Пятница , 4 июля 2025

ЛАТЫН ӘЛІПБИІОТАРСЫЗДАНУ ТЕТІГІ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №33 (397) от 14 сен­тяб­ря 2017 г.

 

Желі­де­гі жазбалар

 


Енді­гі бел­гілі болған­дай, дүй­сен­бі күні ҚР пар­ла­мен­ті мәжілісін­де «Мем­ле­кет­тік тіл­дің латын гра­фи­ка­сын­дағы әлі­п­биінің біры­ңғай стан­дар­тын енгі­зу мәсе­ле­лері тура­лы» деген тақы­рып­та пар­ла­мент­тік тың­дау өткен еді. Тың­дау бары­сын­да «Руха­ни жаңғы­ру» бағ­дар­ла­ма­сы аясын­да ҚР пре­зи­ден­тінің жанын­дағы Қоғам­дық сана­ны жаңғыр­ту бағ­дар­ла­ма­сын іске асы­ру жөнін­де­гі ұлт­тық комис­сия жұмыс тобы­ның ұсы­ны­ста­ры талқыланды.

Пар­ла­мент­тік тың­да­уда ҚР пар­ла­мен­ті мәжілісінің төраға­сы Нұр­лан Нығ­ма­ту­лин латын әлі­п­биіне көшу тек қазақ тіліне қаты­сты екенін атап өтті. «Мем­ле­кет­тік тіл­ге қаты­сты рефор­ма мем­ле­кет­тің тіл сая­са­ты­на қаты­сты өзгерістер­ді қарас­тыр­май­ды. Бұл тура­лы елба­сы қысқа әрі нақты айтқан бола­тын. Әлі­п­биді өзгер­ту тек қазақ тіліне қаты­сты. Латын әлі­п­биіне көшуі тек қазақ әлі­п­биі мен орфо­гра­фия ере­же­сін рефор­ма­ла­у­ға бай­ла­ны­сты. Бұл тіл фоне­ти­ка­сы мен гра­фи­ка­сы ара­сын­да тиісті бай­ла­ны­сты орна­туға мүм­кін­дік береді. Осы­лай­ша, латын әлі­п­биін енгі­зу елдің ішкі мәсе­лесін шешу­ге, мем­ле­кет­тік тіл­ді дамы­туға бағыт­талған», – деп­ті төраға. Оның айтуын­ша, орыс тілін­де шыға­тын басы­лым­дар бұры­нғы­ша кирил­ли­ца­да шыға береді.

Ал осы тың­да­удан кей­ін әле­умет­тік желінің ауа­ны қан­дай? «Фейс­бук» желісі­нен алы­нған төмен­де­гі топ­та­маға назар аударыңыз.

 

Марат ТОҚАШБАЕВ:

– Қан­дай қиын­дық, қан­дай мәсе­ле туын­да­са да, латын әлі­п­биіне көшу тез­детілуі тиіс. Кіріл әлфа­ви­ті – Ресей Феде­ра­ци­я­сы­ның мем­ле­кет­тік әлфа­ви­ті. Кіріл әлфа­ви­ті – Қаза­қстан үшін орыс диас­по­рас­ы­ның жазу-сызуы. Диас­по­ра­ның әлфа­ви­ті – Қазақ мем­ле­кет­тілі­гінің әлфа­ви­ті бола алмай­ды. Бұл іс жүзін­де елді деко­ло­ни­за­ци­я­ла­удың басты теті­гі. Сон­ды­қтан латы­нға өтуді қолдаймыз.

Алай­да қаза­қи латын әліп­пе­сі елді шата­сты­ра­тын­дай емес, қоным­ды, үйлесім­ді, қаза­қтың үндестік заң­да­ры­на икем­ді фор­мат­та жаса­луы тиім­ді! Латын әлі­п­биін орны­қты­руға бай­ла­ны­сты таяу ара­да ғалым­дар­дың, қоғам өкіл­дерінің қаты­суы­мен дөң­ге­лек үстел­дер өткізілуі қажет.

 

Дәу­рен ҚУАТ:

– «Латын әрпіне неге қазақ тіл­ді орта ғана көшуі керек?» – деп мәсе­ле көтеріп оты­рған қауы­мға қара­та мына­ны айтқым келеді:

Шулап-шұрқы­рап, көде­дей көп сияқты көрініп жүр­гені­мен, оры­стіл­ді жұрт­тың қара­сы қазір азай­ып бара­ды. Енде­ше оларға қарай­лап оты­ру­дың қажеті қан­ша? Біз­бен бір­ге латы­нға көш­сін, қала­ма­са, сары жұр­тын­да сарғай­ып оты­ра бер­сін. Содан кей­ін, латын гра­фик­сы – әлем­дік бренд, оған біз ғана емес, бағ­зы­дан төл жазуы болған қытай, жапон сияқты елдер де қол созып отыр. Бұған қосып айта­рым: латын – өлі тіл. Оның артын­да қаза­қтың ділін, тілін, дінін «шауып ала­тын­дай» ештеңе жоқ. Латы­нға өту арқы­лы қазақ тілі, қазақ жазуы сән­ге айна­ла­тын бола­ды. Мен сәу­е­гей, иә бол­ма­са көріп­кел емес­пін. Бірақ жаңаға ұмты­лу, жаңа­лы­қтың басы­нан табы­лу ұлт­ты да жаңа­шыл етіп көр­се­те­ді. Ал ескіні еске­ре оты­рып, жаңа­шыл болу­дың несі жаман?

 

Рыс­бек МӘУІТ:

– Латы­нға тезірек көшу керек. Ұсы­ны­лған нұсқа әлі талқы­ла­нар, түзетілер, бірақ бір қауіп болып тұр. Орыс сынып­та­ры­на бара­тын бала­лар­дың саны қауырт артып кететін сияқты. Латын әлі­п­биі­нен қоры­ққан кей­біре­улер бала­ла­рын орыс сынып­та­ры­на бере бастап­ты. Қазақ-орыс бірік­кен мек­теп­тер­дің дирек­тор­ла­ры «биы­лғы бірін­ші сыны­пқа кел­ген оқу­шы­лар­да орыс сынып­та­ры көп бол­ды» деп даб­ыл қағып отыр.

 

Асыл­хан МАМАШҰЛЫ:

– «Латын әлі­п­биіне қазақ тілі ғана көшеді, орыс тілі кирилл әлі­п­биін­де қала береді» деген пре­зи­дент­тің сөзін жақ­сы­лы­ққа балаған едім. Өзге бір елдің мем­ле­кет­тік тілінің әлі­п­биін біз не үшін ауы­сты­руы­мыз керек деп, үкі­мет­тің орыс тілі­нен бас тар­туға жасаған алға­шқы қада­мы деп ойлағанмын.

Шынын­да, Қазақ елі латын әлі­п­биіне тек қазақ тілін ғана ауы­сты­ра ала­ды. Бұл дегеніңіз қазақ елін бір­тұ­тас қазақ тіліне көші­ру деген сөз еді. Біз ағы­л­шын, қытай, түрік тіл­дерінің әлі­п­биін өзгер­те алмай­мыз ғой. Сол сияқты Ресей­дің де мем­ле­кет­тік тілі – орыс тілінің де әлі­п­биін өзгер­те алмай­мыз. Өзгер­те ме, өзгерт­пей ме – оры­стар өздері біледі. Сон­ды­қтан қазақ тілін латын әлі­п­биіне көшіре­міз деген соң, көшірудің қамын ойлау керек. Нығ­ма­ту­лин сияқты орыс тіл­ділер­дің «бола­шағы­на алаң­дап», жал­тақтай берудің қажеті жоқ. Бұлар жал­тақтай бер­се, Қазақ елінің заңын да солар­дың мүд­десіне қарай өзгер­те салуы да мүмкін.

 

Нұр­бақыт ЖОРТАБАЕВ:

– Қазақ тілі басқа да түр­кі тіл­дері секіл­ді жалға­ма­лы (агглю­ти­на­тив­ті) тіл­дер қата­ры­на жата­ды. Бір дыбысты екі әріп­пен (диграф­тар­мен) бел­гілеу – сөз­дер­дің бір­не­ше есе ұза­руы­на әке­леді. Мыса­лы, «шөң­ге» сөзін алай­ық: shoengge. Оған жалғау жалғай­ық: shoenggelerding не sho’nggelerding. Осы дұрыс па? Бұл евро­па­лық тіл­дер­де дұрыс шығар, бірақ түр­кі тіл­дерін­де бол­май­ды ғой!

Қазақ тіліне керек дыбыст­ар­дың бар­лы­ғы­на әзір­бай­жан, түрік тіл­дерін­де таң­ба­лар беріліп қой­ған. Ешқан­дай жаңа нәр­се ойлап табу­дың қажеті жоқ. Біре­урер 26 әріп­ке сый­ды­ру үшін «Ғ» дыбысын «Q» деп бел­гілей­тін нұсқа­лар шыға­рып жатыр. Бұлай дұрыс емес. Бұл әлем­дік мәде­ни­ет­пен итне­гра­ци­яға емес, керісін­ше, оқша­у­ла­нуға алып келеді. Оған қоса, түр­кі тіл­дері бір-біріне жақын тіл­дер. Ол тіл­дер­де сөй­ле­ушілер бір-бірін дұрыс түсі­ну үшін, сөз­дер­дің жазы­луы мей­лін­ше ұқсас болуы керек емес пе?

 

Жары­лқап ҚАЛЫБАЙ:

– Аса құр­мет­ті Сей­даx­мет Құт­ты­қа­дам аға! Қазір ғылым мен жаңа теx­но­ло­ги­я­ның қары­штап дамы­ған зама­ны, минут сай­ын оры­ста­нып бара жатқан қазақ xалқы сіз ойлаған­дай қашан орыс тілін қой­ып, жап­пай ағы­л­шын­ша сөй­ле­генін күтіп отыр­сақ, тариxта қазақ тілі мен салт-сана­сын сақтап қалған қазақ Жер бетін­де қал­май­ды. Егер қал­са да, сол кез­де­гі билік­тің сая­са­ты­на ықпал ететін қаза­қы топ та қал­мауы мүмкін.

Мен сізді ғалым-жур­на­лист, еліне жаны аши­тын ұлт зия­лы­сы ретін­де өте қат­ты сый­лай­тын әріп­тес інілеріңіздің бірі­мін. Бірақ сіздің және сіз сияқты совет үкі­метінің оры­стық-интер­нио­ци­о­на­ли­стік идео­ло­ги­я­сы сүй­е­гіне дей­ін сіңіп кет­кен Олжас Сүлей­ме­но­вті ұстаз тұтқан, өкініш­ке орай, көп­те­ген зия­лы қауым ара­сын­да жүр­ген «адасқан ұрпақ өкіл­дері» аңсай­тын «совет үкі­метінің жұмақ зама­нын» қол­да­май­мын да және бөлі­се де алмай­мын. Менің­ше, ҚР үкі­метінің дәл осы латын қар­піне көшу тура­лы сая­са­тын қол­дау керек. Себебі Ресей импе­ри­я­сы­ның ықпа­лы­нан құты­лу­дың бұл алға­шқы бір бас­пал­дағы. Ал арғы жағын жаңа ұрпақ шешеді.

Сей­даға, айна­лай­ын көкем менің, осы күн­ге дей­ін қазақ елі үшін ақыл-ойы, білі­мі арқы­лы күресіп келе жатқан, аса білім­ді ғалым әрі сая­сатқа да ара­ласқан еркін аза­мат­тың бірісіз, сол себеп­ті де Асқар Құмы­ран мыр­за­ның дәй­ек­ті жау­а­бы­на бай­ла­ны­сты өзіңіздің жаңа ой-пікіріңізді тара­зы басы­на салып барып, жау­ап беріңіз!

Топ­та­ма­ны дайындаған –

Бақыт­гүл МӘКІМБАЙ,

«

 


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн