя­ма­сыз бол­мысы кей­ін үлкен құр­мет­ке бөледі. Ол қоғам­дық құбы­лы­стар­ды, табиғат тыл­сым­да­рын, пен­де­лер­дің пиғы­лын тамыр­шы­дай тап басып, сана-сезім­нің без­беніне сал­ды. Ақын жыр­ла­рын­дағы алтын таға­дай шеге­лен­ген астар­лы ойлар, жан толқы­тар толға­у­лар иірі­мі оны әлем­дік ойшыл­дар­дың қата­ры­на қосты.

 

Мұқаға­ли – ұлт­тық мақта­ны­шы­мыз. Оның кін­дік қаны Жеті­су­дың топы­рағы­на там­ды. Тал­бесі­гі тау­лар­дың аясын­да тер­бел­ді. Ақын даңқы жер­ле­стерінің бәріне ортақ. Хан тәңірі шыңы­на көз салған биік өңір­дің өр тұлға­лы тұрғын­да­ры Мұқаға­ли өлең­дерін жатқа айта­ды, әнге қосып шырқай­ды. Ақы­ны­мен сыр­ла­са­ды, мұң­да­са­ды. Арты­на қал­ды­рған тең­десі жоқ руха­ни қазы­на­сы­нан сусындайды.

Мұқаға­ли десек, аспан­та­у­лар­дың бар­лық аймағы көз алды­ңа келеді. Мұқаға­ли десек, баба­ла­ры­мы­здың бей­не­лері еске түседі. Осын­дай дара талант иесін кеңе­стік кезең лай­ы­қты баға­ла­ма­ды, мара­па­тын қима­ды. Жыр тар­ла­ны дүни­е­ден озған соң, кет­кен қателік­тер түзеті­ле баста­ды. Тәу­ел­сіз елі, туған халқы тұл­парға лай­ық ер-тұр­ма­нын түген­деді. Атап айтқанда:

1983 жылы Қаза­қстан Жазу­шы­лар одағы әде­би сый­лық тағай­ын­да­ды. Оның ішін­де М.Мақатаев атын­дағы сый­лық та бол­ды. Бұл сый­лы­қ­пен 1985–1990 жыл­дар ара­лы­ғын­да бір­ша­ма қалам­гер­лер марапатталды.

1991 жылы «Жазу­шы» бас­па­сы «Тұл­пар» сый­лы­ғын бел­гілеп, оның алға­шқы жүл­де­гері М.Мақатаев бол­ды. «Жыр­лай­ды жүрек» кіта­бы лау­ре­ат атанды.

2000 жылы Қаза­қстан Жазу­шы­лар одағы басқар­ма­сы­ның шеші­мі­мен екі тұлғаға – Мағ­жан Жұма­ба­ев пен Мұқаға­ли Мақа­та­евқа «Ғасыр ақы­ны» атағы берілді.

2000 жылы «Ама­нат» жыр кіта­бы үшін М.Мақатаевқа Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Мем­ле­кет­тік сый­лы­ғы берілді.

Алма­ты облы­сы, Жам­был облы­сы, Оңтүстік Қаза­қстан облы­сы және Алма­ты қала­сын­да бірқа­тар мек­теп­тер­ге ақын­ның есі­мі беріл­ді. Алма­ты мен Тал­ды­қорған­да ескерт­кі­ш­тер ашыл­ды. Ақын­ның Қара­саз­дағы мемо­ри­ал­дық мұра­жайы бүгін­гі заманға сай қай­та жаңғыртылды.

Ақын өмір­ге кел­ген 9 ақпан «Мұқаға­ли күні» ретін­де ата­лып жүр. Бұл күні Қаза­қстан­ның бар­лық аймағы Мұқаға­ли жыры­мен сусын­дай­ды. Оның рухын еске ала­ды. Бұл – қазақ поэ­зи­я­сы­на зор үлес қосқан ақиық ақы­нға арналған қалың қауым­ның құрметі.

2005 жыл­дан бастап рес­пуб­ли­ка­лық әде­би-мәде­ни, таным­дық «Мұқаға­ли» жур­на­лы шығып келеді. 2016 жылы «Мұқаға­ли» энцик­ло­пе­ди­я­сы жарық көр­ді. Әділ Медет­ба­ев «Мұқаға­ли және Моцарт» деген деректі фильм түсір­ді. Әлем­дік екі тұлға­ны бір-бірі­мен салы­стыр­ды. Серік Жан­бо­лат жасаған осын­дай фильм де көп­шілік­тің көңілі­нен шықты. Әкім Тара­зи, Ораз­бек Боды­қов, Серік Тұрғын­бекұ­лы секіл­ді дра­ма­тург­тер Мұқаға­ли тұлға­сын сахна­да сомдады.

70-жыл­дар­дың соңын­да Мұқаға­ли жыр­ла­ры «Зов души» деген атпен орыс тілін­де шықты. Сол үрдіс одан әрі жалға­сты. Орыс оқыр­ман­да­ры Мұқаға­ли­мен қай­ы­ра қауы­шты. 2011 жылы ақын өлең­дерінің хан­зу тілін­де­гі аудар­ма­сы қытай жұр­тын там­сант­ты. 2014 жылы түрік тілін­де шыққан қабы­рға­сы қалың кіта­бы тез тара­лып кет­ті. Қазақ жыры Мұқаға­ли арқы­лы екін­ші жар­ты шарға өтіп, 2015 жылы Нью-Йорк қала­сын­дағы «Metropoliten Classics» ком­па­ни­я­сы ақын өлең­дерін ағы­л­шын тілін­де шығар­ды. ТМД-ның әде­би­ет сүй­ер қауы­мы үшін Мұқаға­ли Мақа­та­ев таны­мал ақын.

 

Бүгін­гі мәнер­мен бей­не­ле­сек, Мұқаға­ли есі­мі – бренд. Мәсе­лен, оның аты­мен аталған оқу орын­да­ры білім дары­тқан құт­ты шаңы­рақтарға айнал­ды. Осын­дай мүм­кін­дік­ті туған жұр­ты­ның да пай­да­ла­на­тын сәті туып тұр. Алма­ты облы­стық мәс­ли­ха­ты­ның Рай­ым­бек ауда­нын бөлу арқы­лы жаңа аудан құру жөнін­де­гі шеші­мі­нен кей­ін сол аудан­ның атын айқын­да­уға бай­ла­ны­сты әртүр­лі ұсы­ны­стар жасал­ды. Мәсе­лен, Кеген, Қарқа­ра, Әлме­рек, Мұқаға­ли ата­у­ла­ры талқы­ға салын­ды. Жоңғар шапқын­шы­лы­ғы кезеңі­нен қалған «Кеген» деген сөздің ұғы­мы ескір­ген. Оның келе­шек ұрпақ үшін ешқан­дай мәні қал­ма­ды. Кеген өзені, Кеген ауы­лы бар. Оған аудан атын үсте­ме­леу тіп­ті артық.

Ұлы Жібек жолы бой­ын­дағы ежел­гі Қарқа­ра жәр­мең­кесі, ұлт-азаттық Қарқа­ра көтерілісі болған жер­дің тари­хи ата­уын иелен­ген Қарқа­ра өзені, Қарқа­ра ауы­лы, Қарқа­ра тауы, Қарқа­ра жай­ла­уы бар. Қарқа­ра тарих­та қалған, ол ешқа­шан өшпей­ді, мәң­гі сақталады.

Әлме­рек баба­ның туған жер­ді қорға­удағы күресі, дана­лық ісі ұрпақта­ры­на үлгі-өне­ге. Өкініш­ке қарай, даңқты баба­ның тари­хи деректерін құжат­тар­дан іздеп, айқын­дау, наси­хат­тау жағы әлі күн­ге кем соғып тұр. Пре­зи­дент Н.Назарбаев «Руха­ни жаңғы­ру­ды» алға қой­ды. Соған сәй­кес жаңа аудан – Мұқаға­ли ауда­ны болып бел­гі­лен­се дей­міз. Аудан­ның аты­на бай­ла­ны­сты арнайы мәсе­ле қараған, Кеген ауы­лын­да өткен жұрт­шы­лық өкіл­дерінің алқа­лы жина­лы­сы қабыл­даған қаулы­ны біз де біра­уы­здан қуаттаймыз.

Себебі:

бұры­нғы Кеген ауда­ны енді Мұқаға­ли ауда­ны атан­са, ақы­нға деген сүй­іспен­шілік екі өңір­дің халқын бұры­нғы­дан да жақын­да­сты­ра түседі;

 

ақын есі­мі жаңа ауданға тың күш береді. Оны бүкіл Қаза­қстанға әйгілі ете­ді. Аудан «Мұқаға­ли еліне» айналады;

 

елі­міз­ден, алыс-жақын шетел­дер­ден Мұқаға­ли ауда­нын көр­гісі келетін­дер көбей­еді. Бұл – ішкі және сыр­тқы туриз­мнің дамуы­на ықпал етеді;

 

«Мұқаға­ли ауда­ны» болған соң, ақын­ның алдағы мерей­той­ла­ры өзі атын­дағы өңір­де, Қарқа­ра жай­ла­у­ын­да өте­ді. Қаси­ет­ті жай­ла­удың «Қарқа­ра жәр­мең­кесіне» қай­та айна­лу мүм­кін­дік­тері көбейеді.

 

Абай ауда­ны, Жам­был ауда­ны, Мағ­жан Жұма­ба­ев ауда­ны қата­ры­на ақы­нын ардақтаған елдің бел­гісі ретін­де Мұқаға­ли ауда­ны қосыл­са, қан­дай жара­сым­ды және лайықты!

 

ҚР Пре­зи­ден­ті Әкім­шілі­гінің бас­шы­сы Ә. Жақ­сы­бе­ко­втің 2017 жылғы 30 қаңтар­дағы №17–388 тап­сыр­маға сәй­кес Н.Ә.Назарбаевқа жаз­ба­ха­тын­да былай делін­ген: «Өңір­лер­де кез­де­сетін идео­ло­ги­я­лық тұрғы­дан ескір­ген, қай­та­ла­на­тын ата­у­лар­ды тари­хи жер-су ата­у­ла­ры және ұлт­тық таны­мға жақын дәстүр­лі ата­у­лар­мен өзгер­туді ұсы­на­мыз». Батыр­ла­ры мен ақын­да­рын, халы­ққа еңбе­гі сің­ген қай­рат­кер­лерін, дара тұлға­лар­ды құр­мет­теп, солар­ды үлгі тұту мақ­са­тын­да есім­дерін елді мекен­дер­ге, білім орын­да­ры­на, т.б. беру дәстүрі қалып­тасқан. Мұқаға­ли есі­мін ауданға беру – біздің ұлт­тық таны­мы­м­ы­зға жақын келетін, дәстүр­ге айналған баста­ма­лар­дың жалғасы.

Кісі атта­ры­на мей­лін­ше шек­теу қой­ған дұрыс. Бірақ оны үзіл­ді-кесіл­ді шек­теу қою деп бір­жақты тый­ым салуға бол­мас. Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Оно­ма­сти­ка жөнін­де­гі заңын­дағы 14-бап 4‑тармақшада «тиісті аумақ халқы­ның пікірін еске­ре оты­рып, облы­стық Оно­ма­сти­ка комис­си­я­сы­ның қоры­тындысы негізін­де осы елді мекен­дер­дің құрам­дас бөлік­теріне атау беру, олар­ды қай­та атау, сон­дай-ақ олар­дың ата­у­ла­ры­ның тран­скрип­ци­я­сын нақты­лау мен өзгер­ту жөнін­де­гі мәсе­ле­лер­ді шешеді» деп көр­сетіл­ген. Аумақ халқы­ның қала­уы және айқын пікірі – бөлі­ну арқы­лы ашы­ла­тын жаңа ауданға Мұқаға­ли ата­уын беру. Осы­ның бәрін назар­ла­ры­ңы­зға ұсы­на келіп, Оно­ма­сти­ка­лық комис­си­я­ның заман тала­бы­на сай кемел шешім қабыл­дай­ты­ны­на зор сенім артамыз.

Ста­хан Белғо­жа­ев – «Бір­лік» акци­о­нер­лік қоға­мы­ның пре­зи­ден­ті; Кеңес Үшбаев –

меди­ци­на ғылым­да­ры­ның док­то­ры, «Фар­ма­ция» ком­па­ни­я­сы­ның президенті;

Аман­гел­ді Ерме­ги­я­ев – «Алма­ты­құры­лыс» хол­дин­гі ком­па­ни­я­сы­ның президенті;

Ызғар­бек Бек­тұр­сы­нов – Рай­ым­бек ауда­ны­ның бұры­нғы әкімі;

Босатқан Ұлдар­бе­ков – Рай­ым­бек ауда­ны­ның бұры­нғы әкімі;

Аян Айт­жа­нов – Рай­ым­бек ауда­ны­ның бұры­нғы әкімі;

Бай­ғо­жа Нұрғо­жа­ев – Рай­ым­бек ауда­ны­ның бұры­нғы әкімі;

Ерға­ли Нүсі­пов – тех­ни­ка ғылым­да­ры­ның док­то­ры, академик;

Әрмен Рысмен­ди­ев – меди­ци­на ғылым­да­ры­ның док­то­ры, академик;

Тұрар­бек Төлен­ди­ев – Қаза­қстан­ның еңбек сіңір­ген дәрігері;

Есмұ­хан Оба­ев – режис­сер, Қаза­қстан­ның еңбек сіңір­ген қайраткері;

Эрнест Төре­ха­нов – жазу­шы, М.Әуезов атын­дағы сый­лы­қтың лауреаты;

Ора­за­қын Асқар – ақын, халы­қа­ра­лық «Алаш» сый­лы­ғы­ның лауреаты;

Рыс­бек Сәр­сен­бай­ұ­лы – қоғам қай­рат­кері, Қаза­қстан­ның құр­мет­ті журналисі;

Ермұрат Үсен – композитор;

Рама­зан Ста­мға­зи­ев – Қаза­қстан­ның еңбек сіңір­ген әртісі;

Жан­бо­лат Ауп­ба­ев – жур­на­лист, Қаза­қстан­ның еңбек сіңір­ген қайраткері;

Батық Мәжи­тұ­лы – «Мұқаға­ли» жур­на­лы­ның бас редакторы;

Сағат­бек Меде­убек – ғалым, ҚазҰУ-дың жур­на­ли­сти­ка факуль­тетінің деканы;

Марат Тоқаш­ба­ев – «Пре­зи­дент және халық» газетінің бас редак­то­ры, қоғам қайраткері;

Зядан Қожа­лы­мов – «Қаза­қстан халық емшілері қауым­да­сты­ғы» РҚБ пре­зи­ден­ті, академик;

Сай­лау Ағы­ба­ев – заң­гер, өлкетанушы;

Тоққо­жа Қожағұ­лов – сурет­ші, педа­го­ги­ка ғылым­да­ры­ның кан­ди­да­ты, «Дарын» жастар сый­лы­ғы­ның лауреаты;

Тыныш­бек Алма­бе­ков – тарих­шы, еңбек ардагері;

Маға­у­ия Әде­нов – суретші;

Сығай Дүй­сен­бай – тарихшы. 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн