Суббота , 5 июля 2025

ТОРҒАЙДАҒЫ ҚҰПИЯ КЕҢЕС ракета қалдықтарын қымтап қала ма?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №37 (401) от 12 октяб­ря 2017 г.

Жер киесін кім ойлайды?


Елі­міз­де ғары­штық тех­ни­ка­ның адам естіп көр­ме­ген жетісті­гіне баға­лап, бөр­кін аспанға атып, қуанған «Союз‑2» зымы­ра­ны халы­қа­ра­лық OneWeb жоба шең­берін­де орби­таға шыға­ры­ла­тын бол­ды. Шыға­ры­лға­ны бар бол­сын, оның қал­ды­қта­ры қаза­қтың тек­ті жері, тари­хи бөлі­гі іспет­ті әрі тек қалың қазақ қана орна­ласқан Жан­гел­дин ауда­ны­ны­ның жеріне, яғни жер­гілік­ті тұрғын­дар­дың басы­на түсетін бол­ды. Мұны енді қуа­ны­шты хабар деу­ге аузы­мыз бара қоймас.

Алай­да ғарыш сала­сын басқа­ра­тын әрі оған жау­ап­ты лау­а­зым­ды жан­дар мұны жай ғана өндірістің қал­ды­ғы ретін­де болып жата­тын, әншей­ін­де ешкім де назар ауда­ра бер­мей­тін, тіп­ті айтуға да тұр­май­тын дүни­е­лер­дің қата­ры­на жатқы­за­тын сыңай­лы. Сон­ды­қтан да шығар, аяқ асты­нан бейне бір әске­ри құпия есеп­ті ғары­штық зымы­ран­дар­дың ұшы­ры­луы­ның эко­ло­ги­я­лық қауіп­сізді­гі жөнін­де­гі қоғам­дық тың­дау деген құпия мәжілісті облы­ста неме­се Аста­на­да емес, сонау шағын ғана Торғай ауы­лын­да (ол Қоста­най қала­сы­нан 500 шақы­рым­нан асып жығы­ла­ды) ың-шың­сыз өткі­зе салып­ты. Ондағы мақ­сат, әрине, халы­қтың басы­на зымы­ран қал­ды­ғы құлап, жұрт­тың зәресін әбден ұшы­рған өзек­ті тақы­рып­ты ешкім­ге сездір­мей, ылдым-жыл­дым өткі­зу екен­ді­гі белгілі.

Екін­ші­ден, бұл жер­ге аяқ асты­нан жина­лып, зымы­ран­ның құлау себеп­тері­нен жақ­сы хабар­дар, оның сал­да­рын нақты дәлел­дер­мен түй­ін­деп беретін халы­қтық, яғни тәу­ел­сіз сарап­шы­лар­дың шақы­рыл­маған­ды­ғы бел­гілі. Шағын ғана ауыл­дан ғары­штық мәсе­ле жай­лы ғылы­ми фак­ті­ге негіз­дел­ген пікір айта­тын адам қай­дан табыл­сын?.. Демек, мұн­дағы жина­лы­стың мәні де «Аш құлақтан тыныш құлаққа» ұқсайды.

Біздің бұл күмәні­мізді осы­нау шағын ғана ауы­лға жиналған жоға­ры лау­а­зым­ды адам­дар­дың көп­ті­гі­нен де бай­қа­дық. Мұн­да тіп­ті «Рос­кос­мос» мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­сы­ның біл­дей бір өкілі қаты­суға құлық біл­діріп­ті. Бұлар­дың бар­лы­ғы да зымы­ран­ның ұшы­ры­луы зама­ны­мы­здың аса ірі жетісті­гі екен­ді­гін, оның адам бала­сы­на әке­лер жақ­сы­лы­ғы көп екен­ді­гін, тіп­ті қыза-қыза келе, осы жақ­сы­лы­қтың бір шеті Торғай­ды да қам­ти­тын­ды­ғын мақта­на айтып өтіпті.

Алды­мен облыс әкі­мі Архи­мед Мұхам­бе­тов сөз сөй­леп, бұл қоғам­дық тың­да­уда осын­да тұра­тын әрбір тұрғын­ның пікірі ескерілетін­ді­гін (сон­да бұлар әр үйге кіріп, әр отба­сы­ның мүше­сі­мен сөй­лесіп шыққан ба?), оның үстіне облы­стық әкім­дік ҚР Қорға­ныс және аэроға­ры­штық өнер­кәсіп мини­стр­лі­гі­мен кеңі­нен түсінік жұмыста­рын жүр­гі­зетін­ді­гін жеткізді.

Ғажап қисын екен! Ау, әркім­нің пікірі ескеріл­се, кеңі­нен түсінік жұмыста­рын жүр­гізіп қажеті не? Әлде оның бұл пікірі қар­сы­лар­ды өзін­ше қорқы­тып-үркітудің айла-шарғы­сы ма?

Ал енді келесі шешен – атал­мыш мини­стр­лік­тің бас­шы­сы Бей­біт Ата­мқұ­лов елі­міз тәу­ел­сіздік алған жыл­дар ішін­де ғарыш сала­сын­да ғала­мат жетістік­тер­ге жет­кен­ді­гін май­ын тамы­зып айтып бер­ді. Соны­мен тоқталды.

Оның вице-мини­стрі Марат Нұрғо­жин бол­са, Жан­гел­дин ауда­ны зымы­ран қал­ды­ғын қалай пай­да­ла­ну керекті­гі жай­лы сөз қозғап­ты. Біз жоға­ры­да атап өткен «құр­мет­ті» қонақ – «Рос­кос­мо­стың» өкілі В.Митин жер бетіне жұмақ орна­та­ды деп ойлай­тын халы­қа­ра­лық OneWeb жоба­сы үшін бұл аудан­ның аса қажет екен­ді­гін (Ресей­дің жері емес қой, несіне жаны ашы­сын), ол бүкіл әлем­ге, оның ішін­де осы аумаққа да кең жолақты интер­нет әке­летін­ді­гін, бізді соны­мен қарқ қыла­тын кере­мет жақ­сы­лық жасап тұрға­нын айтып, әй, бір көсіл­ді дерсің!

Ал өзі­міздің ҚР Қорға­ныс және аэроға­ры­штық өнер­кәсіп мини­стр­лі­гі Аэроға­ры­штық коми­тетінің «Бәй­те­рек» «Бір­лес­кен Ресей–Қазақстан» кәсі­пор­ны» акци­о­нер­лік қоға­мы­ның өкілі Жұма­тай Қаз­ни­я­зов «Союз‑2» зымы­ра­ны­ның өте сенім­ді екен­ді­гін, ол бар­лық халы­қа­ра­лық эко­ло­ги­я­лық талап­тарға толық сай келетін­ді­гін айтып, зымы­ран­ның бетіне жел тигіз­бей жат­са, сол мини­стр­лік­тің Аэроға­ры­штық ком­тетінің «Ғарыш-эко­ло­гия» ғылы­ми-зерт­теу орта­лы­ғы­ның бас дирек­то­ры Жай­лау­бай Жұба­тов зымы­ран қозғал­тқы­шы­ның суте­гі­мен және керо­син­мен жұмыс істей­тін­ді­гін айтып, оның қор­шаған ортаға тигі­зетін әсері болар-бол­мас қана деп, сенім­сіздік таны­тқан жұрт­ты өзін­ше жұба­тып бақты. Мұның «болар-бол­мас» деген ұғы­мы­ның шын мәнін­де қан­ша­лы­қты зиян екен­ді­гін тиісті маман­дар біл­ме­се, алыс аудан­дағы қай­ма­на қазақ біле қояр деудің өзі күл­кілі секілді.

Айт­пақ­шы, «болар-бол­мас» деген­нен шыға­ды, осы үсті­міз­де­гі жыл­дың мау­сым айын­да «Союз-1А» зымы­ра­ны­ның бір бөлі­гі Жезқазған қала­сы­нан 40 шақы­рым жер­ге құлап, оның ала­пат өрт­ке ұласқан­ды­ғын ешкім ұмы­та қой­мас. Өрт­тен екі қазақ аза­ма­ты қаза тапқан еді. Қай­ы­ру бер­мес өрт­ті тоғыз сағат бойы әзер сөн­дір­ген. Сон­да әлгі «Рос­кос­мос» дей­тін жалғыз төре­ші­міз (әрі биі­міз) оның себебін ауа рай­ы­на жаба салған еді. Яғни, бәріне кінәлі қат­ты ыстық пен жел екен.

Ал бұл еке­уі елі­міздің басым бөлі­гін­де үне­мі болып тұра­тын құбы­лыс екен­ді­гін ескер­сек, көр­ші­міздің маман­да­ры­ның кел­тір­ген дәлел­сы­мақта­ры шылғи өтірік екен­ді­гін түсі­ну қиы­нға соқ­пас. Және ол бұлар­дың нешін­ші өтірі­гі екен­ді­гін де ұмытыппыз.

Жә, оны кім санап көр­ді дей­сің. Қазір­гі біздің ғары­штың маман­да­ры ешкім бара алмай­тын жер­де бас қосып, халы­қты күмән­ді фак­тілер­мен алдарқа­ту­мен ғана айна­лы­сып жүр десек, аса қате­ле­се қой­мас­пыз. Әлде шын­ды­ққа көз жет­кі­зу үшін келесі бір зымы­ран­ның зымы­рап келіп, тас төбе­міз­ден түсуін күтіп оты­ра бере­міз бе?

Амал жоқ. Мақа­ла­мы­зды осын­дай сары­уай­ым­дық сары­н­мен аяқта­уға мәж­бүр­міз. Өйт­кені қазақ жеріне зымы­ран қал­ды­қта­ры­ның құла­уы жақ­сы, одан жер­гілік­ті халық пай­да таба­ды, тұр­мысын түзей­ді деген уәж­ден ешқан­дай оңды нышан бай­қап оты­рған жоқпыз.

Жай­бер­ген БОЛАТОВ,

Қоста­най қаласы,

Abai.kz


Comments

Түңіл­ген:

Кеңес зама­нын­да «Бай­қоңыр­дан» ұшқан кос­мос кораб­лі Арқа­лық, Қоста­най, Ақмо­ла облы­ста­ры­ның үсті­мен ұшып, қал­ды­қта­рын сол облы­стар мен Урал тау­ла­ры­на тастай­тын. Кеңес Одағы тараған­да, кос­мос кораб­лі де ұшпай қал­ды. Аталған облы­стар­мен қоса Қызы­лор­да облы­сы­ның да эко­ло­ги­я­сы жақ­са­рып, аң-құстар көбейе бастаған бола­тын. Назар­ба­ев Ресей­ге жалы­нып жүріп, «Бай­қоңыр» кос­мо­дро­мын қай­та жаңғыр­тқан соң, Қаза­қстан­ның эко­ло­ги­я­сы қай­та­дан адам айтқы­сыз сұм­ды­ққа душар болу­да. Жиыр­ма­сын­шы ғасыр­дың соңын­да Қаза­қстан­ның аста­на­сын Цили­но­гра­дқа көшір­ген­де, үсті­ме раке­та құла­уы мүм­кін деп, Назар­ба­ев раке­та­ның ұшу бағы­тын сол­түстік-шығы­сқа қарай бұрғы­зды. Одан кей­ін ұшқан раке­та­ның қал­ды­қта­ры Шығыс Қаза­қстан тер­ри­то­ри­я­сы­на құлай­тын бол­ды. Енді шал­дың қар­тай­ып, ден­са­улы­ғы көп дема­лы­сты қажет етуіне бай­ла­ны­сты Шығыс Қаза­қстан­ның Зырьян, Катон-Қарағай аудан­да­рын­да назар­ба­ев­тар­дың дема­лыс орын­да­рын салуы­на бай­ла­ны­сты реке­та­ның қал­ды­қта­ры мен геп­тил­дің зия­ны­нан құты­лу үшін, раке­та­ның ұшу бағы­тын қай­та­дан бұры­нғы­дан сәл баты­сқа қарай, Арқа­лық жаққа ауда­рып жатқа­ны ғой.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн