Суббота , 28 июня 2025

КЕЛДІҢ ҒОЙ, КЕТЕМ ДЕМЕШІ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №35 (399) от 28 сен­тяб­ря 2017 г.

 

Ойдан-қыр­дан

Кон­церт алдын­дағы ой

 


Ән мен өлеңді егіз көріп, қастер­лі ама­на­тын­дай ардақтай­тын Роза Әлқо­жа Алма­ты­ға күз­бен бір­ге кел­ді. Айды­нға аққу-қаз ора­лып, жаз өтіп, жапы­рақ тоналға­нын күт­кен қай­сар өнер­паз, асыл жар, аяу­лы ана, талғам­паз ком­по­зи­тор, жур­на­лист және қара­пай­ым, ақжарқын Роза алма­ты­лық оқыр­ман­да­ры­мен кез­де­сті. Иә, бұл кез­де­судің өзге­шелі­гі – өрелі оқыр­ман мен талға­мы биік тың­дар­ман­ның бас қосуы. Алма­ты Роза­ны, Роза Алма­ты­ны сағы­нып­ты. Бұған Чехов кіта­п­ха­на­сын­да өткен ерекше кеш­ке қаты­сқан­дар куә…

 

Әлқис­са, арман­ның асқа­рын бағын­ды­руға асы­ққан оқу­шы Роза әйгілі ҚазҰУ-дың жур­на­ли­сти­ка факуль­тетіне түсіп, қалам мен ғалам­ды қатар тер­бе­гісі келеді.

Роза асқан асқақтықпен:

– Түн келеді…

Көз алдым­да көп сұрақ,

Сол сұрақтар

жыла­та­рын топшылап –

Жанай­қай­ын естімейді

енді ешкім,

Одан қиын жоқ сынақ!

– деп жыр­лай­ды. Тамы­ры­ның әр соғы­сы әуен­ге айналған ком­по­зи­тор­дың, қоңыр үнді әншінің жүре­гінің түк­пірін­де­гі қоб­ди­ша­да өмір­лік сыр­ла­ры сақта­у­лы секіл­ді. Расын­да, мінез­сіз ұлы туын­ды­лар жазу қиын.

Адам – қызық жара­ты­лыс. Кей­де ішкі дауы­сты барын­ша тұн­шы­қты­ра­ды. Енді бір­де сол жанай­қай­ға әсем ән тың­дап, әсер­лі күй тың­дап той­та­рыс бе-реді. Әлем­ді әде­мілік емес, әуен құтқа­ра­тын сыңай­лы. Көңілің құла­зы­ған­да іздеп, дер­тіңе дауа бола­тын әндер бола­ды. Ондай әндер өте аз. «Ол көк­тем орал­май­ты­нын біл­сек те», «Жаным­нан жырақта­ма­шы» дей­тін кез­дері­міз де жоқ емес.

Роза Әлқо­жа әндері арқы­лы көз­ге көрін­бес әлем­нің тыл­сым­да­ры­ның тамы­рын дөп басып, тар қапас­тан кеңістік­ке жете­лей ала­тын құдірет­ке ие. Дұры­сы – оның әндері құдірет­ті. Бұл бір сәт­тік пафоспен айты­ла салған дүние емес. Роза­ны көгіне көтер­ген – өзінің тың­дар­ма­ны. Тың­дар­ман­ның дең­гей­іне түсіп кетіп, не ары емес, не бері емес, екі орта­да қалып, екіұ­дай күй кешіп жүр­ген талай «жұл­ды­зды» көзі­міз көріп жүр. Роза Әлқо­жа жұл­дыз емес, яғни ол бір жалт етіп, жоқ болғы­сы келмейді.

Менің­ше, өз тың­дар­ма­нын өрелі туын­ды­лар­мен өрге сүй­реу оның өмір­лік мис­си­я­сы­на айналған. Тіп­ті ол Мұқаға­ли, Төле­ген, Жұма­тай сияқты бір­ту­ар­лар­дың жыр­ла­рын әуен­ге теліп те үлгер­ді. Бұл руха­ни жаңғы­ру деп атал­са керек. Бір қуа­нар­лы­ғы – Роза­ның осы бір дара­лы­ғын, бір­бет­кей­лі­гін, қай­сар­лы­ғын, бар бол­мысын халық қабыл­да­ды. Әйт­пе­се Мұқаға­ли айта­тын «Көтер­гіш кран секіл­ді» халық оны баяғы­да-ақ тың­да­уын доға­рар еді. Бұл – хас талант үшін ауыр соққы.

 

Ұлт­тың ұлт болып қалуы салт-дәстүр­ден қол үзбей, оны келер ұрпаққа бүтін­дей жет­кі­зу­де екені мәлім. «Мен сый­ға тар­тқан ора­мал» деп қастер­лі ора­мал­ды, киелі жаулы­қты ұлт­тық брэнд­ке айнал­ды­рып, оның мәр­те­бесін асқақта­ту үшін алғаш болып Роза «атқа қон­ды». Оның осы батыл қада­мы­на риза болған­дар­дың қара­сы көп.

Алма­ты­да өткен сыр­ла­су кешіне кел­ген­дер­дің көп­шілі­гі – нәзік жан­дар. Т.Айбергеновтің қызы Сал­та­нат Төле­генқы­зы: «Әр ада­мға бел­гілі бір дең­гей­де ғана қабілет беріледі. Ол қабілет ешқа­шан жүз пай­ыз бол­май­ды екен. Бір қызы­ғы, адам кез кел­ген сала­да сол дең­гей­де ғана өзін көр­се­те ала­ды. Роза бар­лық сала­дан өзін сынап көр­ген. Бой­дағы талан­тын әрда-йым шың­дап оты­ра­ты­ны ұнай­ды» деп ерекше ықы­лас танытты.

Г.Шамшиева, Ж.Оразымбет секіл­ді ниет­тес жан­дар да ақ тіле­гін жаудыр­ды. Ж.Сәрсек, А.Исәділ, Б.Әліқожа естелік­терін айтып, арнау өлең­дерін оқыды.

 

Шын өлеңді, мәр­те­белі поэ­зи­я­ны жүрек­тен өткізіп, тереңіне сүң­гу үшін ұлан-ғай­ыр кеңісті­гі бар алып жүрек керек. Сон­да ғана өр өлең әнге айна­лып, тың­дар­ман бой­ы­на сіңеді. Роза­ның автор­лық әндерін­де бағ­зы­дағы еркін­дік­ті аңсау, енді бір­де таудай болғы­сы кеп, асқарға ұмты­лу неме­се теңіз түбіне жасы­ры­нған мар­жан секіл­ді тереңдік, толағай­лық пен қатар ала­са­ру да бар. Бір сөз­бен айтқан­да, әннің жүре­гі бүл­кіл­деп соғып тұр. Ол сәбидің күл­кісіне іңкәр, өмір­ге ғашық, өлең­ге адал, қала­мға серт бер­ген, сахна­ны кие тұта­тын, ана болу­ды бірін­ші оры­нға қоя біл­ген Роза-жүрек­тің лүпілі емес пе?!

Сырт көз­ге қатал болып көрі­нетін Роза әнші ақжарқын, жай­да­ры, әрдай­ым айна­ла­сы­на көмек­те­су­ге дай­ын тұра­тын жан. Өзім­де бол­ма­са да, өзге­де бол­сын дей­тін кең­пей­іл­дік – оның қаны­на сің­ген. Сахна төрін­де еркелі­гі мен өрлі­гін қатар алып шыққан қай­сар ару әр сәтіне шүкір деп, әр күнін баға­ла­у­ға тыры­са­ды. Себебі оның айна­ла­сы сәу­ле­ге толы.

Расы­мен-ақ, жақ­сы­ның ешкім­ге де жат­ты­ғы жоқ, ол Ай мен Күн сын­ды бәріне ортақ! Елор­даға қоныс аударған әнші қазан­ның бірін­ші жұл­ды­зын­да «Арқа­да салған ән қан­дай?!» атты ән кешіне дай­ын­дық үстін­де. Алма­ты оқыр­ма­ны­мен кез­де­су оның Аста­на­дағы кешіне руха­ни дай­ын­ды­ғы, кемел­де­нуі десек те бола­ды. Өлең атты ұлы құдірет­тің құла­зы­ған көңіл­ге жол­дас бола­ты­нын ұғы­нған Роза әннің өлең­ге, өлеңнің әнге айна­лып, біте қай­на­сып кет­кенін қалай­ды. Әндері әуезді, ойла­ры ерек, өлеңі өр, аяу­лы ана, дара Роза­ның «Жүрек назын» Алма­ты оқыр­ма­ны, Алма­ты тың­дар­ма­ны тың­дап, жүрек­жар­ды лебіз біл­діру­ге әрдай­ым дай­ын! Ән сал­шы, Роза!

Әлия ІҢКӘРБЕК,

Аikyn.kz

 

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн