Пятница , 4 июля 2025

БЮДЖЕТТІҢ АҚШАСЫ ҚАЙДА КЕТТІ ДЕЙМІЗ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №31 (395) от 31 авгу­ста 2017 г.

 

Желі­де­гі жазбалар

 


2005 жылы Шет­пе посел­кесінің шет жағы­на 200 орын­дық тубер­ку­лез емдей­тін ауру­ха­на салын­ды, құры­лы­сы­на мер­ді­гер ретін­де азды-көп­ті мен де қаты­стым. Қар­жы жетіс­пей, цейт­нот­тық жағ­дай­да әзер бітір­гені­міз есім­де қалып­ты. Сапа­сы ойлаған­дай бол­ды деп айта алмаймын.

 

Деген­мен де, оны­мыз ойын­шық екен, нысан­ның одан кей­ін­гі тағ­ды­ры тым аяны­шты болып шықты. Пай­да­ла­нуға беріл­гелі сол ауру­ха­на­да баста­пқы жыл­да­ры 30–40 адам жатып, ем қабыл­дап­ты, қалған бөл­ме­лер жабық, кілт­те­улі тұрып­ты. 3–4 әлде 2–3 жыл пай­да­ланған­нан кей­ін мүл­дем жабы­лып­ты, тиісті кон­тин­гент болмаған.

(Менің­ше, дұры­сын­да тубер­ку­лез­бен ауы­ра­тын адам­дар көп болуы керек, тек бұры­нғы­дай ешкім қатаң бақы­ла­май­ды, про­фи­лак­ти­ка­лық дис­пан­се­ри­за­ция жүр­гіз­бей­ді, есеп­ке алмай­ды, аны­қталған­да­рын ешкім бұры­нғы­дай мәж­бүр­леп емде­у­ге жібермейді).

Соны­мен… алды­мен сыр­тқы қор­ша­уы ұрланған, шар­бақ кет­кен соң, мал кіріп, бар­лық өсіп тұрған аға­штар­ды «әумин» қылған. Арты­нан гараж, қазан­дық, ішін­де­гі қазан­да­ры­мен қоса, транс­фор­ма­тор тұрған буд­ка транс­фор­ма­то­ры­мен қоса… кет­кен. Негіз­гі кор­пу­стың тек сыр­тқы қабы­рға­ла­ры ғана қалып­ты (сурет­ті қараңыз).

200 млн тең­ге… 2005 жылы бір­ша­ма көп қар­жы еді бюд­жет үшін. Небәрі 12 жыл ғана өтіп­ті. Кем деген­де 50 жыл қыз­мет ету­ге тиіс ғима­рат. Жақын­да Шет­пе­ге барған­да көріп, жағам­ды ұста­дым. Естуім­ше, басқа аудан­дар­да да салы­нған осын­дай нысан­дар осы кеп­ті киген.

Сон­да… осы­ның бәрін жос­пар­лаған кім? Егер қажет­тілік бол­ма­са, неге сал­ды­рған? Кім жау­ап береді? Сол кез­де ден­са­улық сақтау мини­стрі кім болып еді?

Қуа­ныш ЕДІЛХАНТЕГІ

 

 

«ҰЛТ АРАЗДЫҒЫН ҚОЗДЫРДЫ»

деген айып­пен сот­та­ла­тын болды…


Алма­ты облы­сы Ұйғыр ауда­ны­ның про­ку­ра­ту­ра­сы бір ер және үш әйел аза­матқа (айып­тау актісі бой­ын­ша): «Бей­біт­шілік­ке және адам­зат қауіп­сізді­гіне қар­сы ауыр дәре­же­де­гі қыл­мысты жасаған» деп, (174-бап 1‑тармақ) қыл­мыстық іс қозғапты.

 

ШҚО фило­ло­ги­я­лық-пси­хо­ло­ги­я­лық сот сарап­та­ма инсти­ту­ты­ның тұжы­ры­мы бой­ын­ша, айып­та­лушы­лар­дың ФБ-жаз­ба­ла­рын­да ұлт араз­ды­қты қоз­ды­ру бел­гілері бар көрі­неді. Қазір істі про­ку­ра­ту­ра сотқа жіберіпті.

Мен бұл жағ­дай­ды он күн бұрын есті­ген едім. Содан бір­ден Алма­ты­дан 10–15 елге бел­гілі қоғам қай­рат­кер­лері, жур­на­ли­стер­ді, қоғам­дық ұйым төраға­ла­рын ұйым­да­сты­рып, Ұйғыр ауда­ны әкім­ді­гіне, про­ку­ро­ры­на, ІІБ-не барып қай­тай­ын деген ойға кел­дім. Мақ­сат: істі сотқа жет­кіз­бей, елдік, ұлт­тық тәсіл – бітім­гер­шілік­пен шешу бола­тын. Бұл өзі елба­сы мұрын­дық болып, 2011 жылы қол­да­ны­сқа енген «Меди­а­ция заңы­на» сай келетін қадам еді.

Міне, қызық! Бара­тын адам тап­па­дым! Бұрын болған мұн­дай көп жағ­дай­да бір қауым елді әп-сәт­те жинап ала­ты­н­мын. Қазір бәрінің «қауырт» жұмыста­ры бар. Бірі: «Бұл мен айна­лы­са­тын дең­гей­де­гі жұмыс емес» десе, енді бірі: «Неме­ре­ме қарай­тын адам жоқ» дей­ді. Тағы бірі алға­шқы сөй­лес­кен­де бара­тын бола­ды да, арты­нан теле­фо­нын алмай, кәдім­гі­дей қаша­ды. Басқа бірі: «Әуелі айып­тау қаға­зын алай­ық. Сосын соған қарап көре­міз» дейді.

Бұл – бұл ма! Он күн­нен бері бірін «боқтап», екін­шісін «зор­лап», қой­май жүріп 7–8 адам­ды келістіріп, ертең таңғы 5.00-де шыға­мыз деп оты­рған­да, әлгі «бей­біт­шілік­ке және адам­зат қауіп­сізді­гіне қар­сы ауыр дәре­же­де­гі қыл­мысты жасаған» жан­дар­дың бірі теле­фон шалып: «Аға, адво­ка­ты­мыз айт­ты, басқа біре­улер­ді ара­ла­сты­рып, жағ­дай­ды ушы­қты­рып алмаң­дар деп. Оның үстіне сіз­дер­дің ол жаққа бара­тын­да­ры­ңы­зды біліп, Шон­жы­ға кір­гіз­бей­міз деп, шлаг­баум жасап қой­ып­ты», – дей­ді. Ал керек болса!

Ертең жағ­дай өз ойла­рын­дағы­дай бол­май қалып жүр­се, бізді айып­та­ма­сын деп, жина­лып оты­рған кісілер­ге «отбой» жасадым.

Енді не істе­у­ге бола­ды, ағайын?

Герой­хан ҚЫСТАУБАЙ

 

 

PS.Үстімізден қозғалған қыл­мыстық істің айып­тау актісі шықты. Сот бола­тын уақыт та жақын. Қорға­у­шы­мыз да дай­ын. Енді сол қорға­у­шы­ның шығы­нын өте­у­ге қол­дың қысқа­лы­ғы кедер­гі болу­да. «Ер мой­нын­дағы қыл арқан шірі­мес» деген дана халқы­мыз: уақыт­ша қиын­ды­қтан шығып алсақ, қай­та­ра­мыз. Қазір­гі мақ­са­ты­мыз тек жеңіс­ке жету. Сон­ды­қтан қар­жы­лай қол­да­у­ла­ры­ңыз да қажет болып тұр. Асар­ла­тай­ық, ағайын!

Рек­ви­зит­тер:

«Халық Бан­кі» кар­точ­ка­сы­ның нөмері: 4402 5735 2709 8398

ЖСН: 751025400922

Бай­шы­га­ше­ва Гулжазира

Мақ­пал Шадан­ның ФБ-парақшасынан

 

 

Уақыт уыты

 

МЕДАЛЬ АЛҒАН ЕСЕК Сати­ра­лық ертегі

 

Әзиз НЕСИН

 

Естерің­де бол­са, осы күні кеше сияқты, дәлірек айт­сақ, баяғы­да, нақты айт­сам, өрнек­теп ши тоқы­ған, атан түйе жар­шы болып, тышқан­дар шашта­раз болып, мен өз шешем­нің тал­бесі­гін тер­бетіп жүр­ген кез­де әлгі өзі­міздің Жарғақ­бас сұл­тан, Қыл­кеңір­дек имам, Шибұт би болған тұста біз­де бір пат­ша болған еді ғой? Естеріңе түсті ме? Е, иә, сол. Ойхой, ол пат­ша­ның кезін­де елі­міз гүл­дей жай­нап еді ғой, шір­кін! Демо­кра­тия шуағын шашқан бақтың ішін­де­гі Бостан­дық аға­шы­ның көлең­кесін­де еркін жүр­ген халық қай­ғы-мұң деген­ді біл­мей­тін еді ғой!

Бірақ сол елді бір жыл­да­ры аштық жал­ма­ды. Кеса­пат айт­пай келіп, айман­дай қыл­ды. Ол сұм­ды­қты ауы­з­бен айтып, хатқа түсіріп жазып жет­кі­зе алмай­сың! Нағыз жұт бол­ды! Тіп­ті бір қолы бал­да балқып, екін­ші қолы май­да шылқып оты­рған ауқат­ты деген­дер­дің өзі талға­жу етер­лік талқан тап­пай қал­ды ғой!

Халқы­ның мұн­дай қай­ғы­лы күй­ге түс­кенін көр­ген пат­ша қамы­ғып, қалың ойға кет­ті. Ары ойлап, бері ойлап, ақы­ры бір шешім­ге келіп, жан-жаққа жар­шы жібер­ді. Ол жар­шы­лар атта­ры­на оты­ра салып, бар­лық көшені, сай-сала­ны, қуыс-қуы­сты қал­дыр­май ара­лап, аттан салды:

– Ей, халай­ық! – дей­ді олар, – Кей­ін айт­па­дың, есті­медік деп жүр­мең­дер! Кім­де-кім осы уақы­тқа дей­ін мем­ле­кеті­міз­ге ине­дей үлес қосып, ота­ны­мы­зға түй­ме­дей қыз­мет еткен бол­са, пат­ша сарай­ы­на екі өкпе­сін қолы­на алып жүгір­сін! Біздің әмір­ші­міз – сен­дер­дің пат­ша­ла­рың оларға медаль бер­гелі жатыр!..

Мұны есті­ген жамағат ашты­қты лез­де ұмы­тып, қақаған суы­қты еле­мей, қай­ғы мен мұң­ды, қарыз бен боры­шты естен шыға­рып, көз­дері жай­нап, пат­ша­ның өз қолы­нан медаль алуға тұра шап­ты. Елдің еңбе­гіне қарай пат­ша медаль­дар­ды бір­не­ше дәре­же­ге бөліп­ті. Бірін­ші дәре­же – алтын медаль, екін­ші дәре­же – алтын жалатқан медаль, үшін­шісі – күміспен көм­керіл­ген медаль, төр­тін­шісі – темір, бесін­шісі – қола медаль, алтын­шы­сы – мыс, жетін­шісі – қаңы­л­тыр… Не керек, сарай­ға кел­ген­нің бәрі медаль­сыз қал­мап­ты. Жұрт­тың бәрін жары­лқап­ты. Күн­дер­дің күнін­де елде, ел түгілі қара жер­де бір түй­ір темір, не мыс, не қаңы­л­тыр қал­мап­ты. Ал елдің көкіре­гі медаль­дан көрін­бей, жарқы­рап, сал­бы­рап жүріпті.

 

Омы­ра­у­ла­ры күн­дей жарқы­рап жүр­ген адам­дар­ды көріп, сарай­ға кір­ген­нің бәрі осын­дай құр­мет­ке ие болға­нын естіп, айда­ла­да жай­ы­лып жүр­ген бір сиыр тулап қоя беріпті!

– Мө‑ө, ойбай, мө-ө‑ө! Бұл құр­мет­ке алды­мен мен лай­ық емес пе едім?! – деп, терісі сүй­е­гіне жабысып, қар­ны омыр­тқа­сы­на қабысып, күй­іс­ке жары­май қалған сиыр сарай­ға қарай сүй­ретіліп келіпті.

– Әй, – деп­ті келе сала, – пат­ша­мы­зға айт, салиқа­лы бір сиыр көр­гісі келеді!

Сарай күзеті қуа­ла­са да көн­беп­ті. Тіп­ті өкіріп қоя беріпті.

– Пат­ша­ны көр­мей, аттап бас­пай­мын! М‑ө-ө деген­де мө-ө‑ө! – деп қасқай­ып тұра беріп­ті. Сарай­дағы­лар­дың ама­лы таусылып:

– Уа, пат­ша­мыз, Сіздің нұр­лы жана­ры­ңы­зға бір сиыр көрін­гісі келеді! – деп баяндапты.

– Онда көрін­сін, кір­гіз – дей­ді, пат­ша. Сиыр­ды сарай­ға кіргізеді.

– Ал, мұқта­жың не? Мөңірей бер, – деп­ті патша.

– О, әмір­шім, Сіз медель тара­тып жатыр деген­ді естіп, мен де біре­уін алай­ын деп кел­дім, – дей­ді Зең­гі баба ұрпағы.

– Ол ненің құр­метіне? Медаль таға­тын­дай елге не еңбе­гің сіңіп еді? – дей­ді пат­ша, қара­пай­ым адам сияқты сұрақ қойып.

– Уа, біздің Ұлы әмір­ші­міз! – деп, сиыр әңгі­месін бастай­ды, – Медаль­ды мен алмаған­да кім ала­ды? Ада­мға істе­ме­ген қан­дай жақ­сы­лы­ғым қал­ма­ды менің? Етім­ді жеп, жілі­гім­ді шағып, сүй­е­гім­ді кеміріп, сүтім­ді ішіп, терім­ді қалаған­да­ры­ң­ша пішіп жатыр­сы­ң­дар. Тіп­ті тезе­гім­ді теріп алып, тең­ге қыл­ды­ң­дар! Осы­ның бәрі, ең бол­ма­са, бір қаңы­л­тыр медаль­ға лай­ық шығар?!

 

Пат­ша сиыр­дың тала­бы­ның орын­ды екенін мой­ын­дап­ты да, екін­ші дәре­желі медаль тағып, қоя беріп­ті. Мой­ны­на олжа­сын асы­нып, қуа­ны­штан жары­ла жаз­дап келе жатқан сиыр­дың алды­нан қашыр кездеседі.

– Сәлем, сиыр әпке!

– Сәлә­мат бол, қашыр інім!

– Екі езуің жам­ба­сы­ңа дей­ін жай­ы­лып, мәз болып, қай­дан келесің?

Сиыр асы­қ­пай мән-жай­ды баян­дап береді. Медаль тура­лы ести сала, қашыр сарай­ға қарай зулай жөнеледі.

– Пат­ша­мы­зды көр­гім келеді! – дей­ді тұяғы­мен жер тарпып.

– Бол­май­ды! – дей­ді іштегілер.

Бірақ ата-баба­сы­нан қаны­на сің­ген бір­бет­кей қыр­сық қашыр­ды итеріп, күш­теп кеті­ру мүм­кін емес еді. Амал жоқ, сарай­дағы­лар пат­шаға айтады:

– Жарай­ды, кір­сін, – дей­ді патша.

Пат­ша­ның алды­на кел­ген қашыр мой­нын бұрап, аяғын сер­піп, кере­мет сәлем жасай­ды. Пат­ша­ның қолы­нан, сосын шапа­ны­ның ете­гі­нен сүй­іп, өзінің медаль алуға кел­генін айтады.

– Не үшін медаль алғың келеді? – деп сау­ат­ты сұрақ қояды патша.

– Ибай-ау, әмір­шім-ау, менің еңбе­гім аз ба еді? Жоры­ққа шық­саң да, соғы­сқа шық­саң да, қару-жарағың мен зеңбіре­гің менің арқам­да таңу­лы емес пе еді? Бей­біт күн­де қатын, бала-шағаңыз менің үстім­нен түс­пей­ді. Мен бол­ма­сам, күн­дерің не болар еді?

Қашыр­дың бұл еңбе­гін пат­ша адам­гер­шілік­пен мойындап:

– Менің қашыр қыз­мет­керім бірін­ші дәре­желі медаль­ға лай­ық! – деп бұйырады.

 

Бақыт­тан басы айна­лып, медаль асы­нып, жорға­лап бара жатқан қашы­рға есек кездеседі.

– Сәлем, жиен­жан! – дейді.

– Сәлем, нағашы!

– Иә, жол болсын?

Қашыр өзінің жер бетін­де­гі ең бақыт­ты қашыр екенінің мән-жай­ын айтып бер­ген кез­де есек:

– Ол сарай­ға мен неге бар­май жүр­мін? – деп, құстай ұша­ды. Сарай­дағы ағай­ын ақы­мақ емес қой, есек­ті тіп­ті жолатқы­сы кел­мей­ді. Бірақ есек­ке оңай­лы­қ­пен ақыл қонып, сөз­ге тоқта­ма­сын ұққан соң, дым­да­ры құрып, пат­шаға айтады.

– Ал, есе­гім, айта ғой, көкей­іңді не тесіп бара­ды? Не керек? – дей­ді патша.

Өзге емес, жаман есек­тің арма­ны бір медаль екенін естіп, пат­ша айғай­ға басады:

– Әй, миғұ­ла! Сиыр­дың еті де, сүті де, терісі де елдің игілі­гіне жара­ды. Қашыр бол­са соғы­ста да, бей­біт күн­де де үсті­нен жүк түсір­меді. Ал сен, ессіз есек, елде кет­кен есең қай­сы?! Медаль таға­тын­дай, мақтан етер нең бар?

Есек жай ғана езу тар­та­ды. Сосын баяу ғана сабыр­мен сөй­леп кетеді:

– Айып етпе­ңіз, Ұлы әмір­шім, ақ пат­шам, бүкіл есек өзге емес, өзіңіз­ге адал еңбек еттік. Егер Сіз­ге қыз­мет етіп жүр­ген мың­даған есек құл­да­рың, жүз­де­ген есек қыз­мет­керің бол­ма­са, осы тағы­ң­да ұзақ оты­ра алар ма едің? Пат­ша­лық дәу­рен сүре алар ма едің? Сенің үстем­дік жасап, үкі­міңді орын­да­уы­ңа мүм­кін­дік жаса­тып жатқан, билі­гіңе үнсіз бас шұлғып, бағы­нып жүр­ген мен сияқты есек­тер­ді жаратқан Жаратқанға мың алғыс!

Алдын­да тұрған мына есек­тің өзге есек­тер сияқты қаңы­л­тыр медаль­мен алдағанға көне қой­ма­сын пат­ша түсініпті.

– Уа, адал да, абзал менің есе­гім! Шыным­ды айт­сам, орас­ан еңбе­гің үшін саған лай­ық медаль тап­пай тұр­мын, – дей­ді пен­де сияқты қысы­лған пат­ша, – Бүгін­нен бастап, өле-өлгенің­ше пат­ша­ның ат қорас­ы­нан саған бір қап сабан тегін беріліп тұра­ды! Той­ға­ны­ң­ша же! Же де шырқа! Жоқ, кәдім­гі есек­ше ақыр! Менің билі­гім­ді биік­те­те ақыр! Бақы­ра бер, әулетім­ді асы­ра бер!

Орыс тілі­нен аударған –

Асқар НАЙМАНТАЕВ

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн