Пятница , 4 июля 2025

ӨРКЕНИЕТ КӨШІНЕ ЖЕТЕЛЕЙТІН тарихи шешімді қолдауымыз керек

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №35 (399) от 28 сен­тяб­ря 2017 г.

 

Латын – лаң болмасын!


 

Талас ОМАРБЕКОВ, тарих ғылым­да­ры­ның док­то­ры, профессор

 

 

Қазақ елі руха­ни-мәде­ни мұра­сын өзге­лер­ге таны­тып, әлем­дік қауым­да­стық алдын­да дер­бес мем­ле­кет ретін­де мой­ын­да­тып оты­рған қазір­гі уақыт­та мем­ле­кет­тік тіл­дің латын гра­фи­ка­сын­дағы әлі­п­биінің біры­ңғай стан­дар­тын енгі­зу мәсе­лесі нағыз дер шағын­да көтеріліп отыр.

 

Аяғы­нан енді тұрып, дамуға бет алған Қазақ елі дүни­е­жүзілік өрке­ни­ет­тің ағы­мы­нан, толқы­ны­нан қал­мау үшін мін­дет­ті түр­де латын жазуын қабыл­да­уы керек. Әлем­дік сая­сат­тың ірі ойын­шы­сы­на айналған дер­жа­ва­лар­дың қата­ры­на ене қой­маған­ды­қтан, жеке өзі­міз жазу ойлап тауып неме­се өзі­міздің бұры­нғы тари­хи жазу­ла­ры­мы­зды қал­пы­на кел­ті­ру арқы­лы ғалам­дық өрке­ни­ет­те алға шыға алмай­ты­ны­мыз ақиқат.

Жал­пы, біз­де­гі рефор­ма­лар сая­си жағ­дай­ға, праг­ма­ти­ка­лық аху­алға, яғни өмір­дің сұра­ны­сы­на сәй­кес жаса­лып отыр­ды. Ал Кеңес Одағы тұсын­да, әлбет­те, кез кел­ген шешім­нің идео­ло­ги­я­лық жағы­на айры­қ­ша назар ауда­рыл­ды. Соның сал­да­ры­нан халқы­мы­здың сау­а­тын көте­ру жолы үлкен қиын­ды­қтарға тап болды.

Мем­ле­кет­тік дең­гей­де­гі кез кел­ген ірі шешім­ді қабыл­да­мас бұрын, ең алды­мен өткен тарихы­мы­зға шолу жасап, сабақ ала білу­ге мін­дет­ті­міз. Ал қазақ халқы­ның өте күр­делі тари­хи жол­мен жүріп өткенін естен шығар­мау, тарих­тың ащы сабақта­рын ескеріп, қажет­ті қоры­тын­ды шыға­ра білу – бүгін­гі аға толқын­ның ертең­гі ұрпақ алдын­дағы үлкен жау­ап­кер­шілі­гі. Тари­хи дей­тіні­міз, 1929 жылы латын тіліне негіз­дел­ген «Ортақ түр­кі әлі­п­биі» ұсы­ны­лып, қазақ тілінің талап­та­ры­на сай бір­ша­ма өзгерістер енгізіл­ген сол әлі­п­би ресми түр­де 1940 жылға дей­ін қол­да­ны­лып кел­ді. Ол әлі­п­би шын мәнін­де «түрік әлі­п­биіне көшу» деп атал­ды. Тіп­ті оның қаулы­сын­да «түрік» деген сөз де бар. Бірақ кей­ін­нен пан­түр­кілік айып­тау белең алып, Кеңес билі­гі бүкіл түр­кі халы­қта­ры рес­пуб­ли­ка­сын құру жолын­да күрес­кен қай­рат­кер Мир­са­ид Сұл­танға­ли­ев­ті, артын­ша түр­кі халы­қта­ры­ның жана­шы­ры болған Тұрар Рысқұ­ло­вты шетел­де­гі Мұста­фа Шоқай­мен бай­ла­ны­сы бар деп айып­тап, олар­дың соңы­нан ерген Түр­кістан халы­қта­рын қайт­кен­де де Түр­ки­ядан алы­ста­ту амал­да­рын жасап бақты.

Кеңес өкі­меті ол уақыт­та соци­а­лизмді құрып үлгер­ген жоқ еді, импе­ри­а­лизм текетіресі де баста­ла қой­маған, бірақ қол астын­дағы кей­бір халы­қтар­дың Ататүрік­тей көш­бас­шы­сы латын қар­пін қабыл­датқан дер­бес Түр­кия елі­мен жақын­да­сып кету қау­пі­нен қоры­ққан Кеңес Одағы Түр­кістан халы­қта­рын латын қар­пі­нен бас тар­тқы­зу жол­да­рын ізде­стір­ді. Өйт­кені Ататүрік­тің латын әрпін қабыл­даған кезеңін­де­гі тарихқа назар аудар­саңыз, Түр­кия сол уақыт­тың өзін­де-ақ әлем­дік өрке­ни­ет­ке жете­лей­тін қолай­лы жазу­ды дұрыс таң­дай біл­ді. Түрік елі шынын­да да латын жазуы арқы­лы әлем­дік тех­но­ло­ги­яға қол жет­кізіп отыр. Біз де сол тари­хи тәжіри­бені бас­шы­лы­ққа алуы­мыз керек. Қалай болған­да да, бола­шақта түр­кітіл­дес елдер­мен жақын­да­су­ды ойлап отырмыз.

 

Десек те, бүгін­гі күні біз түр­кі халы­қта­ры­на жақын­да­су үшін ғана латын қар­піне көшу­ге тиіс екен­біз деген ой тумауы керек. Шын мәнін­де, түр­кі халы­қта­ры­ның көп­шілі­гі, Ресей­дің құра­мын­дағы татар, башқұрт, түр­кітіл­дес Сібір халы­қта­ры сол кирил­ли­ца­да қалай­ын деп отыр. Латын қар­піне көшу мәсе­лесі тек ұлт­тық тұрғы­да ғана емес, елдік тұрғы­дан да қарас­ты­ру­ды талап етіп оты­рға­ны анық. Расын айтқан­да, осы латын әрпіне көш­кен Түрік мем­ле­кеті араб елдеріне қараған­да жаңа тех­но­ло­ги­я­ны қабыл­да­уда, жетіл­діру­де, ғылым­ды дамы­ту­да қары­штап алға кетіп қал­ды. Ал мұсыл­ман­ды­қты ұстанған­мен, араб елдерінің дамуы әлі де төмен, тех­но­ло­ги­я­сы мен ғылы­мы арт­та қалып келеді. Араб әрпі­мен жүр­ген көп­те­ген мұсыл­ман елдер даму жағы­нан қазір­гі өрке­ни­ет­тен көп арт­та қал­ды. Әрине, оның өзге де себеп­тері көп-ақ, оны біз тал­дап жатпайық…

Сон­ды­қтан араб жазуын дамы­ған елдер қабыл­да­май­ды, біз­ге де көп қиын­шы­лық туды­ра­тын жазу. Ахмет Бай­тұр­сы­но­втың өз зама­нын­да бұры­нғы қизам жазуын, яғни араб қар­пін рефор­ма­лап, төте жазу түрін­де ұсы­нға­ны тарих­тан бел­гілі. Өткен ғасыр­дың 20-жыл­да­ры Әли­хан Бөкей­ха­нов сияқты Петер­бург­те орыс­ша оқы­ған қазақ зия­лы­ла­ры­ның бәрі о бастағы сау­а­тын араб қар­пі­мен ашқан, тіп­ті Абай ата­мы­здың өзі араб әрпі­мен хат таны­ған. Деген­мен, Ахаң араб қаріп­терін төте жазу түріне айнал­ды­ру арқы­лы ұлтқа сал­мақ сал­май­тын, ұлт сана­сы­на, миы­на күш түсір­мей­тін эво­лю­ци­я­лық жол­мен сау­ат ашу рефор­ма­сын таң­да­ды, қаза­қтар­дың көбі ауыл­да мол­да­дан оқып, араб­ша хат таны­ған­ды­қтан, қаза­ққа ауыр бол­ма­сын, жыл­дам қабыл­да­сын деген ниет­пен қаза­қ­ша реформалады.

Бұл расы­мен де өз уақы­тын­дағы өте дұрыс шешім болған еді. Ол кезең­де төте жазу біздің мәде­ни­еті­міз­ге, қабыл­да­уы­мы­зға, сөй­ле­уі­міз бен дыбыст­а­уы­мы­зға жақын бол­ды. Ахмет Бай­тұр­сы­но­втың жазуын әлі күн­ге дей­ін Қытай­дағы қаза­қтар қол­да­на­ды. Бірақ араб елдері қазір­гі заман­да мүл­дем басқа жазу қол­да­на­тын­ды­қтан және біздің төте жазуы­мыз өзі­міз­ден басқа ешкім­ге керек бол­май қалған­ды­қтан, дүни­е­жү-зілік өрке­ни­ет­тен тыс қалып қал­мас үшін біз Ахмет Бай­тұр­сы­но­втың жазуын қабыл­дай алмаймыз.

 

Кей­де «Орхон, Ени­сей жазу­ла­рын, яғни көне руна жазу­ла­рын қа-был­да­сақ қай­те­ді» деген де сыңаржақ пікір­лер айты­лып қала­ды. Шын мәнін­де, руна жазу­ла­ры біздің аймақта кеңі­нен тарал­маған. Оны шығыс түр­кілерінің тари­хи жазуы деу­ге бола­ды. Қазір дүние жүзін­де бір­де-бір ел руна жазу­ла­рын қол­дан­бай­ды. Сон­ды­қтан оны уақы­ты өткен, тарих­тың бір дере­гі деп қана қабыл­дау қажет. Оның үстіне руна жазу­ла­ры тура­лы біз­де жаз­ба­ша дерек те жоқ. Күл­те­гін, Біл­ге қаған, Тоны­көк тура­лы жаз­ба­лар, Талас жаз­ба­ла­ры тасқа қаша­лып жазы­лған жазулар.

Кез кел­ген жазу түрі өмір­дің сұра­ны­сы­на, өз зама­ны­ның аху­а­лы­на сәй­кес пай­да болып оты­рған. Сон­ды­қтан біз де бүгін­гі күн­нің өз тала­бы­на бағы­нып, ғылы­ми тех­но­ло­ги­я­ның жалы­нан ұстап, алға озып кет­кен Аме-рика, Еуро­па елдерінің жазуы­на бей­ім­дел­сек дей­міз. Осы тұста бәз­бі-реулер «Ком­пью­тер­лік тех­но­ло­ги­я­ның ота­ны­на айна­ла бастаған Жапо­ния, Корея, Қытай елдері өз әрпін сақтап-ақ алға озып кет­ті, онда соларға бей­ім­де­лей­ік» деп дау айтуы мүмкін.

Бірақ біздің пси­хо­ло­ги­я­лық ерекше-лігі­мізді, сұра­ны­сы­мы­зды ол елдер­дің қаріп­тері өтеп бере алмай­ды. Оның үстіне ол елдер­дің әріп­тері әлем­дік дең­гей­де емес, елшілік қол­да­ны­ста ғана пай­да­ла­ны­ла­ды. Тарих­шы ретін­де маған осы латын қар­пін 90-жыл­да­ры-ақ, ең алғаш тәу­ел­сіздік алған тұста Кон­сти­ту­ция арқы­лы қабыл­дап жібе­руі­міз керек еді деген де ой келетіні рас. Бірақ ол кез­де рес­пуб­ли­ка­мы­здағы әле­умет­тік-сая­си аху­ал ауыр­лау болды.

Қалай деген­мен де, латын қар­пін қабыл­дау мәсе­лесін көп кешік­тір­мей, қазақ тілінің заң­ды­лы­қта­ры­на сәй­кес келетін оңтай­лы шеші­мін қабыл­дап, қол­да­ны­сқа енгіз­гені­міз жөн.

Мем­ле­кет бас­шы­сы елі­міз үшін тари­хи маңы­зы, сая­си-эко­но­ми­ка­лық сипа­ты айры­қ­ша, халқы­мы­здың әлем­дік өрке­ни­ет­ке жақын­да­суы­на оң ықпа­лын тигі­зетін толғам­ды шешім қабыл­да­ды. Сон­ды­қтан пар­ла­мент­тен бастап, бәрі­міз – ғалым­дар мен маман­дар, жур­на­ли­стер, зия­лы қауым жап­пай түсінік жұмыста­рын жүр­гізіп, латын жазуы­ның елі­міздің жарқын бола­шағы­на жол аша­ты­нын түсін­діру­ге тиіс­піз. Елі­міз­де­гі қазақ халқы­ның саны жағы­нан басым түсе бастаған қазір­гі кезеңін­де тілі­міз­де­гі әріп­тік ерекшелік­тер­ді дәл жет­кі­зе білетін латын қар­пінің мін­сіз нұсқа­сын нақты шеге­леп, жал­тақта­май, жыл­да­мы­рақ қол­да­ны­сқа енгі­зуі­міз керек.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн