ЖЕМҚОРЛЫҚ ЖАЙЛЫ ЖЫР(Мысал)

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №36 (400) от 05 октября 2017 г.

Ойдан-қырдан

Уақыт уыты

 


 

Абдрахман АСЫЛБЕК,

ақын, Қазақстанның

еңбек сіңірген қайраткері

 

Бейнетқор мен зейнетқор жолықты,

Ойларын ортаға салып қорытты.

 

Бейнетқор айтты:

«Өзгелерден өте біз,

Күн-түні еңбек етеміз.

Сонда да байымаймыз неге біз?

Басшыларға үміт артып,

Алдына бара қалсақ жете біз,

Ашықтан-ашық пара сұрайды,

Ауыздарын ашып, дара сұрайды.

Өзіме көз қырыңды салғын десек те,

Баламды оқуға алғын десек те,

Аша қойып аңқасын,

Тоса қояды қалтасын.

Сөйте тұра өздері,

Кереғар келіп сөздері,

«Жемқорлыққа жол жоқ, – дейді, –

Оны жояр жөн жоқ», – дейді.

Жемқорлықты жою мекемесіне,

Оның дәл шекесіне

Осылай деп іліп қояды,

Оны қалайша біліп қояды?».

 

Зейнетқор айтты:

«Заман дейміз,

Өзгеріп бара жатыр адам дейміз,

Өмірден өткен небір қоғам дейміз.

Заман қоғамнан тұрады,

Қоғам адамнан тұрады,

Қара жер бәрінің тұрағы.

Алла жіберсе бір апат тосыннан,

Адамдар қалай құтылады осыдан?

Ең ар жағы зейнеткер біздерді,

Артында жоқ деп іздері,

Жеп қойып жемқорлар қорымызды,

Қайнатып жүр емес пе сорымызды?

Сондықтан әлгі мекеменің шекесіне

Былай деп жаз дедік төтесінен:

«Жемқорлыққа емес жол жоқ,

Жемқорлыққа еш ем жоқ».

 

Бейнетқор айтты:

«Тәуелсіздікке мол шама,

Ширек ғасыр болса да,

Жемқорлардың қалталары толса да,

Тойымсыз иттей тоймайды,

Жемқорлықты қоймайды.

Олар: «Жемқорлыққа жол жоқ», – дейді,

Ал мен болсам: «Жемқорлыққа ем жоқ», – деймін.

Өйткені жемқорлық нағыз обыр деймін,

Оны неге түсінбейді тобыр деймін.

Обыр деген РАК емес пе?

Соңғы сәттік сынақ емес пе?

Обырмен ауырған адам өледі,

Тағдырдың жазғанына көнеді.

Өйткені оған ем де болмайды,

Бақсы-балгерлік дем де қонбайды.

Соңғы сағаттарын санап жатып,

Аспанға қарап жатып,

Жылай да, күлмей де қалады,

Көзі қалай жұмылғанын білмей де қалады».

 

Төреші айтты:

«Мұның себебін:

Тірліктің білсең түпкі дерегін,

Ол Алла жаратқан адам ғой,

Адамға жалғыздық жаман ғой.

Барлық адам жиылып,

Құратыны қоғам ғой.

Бір ғана адам емес,

Қоғам өлсе, тәмам ғой.

Ақырзаман ғой.

Қоғам жемқорлықпен

ауырған екен,

Ауруы жазылмайтын ауырдан екен.

Қоғам осыдан шіриді,

Шіриді де құриды.

Өлетінін білсе де, олар өлетін емес,

Қазірше тізгінін беретін емес».

 

Жемқорлар дейді:

«Не дейік?

«Тағдырдың жазғанына көнейік.

Ақыры өлеміз, жей берейік,

Әкеле бер дей берейік.

Ешкім қақпайды бетімізден,

Парақормыз шетімізден.

Тыңдамай ата-анамызды да,

Жемқорлыққа баулыдық

баламызды да.

Жемқорлық жаулап алған

қаламызды да,

Шалғайдағы ауыл даламызды да,

Барлық ақыл-санамызды да.

Бәрібір жемқорлықпен өлеміз,

Бірақ, неге текке көнеміз?

Уақытша өлмеудің,

Тағдырға көнбеудің

Жолын қамдастырып бағамыз,

Бір айласын табамыз.

Бір айласын табамыз.

Көпшілік болып талқылап,

Бірауыздан мақұлдап,

Өзімізге қамдастырып аламыз.

Жемқорлықты заңдастырып алайық.

Пара алсақ, ала берейік,

Қалтамызға сала берейік.

Бірақ тапқан «олжадан»,

Олжалы дорбадан

Қоғамға салық төлейік,

Олжаға сай анық төлейік».

Төреші айтты шешімін,

Салықтың нақты кесімін:

Жүз мың алсаң – отыз мыңын,

Миллион алсаң – үш жүз мыңын,

Заманның есептей отырып нарығын,

Бес жүз миллионның жарымын.

Миллиард алсаң – мүрдем кетсін,

Ойланбастан бірден кетсін».

 

***

Айтар болсақ дұрысын,

Жемқорлықтар құрысын.

Бірақ шетелге қашып кетпесін,

Ақшасын басып кетпесін.

Өлсе, осында өлсін,

Сүйегін осында көмсін,

Иелігі де осында болсын,

Игілігін көпшілік көрсін.

Сонда жемқорлық заңды болмақ,

Тірлігі «мәңгі» болмақ.

 

 


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн