Суббота , 5 июля 2025

Бұндай көнгіштік ҰЗАҚҚА БАРА МА?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №37 (401) от 12 октяб­ря 2017 г.

 

Желі­де­гі жазбалар

 

АнекDAT

 

Алмаз­бек Атам­ба­ев­тың қазақ билі­гі тура­лы сөзі­нен кей­ін екі дос – қазақ пен қырғыз өза­ра дау­ла­сып қапты.

Қырғыз: Біз бас­шы­ны халы­қ­пен үне­мі сана­суға, оның пікірін еске­ру­ге үйрет­тік. Мыса­лы, Біш­кек­те­гі пре­зи­дент кең­сесінің алды­на барып: «Сен, Атам­ба­ев, билік­те болған­да, қазы­на­дан бір сом ұрла­саң, үкі­мет қыз­метіне тек өз жақы­ны­ң­ды жисаң, осы қазір тырқы­ра­тып қуа­мын!» деп бетіне айта ала­мын. Ал сен ше?

Қазақ: Бәлі, сол да сөз боп па?! Мен де Аста­наға – Ақор­да­ның алды­на шығып: «Әй, Алмаз­бек Атам­ба­ев, билік­те қазы­на­дан ештеңе ұрлаған жоқ­сың ба, жоға­ры қыз­мет­ке тек жақы­ны­ң­ды тарт­па­дың ба, бай­қа!» деп айғай­лап тұрып айта аламын.

• Кен­же­бек Тыны­ба­ев­тың ФБ-парақшасынан

 


 

 

Кей кез­дері билік­ке таңым бар. Жанар­май тап­шы­лы­ғы­на осы екі-үш шен­ді кінәлі, міне, сазай­ла­рын бер­дік­пен мәсе­ле шешіл­мей­ді. Бұн­дай қулы­ққа 100 рет алданған халық 101-рет­те сенеді деп кім айт­ты? Мұнай нары­ғы мен баға­ның жасақта­лу үрдісін айқын етпей, мұн­дағы арам ойын­шы­лар мен дел­дал­дар­дың былы­ғын ашпай, шен­ділер­дің ауыз жаласқа­нын тый­май, моно­по­ли­я­лар­ды құрт­пай, дәне­ме де өзгер­мей­ді: мұнай зауыт­та­ры сол күйі ең керек кез­де жөн­де­у­ге жабы­ла­ды, баға­лар үйрен­шік­ті түр­де шары­қтай­ды, тоз-тозы шыққан халық нара­зы бола­ды да, сосын басылады.

Мәсе­ле сол – ұза­ққа бара қояр ма бұн­дай көн­гі­штік? Отпен ойнау ғой.

Расул ЖҰМАЛЫ

 

 

 

Дамуы­мы­здың долбарын

ЕЛ КӨРІП ОТЫР ҒОЙ

 

Атам­ба­евқа рен­жіп, жау­ап қай­тарған біздің пре­мьер-министр Сағынтаев:

«Біз дамы­ған 50 мем­ле­кет қата­ры­на кір­дік, т.т.» –деп, өтірік жетістік­тер­ді тіз­бе­леп беріпті.

– Дамы­ған мұнай­лы елде енде­ше неге жанар­май жоқ, бол­са неге қымбат?

– Тех­ни­ка­сыз, күрек­пен қаз­са шыға­тын елде неге көмір жоқ?

– Дамы­ған Ұлы дала елінің тең жар­ты­сы неге квар­ти­рант боп жүр?

– Тәу­ел­сіз ел бол­сақ, ана тілі­міз неге жетім бұры­штан сыға­лап жүр?

– Тәу­ел­сіз, поли­гон­сыз ел бол­сақ, шетел­дің улы зымы­ран­да­рын неге Ұлы дала­мы­зға қабыл­дай бересіздер?

– Тәу­ел­сіз, демо­кра­ти­я­лы ел бол­сақ, ұлтын-жерін сүй­ген аза­мат­тар­ды қуда­лап, қамауға неге дай­ын тұрасыздар?

– Дамы­ған 50 елге кір­діңіз­дер деп қай ел біз­ге қызы­ға қарап жатыр? Әйте­уір кім-көрін­ген шетел­дік­тің бәрі миы­ғы­мен күлу­де ғой.

– Ей, Сағын­та­ев мыр­за! «Дамы­дық, даму­да­мыз», – деп, өтірік қоры­тын­ды жасай бер­ген­ше, шынайы дамуға неге ынталанбайсыздар?

Қазақ елінің қалай дамып жатқа­нын ел көріп отыр ғой…

Aibolat Bukenov

 

 

 

ҚАПТАҒАН ҚАЛЫҢ ҮТІР

қаза­қты кәріс қыл­май ма?

 

Бұлар бәрінің жағ­дайы да, ойы да өздерінікін­дей деп ойлай­ды-ау дей­мін: бүкіл қазақ шетел­ге шығып, сол жақта жүріп, қолын­дағы ноут­бу­гы­мен жазып, жұмыс істей­тін сияқты… Оу, бұ жақта да біраз адам қалай­ын деп отыр­мыз, ең әуелі осы елде тұрып, оқып, жаза­тын адам­дарға ыңғай­лы жағын ойласаңыздаршы!

 

Кеше фут­бол көр­дім: түрік төре­шісінің аты-жөнін Cüneyt Çakır деп жазып, Джү­нейт Чакыр деп дұрыс оқып жатыр (Сунейт Какир екен деп оты­рған жоқ). Түрік әлі­п­биі бүкіл Еуро­па-Аме­ри­каңы­зға таныс. Ақы­ры біздікілер өзі­міз­ден бұрын Еуро­па-Аме­ри­каға түсінік­ті бол­са екен деп отыр екен (как буд­то соларға қазақ тілі керектей), неге Тіл білі­мі инсти­ту­ты­ның түрік үлгісі­мен жасалған нұсқа­сын ала сал­май­ды? Ертең қаза­қтан Әлиға­зы Өңе­шов деген бір төре­ші шығып, халы­қа­ра­лық маңы­зды мат­чқа қазы­лық етсе, олар мына (A’li’g’azy O’n’es’ov) қап­таған қалың үтір­ді көріп, А‑ли-г-ази О‑н-еш-ов деп, кәрістер­ше (Ким Пак Сун) бөліп оқу керек екен деп отыр­ма­сы­на кім кепіл?

Мен латын әлі­п­биі деген баста­ма­ны біздің елде­гі «улап-шулап кірісіп, баста­лай­ын деп қалып, ақы­ры қожы­рап, тоқтап тына­тын» сан­сыз көп шару­а­ның бірі деп ойлай­мын (осы 26 жыл­да толы­ғы­мен біт­кен бір іс есім­де жоқ). Сон­да да көріп оты­рған соң, кей­де үнсіз қала алмайсың…

Сәкен СЫБАНБАЙ

 

 

 

АТАМБАЕВҚА РИЗА БОЛДЫМ

Ауы­лға барып, бақыт­ты күн­дерім­нің бел­гілерін іздеп, біраз жүр­дім. Тапқа­ным – ұқса­май­ды, таны­ға­ным – таңқал­дыр­май­ды. Бала кезім­де­гі­дей емес. Бұры­нғы у‑шу көше­лер тыныш. Дяд Умут­тың газ­во­да сата­тын киос­кісі жоқ. «Әй, аузы­ңа сией­ін, бері кел!» – дей­тін Тіле­ужан апам­ды есі­ме алдым! Әкем жұмыс істе­ген ГОХ-ты (Гос. ондат­ро­вое хозяй­ство) іздедім. Тап­па­дым. Ана­уы да ұна­май­ды, мына­уы да дұрыс емес! Бір мора­лист болдым!

 

Алма­ты­ға қай­тып барам. Өзім өстім, өндім, өзгер­дім, ал ауыл менің бала кезім­де­гі­дей қатып қалу керек екен?! Музей сияқты! Не деген эгоизм?!

Қырғыз Рес­пуб­ли­ка­сы­ның пре­зи­ден­ті Атам­ба­ев­тың Назар­бай тура­лы сөз­деріне риза бол­дым! Билік­тің жан­дай­шап­та­ры Атам­ба­ев­тың бұры­нғы сөй­ле­ген сөз­дерін кел­тіріп, «жігіт­тің екі сөй­ле­гені – өлгені» деп қояды. Өтірік сөй­ле­гені – рас, жағым­паз­данға­ны – рас. Сол өтірік қал­пы­нан тан­бай қалу шарт па?! Бөтен мем­ле­кет­тің сая­си науқа­ны­на ара­ла­сып, пре­зи­дент­тік сай­ла­у­ы­на өз кан­ди­да­тын тық­па­лау деген сая­си сау­ат­сыздық емей – не енді?! Пікірі, әрине, өзгерді!

Назар­бай­дың шестер­ка­ла­ры мен сау­ат­сыз мора­ли­стеріне жалын­ды сәлем!

Болат АТАБАЕВ

 

 

 

Қытай Ресей­ді «лақты­рып»,

АМЕРИКАҒА БЕТ БҰРДЫ

 

Helgi Sharp:

Кис­син­джер инсти­ту­ты соңғы 25 жыл­да аме­ри­кан­дық сая­сат (Екін­ші д/ж соғы­стан кей­ін халы­қа­ра­лық аре­на­да басым­ды­ққа ие бола бастаған) либе­рал­дық құры­лым­ды әлем бой­ын­ша жаһан­дан­ды­руға бағыт­талған деген қоры­тын­ды­ға келді.

 

Осы мақ­сат­та Уашинг­тон бұл систе­маға Ресей мен Қытай­ды терең инте­гра­ция жасау және дипло­ма­ти­я­лық, эко­но­ми­ка­лық фак­тор­лар арқы­лы осы елдер­ді өз орби­та­сы­на тар­тып, олар­дың ара­сын­да Уашинг­тон мен аме­ри­кан­дық құн­ды­лы­қтар бұры­нғы­дай басым­ды­ққа ие болып қала беретін­дей және аталған елдер­ді де қанағат­тан­ды­ра­тын­дай жүйе орнатқы­сы кел­ді. Соңғы жыл­дар­дағы оқиға­лар тіз­бесі АҚШ-тың бұл жос­па­ры­нан бас тарт­паға­нын, бірақ РФ-ны тізім­нен сызып тастап, Қытай­ды «жұм­сақ қолға үйре­ту» сая­са­ты­на күш салып оты­рған­ды­ғын көрсетті.

Неге? Өйт­кені Ресей­де­гі өрке­ни­ет құн­ды­лы­қта­ры­ның даму эво­лю­ци­я­сы әзір­ге баты­стық үлгі­де­гі жаһан­дық инте­гра­ци­яға дай­ын деп айтуға кел­мей­ді деген қоры­тын­ды жасал­ды. Сөй­тіп, бар­ри­ка­да­ның арғы бетін­де басқа әлем қолын бір сіл­те­ген: оларға бас үйре­ту­ге тек қана қам­шы қол­да­ну керек деген үш вар­вар ел қалып­та­сты (РФ, Иран, КХДР).

Бұл сая­сат­тың мақ­са­ты айқын – алды­мен олар­ды әбден эко­но­ми­ка­лық әлсіре­ту, сосын жапон­дық неме­се гер­ман­дық үлгі­де «құтқа­ру».

Мәсе­лені әске­ри жол­мен шешу мүм­кін емес, өйт­кені олар­да ядро­лық қару бар және оны қол­да­ну­дан жүзі жан­бай­тын иди­от­тар басқа­рып отыр.

Қытай­мен мәсе­ле мүл­дем басқа. Еске түсірей­ік – АҚШ «тома­гав­кілер­мен» Сири­ядағы РФ база­сын атқы­лап жатқан­да, Си Цзинь­пин Трамп­тың Мар-а-Лаго­дағы үйін­де қабыл­да­уда отыр­ды және өзінің гео­са­я­си одақ­та­сын құтқа­руға тіп­ті сау­сағы­ның ұшын да қимыл­датқан жоқ.

Мұн­дай жағ­дай осы­дан 5 жыл бұрын болуы мүм­кін бе еді? Мүм­кін емес еді.

Содан кей­ін Пекин­ге сауда жеңіл­дік­тері бастал­ды және 15-тей бір­не­ше мил­ли­ард­тық кон­трак­тілер­ге қол қойылды.

Қазір Трамп Пекин­ге жина­лып жатыр. Құр қол емес, әр сала бой­ын­ша екі жаққа да тиім­ді ұсы­ны­стар пакеті­мен барға­лы жатыр.

Бұл визит­ті дай­ын­дау үшін Тил­лер­сон Қытай­ға кел­ді, ол күні кеше ғана РФ-ға қар­сы санк­ци­я­ларға жау­ап­ты болып бекітіл­ген. Мем­хат­шы Қытай бас­шы­сы­мен кез­десіп те үлгер­ді, өза­ра сауда мәсе­ле­лері, КХДР-мен арақа­ты­нас, алдағы АНЫҚТАУШЫ визит жайы талқыланды.

Шама­сы, Пекин­ге жаңа пре­фе­рен­ци­я­ларға уәде беріл­ген сияқты, өйт­кені кеше Қытай 1 қаңтарға дей­ін елде­гі бар­лық КХДР кәсі­по­рын­да­ры жабы­луы керек деп мәлім­деді. Мұн­дай жағ­дай осы­дан 5 жыл бұрын болуы мүм­кін бе еді?

Ал бұл уақыт­та Ресей не істе­ді? Дым да. Өйт­кені ол жаһан­дық мәсе­ле­лер­ді шешу­ден демон­стра­тив­ті түр­де шет­тетіл­ген. Тіп­ті Сол­түстік Корея мәсе­лесі­нен де. Өйт­кені өзі сол изгой елмен бір қатарға қойылған.

Иә, Кремль бұрқыл­дап, аузын бұр­ти­тып отыр, бірақ ол бұрқыл қазір әлем­дік көш­бас­шы­лар­дың бірінің бұрқы­лы ретін­де емес, өлім алдын­да жатқан науқа­стың ақы­рғы дем шыға­руын­дай қабыл­да­на­тын болған.

Тағы бір тосын сый – Трамп­тың Пекин­ге сапа­ры­мен бір­ге қара­ша­ның 2‑жартысында РФ-ға салы­на­тын жаңа санк­ци­я­лар. Демон­стра­тив­ті түр­де салу жос­пар­ла­нып отыр, ал Пекин тағы да, «Тома­гавк соққы­сы» кезін­де­гі­дей, демон­стра­тив­ті түр­де үнде­мей қала­ды. Өйт­кені тұрақты достар деген бол­май­ды, тұрақты мүд­де­лер ғана бар.

Осы үшін Қытай аса шап­шаң (тари­хи тұрғы­дан алған­да) жыл­дам­ды­қ­пен бұры­нғы одақ­та­ста­ры қазір изгой елдер­ге айналған­дар­дан теріс айна­лып, қазір­гі әлем­дік құры­лым­ның орта­лы­ғы­на бет бұру­да. Ал Уашинг­тон қарым­та ретін­де жаңа одақ­та­сы үшін капи­тан мости­гі­нен сәл-пәл ығы­сып, оған орын беру­ге дай­ын. Диа­лек­ти­ка ғой…

Қуа­ныш ЕДІЛХАНТЕГІ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн