Пятница , 4 июля 2025

АЙНАЛАЙЫН, ҚҰДАЙ-АУ, Сабыр ағадай енді ер туа ма?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №33 (397) от 14 сен­тяб­ря 2017 г.

 

Ойдан-қыр­дан

Рек­ви­ем


 

Айтып-айт­пай не керек, бұл жалған­нан өмір­лік қуа­ты, өнер үшін жүрек қаны сарп етіл­ген, қазақ көр­ке­мө­нерін жаңа арнаға бұруға құдіреті жет­кен, абыз сурет­ші Сабыр Мәм­бе­ев­тің кет­кеніне де қырық күн тол­ды ғой.

 

Сабыр рефор­матр-сурет­ші, ұлы коло­рист еді. Жаңа­шыл­ды­ғы­мен қазақ көр­ке­мө­нерінің тұнық бастау бұлағын­дай шығар­ма­ла­ры­мен, көк­тем лебін әкел­ген алып­тар­дың біре­гейі бол­ды. Дала­ның бай­тақ құшағы­на ғашық, тұтас қазақ көр­ке­мө­нерінің бағы­ты­на сіл­кініс бер­ген сыр­шыл сурет­кер еді.

Ол Сурет­шілер одағы­ның бас­шы­сы ретін­де шығар­ма­шы­лы­ғын қой­ып, қазақ руха­ни­я­ты­на да аямай еңбек етті. Жаңа­шыл жастар­ды қат­ты қол­да­ды. Өткен ғасыр­дың 60-жыл­да­ры кел­ген жұл­ды­зды талант­ты тұтас бір буын­ды, соц­ре­а­лизм сын­шы­ла­ры­ның тұм­сы­қты­сы­на шоқыт­пай, қанат­ты­сы­на қақтыр­май қорға­ды. Өзінің шешен­ді­гі­мен, өнер­та­ну­шы ретін­де үкі­мет бас­шы­ла­ры­на түсін­ді­ре біл­ді. Ол кезең кеңе­стік соц­ре­а­лизм әдісінің ескі шең­бері­нен шығып, жаңа арнаға түс­кен бүкіл қазақ бей­не­леу өнері ерекше шары­қта­ды. Сабыр дәуірінің сурет­кер­лік инто­на­ци­я­сы, тыныс-дірілі, аза­мат­тық жел­пінісі, шалқы­ған боя­у­лар шат­ты­ғы жастар­дың ізденістерін­де жаңа тыныс ашты.

Өнер жолы­нан басқаға өз рақы­мын тигізіп оты­ру – Сабар аға­ның көп мұрат­та­ры­ның бір бол­ды. Қан­ша­ма cурет­ші­ге пәтер алып бер­ді. Үйсіз жүр­ген сурет­ші­ге өз саябағын да сый­лаған. Бүкіл сурет­шілер­ді шебер­хан­амен, атақтар­мен қам­там­сыз етті. «Сабыр, өзің де бір­деңе алсаң­шы», – деп Д.Қонаев аға­мыз да талай айтқан. Бірақ бәрібір ескі үйін­де қалды…

Сабыр аға­ның заман­даста­ры не деген құдірет­ті келісті адам­дар еді. Рухы биік, жан­да­ры үлкен бол­ды. Заман өзгеріп, адам­дар ұсақтал­ды. 27 жыл Сурет­шілер одағын басқарған Сабыр аға­ның өзін де шет­тетіп, алтын орда­лы Сурет­шілер одағы­ның кере­гесін бөл­шек­теп сат­ты-ау! Ел жаңа­рып, түле­удің орны­на Сурет­шілер одағы қир­а­удың алды­на аз қал­ды. Бас ғима­рат, гале­ре­я­дан бастап, тіп­ті кіта­п­ха­на­сы­на дей­ін… есті­ген­де көкіре­гің қарс айы­ры­ла­ды. Бірақ қара шаңы­рақ қалды.

Сабыр аға тек­ті еді ғой. Бір жыл­дай сурет­шілер­мен сөй­ле­с­пей жүр­ген кез­дері де болып­ты. Жабайы қоғам­мен рия­сыз жара­са алмаған алып жүре­гін емде­гені шығар, мүмкін…

Бір сөй­лес­кен адам оны ұмы­туы мүм­кін емес. Сөздің басын «айна­лай­ын» деп бастай­тын ала­бө­тен шешен, терең адам еді. Қалай­да ерек қаси­еті­мен кісіні бау­рап әке­тетін. Аңда-сан­да Одақ үйіне соғып кет­кен­де, тек өнер тура­лы ғана әңгі­ме айта­тын. Өнер тура­лы білім­нің кені тәрізді аяу­лы аға­мен аз әңгі­ме терең сана­да қалатын.

«Сен тура­лы естіп жүр­мін. Сен рух­ты сезіне біл. Рух­ты ізде. Шетел­ге бар­саң, Фло­рен­ци­я­ны, Рим­ді көр. Басқа­ла­ры жол­да қала­ды. Ол жер­де өнер рухы бар» деп еді. Не деген әсер­лі сөз. Қазір ойла­сам, ондай ақыл естудің өзі де сағы­ны­шты екен. Бірақ күні кешегіндей…

Ұлы тұлға­лар­дың қыры да көп, сыры терең. Бұл күн­де сурет­шілер ара­сын­да Сабыр ағаға тең келетін тұлға жоқ. Өнер­ге қыз­мет етудің жарқын көрінісі болған ғұмы­ры­ның өзі әркім­ге мей­ір шаша­ды. Ел руха­ни­я­ты­на жан тәні­мен беріл­ген аза­мат сурет­шінің халқым деп соққан еңбе­гі де, ұлы рухы да мәңгі!

Жанар­бек БЕРІСТЕН,

про­фес­сор,

Қаза­қстан Сурет­шілер одағы­ның жау­ап­ты хатшысы

 

 


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн