Пятница , 4 июля 2025

ЖАРТЫ ЖЕҢІС

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №34 (398) от 21 сен­тяб­ря 2017 г.

 

Латын лаң болмасын!

Пікір


 

Мәжілістің қыр­күй­ек­тің 11‑і күн­гі оты­ры­сын­да оның төраға­сы Нұр­лан Нығ­ма­ту­лин: «Біздің ұлт­тық сана-сезім, руха­ни даму, өркен­деу жолы­мыз – осы­ның бар­лы­ғы қазақ тілінің жаңа әлі­п­биін жаса­удан баста­ла­ды. Себебі, елба­сы­мыз Нұр­сұл­тан Әбі­шұ­лы Назар­ба­ев айтқан­дай, қазақ тілі – ол біздің руха­ни негізі­міз. Осы жол­да тіл­дің халы­қа­ра­лық мәр­те­бесін көте­ру – біздің әлем­дік өрке­ни­ет­ке жетуі­міздің басты кепілі. Соны­мен бір­ге жаңа әлі­п­би – бүкіл әлем қаза­қта­рын бірік­тіретін өте маңы­зды фак­тор», – деді.

 

Әрине, мәсе­ле латын әрпіне көшу тура­лы болып оты­рған­ды­қтан, төраға­ның бұл сөзін толы­қтай қол­дай­мыз. Деген­мен, құр­мет­ті төраға­ның сөзі­нен кей­ін мына­дай бір қызық сұрақ көкей­ге ора­ла­ды: «Егер ұлт­тық сана­ның дамуы, руха­ни өркен­деу жолы жаңа әлі­п­би­ден бастау алар бол­са (ал оны біз енді ғана қабыл­даға­лы жатыр­мыз), онда тәу­ел­сізді­гі­міздің 25 жылын­да біздің ұлт­тық сана­мыз дамы­м­аған ба, руха­ни өркен­де­уден тыс қалған ба?» деген…

Жә, жарай­ды, мұны «сөз қақ­пақы­лы» десек те, «руха­ни рево­лю­ция» қата­рын­да тұра­тын осы тақы­лет­тес мәсе­лені көтер­ген­де, спи­кер баян­да­ма­сы бұдан гөрі сал­мақты­рақ болуы тиіс еді ғой? Бұны енді пар­ла­мент­тің сарап­тау орта­лы­ғы­ның «мәсе­лесі» деп, келесі сөзді тақы­ры­пқа қарай бұрайық.

Латын тура­лы айтқан­да, оның жан-жақты аспек­тілеріне тоқтал­май кете алмай­мыз. Латын әрпіне көшу тәу­ел­сіздік ныша­ны ретін­де қабыл­да­на­ты­ны рас. Мыса­лы, қазақ ұлт­шыл­да­ры тәу­ел­сіздік­тен кей­ін деко­ло­ни­за­ция сая­са­тын жүр­гі­зуді талап етті. Бірақ ол біз­де жүзе­ге аспа­ды. Біз басқа­ша, шар­тты түр­де алар бол­сақ, «Мои­сей жолы­мен» жүріп кет­тік. Биб­лия аңы­зы ол тура­лы былай дей­ді: Ара­б­тан бөлін­ген Мои­сей изра­ил халқы­на Құдай­дың наза­ры түс­кенін айта­ды. Бірақ халық оған сен­бей, оны таспен атқы­лап өлтір­мек бола­ды. Оған ашу­ланған Құдай асқа­зан ойық жара­сын жіберіп, бұл халы­қты қырып таста­мақ­шы бола­ды. Бірақ Мои­сей күн­діз-түні жал­ба­ры­нып, халқын ол қырғын­нан аман алып қала­ды. Есесіне жаза ретін­де Құдай изра­ил халқын қырық жыл шөл дала­да босуға мәж­бүр­лей­ді. Қырық жыл­да изра­ил­дер­дің қиы­нға төзім­ді жаңа ұрпағы өсіп (деко­ло­ни­за­ция – Ә.Б.), Мои­сей олар­ды Хана­ан жерін жау­лап алуға бастап келеді. Ақы­рын­да төзім­ділік­ке үйрен­ген жаңа ұрпақ жер­гілік­ті халы­қты жеңіп, жау­лаған жер­ге қазы­ғын қағып, кін­ді­гін бай­лаған екен…

Осы аңы­зда айты­лған­дай, біз деко­ло­ни­за­ция жүр­гіз­бедік, 25 жыл бойы

Ресей­дің «төл алфа­ви­ті» кирилл­ден ажы­ра­ма­дық, орыс тілі мем­ле­кет­тің басты қарым-қаты­нас тілі болып қала бер­ді, … кеңе­стік зұл­мат­ты айып­тап, ондағы жүр­гізіл­ген репрес­си­яға, қол­дан ұйым­да­сты­ры­лған ашар­шы­лы­ққа сая­си баға бер­медік… Соңын­да Ресей­мен қай­та одаққа бірі­гіп, көп­те­ген мем­ле­кет­тік даму және қауіп­сіздік бағы­тын­да, эко­но­ми­ка­лық тәу­ел­сіздік бағы­тын­да бір­ша­ма кіріп­тар­лық күй­ге қай­та түстік, не ондай қауіп қай­та­дан пай­да бола баста­ды. Яғни, біз «Мои­сей жолы­на» түс­сек те, толы­ғы­мен сана­сы жаңғы­рған ұрпақты тәр­би­е­ле­у­ге қол жет­кі­зе алмаған себеп­ті тәу­ел­сіздік тұғы­ры нық екеніне сенім­сіз күй­ден толық ары­ла алған емес­піз. Не себептен?

 

Ол үшін біз бел­гілі бір тари­хи кезең­де ұлт­ты – ұлт ететін, халы­қты тұта­сты­руға (не ыды­ра­туға) ықпал ету­ші күш мем­ле­кет­тік билік­тің сипа­тын аны­қтап алға­ны­мыз қажет. Осы мақ­сат­та наза­рға аме­ри­кан­дық эко­но­ми­стер Адже­мо­глу мен Робин­сон­ның «Поче­му одни стра­ны бога­тые, а дру­гие бед­ные» кіта­бын­да айты­ла­тын жаңа инсти­ту­ци­о­нал­дық тео­ри­я­сын қарайық.

Ғалым­дар эко­но­ми­ка­лық басқа­ру инсти­тут­та­рын экс­трак­тив­ті және инклю­зив­ті деп бөледі. Инклю­зив­ті инсти­тут­тар қоғам мүше­лерінің эко­но­ми­ка­лық қаты­на­старға қосы­луын, одан пай­да табуын қам­та­ма­сыз ете­ді. Бұған сая­си қол­дау көр­сетіліп оты­ра­ды. Жеке адам­дар­дың мем­ле­кет эко­но­ми­ка­сын өз пай­да­сы­на қол­да­нуы­на тосқа­уыл қой­ы­ла­ды. Қазір­гі дамы­ған елдер­дің либе­рал­ды-демо­кра­ти­я­лы эко­но­ми­ка­сы осы­ған негізделген.

Ал экс­трак­тив­ті қоғам­да жағ­дай түбе­гей­лі қара­ма-қар­сы. Онда мем­ле­кет эко­но­ми­ка­сы бел­гілі бір топ­тар­дың мүд­десі үшін қыз­мет ете­ді де, басқа топ­тар­дың одан пай­да көруіне тосқа­уыл қой­ы­ла­ды. Мем­ле­кет­те­гі бар­лық табысты сала осы шағын топ­тың (эли­та) пай­да­сы­на қыз­мет ете­ді. Сая­си тұрғы­да ондағы билік монар­хи­я­лық, авто­ри­тар­лы-дик­та­тор­лық, тота­ли­тар­лық деу­ге келеді.

Мәсе­лені осы бұры­шпен қара­сақ, біздің мем­ле­кет екін­ші, яғни экс­трак­тив­тік сипатқа жақын сыңай­лы: біз­де де оли­гар­хи­я­лық қар­жы­лық топ­тар­дың мем­ле­кет қаз­ба бай­лы­ғы­нан үлесі мол, біз­де де вер­ти­кал­ды билік­тің ықпа­лы орас­ан. Ал сөз жүзін­де нары­қтық, іс жүзін­де клан­дық-қар­жы­лық эко­но­ми­ка­да шешу­ші сала­лар­ды эли­та өз қолы­на берік алған…

Міне, осы жағ­дай­да ұлт­тың бола­шақ тағ­ды­ры­на жау­ап­кер­шілік аталған эли­та­ның қолы­на өтіп, ұлтқа қаты­сты мәсе­ле­лер қолға алы­на бастай­ды. Сөй­тіп, атқа­ры­ла­тын істер­дің бар­лы­ғы да билік пози­ци­я­сын және соны­мен бір­ге билік­тің өмір сүру аясы (объ­ек­тісі) мем­ле­кет пози­ци­я­сын нығай­туға жұмылдырылады.

Ал мұның бір маңы­зды фак­то­ры «қол­мен басқа­ра» оты­рып, халы­қты сана­лы түр­де руха­ни тәу­ел­сіздік­ке жете­леу болып табы­ла­ды. Сон­да ғана тәу­ел­сізді­гін ұққан халы­қ­пен бір­ге қазір­гі билік өз тұғы­ры­на сенім­ді бола ала­ды. Олай бол­ма­са, билік­ке сырт­тан және іштен төнетін қауіп арта түседі.

Міне, латын әлі­п­биін енгі­зу осы айты­лған ішкі фак­тор­лар­ды билік­ке қажет фор­матқа сәй­кестен­дірудің алдын алу ма деп ойлай­мын… Әрине, халы­ққа мұның бола­шақтағы пай­да­сы бар екенін мой­ын­дау керек. Бірақ оның туын­да­уы­ның мақ­сат­та­ры бөлек екенін айта кету керек сияқты: мұн­да билік өз тұғы­рын (авто­ри­тар­лы) одан әрі тия­нақты етуді көз­де­се (мықты халық – мықты мем­ле­кет – мықты билік), халық – тәу­ел­сіздік сана­сын нығай­та оты­рып, өзінің табиға­ты­на сай либе­рал­ды-демо­кра­ти­я­лық мем­ле­кет­ті құру­ды мақ­сат ете­ді (ауы­спа­лы билік, әділет­ті заң­дар, құқық теңді­гі және т.б.).

Бірақ қалай десек те, қазір­гі баста­пқы кезең­де­гі мақ­сат ортақ! Ол – екі жаққа да ортақ мәсе­ле тәу­ел­сіздік тұғы­рын нығай­ту. Халы­қтың бір­тұ­та­сты­ғы (бір­тек­тілі­гі) шашы­раңқы жағ­дай­да – мұның өзі, яғни латы­нға көшуді ресми түр­де бекітіп алу жар­ты жеңіс десек болады!

Әбдіра­шит БӘКІРҰЛЫ,

фило­соф

 

 

 

 

Мани­фест

 

ЛАТЫН ӘРПІ – ұлт­тық коды­мы­здың ДАМУ ЖОЛЫ


 

Біз жыл­дам да, өзгер­мелі, дина­ми­каға толы заман­да өмір сүру­де­міз: атқан әрбір таңы­мыз тосын жаңа­лық әкеліп, оны дереу шешудің тала­бын қоюда.

 

Әлем­де­гі болып жатқан өзгерістер легі шап­шаң. Біз жоға­ры тех­но­ло­гия мен ақпа­рат­тар әле­мін­де­міз, бұл жағ­дай біз­ден тез іс-қимыл­дар ғана емес, уақыт­тан оза іс-әре­кет жаса­уды талап етеді.

Сон­ды­қтан біз бүкіл аза­мат­тар­ды ұлт­тық коды­мы­зды сақтау және өзін­дік сана-сезі­мі­мізді дамы­ту сияқты бірі­нен-бірі ажы­ра­мас ұғым­ды бай­ла­ны­сты­ра оты­рып, алда­ры­на қой­ған мақ­сат пен мұрат көк­жи­ек­терін кеңей­ту­ге шақырамыз.

Бүгін­гі зама­ны­мы­здың басты тен­ден­ци­я­сы – инно­ва­ци­я­лар­ды есе­лене пай­да­ла­ну мен ноу-хау, дәстүр­лі емес энер­ги­я­ны пай­да­ла­ну, қоғам­дық даму мен әле­умет­тік модер­ни­за­ци­я­ла­удың басты өзе­гі болып табылады.

Біздің бала­ла­ры­мы­здың осын­дай жыл­дам да, өзгер­мелі уақыт­та өмір сүру­ге қабілет­ті болуы жет­кіліксіз, олар осы оқиға­лар мен үдерістер­дің қай­наған орта­сы мен топ басын­да болуы шарт.

Сон­ды­қтан да латын әрпін енгі­зу ұлты­мыз үшін маңы­зды, өте қажет­ті, уақыт тала­бы­на сай келетін жаңа атри­бут деп санаймыз.

Бүгін­гі елі­міз­ге ұлт­ты жұмыл­ды­ра ала­тын, зама­на­уи ағы­мға сәй­кес жаңа бағыт­тағы руха­ни ағым қажет. Бұл жер­де біз мәде­ни­ет пен өнер, әде­би­ет пен кино, музы­ка мен шынайы шығар­ма­шы­лық сала­сын бірін­ші кезек­ке қой­ып айтып отырмыз.

Латын қар­пін енгі­зудің ең басты мәй­е­гі мен өзе­гі, оның басты дра­ма­тур­ги­я­сы осын­да жатыр!

Жаһан­да­ну про­цесі өзінің жағым­ды жақта­ры­мен қатар, ұлт­тық мәде­ни­ет­ті кор­ро­зи­яға ұшы­ра­та оты­рып, руха­ни әле­мі­міз­ге өшпес сызат түсіретін­ді­гін көр­сетіп отыр! Осын­дай руха­ни ала­па­ты көп заман­да өмір сүріп қана қой­май, қары­шты даму үшін, әрдай­ым даму үстін­де болу шарт.

Біз әлем­дік мәде­ни кеңісті­гін­де руха­ни-мәде­ни «гет­тоға» айнал­мауы­мыз керек! Латын әрпін енгі­зудің мән-жайы осын­дай күре­стен туады!

Соны­мен бір­ге біз бұл про­це­сті кешен­ді ғылы­ми тара­зы­ға салып, халы­қ­пен кеңе­се оты­рып, жүй­елі түр­де өмір­ге енді­ру қажет деп есептейміз.

Латын әрпі – біздің дәстүр­лі мәде­ни­еті­мізді дамы­ту­дың, әлем­дік ғылы­ми айна­лы­мға ену жолын­дағы «руха­ни лиф­ті», ірге­та­сы болмақ.

Біз аза­мат­та­ры­мы­здың бола­шағын қол­дай­тын­ды­қтан, латын қар­пін қолдаймыз!

Бола­шағы­ңа ат салыс!

Әбдіға­ли Берік, Әуе­сбай Қанат, Бапи Ермұрат, Бай­тук Ғалым, Бай­ғұ­лов Төле­ген, Бекқо­жин Ислам­бек, Еле­укен Есен, Дом­бай Қуат, Қали­ев Талғат, Қоса­нов Әмір­жан, Киси­ков Бек­нұр, Мәм­бе­тов Серік, Лос­ку­то­ва Окса­на, Орын­бек Айгүл, Ошақ­ба­ев Рахим, Рожин Мак­сим, Тай­жан Мұх­тар, Толы­ба­ев Марат, Сарым Айдос, Сай­ы­ров Ерлан, Сәт­жан Дина­ра, Шөже­е­ва Азиза.

 

 

Бәре­кел­ді!

 

ЛАТЫН ӘРПІМЕН алға­шқы мақа­ла ЖАРИЯ БОЛДЫ

 


 

«Семей таңы» газетінің 19 қыр­күй­ек­те­гі санын­да латын әрі­мен жазы­лған алға­шқы мақа­ла жари­я­лан­ды. Авто­ры – «Семей таңы» газетінің бас редак­то­ры, көп­те­ген рес­пуб­ли­ка­лық сый­лы­қтар­дың лау­ре­а­ты, тарих ғылым­да­ры­ның кан­ди­да­ты Риза Молдашева.

 

Осы сүй­ін­ші хабар­ды «Фейс­бук» желісін­де жария еткен Серік Жеңі­сов: «Бүгін­гі «Семей таңы» газеті­нен бола­шақты көр­дім. Елі­міз­де бірін­ші болып Риза Асанқы­зы латын алфа­ви­тін­де мақа­ла­сын шығарды», –

деп жазған екен.

 

 


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн