Суббота , 5 июля 2025

Руза БЕЙСЕНБАЙТЕГІ: ТІЛІМ ҮШІН ӨЗІМ ДЕ ӨЛЕМ, әкімдіктегі қарсыларды да тірі қалдырмаймын…

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №37 (401) от 12 октяб­ря 2017 г.

 

ДАТ!

 


Руза БЕЙСЕНБАЙТЕГІ – Кере­ку өңіріне ғана емес, ұлтын ұлағат тұтқан әр қаза­ққа аты мәлім күрес­кер қыз. Қаза­ғым, тілім деп, оры­станған сол­түстік­те жан ұшы­ра жалғыз өзі мың­мен алы­сып жүр. Орыс­ша ойлай­тын­дар мен орыс­ша сөй­лей­тін­дер­дің бұл кісіні суқа­ны сүй­мей­ді. Әр қазақ өз тілі үшін дәл осы Руза Бей­сен­бай­те­гі сияқты күрес­се, оры­сқұл­дық пси­хо­ло­ги­ядан әлдеқа­шан құты­лар ма едік, бәлкім?!

Руза ханым­ның Алма­ты­ға жолы түс­кенін естіп, сұх­бат­та­су үшін ізде­сек, сот­ты болып жатқан қазақ тіліне қол­дау көр­се­ту­ге келіп­ті. «ДАТ» айда­ры­ның төріне шыға­рып, күрес­кер қызға бірер сау­ал қой­ып, әңгі­ме­ге тарттық.

 

– Руза ханым, хош көр­дік! Алма­ты­ға кел­ген мақ­са­ты­ңы­здың себебін оқыр­ман қауы­мға баян­дап берсеңіз…

– Алма­ты­ға кел­ген­де­гі басты мақ­са­тым – қазақ тілін қол­дау. Екін­ші­ден – қазақ тілін қорғап жүр­ген Оғыз Доған іні­ме мың алғыс айту үшін жолға шыққан жай­ым бар. «Эйр Аста­на» ұшағын­дағы қазақ тіліне қаты­сты басталған даудың соңы сотқа тірел­гені­нен қоғам хабар­дар, сей­сен­бі күні Алма­ты қала­сын­дағы Түр­кісіб аудан­дық сотын­да осы мәсе­ле­ге қаты­сты сот оты­ры­сы жалға­сты, сол сотқа Кере­ку­ден арнайы келіп қаты­стым. Өзім­ше, ішкі түй­сі­гім бой­ын­ша, әле­умет­тік желі­ден қазақ тілі үшін жанұ­шы­рып жүр­генім­нен хабар­дар жұрт келетінім­ді естіп, сотқа көбірек жина­ла­ды деген де үмітім бол­ды. Екін­ші жағы­нан, сонау Кере­ку­ден ат ары­тып мен келіп жатқан­да, алма­ты­лы­қтар­дың бел­сен­ділі­гінің артуы­на қозғау салар­мын деген де ойым болды.

 

– Сөй­тіп, ойы­ңыз үдесі­нен шыға алды ма?

– Кере­ку – Алма­ты­дан 1200 шақы­рым жер­де жатыр, ұшақ­пен қаты­нау ден­са­улы­ғы­ма аса жара­май­тын­ды­қтан, пой­ы­з­бен келіп жет­тім. Түрік ұлты­ның аза­ма­ты қазақ тілі үшін сот­та­сып жатқан­да, шаш­ба­уын көте­ру­ге кел­ген қаза­қтар­дың қара­сы мол шығар деп сендім.

Сотқа кел­сем, оты­здан астам ғана аза­мат жиналған екен, тым бол­ма­са жүз­дей адам­ның қара­сын көре­мін деп ойлаған едім. Деген­мен, ұлтым деген отыз адам жүз­ге бер­гісіз нағыз аза­мат­тар екенін сезін­дім. Судья қазан­ның 16-на дей­ін мәлі­мет­тер­ді жинап, одан кей­ін­гі бір оты­ры­ста шешім шыға­ра­тын сияқты. Сотқа тек оншақты адам­ның қаты­суы­на рұқ­сат етіл­ді, сот оты­ры­сы аяқталған сәт­те судья­ның қасы­на барып, Кере­ку­ден кел­генім­ді айтып, шетел­дік аза­мат­тың қазақ тілін қорғап жатқа­ны­нан төрт­күл дүние хабар­дар екенін, Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сын­да қазақ тілінің мәсе­лесі жеңіліс тауып жат­са, масқа­ра жағ­дай бола­ды деп, өз ойым­ды жасыр­май жай­ып сал­дым. Сотқа қысым көр­сет­ті деген ой тума­сын, судья ешқан­дай жау­ап қай­тарған жоқ, тек жылы жүз­бен қараға­ны­на ішім жылып қал­ды. Мем­ле­кет­тік тіл­дің мәсе­лесі, әрі-бері­ден соң, мем­ле­кет­тің пай­да­сы­на шешіледі деп сенемін.

Осы сот­та елге бел­гілі тұлға­лар­мен кез­де­судің сәті түсеріне де күмәнім бол­ма­ды. Ұлты үшін жаны күй­іп жүр­ген ақын Жұмаш Кене­бай­ды, әле­умет­тік желі­де­гі бел­сен­ді жас жігіт­тер мен қыздар­ды кез­де­стір­дім. Ұлтым дей­тін жас өркен­нің өсіп келе жатқа­нын көріп, көңілім тол­ды. Қаза­қтың бола­шағы осы жастар­дың қолын­да, арты­мы­зда біздің ісі­мізді жалға­сты­ра­тын жалын­ды жас ұрпақ бар екен.

 

– Қазақ тілін қорғап, шыр-пыры шыққан Оғыз Доған­ның өзі­мен сөй­ле­судің сәті түсті ме?

– Әрине, арнайы кел­ген мақ­са­тым да сол емес пе?! Сот­та дәл қасын­да отыр­дым, риза екенім­ді айт­тым. Ол да қазақ тілін қызғы­штай қорып жүр­ген апа­сын көріп, түбі түр­кі екені­мізді айтып, ілти­па­тын біл­дір­ді. Қазақ тілі жеңіс­ке жетуі тиіс деп, сөзінің тоқе­терін айт­ты. Қоғам Доғанға қаты­сты доғал пікір­лер біл­діріп, өзін-өзі жар­на­ма­лап жүр­ген пен­де десіп жатыр. Айт­са – айта бер­сін, кім­нің аузы­на қақ­пақ бола­мыз! Марқұм Гераға – Герольд Бель­гер, ғалым апа­мыз Асы­лы Осма­но­ва­ның қазақ тілін қорғаған­да­ры қай қаза­қтан кем түсіп­ті, асып кет­кен шығар тіпті!

Сот­тағы Оғы­здың қорға­у­шы­сы Абзал Құс­панға риза­шы­лы­ғым шексіз. Еке­уі бұрын бір-бірін көр­мек түгілі, таны­май­ды екен. Сот­та кез­дескен. Оғы­зды қорғай­мын деп, бір­ден іске кіріс­кен аза­матқа риза­мын. Кезін­де «Пав­ло­дар­лиф­ті­мен» сот­та­сып, қазақ тілі жеңіс­ке жете­ді деп сенім­ді жүр­генім­де, жеңіліп қалған едім. Сол кез­де әле­умет­тік желі­ге Пав­ло­дар­дан қорға­у­шы тап­пай жүр­генім­ді жазға­ным­да, осы Абзал Құс­пан суы­ры­лып шықты. Апел­ля­ци­я­лық сот­тың бірін­ші оты­ры­сын­да алға­шқы сот шеші­мінің күл-талқа­нын шығарған еді. Доған­ның соты­на Абзал ара­ласқа­нын көріп, Қаза­қстан­да мем­ле­кет­тің тілі жеңеді деп сеніп отырмын.

 

– Сіз бүкіл Кере­ку­де «қазақ мәсе­лесін» көтеріп жүр­ген жалғыз қаза­қ­сыз… «Мың­мен жалғыз алы­сқан» (Абай – Ред.) қиын болып жүр­ген жоқ па?

– Жоқ, мен жалғыз емес­пін! Артым­да қалың елім, қаза­ғым тұр емес пе?! Ал өткен­де облыс әкі­мінің орын­ба­са­ры Беген­та­евқа барға­ным­да, шыда­мым шек­тен шығып, әкім­нің өзін – Боқа­у­овты сотқа бере­мін дедім. Сотқа қан­дай негіз­де беретіні­ме кел­сем, 2006 жыл­дан бастап қолым­да сал­мағы алты келі­дей құжат жина­лып­ты. Әр адам өзінің шама­сы­на, түсіні­гіне, мүм­кін­ді­гіне қарай қимыл жасай­ды емес пе? Біре­улері мақа­ла жаза­ды, біре­улері дөң­ге­лек үстел, ақын­дар – мүшәй­ра­сын, басқа да қол­дан кел­ген­дерін ұйым­да­сты­ра­ды деген­дей. Бірақ тек осын­дай мәде­ни шара­лар­мен қазақ тіліне деген көзқа­рас өзге­ре қой­май­ты­ны анық.

Кере­ку­ге 1999 жылы көшіп кел­дім, «Ақсу фер­роқо­рыт­па» зауы­ты­на жұмысқа кіріп, таң­нан кеш­ке дей­ін жұмыста жүр­ген­дік­тен, қоғам­дық өмір­ге ара­ла­са алма­дым. Жұмыстан шыққан­нан кей­ін ғана қазақ қызы ретін­де қазақ тілін өз тұғы­ры­на қон­ды­ру ұлтым­ның алдын­да пары­зым деп бел­сен­дім. Өзге ұлт өкіл­дері­мен қаза­қ­ша қаты­нас жасау иде­ям 2006 жылы жел­тоқ­сан айын­да пай­да бол­ды. Сол кез­де қолы­ма пре­зи­дент бекіт­кен 2001 жылғы № 550 қау­лы түсті. Мағы­на­сы­на кел­сек, әле­умет­тік-ком­му­ни­ка­тив­тік сала­да (адам­ды қор­шаған орта­да) қыз­мет мем­ле­кет­тік тіл­де, содан кей­ін ғана сұра­ны­сқа сәй­кес тіл­де болуы керек екен. Жасым бол­са келе жатыр – мен қазақ ретін­де өз ұлты­ма не істей ала­мын деп ойлан­дым. Ақы­ры тілім­ді наси­хат­та­уды ұйғардым.

Әкім­шілік­тің алды­на барып, пла­кат ұстап тұру үшін де жүрек керек. Нәти­же­сі де бел­гілі жағ­дай­мен аяқта­луы мүм­кін. БАҚ-қа тіл тура­лы жаза­тын­дар өте көп. Сөй­тіп, нақты­лы наси­хат – қажет­тілік туды­ру­да деп, қор­шаған орта­мен ұлты­на қара­май, қаза­қ­ша қаты­нас жаса­уға кірістім. Бір­те-бір­те барған жерім­нен қазақ тілін­де­гі ақпа­рат­ты, бланк­тер­ді, рецепт, түбір­тек, т.б. талап ете баста­дым, қаза­қ­ша емес құжат­тарға қол қой­май­тын бол­дым. Тер­ми­нал­дар­дағы қыз­мет көр­се­ту тетік­терінің қазақ тілін­де­гі нұсқа­сын баса­мын. Осы­лай­ша үне­мі қаза­қтар өз тілін өз мем­ле­кетін­де аяққа тұрғы­зуға ат салыс­сын деген наси­хат жүр­гі­зетін болдым.

 

– Сол күре­стің нәти­же­сін сездіңіз бе, Кере­кудің қаза­қ­шы­лы­ғы қай дейгейде?

– Мен үшін Кере­ку таза қазақ қала­сы бол­ды деп айту қиын. Өйт­кені қай­да бар­саңыз да, бірін­ші кезек­те орыс­ша қыз­мет көр­се­ту түріне тап бола­сыз. Ақпа­рат­тар, жар­на­ма­лар­дың да негізі осы орыс тіліне бай­ла­нып қалған. Кеден­дік одақ пен Еура­зи­я­лық одаққа кіріп­тар болған аз уақыт­тың ішін­де теріс пиғыл­ды орыс ұлты­ның өкіл­дері (олар біздің қала­да өте көп) бас көте­ре баста­ды. Ал одақ тура­лы сөз шық­пай тұрған кез­де бір­ша­ма «жуа­сы­ған­сып» жүретін еді. Қазір кері жағ­дай байқалады.

Өзім осы қала­дағы қаза­қтың қызы ретін­де қазақ тіліне қажет­тілік туды­рай­ын деген ойға кел­дім. Жер­гілік­ті әкім­дік қазақ тілін үйре­тетін кур­стар аштық деп есеп береді, қан­ша­ма қар­жы бөлін­ді. Бірақ ешқан­дай нәти­же­сін көр­ген жоқ­пыз. Менің нара­зы­лы­ғым­ды туды­рған бір жәйт – был­тыр бүкіл Пав­ло­дар­дың құзыр­лы орын­дар­ды шақы­рып, көлік тасы­мал­да­у­шы меке­ме­лер «жол ақы­ла­ры­ңы­зды төлеңіз­дер» деген екі сөзді үйрене алмаға­нын айт­тым. Қазақ тілі кур­ста­ры үш айда осы екі сөзді ешкім­нің құлағы­на құй­ып бере алма­ды. Өйт­кені оны жат­та­туға билік­тің құлқы жоқ. Содан кей­ін мем­ле­кет қазақ тілін ешқа­шан тұғы­ры­на қон­ды­ра алмай­ты­ны­на көзім жетті.

Менің «ДАТ» газетіне айта­тын өтіні­шім бар. Пав­ло­дар облы­стық тіл­дер басқар­ма­сы­ның бас­шы­сы Сәу­ле Оспа­но­ваға қаты­сты айта­тын әрбір сөзі­ме өзім жау­ап бере­мін. Бір­не­ше жыл бұрын «Дио­на» дүкеніне кіріп, қазақ тілін­де қыз­мет көр­се­туді талап еткенім үшін жазы­қты бол­дым. Мем­ле­кет­тік тіл­ге қаты­сты қысым көріп жат­сам, басқар­ма қыз­мет­кер­лерін көмек беру­ге шақы­ра­мын. Ол кез­де Оспа­но­ва басқар­ма бас­шы­сы­ның орын­ба­са­ры еді, кел­ді де маған қысым көр­сетіп жатқан шови­ни­стер­мен бір бөл­ме­ге кіріп, сыбыр­ла­сты да, кетіп қал­ды. Келесі жолы осы дүкен­ге кел­сем, сату­шы­лар: «Аки­мат сам ска­зал, вы им меша­е­те рабо­тать, хотят, что­бы мы сами на вас писа­ли» деп, беті­ме шімірік­пей қарап тұр. Өзінің тілін, ұлтын, мем­ле­кет­тің заңын аяқ асты еткен Сәу­ле Оспа­но­ва қазір облы­стық тіл­дер басқар­ма­сын басқа­рып отыр. Осын­дай қаза­ққа жаны ашы­мас шене­унік­тің атын ел-жұрт біліп жүрсінші!

 

– Демек, облыс әкім­шілі­гінің өзі қазақ тіліне немқұрай­ды­лық таны­та­тын болға­ны ғой.

– Шын­дық осы­ған келіп сая­ды. 1999 жылы Пав­ло­дарға көшіп кел­ген кез­ден бастап есті­генім: «Қазақ тілі деп жақта­ры­ң­ды ашпаң­дар», – деп әкім­шілік тара­пы­нан ескер­ту жасалған екен. Ол кез­де қара­пай­ым инже­нер болған­ды­қтан, тіл мәсе­лесіне ара­ла­са бер­мей­тін­мін. Зауыт­тағы аудар­ма­шы­лар­дан есті­генім. «Алтын тіл» деген бағ­дар­ла­ма­ны енгіз­ген облы­стың бұры­нғы әкі­мі Ғалым­жан Жақи­я­но­втан басқа бір­де-бір әкім қазақ тілін көгер­ту­ге селт етпе­генін ел біледі. Ғалым­жан­нан кей­ін мәң­гүрт неме­се ұлт­тық намысы жоқтар әкім болған сияқты.

 

– Орыс­ша­сы басым қала­да қазақ тілін қорғау жолын­дағы сіздің шын мәнін­де­гі жанқи­яр­лық күресіңіз жөнін­де рес­пуб­ли­ка­лық бас­пасөз­де, әле­умет­тік желілерін­де жиі жазы­лып жүреді. Пав­ло­дар­дағы орыс тілінің үстем­дік етуінің себебін зерт­теп көр­діңіз бе?

– Ресей­мен шека­ра­лас өңір­ді үрей билеп алған. Шека­ра жақын бол­сын-ақ, мем­ле­кет­тің есебі­нен әкім­дік қыз­мет­ке тағай­ын­далған шене­унік толық қаза­қ­ша бол­ма­са да, жина­лы­стың жар­ты пай­ы­зын қазақ тілін­де өткіз­се, Путин келіп, шека­ра­ны жауып, «соғыс» аша қой­мас. Екін­ші­ден, кеңе­стік кезең­нен орыс­ша шүл­дір­леу бой­ла­ры­на сіңіп қалған әдет­тен құты­лу үшін әлі де талай күрес жолы күтіп тұр.

 

– Бұл әдет тек қана облыс әкім­дерінің бой­ла­ры­на сіңіп қалған десек, одан құты­лу­дың жолы жеңіл болар ма еді, егер жоғарғы билік­те­гі пре­зи­ден­ті­нен бастап, мини­стр­лер­ге дей­ін қаза­қ­ша сай­рап жатса?!

– Оған қар­сы айтар уәжім қай­сы?.. Өткен мамыр айын­да пре­зи­дент Назар­ба­ев­тың өзі: «Орыс­ша сұрақ қой­ы­лған­да, қаза­қ­ша жау­ап беретін­дер жау­а­пқа тар­тыл­сын», – деді. Осы­ны айтқан пре­зи­дент сөзін жалға­сты­рып: «кім­де-кім қаза­қ­ша сұраған­да, орыс­ша жау­ап беретін­дер де жау­а­пқа тар­тыл­сын», – деуі керек еді ғой. Ондай сөз аузы­на түс­пе­ді. Енді соның зардаб­ын тар­тып жатыр­мыз. Пре­зи­дент бір ұлтқа екін­ші бір ұлт­ты айдап сал­ды деп ойла­май­мын, бірақ айтқан сөзінің екін­ші жар­ты­сын жұтып қал­мауы керек еді. Билік­те оты­рған мәң­гүрт­тер­ге жәр­дем бер­ді, енді, міне, қоғам екі­ге жарылды.

Пре­зи­дент­ке айтар өтіні­шім, қаза­қ­ша сау­алға орыс­ша жау­ап бер­ген­дер де әкім­шілік жаза­ға тар­тыл­сын деп айт­са, өзге­лер саба­сы­на түсер еді. Кеден­дік одақ пен Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық одаққа мүшелік­ке өтуі­міздің кесірі­нен орыс тіл­ділер аты­на мін­ді, қазақ тілінің жағ­дайы кері кетті.

 

– Жеке басы­ңы­зға қоқан-лоқы көр­сетіп, қуда­лап жүр­ген­дер бар ма?

– Мен өзім­нің елім­де, өзім­нің мем­ле­кетім­де жүріп, қазақ тілін қорғаға­ным үшін жәбір көріп жүр­мін. Тұр­мыстық жағ­дай­да, көлік­ке мін­сем де, дүкен­ге бар­сам да, есті­мей­тін сөзім жоқ. 2006 жыл­дан бері, міне, 11 жыл бойы есті­ме­ген сөзім, көр­ме­ген қор­лы­ғым жоқ. Поли­ция шақы­ра­ды, теле­фо­ным­ды тар­тып ала­ды, боқтай­ды. Соңғы бір-екі-үш жыл­да қаза­қтың бір мәң­гүрт әйелі қолын да көтер­ді. Авто­бу­стың кон­дук­тор­ла­ры итеріп, мені түсіріп тастай­тын да кез­дер­ді бастан өткізіп жүр­міз. Билік бол­са, әлем­де ешқан­дай мем­ле­кет өзгенің тілін­де сөй­ле­мей­тінін ұқпай-ақ қой­ды. Масқа­ра емес пе?!

Ал облыс, қала бас­шы­лы­ғы мен секіл­ді қазақ тіл­ді қауым­ның құқы­ғы аяққа басы­лып жатқа­ны­на селт еткен емес. Бүкіл Қаза­қстан шулап, менің күресім­нің дұрыс екенін айтып жат­са да, олар­дың тара­пы­нан бір сер­піліс болған жоқ.Тәуелсіздігімізді сақтап, рухы­мыз биік бол­сын десек, ертең­гі күні Ресей­дің губер­ни­я­сы, Қытай­дың про­вин­ци­я­сы болып кет­пей­міз десек, қазақ тілінің мем­ле­кет­тік мәр­те­бесін көте­руі­міз керек.

 

– Осын­дай жағ­дай­да тіл жолын­дағы күре­стен бас тар­тай­ын деген ой туын­да­май ма?

– Менің басы­ма ешқа­шан сон­дай ой келіп көр­меп­ті. Өзім­нің түсіні­гім, ғасыр­лар бойы бодан­ды­қта тап­талған ата-баба­ла­рым­ның ару­ағы маған рух беріп тұра­тын сияқты. Алған бетім­нен қайт­пай­мын, түңіл­сем – өзім­ді-өзім сатқа­ным емес пе?! Билік басын­дағы­лар­дың әлем алдын­да қазақ тілін­де сөй­ле­мей­тін­дері әшке­ре бол­ды, енді өз ұлтын күл­кі­ге қал­дыр­ма­са екен. Қаза­ққа «қаза­қ­ша сөй­ле» деген­нің өзі есті­ген құлаққа түр­пі­дей тиеді.

Бұл нені біл­діреді? Бұл бүгін­де облыс әкім­ді­гін басқа­рып оты­рған Боқа­у­овтың да, қала­ны басқа­рып оты­рған Әшім­бе­то­втің де мем­ле­кет­тік тіл­ді қол­да­май­ты­нын, оларға мем­ле­кет­тік тіл үшін жәбір көріп жүр­ген аза­мат­тың жанай­қайы маса­ның ызы­ңын­дай да әсер етпей­тінін көрсетеді.

Жасым біразға кел­ді, маған қарап тұрған бала-шаға жоқ, сон­ды­қтан мәсе­ле тығы­ры­ққа тірел­ген шақта трам­вай­дың да асты­на түс­пек­ші болып едім, аман қал­дым, ашты­қтан да аман қал­дым, оған билік ара­ла­сты. Менің талап­та­рым­мен келі­сетін­дерін айта­ды. Соңғы бір жағым­ды жаңа­лық – тіл­дер басқар­ма­сы қазақ тілін қыз­мет көр­се­ту орын­да­ры қалай қол­да­на­ты­ны жөнін­де мони­то­ринг жасай­тын­да­рын айт­ты. Мені­мен ақыл­дас­пай жасаға­лы жатқан­да­ры­на рен­жідім, өйт­кені менің қолым­да ұзын-сонар тізім бар. Олар бол­са, өз бет­тері­мен тек­серіп, жама­нын жасы­рып, жылы жаба қой­мақ. «Руза Бей­сен­бай­те­гі елді босқа шула­тып жүр», – деп, менің артым­нан шырақ алып түс­пек. Екі апта бойы менен қашқан әкім­нің орын­ба­са­ры Беген­та­ев­пен де кез­де­стім: «Сіз Сәу­ле Оспа­нов­ның орын­ба­са­ры болы­ңыз», – деген ұсы­ны­сын айт­ты. Тілі мен ұлтын сатқан ада­мға өліп кет­сем де орын­ба­сар бол­мас­пын. Мони­то­ринг арқы­лы жұмыс жасай­мыз деп отыр. Әкім­шілік­ке жаңа жылға дей­ін уақыт бер­дім, тізім­де­гі меке­ме­лер­дің қазақ тіліне қаты­сты жағ­дайы түзел­ме­се, соңы жақ­сы­лы­қ­пен біт­пей­ді деп, кесім­ді сөзім­ді айт­тым. Кез кел­ген тәу­е­кел­ге дай­ы­н­мын. Рес­пуб­ли­ка біл­сін – ұра­ным: «Тілім үшін өзім де өле­мін, әкім­дік­те­гі қар­сы­лар­ды да тірі қал­дыр­май­мын!» – деп отырмын.

 

– Ал өзінің ана тілін қорғау жолын­да орыс тілі үстем болып оты­рған өлке­де­гі қазақ жігіт­тері неге бел­сен­ділік таныт­пай­ты­нын біле алды­ңыз ба?

– Өкініш­ке қарай, мұн­дай жағ­дай Қаза­қстан бой­ын­ша орын алып отыр, басқа не айта ала­мын?! Бір­ша­ма бет­ке ұстар, маң­дай­ы­мы­зға біт­кен жұл­ды­зда­ры­мыз бар, олар­ды өздеріңіз де, бар­ша жұрт та біледі. Деген­мен, жастар­дың басым бөлі­гі енді-енді «оянып» келе жатқан сияқты. Ұлт­тық сана-сезім­ге сәу­ле түсті ме, әйте­уір еңсе­мізді көте­ретін жаста­ры­мы­здың бар екеніне Алма­ты­дағы сотқа кел­ген жастар­ды көріп, шүкір­шілік етем.

 

– Сіз біздің газет­ке бер­ген бұры­нғы бір сұх­ба­ты­ңы­зда «қазақ тілін қорғай­мын деп, оры­стар­дың орта­сын­да әбден жексұрын бол­дым» деген­дей пікір біл­дір­ген едіңіз. Осы жағ­дай сізді мезі етіп, шар­шатқан жоқ па?

– Жоқ, мен ешқа­шан шар­ша­май­мын! Шама­мен 40 жасқа кел­ген кез­де «мен кім едім, менің ұлтым, халқым кім» деген сау­ал­ды өзі­ме қой­ған едім. Мен осы қазақ деген киелі ұлт­тың бір ғана там­шы­сы­мын. Сон­ды­қтан жеке басым жексұры­н­мын ба, жоқ па – ол жағы­на алаң­да­мауым керек деп шештім. Өзім­ді қазақ тілі жолы­на (егер солай айтуға бола­тын бол­са) құр­бан­ды­ққа шал­дым. «Оры­сқұл» қаза­қтарға жексұрын болға­ным ғана өкінішті.

Қай­тей­ін, алаң көңілім басы­лар түрі жоқ. Шека­ра­мыз ашық жатыр. Қаза­қстан­ды қаза­ққа тол­ты­ру үшін, орал­ман ағай­ын­дар мәсе­лесін қорға­у­шы­ларға қар­сы топ пай­да бол­ды, әртүр­лі қитұрқы әдістер­мен заң дең­гей­ін­де кедер­гі салып әлек болуда.

Елдің тұта­сты­ғы­мен, қауіп­сізді­гі­мен ешкім­нің ойнағы­сы кел­ме­се, сол қар­жы қатаң бақы­ла­у­ға алы­нуы қажет. Шалғай­да жатқан қан­даста­ры­ңы­здың сөзіне құлақ түріп, елдің ішін­де­гі қазақ тілінің жағ­дай­ын сұрап-біл­ген­деріңіз үшін сіз­дер­ге де көп рахмет!

 

– Әділет­ке жетудің жолы қашан да ауыр ғой, Руза ханым! Қазақ тілі үшін күрес жолын­дағы еңбе­гіңіз жансын!

Бақыт­гүл Мәкімбай,

«

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн