Пятница , 4 июля 2025

ТАРИФТЕР ӨСЕТІН БОЛСА, азық-түлік қалай қымбаттамайды?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №33 (397) от 14 сен­тяб­ря 2017 г.

 

Жоралғы шолу


 

 

Елді біраз шығы­нға баты­рып кет­кен ЭКСПО-2017 көр­месі­нен кей­ін тең­ге күрт құл­ды­рап, бен­зин­нің баға­сы өсті. «Ком­му­нал­дық тариф­тер­ді батыл көте­ру» қажет­ті­гі жөнін­де­гі нұсқау ел пре­зи­ден­ті Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың аузы­нан шықты.

 

Осы апта­ның басы­нан тең­ге тағы да тең­се­ле баста­ды. Бірақ билік­те­гілер бұл жағ­дай­ды елде­гі эко­но­ми­ка­лық дағ­да­ры­спен емес, жеке­ле­ген өтпе­лі «оқиға­лар­мен» сылап-сипағы­сы келеді. Мәсе­лен, ҚР Ұлт­тық бан­кісінің төраға­сы Дани­яр Ақы­шев қар­жы нары­ғын­дағы тең­селіс­ке сарап­шы­лар кінәлі деген дал­ба­са дәлел айтады.

«ЭКСПО халы­қа­ра­лық көр­месі аяқталған­нан кей­ін неме­се Ресей­ге салы­нған баты­стық санк­ци­я­лар­дан соң, тең­ге деваль­ва­ци­яға ұшы­ра­ды деген болжам­дар көбей­іп кет­ті. Нары­қтағы тұрақ­сызды­ққа құмар адам­дар осын­дай өсек туды­рып отыр», – дей­ді бас бан­кир. Егер Ақы­шев­тың жора­ма­лы дәл солай бол­са, қаңқу сөз­ге қаңға­лақтап қала­тын тең­генің жағ­дайы шыны­мен-ақ мүш­кіл болғаны.

Ал ҚР Ұлт­тық эко­но­ми­ка мини­стрі Тимур Сүлей­ме­но­втің осы­дан бірер апта бұрын айтқан сөзін­ше, ұлт­тық валю­та «еркін жүзу­де» жетер жеріне жет­кен екен. «Сон­ды­қтан енді­гі жер­де тең­ге тұн­шы­қ­са да, терең­ге батып кет­пей­ді» деген еді министр. Бірақ апта басын­дағы қар­жы-валю­та­лық жағ­дай­ды рет­теу үшін, Ұлт­тық банк тең­гені «терең­ге тұн­шы­ғу­дан» құтқа­ру үшін, қор нары­ғы­нан 100 мил­ли­он дол­лар сатып алуға мәж­бүр болға­ны мини­стр­дің мығым сөзін жоққа шығарға­ны анық.

Сарап­шы­лар­дың пікіріне қараған­да, үкі­мет пен қор нары­ғы ара­сын­дағы бұл сауда-сат­тық бұдан былай да жалға­са беретін сияқты. Себебі, бірін­ші­ден, мұнай­дың әлем­дік нары­қтағы құны тағы да құл­ды­рай баста­ды. Екін­ші­ден, үкі­мет үш жыл­дың бюд­жетін мұнай­дың орта баға­сы 340 тең­ге көле­мін­де бола­ды деп бекітіп таста­ды. Ал күні кеше ғана нары­қтағы дол­лар баға­мы 340 тең­ге­ден асып жығыл­ды. Яғни, үкі­мет осы баға­ны ұстап тұру үшін «дол­лар сатып алу дәстүрін» жалға­сты­ра береді деген сөз.

Нары­қтағы құбы­лы­стар­ды бақы­лап оты­рған сарап­шы­лар­дың пікіріне қараған­да, Қаза­қстан­ның төлем балан­сы­ның тап­шы­лы­ғы ұлт­тық валю­та баға­мын қыса түседі.

«Біздің баға­ла­у­ы­мыз бой­ын­ша, валю­та­лық жұп доллар/теңге күз мез­гілін­де 325–355 ара­лы­ғын­да бола­ды. Оның бір­не­ше себебі бар – деп есеп­тей­ді Forex Club ком­па­ния тобы­ның сарап­та­ма бөлі­мінің жетек­шісі Нико­лай Ивчен­ко. – Бірін­ші­ден, Қаза­қстан төлем балан­сы­ның тап­шы­лы­ғы ұлт­тық валю­та баға­мы­на қысым жасай­ды. Бұл капи­тал­дың «тіке­лей инве­сти­ци­я­лар­дың кірістері» бабы мен «порт­фель­дік инве­сти­ци­я­лар» бап­та­ры бой­ын­ша шетел­ге ағы­луы­мен бай­ла­ны­сты жағдай».

Осын­дай сарап­шы­лық болжам­дар­ды «жоққа шыға­ру» үшін билік­те­гілер ел-жұрт­ты алдарқа­ту­дың нешетүр­лі ама­лын іздеп, әлек болу­да. Мәсе­лен, Эко­но­ми­ка мини­стр­лі­гі бен­зин­нің қым­бат­та­уы­на Аты­рау мұнай өңдеу зауы­тын­да жүр­гізіліп жатқан жөн­деу жұмыста­ры себеп бол­ды деген уәж айта­ды. Тұтас бір елдің бен­зин нары­ғы Аты­ра­уға «бай­ла­нып» қалған жағ­дай­да, Пав­ло­дар зауы­тын­да аяқ асты­нан апат бол­са, тіп­тен қараң қалар түрі­міз бар.

Сол сияқты Ұлт­тық эко­но­ми­ка мини­стрі Тимур Сүлей­ме­нов ЭКСПО көр­месі­нен кей­ін, азық-түлік баға­ла­ры қым­бат­тай­ды деген сарап­шы­лар пікіріне өзбек ағай­ын­дар­дың «шама-шама – екі қос уыс – бір кило» деген сыңай­мен жау­ап бер­ді. Оның айтуын­ша, «алдағы айда азық-түлік, керісін­ше, арзан­да­уы тиіс».

Баға қалай, қан­дай эко­но­ми­ка­лық тетік­тер­дің көме­гі­мен арзан­да­уы тиіс? Министр бұл жөнін­де ешқан­дай уәж айта алмай­ды. Ал пре­зи­дент Назар­ба­ев айтқан­дай және моно­по­лист ком­па­ни­я­лар асы­ға күтіп оты­рған­дай, бер­ген нұсқау бой­ын­ша, «ком­му­нал­дық тариф­тер­ді батыл көте­ру» науқа­ны баста­лар бол­са, азық-түлік баға­сы қалай арзан­да­уы мүм­кін? Электр қуа­ты, су мен жылу­дың құны арта­тын бол­са, нан­ның баға­сы күрт өсетінін бақан­дай бір мини­стр­дің біл­ме­уі – эко­но­ми­ка­лық мәң­гүрт­тік­тің бел­гісі екені анық.

 

Сырым ДАТОВ,

«

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн