Пятница , 4 июля 2025

ТІРЕУМЕН ТҰРҒАН МЕКТЕП жаңа бағдарламаны бастайды…

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №31 (395) от 31 авгу­ста 2017 г.

 

1 қыр­күй­ек

 


 

Соны­мен, ертең елі­міз­де жаңа оқу жылы­ның алға­шқы қоңы­ра­уы қағы­ла­ды. Оқу жылы­мен бір­ге жер­гілік­ті әкім­дер­дің әкірең­де­уі мен дирек­тор­лар­дың дик­та­ты басталады.

Қазақ бас­пасөзіне шолу жасай оты­рып, жаңа оқу жылы­на дай­ын­дық қан­дай деген сұраққа жау­ап беріп көрелік.

Әрине, жан жады­ра­тар қуа­ны­шты хабар­лар көп. Мәсе­лен, бір ғана Алма­ты облы­сын­да биыл 24 жаңа мек­теп ашы­ла­ды. Егер облыс әкі­мі Аман­дық Бата­лов айтқан 24 мек­теп­ті рес­пуб­ли­ка бой­ын­ша орта көр­сет­кіш ретін­де ала­тын бол­сақ, Қаза­қстан­да 284 жаңа мек­теп іске қосы­луы тиіс еді. Бірақ 1 қыр­күй­ек­ке дей­ін ел көле­мін­де қан­ша мек­теп салын­ды, оның қан­ша­сы оқу­шы­лар қабыл­дай ала­ды? – Ол жөнін­де­гі ста­ти­сти­ка әзір­ге ауыз ашпайды.

Соны­мен бір­ге, білім және ғылым мини­стрі Ерлан Саға­ди­ев­тің үкі­мет алдын­да бер­ген есебі бой­ын­ша, биыл рес­пуб­ли­ка көле­мін­де 500 мек­теп­те жеке­ле­ген пән­дер­ді сынақ ретін­де ағы­л­шын тілін­де оқы­ту баста­ла­ды. Бір ғана Алма­ты қала­сын­да 33 мек­теп үштіл­ділік сой­қа­нын бастаға­лы отыр.

Ал осы он екі­де бір нұсқа­сыз науқан­да ағы­л­шын тілі­нен сабақ беретін пән мұғалім­дері дай­ын ба? Мәсе­лен, физи­ка, химия, био­ло­гия және инфор­ма­ти­ка пән­дерін ағы­л­шын­ша оқы­туға қан­ша мұғалім дай­ын? Осы төрт пән­ді 500 мек­теп­те ағы­л­шын тілін­де оқы­ту үшін кемін­де 2000 мың мұғалім керек екен: ал үш ай кани­кул­да төрт жылғы бака­лавр­лық «білім­ді» қан­ша мұғалім «алып шықты»? Бұл сұрақтарға қаты­сты ақпа­рат­ты «Гугл­ді» гуіл­детіп ізде­сең – таппайсың.

Ал енді мына қызы­ққа қараңыз: 2019–20 жыл­дар­дан бастап аталған жара­ты­лы­ста­ну пән­дері рес­пуб­ли­ка мек­теп­терінің бар­лы­ғын­да ағы­л­шын тілін­де жүретін бола­ды. Яғни, рес­пуб­ли­ка­дағы 7,5 мың (орта есеп­пен) мек­теп­тер­дің түгеліне төрт пән­ге кем деген­де 4 мұғалім қажет болған­да, 30 000 маман-пән­гер керек екен. Ал 700-ден 1500 дей­ін оқу­шы­сы бар мек­теп­тер­ге төрт емес, 8–10 пән­гер қажет бола­ды. Енде­ше үш жыл­дан кей­ін ел мек­теп­тері кемін­де 80 мың пән­гер­ді қажет ете­ді. Бұл сұра­ны­сқа дай­ын­дық қандай?

Дай­ын­дық – нөл! Оған БжҒМ таратқан мынау ақпа­рат дәлел бол­са керек: «Биыл (2017 жылы) алғаш рет физи­ка, химия, био­ло­гия және инфор­ма­ти­ка пән­дерін ағы­л­шын тілін­де оқы­та­тын бола­шақ мұғалім­дер­ге 642 білім гран­тын бөлу ұйға­рыл­ды» – деп жазы­лған сол пресс-парақ­ша­да. Бұл 642 грант­тың иесі 4 жыл­дан кей­ін ғана бака­лавр дәре­же­сін­де­гі пән мұғалі­мі болып шыға ала­ды. Ал осы 642-ні төрт жылға көбей­тер бол­сақ, 2568 пән­гер ғана дай­ын болады.

Сон­да 80 мың түгілі, 30 мың­ның оннан бірі ғана төрт жара­ты­лы­ста­ну пәнін ағы­л­шын тілін­де жүр­гі­зе алуға жара­са, «үштіл­ді» оқу жүй­есі сой­қан бол­маған­да, не бол­мақ? Мұн­дай дай­ын­ды­қ­пен «үштіл­ділік эпо­пе­я­сын» жүзе­ге асы­ру мүм­кін бе?

Бұл жағ­дай­ды БжҒМ мен үкі­мет­те­гілер біл­мей оты­рған жоқ. Әбден біледі! Бірақ «үштіл­ділік­ті» күшпен кір­гі­зуді талап еткен мем­ле­кет­тік сая­си шешім­нің пәр­мені күшті болып тұр. Ал бұл елде ондай сая­си шешім­ді кім шыға­ра­ты­ны – бесік­те­гі балаға бел­гілі болған жәйт.


Ал алыс төрт жыл­ды қоя тұрып, ертең есік аша­тын оқу жылы­на дай­ын­дық тура­сын­да не айта ала­мыз? Әрине, елде­гі мек­теп ата­улы­ның жаңа­сы бар, ескісі бар – сыла­нып, сыр­ла­нып, жуы­лып-шай­ы­лып, оқу жылын бастап кету­ге дай­ын тұрға­ны кәміл. Оған жер­гілік­ті әкім­дер, мек­теп дирек­тор­ла­ры мен мұғалім­дер қауы­мы ғана емес, мәсе­лен, Қаза­қстан… фут­бол феде­ра­ци­я­сы да дай­ын екен.

Фут­бол­дың мек­теп­те­гі оқу жүй­есіне қан­дай қаты­сы бар дей­сіз ғой? Кезек­ті пресс-парақ­шаға зер салы­ңыз: «Қаза­қстан мек­теп­терін­де фут­бол сабағы жүр­гізілетін бола­ды. ҚФФ мен ҚР БжҒМ бала­лар мен жасөс­пірім­дер фут­бо­лын дамы­ту аясын­да дене шыны­қты­ру пәнінің әр үшін­ші саға­тын­да сабақ жүр­гі­зу үшін «Орта білім беру меке­ме­лерін­де­гі 1–4 сынып оқу­шы­ла­ры­на арналған фут­бол бой­ын­ша әдісте­мелік оқу құра­лын» құра­с­ты­рып, бекіт­ті», – дей­ді осы орай­да өткен бей­сен­бі­де жари­я­ланған хабар­да (Қаз­ТАГ).

Жөн-ақ, оқу­шы­лар­дың денесін шыны­қты­ру аса қажет мем­ле­кет­тік мін­дет­тер­дің бірі. Бірақ ол шыны­қты­ру неге фут­бол­дың ғана көме­гі­мен жүзе­ге асуы керек? Бұл – әзір­ге жау­а­бы бей­мағлұм сұрақ. Бей­мағлұм бола­тын екі себебі бар: бірін­ші­ден, әлем көшіне ілде­бай­лап ілі­гу­ге қауһа­ры жоқ қаза­қстан­дық фут­бол кім­ге пір бол­мақ? Қаза­қстан – Бра­зи­лия боп кет­ті ме? Фут­бол­ды мек­теп бағ­дар­ла­ма­сы­на тық­па­ла­удың қажеті қанша?

Екін­ші­ден, бүгін­гі мек­теп оқу­шы­ла­ры­ның жар­ты­сы­нан арты­ғы қыз бала­лар екенін ескер­сек, олар­дың далаң­дап доп қуға­ны қан­дай үрдістің үлгісі бола­ды? Қыздар үшін гим­на­сти­ка неме­се би өнері өне­ге бол­са қай­тер еді?

Қош, бұл мәсе­ле­ге де сұрақ қой­ып тына­лық. Ал мек­теп­тер­де не жаңа­лық? Бұл рет­те қаза­қстан­дық бас­пасөз не дейді?

Жақ­сы жаңа­лық-хабар бар­шы­лық екен. Мәсе­лен, «қызы­лор­да­лық мұғалім­дер облыс әкі­мін «әде­мі» күтіп алу үшін, мек­теп­тің бар­лық қара жұмысын өз мой­ын­да­ры­на алған. Асар­латқан ұста­здар­ды сырт­тан бақы­лаған ада­мға ағай­ын­ды­лар­дың той бола­тын үйде­гі дай­ын­ды­ғы­на ұқсай­ды», – дей­ді Stan.kz.

«№223 мек­теп­тің мұғалім­дері құд­ды бір асарға жиналған ағай­ын­дар секіл­ді (сурет­ті қараңыз). Бірі мек­теп­ке тиесілі кілем­дер­ді көпір­тіп жуып жат­са, енді бірі су тасып әуре болып жүр. Күн­нің салқын­ды­ғы да педа­гог­тарға мүл­де кедер­гі емес сияқты. Ал мек­теп­тің ішіне кір­сеңіз, баста­ры­на ора­мал, үстеріне жаман киім­дерін киген ұста­здар таза­лық шара­ла­рын жасап жатыр», дей­ді пор­тал тілшісі.

Несі бар? Әкім келе ме, оқу­шы келе ме – мек­теп­тің тап-таза болға­ны неге жаман болсын?..

Ал 1 қыр­күй­ек күніне Аты­рау облы­сын­дағы мек­теп­тер­ге 360 мұғалім жетіс­пей­ді екен. «Оқу меке­ме­лерін­де 61 баста­пқы сынып мұғалім­дері, 51 – мате­ма­ти­ка пәні, 65 – орыс тілі және әде­би­етінің мұғалім­дері жетіс­пей­ді. Сон­дай-ақ облы­ста 17 – физи­ка пәнінің мұғалі­мі, 3 – инфор­ма­ти­ка пәнінің, 4 – био­ло­гия, 10 – тарих, 37 – дене шыны­қты­ру мұғалім­дері жетіс­пей­ді», – деп­ті облы­стық білім басқар­ма­сы­ның жетек­шісі Нұр­са­уыл Сай­ла­у­ова тамыз кон­фе­рен­ци­я­сы бары­сын­да (Қаз­ТАГ).

Мұғалім­дер­дің мұн­дай жетіс­пе­ушілі­гі басқа­ны қой­ып, Аста­на қала­сы­ның өзін­де орын алған екен. «Аста­на­да мек­теп те, сабақ беретін мұғалім­дер де жетіс­пей­ді. Сал­да­ры­нан бір сынып­та 50–60 бала­дан оқып, ұста­здар­дың сапа­лы білім беру­ге уақы­ты жоқ. Елор­да­да өткен тамыз кеңесін­де мұғалім­дер Аста­на әкі­мі­нен мек­теп про­бле­ма­сын шешіп беруін сұра­ды деп хабар­лай­ды «31 арна». «Қазір­гі таң­да бір мұғалім­нің екі сынып­пен жұмыс істе­уі қалып­ты жағ­дай­ға айналған. Екін­ші мәсе­ле – оқу­шы орны­ның жетіс­пе­ушілі­гі. Бір сынып­та 40 оқу­шы оты­рған­да, жаңа білім­ді табысты енгі­зе­міз деп айту қиы­нға соға­ды», – дей­ді Аста­на қала­сын­дағы мек­теп дирек­то­ры Құра­лай Байтәжікова.

«Мем­ле­кет­тік тіл­ді мең­геріп үлгер­ме­ген Әсет Исе­ке­шев мек­теп­тің жетіс­пе­уіне оқу­шы­лар­дың жыл сай­ын 15 мыңға көбе­юі себеп деді. Соңғы жыл­да­ры мек­теп жасын­дағы бала­лар­дың саны 5–6 есе­ге көбей­іп, биыл 145 мың оқу­шы сабаққа бара­ды екен. Аста­наға жұрт ағы­ла­ды, бала туу көр­сет­кі­ші жоға­ры, сон­ды­қтан білім орда­сын салып үлгер­мей жатыр­мыз. Оның үстіне елор­да­дан құры­лыс жүр­гі­зетін жер іздеп уақыт жоғал­та­мыз деп ақтал­ды әкім. Исе­ке­шев­тің есебін­ше, қазір 47 мек­теп құры­лы­сын баста­уға сақа­дай сай екен (Stan.kz).

 

Ал «Батыс Қаза­қстан облы­сы­ның Қосо­ба ауы­лы­ның тұрғын­да­ры мек­теп­ті өз күш­тері­мен салып жатыр, – деп хабар­лай­ды «Азаттық» радио­сы (Azattyq.org). – Мем­ле­кет­тің жер­гілік­ті ауыл шару­а­шы­лық коопе­ра­тивіне бөл­ген суб­си­ди­я­сын ауыл халқы 30 балаға арналған білім ғима­ра­тын салуға жұм­сай­мыз деп ұйғарған».

«Қазтал ауда­ны­ның Қосо­ба ауы­лы Батыс Қаза­қстан облы­сы­ның (БҚО) әкім­шілік орта­лы­ғы Орал қала­сы­нан 260 кило­метр қашы­қты­қта орна­ласқан. Қосо­ба­да 227 адам тұра­ды, яғни 27 аула бар. Бір айдай уақыт бұрын ауыл тұтас өртеніп кете жаз­да­ды, өйт­кені дала­да өрт шыққан. Бұл осы өлке­де соңғы жыл­да­ры болған ең үлкен өрт.

Ауыл­дағы жалғыз әкім­шілік ғима­рат – ескі баста­уыш мек­теп. 1977 жылы салы­нған ғима­рат қыста суық, құлай­ын деп тұр. Оның қасын­да Кас­пий жаға­ла­у­ын­дағы Ақта­уда өндірілетін арзан ақ кір­піш – «ракуш­няк­тан» соғы­лып жатқан жаңа мек­теп бар.

Мек­теп­ті ауыл халқы асар­ла­тып салып жатыр, оған ауыл шару­а­шы­лық коопе­ра­тиві ғана емес, жер­гілік­ті мал өсіру­ші шару­а­шы­лы­қтар мен қалаға кет­кен Қосо­ба тума­ла­ры да көмек­тесіп отыр. Біреу кір­піш әпе­реді, біреу құм мен цемент әпе­реді, енді бірі жұмыс күшін таба­ды» – деп жазып­ты Azattyq.org.

Әлем­де­гі дамы­ған 30 елдің қата­ры­на қосы­луға ызғы­тып бара жатқан Қаза­қстан­да жаңа оқу жылын осын­дай жағ­дай­да бастай­тын мек­теп­тер бар. Тіре­умен тұрған (сурет­ті қараңыз) мек­теп­тер­мен қай­да асы­ғып бара­мыз? Бұл – Аста­на­дағы Ақор­да ғана жау­ап бере ала­тын сұрақ бол­са керек.

Ермұрат БАПИ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн