Вторник , 26 августа 2025

ТАЛАП ЕТЕМІЗ!

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №33 (397) от 14 сен­тяб­ря 2017 г.

 

Ашық хат!

 


 

Газет редак­ци­я­сы­на Қаза­қстан­ның пре­зи­ден­ті Н.Назарбаевтың аты­на жол­данған ашық хат­тың көшір­месі келіп түсті. Қазақ ұлты­ның тағ­ды­ры­на қаты­сты мәсе­ле көтер­ген бұл хат соны­мен бір­ге ҚР пре­мьер-мини­стрі Б. Сағын­та­ев­тың, ҚР сена­ты­ның төраға­сы Қ‑Ж. Тоқа­ев­тың, ҚР мәжілісінің төраға­сы Н. Нығ­ма­ту­лин­нің аты­на және бірқа­тар мини­стр­лік­тер мен әкім­дер­дің аты­на да жол­данған екен. Төмен­де біз бірқа­тар талап­тар қой­ы­лған осы хат­тың ықшам­далған нұсқа­сын жари­я­лап отырмыз.

 

Қазақ халқы­ның үш ғасыр­лық азатты­ғы мен мем­ле­кетін құру­дағы ең ауқым­ды, ұлт сана­сын оятып, өлмей­тін рухын қалып­та­сты­рған және қаза­қтың ұлт­тық мәсе­лесін халы­қа­ра­лық сая­си аре­наға шығарған интел­лек­ту­ал­дық күрес – ол Ала­шор­да қозға­лы­сы бол­ды. Мір­жақып­тың «Оян, қаза­ғы­нан» бастап, Мағ­жан­ның «Ары­стан­дай айбат­ты, жол­ба­ры­стай қай­рат­ты… Мен жастарға сене­мін!» деген ұран­да­ры, Абай­дың кезін­де­гі «бір ұрты май, бір ұрты қан…» қаза­қты оятып, бола­шаққа сенетін бір­тұ­тас ұлт етті.

Ала­шор­да­шы­лар газет-жор­нал­дар шыға­ру мен білім ошақта­рын ашу арқы­лы халы­қты сая­си күрес­ке дай­ын­дап, толы­ққан­ды ұлт қалып­та­сты­рып, авто­но­ми­я­лық мем­ле­кет құр­ды. Олар бұрын ғасыр­лар бойы бол­маған өзгерістер жасап, ұлт­ты түп­кілік­ті өзгерт­ті, сапа­лық жаңа дәре­же­ге көтеріп, әлем өрке­ни­ет­терінің стан­дарт­та­рын енгізді. Соны­мен қатар М.Шоқайға Пари­жде ескерт­кіш қой­ы­лып, «Петер­бор ада­мы» атағы берілуі, М. Дула­то­вты Кемаль Ататүрік өзінің ұста­зы сана­уы… яғни Ала­шор­да қозға­лы­сы тарих­тағы халы­қа­ра­лық азаттық күре­стің жарқын бет­теріне айнал­ды. Жан-жақты зерт­теліп бол­маған Ала­шор­да қозға­лы­сы­ның ұлт­тық иде­я­ла­ры ХХІ ғасыр­да да Қазақ мем­ле­кетін дамы­ту­да өз үлесін қосады.

Сон­ды­қтан Ала­шор­да қозға­лы­сы­ның 100 жыл­ды­ғын: а). Әр бала-бақ­ша, оқу орын­да­ры, бар­лық ком­па­ни­я­лар мен меке­ме­лер­де өткі­зу; ә). Мек­теп, ЖОО бағ­дар­ла­ма­ла­ры­на «Ала­шта­ну және Ала­шор­да» пәнін енгізіп, энцик­ло­пе­ди­я­лар және ала­шор­да­лы­қтар­дың толық еңбек­терін шыға­ру; б). Ала­шор­да­шы­лар­дың сурет­тері (порт­рет­тері) бала-бақ­ша­лар­дан бастап… қала, облыс әкім­шілі­гі мен Үкі­мет, Пре­зи­дент әкім­шілі­гінің каби­нет­терін­де тұрақты болуын бекіту; в). Ала­шор­да­шы­ларға ескерт­кіш орна­ту, көше, парк, қала атта­рын беруді заң­да­сты­ру. Бұл шара­лар Қазақ елінің руха­ни және интел­лек­ту­ал­дық дамуы жолы­на түсіретін қарым­ды қадам­дар болмақ;

 

Соңғы кез­де Үкі­мет, Пар­ла­мент, Пре­зи­дент әкім­шілі­гі, түр­лі дәре­же­де­гі әкім­шілік­тер, ком­па­ни­я­лар мен оқу орын­да­рын­да үштіл­ділік­ті желеу етіп, «Тіл тура­лы заң» мен Кон­сти­ту­ци­ядағы мем­ле­кет­тік тіл­дің нор­ма­ла­ры өрес­кел бұзы­лған­ды­қтан, ол үш тіл­дің де дамуы­на кедер­гі болу­да. Үштіл­ділік оқу орын­да­рын­да 1960 ж. бері бір-біріне кедер­гісіз оқы­ты­ла­тын бағыт­та жүруі керек.

Қоста­най облы­сын­дағы поли­ци­я­ның мем­ле­кет­тік тіл­ге қар­сы «жүй­елі» әре­кет­тері мен оны қол­дап, шешім шығарған сот пен про­ку­ра­ту­ра қыз­мет­кер­лері бір ай ішін­де жұмыстан боса­тыл­сын. Мем­ле­кет­тік тіл нор­ма­ла­ры­нан ауы­тқу­дағы ҚР БжҒМ ісіне Бас про­ку­ра­ту­ра, т.б. тиісті орган­дар екі айда баға­сын беріп, заң бұзған­дар жаза­лан­сын. Қара­ша айы­на дей­ін елде­гі бар­лық заң­ды тұлға­лар, оның ішін­де билік­тің бар­лық тар­мақта­ры, елшілік­тер, т.б. ісқағаз, жина­лыс… бар­лық жұмыста­рын Кон­сти­ту­ци­я­ның 7‑бабына сай рет­тесін. Мем­ле­кет­тік тіл­ді оқы­ту­дағы Аты­рау облы­сы мен Алма­ты қала­сы­ның оң тәжіри­бе­лері кеңі­нен таратылсын.

 

Пре­зи­дент­тің 2017 ж. Қаза­қстан халқы­на жол­да­уын­да Адам капи­та­лы мен интел­лек­ту­ал­дық ұлт бағ­дар­ла­ма­сы­на басым­дық беріл­гені­мен, Ақмо­ла облы­сы осы бағыт­та Үкі­мет бекіт­кен жоба­ны іске асы­ру­ды кеше­уіл­де­ту­де. Қоры­тындыс­ын­да ҚР АШМ кешен­ді жұмыста­ры­на қара­ма­стан, ауыл тұрғын­да­ры­ның еңбек өнім­ділі­гі РФ-дан үш есе, Бело­рус­си­ядан 8 есе, Батыс елдері­нен 18–20 есе төмен, яғни тұр­мыс дең­гейі мен өмір ұза­қты­ғы да төмен болып қалуда;

«Абу Даби Пла­за­дағы» келеңсіз жағ­дай қай­та­лан­бас үшін, Қаза­қстан Аль­ян­сы, Аста­на қала­сы әкім­ді­гі­мен бір­ге қала жаста­ры мен тұрғын­да­ры­ның мәсе­ле­лерін оң шешетін шара­лар­дың қысқа және орта мерзім­дік бағ­дар­ла­ма­сын дай­ын­дап іске асырсын;

Елде­гі салы­қтың 80% түсіретін 400-дей шикі­зат өндіретін шетел­дік ком­па­ни­я­мен жасалған келісім­шар­ттар елге тиім­сіз, көмір­су­те­гін өндіретін­дер­ге, оның нары­қтағы құны өскен­де салы­на­тын үде­мелі салық (про­грес­сив­ный налог), яғни халы­қа­ра­лық нор­ма енбе­ген. Соның сал­да­ры­нан уақыт өткен сай­ын халық кедей­леніп, күн­дік орта­ша табысы БҰҰ-ның даму­шы елдер­дің ішін­де­гі ең кедей­леріне бел­гі­лен­ген бір цент­тік нор­ма­дан да төмен – 0,88 цент болды.

Оған елдің ЖІӨ дең­гей­іне жет­кен сыр­тқы қары­зды қос­са – бұл стаг­на­ция мен дағ­да­рыс. Себебі мұнай-газ, құры­лыс сала­ла­рын­да шетел­дік­тер­мен бір ком­па­ни­яда істей­тін біздің аза­мат­тар­дың табысы 5–12 есе төмен бол­са, сан үлесі 30–40%-дан аспай­ды. Қытай­дың 51 кәсі­пор­нын салу, ҚХР үшін лас өндірісті Афри­ка, ҚР сияқты арт­та қалған елдер­ге шыға­ру, яғни ол эко­но­ми­ка және эко­ло­ги­я­лық тұрғы­дан тиім­сіз, елді улау болып табы­ла­ды. Ондай кәсі­по­рын­дар­дың пай­да­сы­нан гөрі зия­ны ондаған есе көп және осы зауыт­тарға қаза­қстан­ды­қтар түгел­дей қар­сы. Бұл және шала шешіл­ген «жер сату» мәсе­лесі – әле­умет­тік нара­зы­лы­қтың ошағы.

Алма­ты мен Аста­на­да жастар­дың 40–45%, облы­стар­да 37–40%, елде 2,5 мил­ли­онға жуық адам жұмыс­сыз, жастар­дың 60 пай­ы­зын­да бас­па­на жоқ. Неси­ені жылы­на 22–30%-бен беретін банк­тер­дің сая­са­ты биз­не­сті құр­тып, қоғам­ды қай­ыр­шы­лан­ды­руға бағыт­талған. «Ком­му­нал­дық тариф­тер­ді бір­жақты әлем­дік нор­маға кел­тіріп, елге инве­сти­ция тар­та­мыз» деу – эко­но­ми­ка­лық тетік­тер­ді түсін­бей және әле­умет­тік жағ­дай­ды ескер­ме­ген шешім. Тариф­ті көте­ру үшін алды­мен мүге­дек­тер, тұр­мысы төмен­дер мен зей­нет­кер­лер, дәрі­гер, мұғалім­дер­дің… табыст­а­рын әлем­дік дең­гей­ге жет­кі­зу қажет. Елге тағы да қарыз алу емес, әртүр­лі офф­шор­лар­дағы елдің ұрланған ақша­ла­рын қай­та­рып, кор­руп­ци­я­ны тоқта­ту керек.

Жоға­ры­дағы­лар­ды ескеріп:

А). Жаңаө­зен, Ақтоғай, Мало­вод­ный және 2016 ж. Қазақ жерін қорға­уда жазы­қ­сыз сот­талған­дар жыл аяғы­на дей­ін түгел­дей бостан­ды­ққа шығып, аза­мат­тар­ды негіз­сіз қуда­лау тоқта­ты­лып, қуда­ла­ну­шы­лар жазалансын;

Ә). Шикі­зат өндіретін ком­па­ни­я­ларға салы­на­тын салы­қты халы­қа­ра­лық нор­ма­ларға кел­тіріп, үде­мелі салық (про­грес­сив­ный налог) енгізілсін;

Б). Пар­ла­мент­те қара­лып жатқан заң­дағы шикі­зат өндіретін ком­па­ни­я­ларға беретін жеңіл­дік­тер қысқартылсын;

В). Банк жүй­есін рефор­ма­лап, елде­гі шетел­дік банк­тер­дің үлесін 80%-дан арт­ты­рып (Син­га­пур тәжіри­бесі), пай­ыз­сыз және ұзақ мерзім­дік несие беретін Үкі­мет­тің бағ­дар­ла­ма­сы қабыл­дан­сын. Банк­тер­ге 2008 ж. беріл­ген $10,0 млрд – 2018 жылы, 2017 ж. беріл­ген $8,0 млрд – 2020 жылға дей­ін тиісті пай­ызы­мен бюд­жет­ке қайтарылсын;

Г). ҚР бірік­кен ком­па­ни­я­лар мен банк­тер­де­гі шетел­дік­тер­дің үлесін 2022 ж. дей­ін Оңт. Корея, Малай­зия сияқты 25%-дан асыр­мауға қол жеткізілсін;

Ғ). Жастар­ды жұмыс, жер, бас­пан­амен қам­та­ма­сыз ететін мем­ле­кет­тік бағ­дар­ла­ма қабыл­дан­сын. Шетел­дік және бірік­кен кәсі­по­рын­дар­да істей­тін ҚР аза­мат­та­ры­ның үлесін 2018 ж. бастап 90% жет­кізіп, табыст­а­ры шетел­дік­тер­мен теңестірілсін;

Д). Тариф­ті көте­ру елде­гі орта­ша табысты әлем­дік дең­гей­ге жет­кіз­ген соң шешілсін;

Ж). Эко­но­ми­ка­лық тиім­сіз және эко­ло­ги­я­лық зиян­ды Қытай­дың 51 кәсі­по­ры­нын салу және сол елден қарыз алу тоқтатылсын;

З). Әдем қаза­қта­ры­ның құры­л­тай­ын­да көтеріл­ген Қытай­дағы қаза­қтар­дың мүш­кіл жағ­дай­ы­на бай­ла­ны­сты Үкі­мет, СІМ мәлім­де­ме жасасын;

И). Мем­ле­кет қар­жы­сы­ның есебі­нен жаса­лып, елді дағ­да­ры­сқа әке­летін спорт­тық, діна­ра­лық, сая­си, т.б. елге тиім­сіз және ел бір­лі­гіне нұсқан кел­тіретін ЭКСПО (жабы­луы­на аста­на­лы­қтар­ды қала­дан қуып жатыр), ресми тір­кел­ген үш мың­нан астам сек­та­лар, АЭФ, т.б. шара­лар шек­тел­сін, не жеке қар­жы­ға өткізіл­сін. Ол шара­лар Қаза­қстан­ды «әлем­де­гі 5 дик­та­тор­лық режим­нің бірі», не «Борат елі» деген айдар­дан құтқарған жоқ.

Қатар­дағы шене­унік­тер­ден бастап Пре­зи­дент­ке дей­ін­гі бар­лық билік­тің мін­деті – халы­ққа қыз­мет ету, оның тұр­мысын жақ­сар­тып, жастар­ды жұмыс, бас­пан­амен қам­та­ма­сыз ету, Ұлт­тық эко­но­ми­ка­ны дамы­ту. Үкі­мет пен Пар­ла­мент алды­мен жоға­ры­дағы мәсе­ле­лер­ді заң­да­сты­рып, іске асы­ру­ла­ры керек!

Сон­ды­қтан жоға­ры­дағы шара­лар­ды уақы­ты­лы шешпей­тін орган­дарға сенім­сіздік таны­тып, қажет бол­са, Кон­сти­ту­ци­яға сай бүкіл­ха­лы­қтық рефе­рен­дум­мен шешіледі. Ала­яқтар мен сатқын­дарға бұл елде орын жоқ.

Адам құқы­ғын қорғап, демо­кра­ти­я­лық ұста­ным­дарға негіз­дел­ген Тәу­ел­сіз елде бере­ке-бір­лік, бола­шақ болады.

 

Құр­мет­пен,

•    «Қаза­қстан Аль­ян­сы­ның» Ұйым­да­сты­ру алқа­сы аты­нан: ҒАББАСОВ Совет-Хан – меди­ци­на және педа­го­ги­ка ғылым­да­ры­ның док­то­ры, ҚР еңбек сіңір­ген қай­рат­кері; СӘБДЕН Ора­за­лы – Қаза­қстан ғылым­дар қауым­да­сты­ғы­ның төраға­сы, ҚР Мем­ле­кет­тік сый­лы­ғы­ның лау­ре­а­ты; МЫРЗАХМЕТОВ Мекем­тас – ҚР ҰҒА ака­де­ми­гі, фило­ло­гия ғылым­да­ры­ның док­то­ры, ҚР Мем­ле­кет­тік сый­лы­ғы­ның лау­ре­а­ты; ӘУЕЗОВ Мұрат – М.О.Әуезов атын­дағы қор­дың төраға­сы, ғалым; ЕЛЕУСІЗОВ Мэлс – Қаза­қстан­ның Эко­ло­ги­я­лық одағы мен кәсі­по­рын­да­ры «Табиғат» қауым­да­сты­ғы­ның пре­зи­ден­ті; ТҰЯҚБАЙ Жар­ма­хан – ЖСДП төраға­сы; БАТТАЛОВА Зәу­реш – «Қаза­қстан­да пар­ла­мен­та­ризмді дамы­ту» Қоғам­дық қоры­ның пре­зи­ден­ті; ТОҚАШБАЕВ Марат – «Пре­зи­дент және халық» газетінің бас редак­то­ры, про­фес­сор; ЖӘКЕЕВ Ғаби­ден – Ғ.Мүсірепов атын­дағы қор­дың төрағасы;

 

Қаза­қстан ғалым­да­ры, ақын-жазу­шы­ла­ры, мем­ле­кет және қоғам қай­рат­кер­лері атынан:

•    НҰРПЕЙІСОВ Әбді­жә­міл – жазу­шы, ҚСРО Мем­ле­кет­тік сый­лы­ғы­ның лау­ре­а­ты; ШАХАНОВ Мұх­тар – «Түрік әле­мінің» үздік ақы­ны; ҚАЙДАРОВ Әбуға­ли – фило­ло­гия ғылым­да­ры­ның док­то­ры, про­фес­сор, ҚР ҰҒА ака­де­ми­гі; АЙТБАЕВ Өмір­зақ – фило­ло­гия ғылым­да­ры­ның док­то­ры, про­фес­сор, ҚР ҰҒА ака­де­ми­гі, Халы­қа­ра­лық «Қазақ тілі» қоға­мы­ның төраға­сы; ӨТЕЛБАЕВ Мұх­тар­бай – физи­ка-мате­ма­ти­ка ғылым­да­ры­ның док­то­ры, про­фес­сор, ҚҰА ака­де­ми­гі, ҚР Мем­ле­кет­тік сый­лы­ғы­ның лау­ре­а­ты; ЕЛЕМЕСОВ Көп­мағам­бет – ауыл шару­а­шы­лы­ғы ғылым­да­ры­ның док­то­ры, про­фес­сор; ҚАБЫШҰЛЫ Ғаб­бас – жазу­шы, Халы­қа­ра­лық «Алаш» әде­би сый­лы­ғы­ның лау­ре­а­ты, Қаза­қстан­ның құр­мет­ті жур­на­лисі; НҮСІПЖАНОВ Нұрға­ли – ҚР Халық әртісі; ТҰРСЫНБАЕВ Бал­таш – мем­ле­кет және қоғам қай­рат­кері; РАҚЫШЕВ Баян – ҚР Ғалым­дар одағы­ның вице-пре­зи­ден­ті, ҚР ҰҒА ака­де­ми­гі; ЖҰМАДІЛОВ Қаб­деш – Қаза­қстан Халық жазу­шы­сы, ҚР Мем­ле­кет­тік сый­лы­ғы­ның лау­ре­а­ты; ИСАБЕКОВ Дулат – жазу­шы-дра­ма­тург, ҚР Мем­ле­кет­тік сый­лы­ғы­ның лау­ре­а­ты; СМАТАЕВ Софы – жазу­шы, Халы­қа­ра­лық «Алаш» әде­би сый­лы­ғы­ның лау­ре­а­ты; МЕДЕТБЕК Темір­хан – ақын, ҚР Мем­ле­кет­тік сый­лы­ғы­ның лау­ре­а­ты; ЕСДАУЛЕТ Ұлы­қ­бек – ақын, ҚР Мем­ле­кет­тік сый­лы­ғы­ның лау­ре­а­ты, «Жұл­дыз» жор­на­лы­ның бас редак­то­ры; БАЙПАҚОВ Карл – ҚР ҰҒА ака­де­ми­гі, тарих ғылым­да­ры­ның док­то­ры; АРАЛБАЙ Нұғ­ман – био­ло­гия ғылым­да­ры­ның док­то­ры, про­фес­сор; ҚОЖАХМЕТ Хасен – қоғам қай­рат­кері, ком­по­зи­тор; КАПЕКОВА Гүл­нар – тарих ғылым­да­ры­ның док­то­ры, про­фес­сор; НЕСИПБАЕВА Калия – тарих ғылым­да­ры­ның док­то­ры, про­фес­сор және басқалар.

 

Пошта адресі: 050052, Алма­ты, До вос­тре­бо­ва­ния-52. Куша­ев А., Элек­трон­дық адрес: [email protected].

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн