Пятница , 4 июля 2025

ЕНДІГІ ҮМІТПРЕЗИДЕНТТЕ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №35 (399) от 28 сен­тяб­ря 2017 г.

 

Латын – лаң болмасын!

Хат

 


Жоға­ры мәр­те­белі Пре­зи­дент мыр­за! Мен кәсіп­тік-тех­ни­ка­лық білім беру сала­сын­дағы дуал­дық жүй­е­мен таны­су үшін Гер­ма­ни­яда оқып қай­тқан адам­мын. «Карл Дуйс­берг Гез­зель­шафт» қоға­мы­ның халы­қа­ра­лық сер­ти­фи­ка­ты­ның иегері­мін. Латын әлі­п­биінің негізін­де жасалған жаңа «Алтын көпір» қазақ әлі­п­биінің авторымын.

 

Сол Гер­ма­ни­я­ның үлкен ғылы­ми-мәде­ни орта­лы­қта­ры болып табы­ла­тын Кёльн және Ган­но­вер қала­ла­ры­ның аэро­порт­та­рын­да үлкен латын әріп­тері­мен «Türk haya іolları» деген жазу­ды көріп, мынау «Түрік ауа жол­да­ры» деген сөз ғой деп, іші­ме сон­дай ыстық көрі­нетін. Сон­да біздің ел осы латын қар­піне қашан көшер екен деп армандайтынмын.

Енді, міне, сол арма­ны­мыз жақын­даған­да, қаза­ғы­мыз бірі­мен-бірі айты­суға көшті. Латын қар­піне көшу жөнін­де­гі сіздің тари­хи шеші­міңізді қол­дай­тын­дар мен қол­да­май­тын­дар болып екі­ге бөлін­ді. Тіп­ті қол­дай­тын­дар­дың өзі үш топқа бөлініп, бір келісім­ге келетін түр­лері жоқ. Бірін­ші топ латын әлі­п­биінің ұлт­тық нұсқа­сын қол­да­са (неміс, түрік, әзір­бай­жан, т.б.), екін­ші топ бір дыбысты қосар­ланған әріп­пен бел­гілеу керек деген тұжы­ры­мға келіп­ті. Ол нұсқа пар­ла­мент­тің оты­ры­сын­да қаралға­ны мәлім. Мұн­да қазақ фоне­ти­ка­сы­ның төл дыбыст­а­ры және кей­бір дауыс­сыз дыбыст­ар бар. Мыса­лы: ә – ае, ө – ое, ү – ие, ғ – gh, ң – ng, ж – zh, ш – sh және ч – ch. Сон­да шәш деген сөз shaesh – алты әріп­пен жазы­ла­тын бола­ды, ал қаза­қтың қаси­ет­ті сөзі тәңір­шіл­дік (тен­гри­ан­ство) 11 әріп­тен 17 әріп­ке көбей­мек (taengiershieldiek).

Бұл ұсы­ны­лып оты­рған 8 диграф мен ұсы­нып оты­рған «Алтын көпір» әлі­п­биін­де­гі 24 әріп­тің тура 33 пай­ы­зы. Егер осы нұсқаға көш­сек, үш бет­тік мәтін­ді 4 бет етіп жазуға мәж­бүр бола­мыз. Бұл рес­пуб­ли­ка көле­мін­де зор шығын: қан­ша­ма артық қағаз, қым­бат кар­тридж боя­уы босқа кете­ді. Уақыт­тан да ұтыламыз.

Бәрі­нен бұрын 1‑сыныпқа барған 6–7 жастағы балақай­лар асха­на – ashana деген сөзді аша­на деп бүл­дір­мей ме? Мұн­дай мысал­дар жетіп арты­ла­ды, тіп­ті айтуға ыңғай­сыз сөз­дер де кездеседі.

Ал енді ортақ нұсқа – ол әлем­дік стан­дар­тқа сай «Qwerty» пер­не­тақ­та­сы­на негіз­деліп жасалған жаңа қазақ әлі­п­биінің 3‑нұсқасы.

Мұн­дағы негіз­гі қағидалар:

1) Әрбір дыбысқа жеке символ;

2) Кирил­ли­ца­дағы ъ (жуан­дық бел­гісі – твер­дый знак) и әрпі арқы­лы, ь (жіңіш­келік бел­гісі – мяг­кий знак) апо­строф арқы­лы, щ әрпі (ашшы, тұш­шы) деп жазылмақ;

3) Қосар­ланған дыбыст­ар­дан тұра­тын ё (ио), ю (иу), я (иа) әріп­терінің қажеті жоқ;

4) Ал кір­ме дыбыст­ар ф, ц, ч әріп­терін мынау тех­но­кра­ти­я­лық заман­да алып таста­уға бол­май­ды. Фото, фан­та­сти­ка, фир­ма, цех, цикл, цит­ра­мон, чат, чар­тер, чем­пи­он, т.б. сөз­дер­ді жазу қиы­нға соғады;

5) Ұлт­тың, мем­ле­кет­тің ата­уы қ әрпі­нен баста­ла­тын­ды­қтан, Q әрпі алынды.

Қазақ тілінің фоне­ти­ка­сын­дағы төл дыбыст­а­ры­мы­зды оқша­у­лай бер­мей (бұл егіз дыбыст­ар), бір сим­вол­мен ғана бел­гілеу керек (а‑ә, г‑ғ, и‑і, н‑ң, о‑ө, ұ‑ү, х‑һ). Тек бұл дыбыст­арға фран­цуз әлі­п­биін­де­гі жұм­сақтық бел­гісі апо­строф қой­са бол­ды. Мыса­лы: А – Ә (А’), Г – Ғ (G’), И – І (І’), н – ң (n’), О – Ө (О’), Ұ, Ү – (U’), һ (қаһар) – (һ’).

Бұл әлі­п­бидің нұсқа­сын­да латын­ның 24 сим­во­лы алы­нған, себебі екі сим­вол­дың Х пен W (дубль вэ) әріп­терінің қажеті жоқ, неге десеңіз, K, S әріп­тері жоға­ры­да бар (EXPOЭКСПО), W (дубль вэ) дегеніңіз запас­тағы В әрпі деген сөз, ондай әріп В – V тағы бар, сөй­тіп 24 әріп­пен шектелдім.

Егер бізді дүние жүзі таны­сын десек, сырт­тағы 5 мил­ли­он қаза­қтың басын қоса­мыз десек, егер біз келе­шек ұрпақтың бола­шағын ойлап, олар­дың дүни­е­жүзілік өрке­ни­ет­тің соңы­нан ілесіп кететін­дей жағ­дай жаса­уды қала­сақ, осы 3‑нұсқа тиім­ді болар еді.

Менің жасаған жаңа әлі­п­биім «Алтын көпір» ата­луы­ның терең сим­во­ли­ка­лық мағы­на­сы бар. Ол Ұлы Дала елінің, қаси­ет­ті Қаза­қста­ны­мыз бен әлем­дік өрке­ни­ет ара­сын­да алтын көпір бол­са деген үміт еді.

Жоға­ры мәр­те­белі Пре­зи­дент мырза!

Әлем пай­да­ла­ны­ла­тын «Qwerty» пер­не­тақ­та­сы­нан ауы­тқы­май­ық деген сіздің нақты шеші­міңіз бол­ма­са, әлі­п­бидің халы­ққа қоным­ды, бала­ларға үйре­ну­ге оңай, қызы­ғу­шы­лық туды­ра­тын­дай нұсқа­сы қабыл­да­на­ты­ны­на сенім аз. Бар үміт сізде!

Бей­біт ӘМІРБЕК

 

 

Диграф негізін­де­гі әліпбидің

ҚАЗАҚҚА ТОҒЫЗ ҚАУПІ?

 

Жуы­қта Ш. Шаях­ме­тов атын­дағы Тіл­дер­ді дамы­ту­дың үйле­сті­ру-әдісте­мелік орта­лы­ғы пар­ла­мент­те латын гра­фи­ка­сы­на негіз­дел­ген қазақ әлі­п­биінің жаңа нұсқа­сын ұсы­нға­ны бел­гілі. Латын гра­фи­ка­сы­ның 25 қар­пін пай­да­ла­на­тын бұл әлі­п­би­де қазақ тілінің өзіне тән төл дыбыст­ар диа­гра­ф­пен, яғни қосар­ланған қаріп­тер­мен таң­ба­ланған. Яғни, «ә» әрпін – «ae», «ө» әрпін – «oe», «ү» әрпін «ue» деп жазу көзделген.

 

Жал­пы, қазақ қоға­мы, соның ішін­де әле­умет­тік желілер­де­гі көзіқа­рақты халы­қтың басым көп­шілі­гі бұл жоба­ның оқуға да, жазуға да ыңғай­сызды­ғын айтып, қар­сы­лы­ғын біл­діріп жатыр. Диграф нұсқа­сы­мен жазу­ды қол­даған­дар өте аз. Бірақ мем­ле­кет­тік ақпа­рат құрал­да­рын­да дәл осы нұсқа­ны наси­хат­та­удың жиілеп кет­кенін ескер­сек, диграф негізін­де­гі әлі­п­биді енгізу­ге тал­пы­ныс бар екені байқалады.

Біздің ойы­мыз­ша, қосар­ланған қаріп­тер­ді енгі­зу қазақ тілінің, Қаза­қстан қоға­мы­ның бола­шағы үшін қауіп­ті. Оның мына­дай себеп­тері бар.

Бірін­ші­ден, бұл қазақ тіл­ді қоғам­ның жап­пай сау­ат­сызда­нуы­на алып келеді. Қара­пай­ым халы­қты, мек­теп мұғалім­дері мен білім сала­сы қыз­мет­кер­лерін былай қой­ған­да, күн­делік­ті қоғам­дық-сая­си мәсе­ле­лер­ді оқып, талқы­лап оты­ра­тын көзі қарақты қазақ тіл­ді орта­ның өзі үйрен­шік­ті сөз­дер­дің оқы­луын түсін­бей, оқы­са, жаза алмай, жаз­са, оқи алмай қина­лып жатыр. Оқып, жазу­ды үйреніп кету оңай дегені­мен, сөз­дер­ді қатесіз жазу, қосар­ланған әріп­ті бір дыбыс етіп айту, буы­нға бөліп, тасы­мал­да­уда үлкен мәсе­ле­лер туын­дай­ды. Бұл жазу мек­теп­тер­де енгізіл­ген­нен бастап, сау­ат­ты түр­де оқып, жаза ала­тын маман­дар тап­шы бола­ды. Диграф таң­ба үйрен­шік­ті бол­маған­ды­қтан, халы­қтың сау­ат ашу про­цесі өте баяу жүреді, әрі ел ішін­де сау­ат ашуға деген ынта төмен­деп, кітап оқуға, білім алуға деген құл­шы­ныс азаяды.

Екін­ші­ден, жаңа жазу емлесі толық қалып­тас­паған­ды­қтан, әрі мек­теп­тер­де сау­ат­ты мұғалім, жақ­сы оқулы­қтар жетіс­пей­тін­дік­тен, қазақ мек­теп­терін­де білім сапа­сы төмен­деп, оларға деген сенім аза­яды. Орыс тіл­ділер түгілі, қазақ тіл­ділер­дің өз ішін­де бала­ла­рын көз үйрен­ген кирил­ли­ца әліп­пе­сі­мен оқы­та­тын орыс мек­теп­теріне беру үрдісі қарқын ала­ды. Бұл қазақ тілінің іс жүзін­де мем­ле­кет­тік тіл мәр­те­бесін алуы­на үлкен кедер­гі жасайды.

Үшін­ші­ден, ақпа­рат қазақ және орыс тіл­дерін­де бала­ма негіз­де ұсы­ны­лған­да, орыс тіл­ділер­ді былай қой­ып, қазақ тіл­ділер­дің өздері оқуға жеңіл орыс мәтін­дерін таң­да­уға көшеді. Заң­дар­дың, келісім-шар­ттар­дың, ресми құжат­тар­дың қазақ тілін­де­гі нұсқа­сы­на деген қажет­тілік қазір­гі­ден де азаяды.

Ақпа­рат құрал­да­ры­ның ішін­де орыс тілін­де жаза­тын­да­ры­ның оқыр­ма­ны әлдеқай­да арта­ды. Бұл қазақ тіл­ді БАҚ-тар­дың ескі кирил­ли­ца­ны да қатар пай­да­ла­нуы­на алып келеді. «Тіл­ді бұрап оты­рған­ша, осы жақ­сы» деген қағи­да қалып­та­са­ды. Бұл халы­қтың сана­сын жаңа гра­фи­каға көшіруді кеше­уіл­де­те­ді. Меке­ме­лер, ақпа­рат құрал­да­ры ақпа­рат­ты таратқан­да, оны екі әлі­п­би нұсқа­сын­да да тара­туға мәж­бүр бола­ды. Бұл олар­дың шығын­да­рын екі есе арттырады.

Төр­тін­ші­ден, үкі­мет пен халы­қтың ара­сын­дағы ком­му­ни­ка­ция нашар­лай­ды. Латын қар­пі­мен шыға­тын мем­ле­кет­тік басы­лым­дарға деген қызы­ғу­шы­лық төмен­дей­ді. Кирил­ли­ца­мен жазы­лған қазақ мәтін­дері үкі­мет­ке деген нара­зы­лы­қтың құра­лы­на, сим­во­лы­на айналады.

Бесін­ші­ден, қаза­қ­ша ғылы­ми еңбек­тер жазуға, олар­ды оқуға құл­шы­ныс аза­яды. Қаза­қ­ша ғылы­ми тіл, тер­мин­дер толық қалып­та­сып біт­пе­гені бел­гілі. Онсыз да санаға сің­бе­ген тер­мин­дер­дің дигра­ф­пен жазы­луы мәтін­ді одан сай­ын қиын­да­тып, оқыр­ман­ды шата­сты­ра­ды. Бұл қазақ тілін­де­гі сапа­лы ғылы­ми еңбек­тер­дің санын төмен­детіп, оларға деген сұра­ны­сты азайтады.

Алтын­шы­дан, халы­қтың сау­ат­сызды­ғын пай­да­ла­нып, қыл­мыс жаса­у­шы­лар, елді алдап-арба­у­шы­лар көбей­еді. Латын қар­пі­мен жазы­лған түсініксіз келісім-шар­ттарға қол қоя­мын деп, адам­дар жиі алданады.

Жетін­ші­ден, қазақ тілін­де­гі жер-су, кісі атта­ры­ның халы­қа­ра­лық дең­гей­де дыбыст­а­луы өзге­реді. «Көк­ше­тау» – «Коек­ше­та­уға», «Әбді­жә­міл» – «Аеб­ді­жа­е­міл­ге», «Нұр әлем» – «Нұр аелем­ге» айна­ла­ды. Тек шетел­дік­тер ғана емес, Қаза­қстан­дағы қазақ тілін біл­мей­тін басқа халы­қтың өзі гео­гра­фи­я­лық ата­у­лар­ды оқы­луы бой­ын­ша атай бастай­ды. Бұл елде­гі ұлта­ра­лық қарым-қаты­на­сқа, қаза­қстан­ды­қтар­дың шетел­дік­тер­мен ком­му­ни­ка­ци­я­сы­на өте үлкен кедер­гі келтіреді.

Сегізін­ші­ден, орыс тіл­ділер­дің, шетел­дік­тер­дің қазақ тілін оқып, үйре­ну­ге деген жал­пы құл­шы­ны­сы төмен­дей­ді. Диграф негізін­де­гі әлі­п­би қазақ тілін, мәде­ни­етін, әде­би­етін зерт­теп жүр­ген шетел­де­гі ғылы­ми-зерт­теу инсти­тут­та­ры­ның жұмысын әлдеқай­да ауыр­ла­та­ды. Бұл қазақ мәде­ни­етін наси­хат­та­уға бір­ша­ма кедер­гі келтіреді.

Тоғы­зын­шы­дан, диграф негізін­де­гі әлі­п­би бізді түр­кі халы­қта­ры­на жақын­да­ту­дың орны­на бұры­нғы­дан да алшақта­тып жібе­реді. Латын қар­піне көш­кен көр­шілер­дің ешқай­сысы диграф­ты пай­да­лан­бай­тын­ды­қтан, олар­дың біздің мәтін­дер­ді түсі­нуі қиын­дай­ды, бұған дей­ін бір­дей не ұқсас дыбыст­а­лып кел­ген сөз­дер­дің дыбыст­а­луы өзге­реді. Олар біз­де­гі «үйді» «уей» деп, «көл­ді» «коел» деп оқи­ды. Бұл түр­кі халы­қта­ры­ның ара­сын­дағы инте­гра­ци­я­ны бая­у­ла­та­ды. Ұзақ мерзім­дік тұрғы­дан қараған­да бұл жал­пы қазақ тілі фоне­ти­ка­сы­ның өзгеріс­ке ұшы­ра­уы­на, төл дыбыст­ар­дың жой­ы­луы­на алып келеді.

Қазақ тілін латын қар­піне көші­ру – Қаза­қстан­ның руха­ни жаңғы­руы­ның маңы­зды бөлі­гі екені шүбәсіз. Бірақ біз түр­кі халы­қта­ры пай­да­ла­нып оты­рған, А.Байтұрсынұлы атын­дағы Тіл білі­мі инсти­ту­ты­ның ғалым­да­ры қол­даған диа­кри­ти­ка­лық негіз­де­гі әлі­п­бидің енгізілуін қол­дай­мыз. Бұл әлі­п­би жоға­ры­дағы про­бле­ма­лар­дың алдын алуға, қазақ тілінің латын қар­піне оңай өтуіне мүм­кін­дік береді.

Пре­зи­дент Н.Назарбаевтың өзі «Қаза­қстан­ның бола­шағы – қазақ тілін­де» деген бола­тын. Көп­шілік­тің қол­да­уы­на ие бола алмаған әлі­п­би нұсқа­сы қазақ тілінің жеңіл де зама­на­уи тіл болып қалып­та­суы­на кедер­гі кел­тіреді. Бұл – сай­лау, заң қабыл­дау сияқты бел­гілі бір сая­си науқан­ның аясын­дағы өткін­ші нәр­се емес, тіл­дің, ұлт­тың бола­шағын айқын­дай­тын тари­хи оқиға. Бұл – Қаза­қстан халқы­ның бір­лі­гі, тұта­сты­ғы, яғни ұлт­тық қауіп­сіздік мәсе­лесі, Сон­ды­қтан осы жау­ап­ты сәт­те науқан­шыл­ды­ққа, ұран­шыл­ды­ққа, жағым­паз­ды­ққа бой алдыр­май, дұрыс таң­дау жасайық.

Мұх­тар СЕҢГІРБАЙ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн