Пятница , 4 июля 2025

ҰЛТТЫҢ РУХАНИ РЕФОРМАСЫ латын әліпбиінен бастау алады

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №35 (399) от 28 сен­тяб­ря 2017 г.

 

 


 

Қазақ тілінің латын гра­фи­ка­сын­дағы жаңа әлі­п­биін енгі­зу баста­ма­сы қыр­күй­ек айын­дағы ең көп талқы­ланған, дүм­пу туды­рған тақы­рып бол­ды. Халы­қтың басым көп­шілі­гінің латын қар­піне көшуді толық қол­дап оты­рға­ны басы ашық мәсе­ле. Ал өткен­де пар­ла­мент­тік тың­да­уда ұсы­ны­лған жаңа әлі­п­бидің нұсқа­сы­на қаты­сты көп­те­ген ескерт­пе­лер, ұсы­ны­стар әлі де айты­лып жатыр. Бұл тура­лы газеті­міздің өткен сан­да­рын­да да жазған­быз. Тақы­рып­тың өзек­тілі­гін, пікір алу­ан­ды­ғын бас­шы­лы­ққа алып, бүгін жаңа әлі­п­би­ге қаты­сты бір топ таны­мал аза­мат­тар­дың пікірі­мен таны­сты­ра кет­кен­ді жөн көрдік.

 

Асанәлі ӘШІМОВ,

Қаза­қстан­ның Еңбек Ері

Қай­та жаңғы­ру зама­нын­дағы бар­лық озық тех­но­ло­ги­я­ның үлгісі болып оты­рған латын әлі­п­биіне көшу – елі­міз үшін, өнері­міз бен мәде­ни­еті­міз үшін үлкен руха­ни құбы­лыс. Латын әлі­п­биін енгі­зу – халқы­мы­здың білі­мі мен мәде­ни­еті, өнерінің дамуы­на тағы бір сер­піліс әке­летін дара жолы деп білемін.

Ұлт­тық өнер­дің қара шаңы­рағы бола біл­ген М.Әуезов теат­ры­ның ұжы­мы бүгін­гі – ел бола­шағы үшін қабыл­данға­лы оты­рған маңы­зды шешім­ге қол­дау көр­сетіп, елі­міздің жаңа әлі­п­би­ге көшуіне бел­сен­ді атса­лы­са­тын бола­мыз. Бар­ша қаза­қстан­ды­қтар­ды еге­мен­дік пен елдік жолын­дағы бет­бұры­сты қадам­мен шын жүрек­тен құт­ты­қтай­мын! Латын әлі­п­биі – әлем­дік кеңістік­ке ену­ге апа­ра­тын жол!

 

 

Бибі­гүл ТӨЛЕГЕНОВА,

КСРО және Қаза­қстан­ның халық әртісі,

Мем­ле­кет­тік сый­лы­қтың лауреаты

Мен негізі 1940 жыл­дар­да латын әлі­п­биін­де оқып, білім ала бастаған жан­дар­дың бірі­мін. Сол себеп­ті оның арты­қ­шы­лы­ғын көр­ген­дік­тен, ел пре­зи­ден­ті ұсы­нған баста­ма­ның қазір­гі таң­да қол­дау тауып оты­рға­ны­на ризамын. 

Мен өнер сала­сын­да жүр­ген­дік­тен, шет мем­ле­кет­тер­де көп бол­дым. Сол кез­де көр­генім – өнер туын­ды­ла­ры­ның көбі латын әлі­п­биін­де жазы­лған және оны ауда­ру арқы­лы түп­нұсқа­сын жоғал­ту қау­пі бар. Сон­ды­қтан тари­хи жәді­гер­лері­мізді, өнер туын­ды­ла­ры­мы­здың түп­нұсқа­сын сақтап, тари­хи маңы­зды­лы­ғын жоғалт­пай жет­кі­зу үшін латын әлі­п­биіне өткені­міз дұрыс деп есептеймін.

Соны­мен қатар біздің келе­шек ұрпақ ғылы­ми-тех­ни­ка­лық инно­ва­ция дәуірін­де өмір сүру­де. Ал тех­ни­ка тілі ағы­л­шын емес пе? Сол үшін қазір­ден бастап латын әлі­п­биін­де жазып үйрен­сін, дағ­ды­лан­сын дей­мін. Бұл жұмысты тия­нақты­лы­қ­пен, жау­ап­кер­шілік­пен соңы­на жет­кі­зу керек деп есептеймін.

 

Смағұл ЕЛУБАЙ,

жазу­шы

Елба­сы­ның баста­ма­сы­мен қолға алы­нып жатқан қазақ әлі­п­биін латын қар­піне көші­ру қозға­лы­сы­ның ішін­де біз де бар­мыз. Бұл қозға­лы­сты қолдаймыз.

Енді осы­ған орай айта­тын пікірі­міз, латын гра­фи­ка­сы­на ауы­су қаре­кетін тым асы­қтыр­май, апты­қтыр­май, жеті рет өлшеп, бір рет кесетін шаруа деп біле­міз. Өйт­кені әлі­п­би бір жылға, он жылға таң­дал­май­ды. Ол ғасыр­ларға кете­ді. Ұлт­тық мұраға айна­ла­тын құндылық.

О бастан Қаза­қстан­да әлі­п­би өзге­ретін бол­са, онда бүкіл бала­бақ­ша, мек­теп­тер латы­нға ауы­суы керек деген иде­я­ны айтқан едім. Және сол иде­я­ны әлі де айтам. Яғни, әлі­п­би ауы­са­тын бол­са, жар­ты­сы кирил­ли­ца­да қалып, жар­ты­мыз латы­нға ауы­са­тын бол­сақ, бұл бөлі­ну­ге әкел­мей ме деген күдік бар.

Бұл фор­ма тура­лы мынан­дай ұсы­ныс айт­сам. Біз пре­зи­дент­пен кез­де­су­де Қаза­қстан­да бала­бақ­ша­дан бастап, орта мек­теп бір бағ­дар­ла­ма­мен оқуы керек және ол жер­де мем­ле­кет­тік тіл басты тіл болып, орыс тілі мен ағы­л­шын тілі қосым­ша жүру керек деген едік.

Міне­кей, осы орай­да мем­ле­кет­тік тіл­ді латын гра­фи­ка­сы­мен оқы­тып, оқу про­цесінің өне бой­ын­да, оның ішін­де орыс тілін­де жүретін пән­дер­ді кирил­ли­ца­мен, ағы­л­шын тілін­де оқы­та­тын пән­дер­ді ағы­л­шын әлі­п­биі­мен оқыт­са, қалай болар еді. Сон­да мек­теп­те үш әлі­п­би де жүреді. Әрине, ең басты қазақ әлі­п­биі бірін­ші тұра­ды. Сон­да бұры­нғы құн­ды­лы­қтар да ұмыт қал­май, енді бай­лы­қты да өзі­міз ием­деніп, пай­даға кене­лер едік. Өткен жүз жыл­дық тарих­тан қол үзбей­міз, руха­ни жіп үзілмейді.

 

Мұрат ЖҰРЫНОВ,

Ұлт­тық Ғылым ака­де­ми­я­сы­ның президенті

Мен латын әлі­п­биіне көшу тура­лы баста­ма­ны 1994 жыл­дан қол­дап, қолға алған­мын. Ол жыл­да­ры А. Ясса­уи атын­дағы Халы­қа­ра­лық қазақ-түрік уни­вер­си­тетінің рек­то­ры едім. Сол кез­де Түр­кия, Қытай, Моңғо­лия, Қырғыз­стан және басқа да түр­кі тіл­дес елдер­ден сту­дент­тер мен мұғалім­дер келіп тәжіри­бе­ден өтетін. Сол уақыт­та туын­даған қиын­дық – біз­де­гі бар ақпа­рат­ты олар­дың мең­ге­ре алмауы, ал олар­дың зерт­те­улерін біздің маман­дар­дың түсін­бе­уі бол­ды. Осы рет­те уни­вер­си­тет ішін­де қол­да­ну мақ­са­тын­да қазақ латын әлі­п­биін ойлап тап­тық. Негізі ретін­де 1929–1942 жыл­да­ры қол­да­ны­лған латын әлі­п­биінің үлгісін алдық. 

Бұл уақыт­та аңғарға­ны­мыз, түр­кі тіл­дес бауыр­лар­дан бөлек аме­ри­ка­лы­қтар­дың өзі қазақ тілін жар­ты жыл­да толық мең­геріп алға­ны. Бұдан кей­ін аталған әлі­п­биі­мізді жан-жақты зерт­теп, толы­қты­рып отыр­дық. Мәсе­лен, жапон­ды­қтар өз ана тілін өте қат­ты жақ­сы көріп, қадір­лей­ді. Алай­да ғылы­ми орта­дағы жаңа­лы­қта­ры­мен ағы­л­шын тілін­де бөлі­седі. Ондағы мақ­сат әлем­ді түгел­дей қам­ту болып табы­ла­ды. Өйт­кені ғылы­ми-инно­ва­ция тілі ағы­л­шын тілі екені бар­лы­ғы­мы­зға мәлім.

Бұл түр­кітіл­дес бауыр­лар­мен ынты­мақ­та­сты­ғы­мы­зды да нығай­та­ды. Мүм­кін, өзбек, татар және ұйғыр­дың әлі­п­биі бөлек дер­сіз, алай­да негіз­гі 25 әріп бар­лы­ғы­на ортақ. Сон­ды­қтан ара­да бола­тын бір­не­ше әріп өзге­шелі­гін мең­геріп алу қиын­дық тудыр­май­ды. Тарихқа көз жүгірт­сек, түр­кі тіл­дес елдер­дің мәде­ни­еті, әдет-ғұр­пы бір-біріне ұқсас болған. Осы рет­те латын әлі­п­биіне көше оты­рып, біз­ге бей­мәлім дүни­е­лер­мен тыңғы­лы­қты таны­суға мүм­кін­дік ала­мыз. Ұлт­тық коды­мы­зды сақтап, тілі­міздің өркен­де­уіне жол аша­мыз. Жазу­шы, ақын және ғалым­да­ры­мы­здың шығар­ма­ла­ры мен зерт­те­улерін әлем алдын­да тере­зесі тең мем­ле­кет ретін­де көр­се­те ала­мыз. Сон­ды­қтан латын әлі­п­биіне көшу­де­гі қолға алы­нған жұмыс өз нәти­же­сін көп күт­тір­мей береді деген ойда­мын. Бұл ең алды­мен бола­шақ ұрпақтың игілі­гі үшін жаса­ла­тын игі дүние болмақ.

 

Нұрға­ли НҮСІПЖАН,

ҚР халық әртісі

Еге­мен­дік­тің тағы бір таңы жаңа күн жаңа­лы­ғын жария етті. Ол жаңа­лық – біз­дер, өнер адам­да­ры көп­тен күт­кен пре­зи­ден­ті­міздің бола­шаққа бағ­дар беретін руха­ни жаңғы­ру жаңа­лы­ғы болып отыр. 

Жаңғы­ру­дың ерекшелі­гі – елі­міздің алдағы уақыт­тар­да мықты, бір­тұ­тас болуы үшін бола­шаққа қалай қадам басуы­мыз жəне бұқа­ра­лық сана­ны қалай өзгер­ту жол­да­рын тай­ға таң­ба басқан­дай етіп ашық айтып, анық көрсеткендігі.

Руха­ни жаңғы­ру­дың басты өзе­гіне айналған негіз­гі ұста­ным – тарих­та талай өзгерістер­ге ұшы­рап, қай­та оралған латын əліп­пе­сіне ұлт болып көшу. Бұл – мəңгілік­ке көшін түзе­ген қазақ елінің білім, ғылым сала­сын­дағы ұлт­тық ұста­ны­мы, өмір­лік қол­таң­ба­сы болмақ.

Еге­мен елдің, еркін елдің бүгін­гі таң­дағы қала­уы мен таң­да­уы осы деп біле­мін. Өткен тарих­тағы Күл­те­гін баба­мыз тасқа жаз­ды­рып кет­кенін­дей, «Елім үшін күн­діз отыр­ма­дым, түн­де ұйы­қта­ма­дым» деген заман біз­ге енді кел­ді деп есеп­тей­мін. Ол үшін заман тала­бы­на сай білім­мен, əлем­дік ғылым­мен, уақыт ағы­мы­м­ен өркен­деп өсіп жатқан озық тех­но­ло­ги­я­ны орын­ды пай­да­ла­ну арқы­лы ғана іске асы­ра аламыз.

 

Мар­ха­бат БАЙҒҰТ,

жазу­шы

Латын әлі­п­биіне көшу тура­лы әртүр­лі пікір­лер біл­діріліп жатыр. Бір жағы­нан, бұл дұрыс, түсінік­ті. Екін­ші жағы­нан, кей­бір көзіқа­рақты, тіп­ті зия­лы дей­тін адам­дар­дың тап бүгін есті­ген­дей еле­урей өзе­урей­тіні өкінішті. 

Біздің ойы­мыз­ша, ұлт­тық ұлы тір­лік­тер­де асы­ққан да зиян, кешік­кен де зиян. Өзбек пен әзер­бай­жан бауыр­лар асы­қты. Қателік­тер кез­де­сті. Он төрт жыл бойы түзетіп келеді. Әйте­уір алға жыл­жу­да. Біз осы бауыр­лар­дың қателік­терін қай­та­ла­мауға тиіс­піз. Кирил­ли­ца­ға өткен­де, қазақ тілінің көп­те­ген заң­ды­лы­қта­ры кешіріл­ме­стей, дөрекі түр­де бұзыл­ды. 1940 жыл­дан бастап, ста­лин­дік рефор­ма­ның зардаб­ы­нан қай­ран қазақ тілінің айты­лу, жазы­лу, үндестік, тер­мин­дер және басқа да мәсе­ле­леріне бай­ла­ны­сты жол беріл­ген өрес­кел­дік­тер­ге бір­те-бір­те әбден үйреніп, еті­міз өліп кетті.

Енді латын әлі­п­биіне көшу кезін­де кирил­ли­ца кел­тір­ген бар­лық залал-зиян­дар­ды түгел­дей түзе­ту­ге пары­здар­мыз. Бұл үшін тіл жөнін­де­гі тиісті меке­ме­лер, тиісті ғалым­дар кей­ін­гі он-он бес жыл­да жан күй­ді­ре жұмыс істе­у­ге мін­дет­ті еді.

Әлі де кеш емес. Біздің Бексұл­тан Нұр­же­ке­ев сияқты жазу­шы­лар­дың да ұсы­ны­ста­ры мен пікір­лерін ескер­ген абзал. Рас, қиын­ды­қтар, күр­делі күр­ме­улер кез­де­седі. Оңай бол­май­ды. «Сау­ат­сыздық белең ала­ды» деген­дей қауіп­тер де көп айты­лу­да. Қазір­гі кирил­ли­ца­да да сау­ат­сызды­қтың сырқат­та­ры мең­деп, ден­деп тұрға­нын түк те ойланбаймыз.

Сау­ат­ты жаза­тын адам­дар сирек. «Кітап­тар, әсіре­се әде­би­ет оқыл­май қала­ды» дей­тін­дер де аз емес. Кирил­ли­ца­мен жары­тып оқып жатқан­дар да шама­лы. Шын оқи­тын­дар араб жазуы­на өтсек те, тіп­ті Тоны­көк­тер­дің таң­ба­сы­на орал­сақ та оқи­ды. Оқы­май­тын­дар, бәрібір оқы­май­тын шығар.

Кей­бір сыр­тқы күш­тер «Қаза­қстан­да кирил­ли­ца­ға және орыс тіліне шабуыл бастал­ды» деп бай­ба­лам салу­да. Қай­ран қазақ тілі мем­ле­кет­тік тіл болып жари­я­ланған­да да айқай шығарған­дар, ұлт рухын жасы­тып, жуа­сы­тып тастағы­сы кел­ген­дер табы­лған. Аран­да­ту­шы­лар­дың айқай­ы­на сүрең қос­пай, оларға бір­лік пен ынты­мақ, ұмты­лыс пен құл­шы­ныс арқы­лы жау­ап берейік.

 

Есмұ­хан

ОБАЕВ,

Қаза­қстан­ның халық әртісі,

про­фес­сор

Мен линг­вист емес­пін, архив ақта­рып оты­рған тарих­шы ғалым да емес­пін, «тіл­ді», «түсін­діруді» қажет етпей­тін өнер­дің төңіре­гін­де жүр­сем де, латын қар­пінің қабыл­да­нуын қол­дай­мын. Өйт­кені латын деген дүние қазақ жұр­ты­на жат, таң­сық нәр­се емес. Соғыс басталғанға дей­ін осы қаріп­пен қара танып, осы әлі­п­би­мен сау­ат ашқан қаза­қтың ешқай­сысы­ның дамы­м­ай, дала­да қалға­нын көр­гені­міз жоқ. Керісін­ше, тап осы кезең­де өмір сүр­ген қазақ халқы үшін бұл руха­ни, мәде­ни, ағар­ту, эко­но­ми­ка­лық сала­лар бой­ын­ша үлкен секіріс жасаған алтын ара­лық болып тарих­та қалды.

Біраз жасты еңсер­гені­міз­бен, осы қаріп­тің бәрі­мен бала күні­міз­ден таны­спыз, көкей­де жат­талған, көз алды­мы­зда әлі күн­ге сай­рап тұр. Бар болға­ны – біз латын қар­пін неміс тілі деп оқы­ған екен­біз. Ал бүгін­гі тех­но­ло­ги­я­лар­дың қары­штап алға басып, жаһан­дық қоян-қол­тық бай­ла­ны­сқа бәрі­міз мүд­делі болып оты­рған заман­да жас ұрпақтың осы қаріп­тер­ге негіз­дел­ген әлі­п­би­мен қарым-қаты­нас жасаға­ны көп түй­ін­ді шешіп беретіні анық.

Қоғам­да латы­нға өту мәсе­лесі әлдеқа­шан пісіп-жетіл­ді, тек жан-жақты сал­мақтап, сара­лаған дұрыс шешім қажет. Әрине, жоба­ны талқы­лау бары­сын­да талас-тар­тыс, көзқа­рас қай­шы­лы­ғы да орын ала­ты­ны заң­ды­лық. Нәти­же­сін­де жұмыс комис­си­я­сы жау­ап­ты меке­ме­лер­мен ортақ мәмі­ле жасай оты­рып, ұлты­мыз ұтыл­май­тын, зама­на­уи талап­тың үдесі­нен шыға­тын әлі­п­би ұсын­са, бүгін­гі қай­шы­лық та, қиын­дық та ұмыт қала­ры сөзсіз.

 

Алтын­бек ҚОРАЗБАЕВ

Қаза­қстан­ның халық әртісі

Мен өнерім­нің арқа­сын­да түр­лі жер­лер­де бол­дым. Сон­дағы көр­генім – бар­лы­ғы дер­лік латын әлі­п­биін қол­да­на­ды екен. Бұл дегені­міз – олар­дың тарихы, мәде­ни­еті, өлең-жыр­ла­ры, түр­лі жаңа­лы­қта­ры латын әлі­п­биін­де жарық көреді деген сөз. Осы рет­те біз үшін бұл қол­жа­з­ба­лар­ды өз дең­гей­ін­де зерт­теу, соны­мен қатар оларға өз дүни­е­мізді таны­тып, көр­се­ту­ге мүм­кін­дік­тер жоқ екен­ді­гін түсіндім.

Мыса­лы, әзер­бай­жан­ды­қтар 10 жыл бұрын, өзбек­стан­ды­қтар 15 жыл бұрын латын әлі­п­биіне өткен екен. Бұл жағы­нан біз кіш­кене кеші­гіп қал­дық. Алай­да «Ештен кеш жақ­сы» дей­ді. Сол себеп­ті елба­сы­мы­здың баста­ма­сын толық қол­дай­мын. Менің ойы­ма өнер адам­да­ры да толы­ғы­мен қосы­ла­ды деп сене­мін. Келе­шек­те біздің өске­лең ұрпақ бүгін­гі істел­ген жұмыстың арқа­сын­да бәсе­ке­ге қабілет­ті, өз ана тілін­де жазып және оқи ала­тын, ата-баба­сы­ның мәде­ни­еті мен тарихын толық білетін аза­мат бола­ты­ны­на сенім­мен қараймын.

 

Топ­та­ма­ны дайындаған –

Айсұ­лу ОСПАН

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн