Суббота , 5 июля 2025

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ КӨРМЕГЕН «оқымыстыдан» не пайда?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №37 (401) от 12 октяб­ря 2017 г.

 

Пай­ым патшалығы

 


Әп деген­нен әңгі­менің ашы­ғын айт­сақ, не мек­теп­те, не уни­вер­си­тет­те ұлт­тық тәр­бие алмаған ұл-қыз он жер­ден, жүз жер­ден білім­ді бол­са да, ол ұлты­на, туған еліне зәр­ре­дей де пай­да кел­тіретін, осы қос киелісіне адал қыз­мет ететін адам болып шық­пай­ды. Кей­біре­улер­дің өті жары­лып кет­се де айтай­ық, Қаза­қстан­ды ұрлап-жыр­лап шетел­дер­ге қашып кетіп, көшіп кетіп жатқан­дар­дың, шетел­де оқып, сон­да қалып қой­ып жатқан­дар­дың, шетел­дік­ке күй­е­у­ге тиіп жатқан­дар­дың бәрі дер­лік орыс­ша оқы­ған, орыс­ша сөй­лей­тін, не үйін­де ұлт­тық тәр­би­е­ден мақұ­рым өскендер.

 

Әттең, осы­ның бәрі ешкім­ге, ешбір өзге елге тәу­ел­сіз мем­ле­кет атанға­ны­на 26 жыл болған Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сын­да (Қазақ мем­ле­кеті десек, бәле­ге қалар­мыз!) болып жатқа­нын шыққыр көзің көріп-ақ отыр. Осы 26 жыл­дан бері қаза­қтың ғасыр­лар бойы Ресей­дің таба­ны астын­да тап­та­лып қалған ұлт­тық намысын, ұлт­тық сана­сын оятар­лы­қтай бір­де-бір не қау­лы-қарар, не заң қабыл­данған жоқ. Ал ұлт­тық намысты ояту­дың ең басты шар­ты – ұрпаққа ұлт­тық тәр­бие беру. Біздің билік басын­дағы­лар бұн­дай тәр­бие беруді ең әуелі бала­бақ­ша­дан, мек­теп­тер­ден баяғы­да-ақ баста­уы керек еді. Өйтудің орнына…

Иә Қаза­қстан билі­гін­де­гі кей­біре­улер өйтудің орны­на ұлт­тық рухы­ңа қарай ілгері басқан аяғы­ң­ды кері кетіру­ге тыры­су­да ма деп те қорқа­мыз. Ұлт­тық тәр­бие, ұлт­тық педа­го­ги­ка деген­де, қазақ-түрік лицей­лері еске түседі. Осы лицей­лер­де­гі тәр­би­енің өзге­шелі­гі, әсіре­се онда оқи­тын ұл-қызда­ры­мы­здың өзге­ше ина­бат­ты­лы­ғы, өзге­ше сыпайы, кіші­пей­іл­ді­гі, білім­ділі­гі, тәр­тіп­тілі­гі тура­лы Алма­ты мек­теп­терін­де дәріс беретін мұғалім­дер­ден алғаш естідім. Олар сол лицей­лер­де­гі тәр­би­елік-әдісте­ме­лер­дің өзге­шелі­гі, бала­лар­дың білім­ділі­гі тура­лы айтқан­да, аузы­ның суы құри­ты­ны­на таң қалдым.

Барып көр­дім. Нет­кен ғажап десеңіз­ші! Ондағы мұғалім­дер мен бала­лар­дың «Асса­ла­муәлей­кум!» деп сон­дай бір сүй­кім­ді жүз­бен аман­дасқа­ны­нан бастап, сіз­бен сөй­ле­су мәнері, жүріс-тұры­сы адам­ды иманға ұйы­тып тұрған­дай әсер ете­ді. Бұл лицей­лер­ді тәмам­дап шыққан ұл-қыздар­дың білім дең­гейі де, мәде­ни­ет­тілі­гі де біздің үйрен­шік­ті мек­теп­тер­де­гі­ден әлдеқай­да жоға­ры екеніне бүгін­де ешкім шүбә кел­тір­мей­ді. Қазақ-түрік лицей­лерін­де дәріс оқи­тын түрік ұста­здар­дың шәкірт­тер­мен аман­да­суы­нан бастап, бала­ларға жасай­тын ескер­ту­лерінің өзін­де өзге­ше бір сыпай­ы­лық, бия­зы­лық, исла­ми-түр­кілік әдеп көрініп тұрады.

Бүгін­де бұл лицей­лер қаза­қ­ша қина­лып сөй­лей­тін Ерлан Саға­ди­ев басқа­ра­тын Білім мини­стр­лі­гіне өтті. Түрік ұста­здар­дың орны­на қазақ мұғалім­дер (орыс­ша жақ­сы білетін) кел­ді. Несін жасы­рай­ық, енді бұл оқу орын­да­рын­да жемқор­лық, тамыр-таны­стық жай­лай ма, ал мұн­дағы ұл-қызда­ры­мыз енді кәдім­гі мек­теп­тер­де­гі оқу­шы­лар сияқты екі сөзінің бірі орыс­ша, аузы­нан боқтық сөз ағыл-тегіл төгіліп жата­тын таз қал­пы­мы­зға түсе ме деген де үрей­і­міз жоқ емес.

Ұмыт­па­сам, биы­лғы қазан айы­ның 3‑і күні «Қаза­қстан» теле­ар­на­сы­нан осы лицей­лер­дің «Білім-инно­ва­ция лицей­лері» деп ата­ла­тын бас­шы­лы­ғы­ның Өте (есі­мі есім­де жоқ) деген пре­зи­ден­ті сұх­бат бер­ді. Сон­да оның бұл оқу орын­да­ры­на қосқан «жаңа­лы­ғы­ның» бірі – алдағы уақыт­та мұн­дағы ұстаз қыз-келін­шек­тер­ді шәкірт­тер «әпке» деп атай­тын бола­ды дегенін есті­ген­де, күл­кі­ден шай­ы­мы­зға шаша­лып қал­дық. Иә, қазақ атқа­мі­нер­лері жаңа­лық қоса­мын деп, адам тәнінің көрін­бей­тін жер­леріне шей­ін ұяла­тын небір оғаш ерсілік­тер­ді ойлап таба береді.

Әне­бір жылы мәжіліс жетек­шісі (оны қазе­кем­дер спи­кер дей­ді) Нұр­лан Нығ­ма­тул­лин депу­тат­тар­дың бір-біріне Бәке, Мәке, Сәке деуіне тый­ым сал­мақ болып еді. Ал қаза­қтың «аға» деген­ді «ағе­ке», «ата­ны», «ате­ке», «әжені», «әже­ке» дегені сияқты «әпке» деген сөз «апай», «апа» деген­ді «апе­ке» неме­се «әпе­ке» дегені­нен туын­даған ауы­зекі сөз ғана екенін Өте мыр­за шыны­мен біл­мей ме екен?

Иә, біре­се пат­ша­лық, біре­се кеңе­стік Ресей­дің таба­ны астын­да езгі­ге түсіп, бар қадір-қаси­еті­нен айы­ры­лған ұлт­тық сана­мы­зды, ұлт­тық намысы­мы­зды, ұлт­тық салт-дәстүрі­мізді қал­пы­на кел­тіру­де біз көштің соңын­да қалып келе жатқа­ны­мы­зды көкірек көзі ашық қазақ аза­мат­та­ры көріп-ақ отыр. Бұл қаси­ет­ті боры­шы­мы­зды іске асы­руға бір жағы­нан ғасыр­лар бойы қаны­мы­зда қалып­тасқан құл­дық сана кінәлі бол­са, екін­ші жағы­нан қаза­қтың сол ұлт­тық сана­сын, намысын оят­па­уға тыры­са­тын құпия топ­тар үлкен кедер­гі болу­да. Бұл құпия топ­тар ол үшін түр­лі-түр­лі әле­умет­тік желілер­ді айт­паған­да, мем­ле­кет­тік бас­пасөз бен теле­ар­на­лар­ды да оп-оңай пай­да­ла­нып келеді. Олар қазақ жаста­ры мешіт­ке көп бара­тын бол­ды, намаз оқи­тын­дар көбей­іп кет­ті, бұл жастар­дың интел­лек­ту­ал­дық дең­гейі төмен­де­уіне, әлдебір тер­ро­ри­стер­мен бай­ла­ныс орна­туы­на әкеп соқты­ра­ды деген сияқты залым­дық мақа­ла­лар жари­я­лап, теле­ар­на­лар­дан сон­дай арам­за­лық сұх­бат­тар өткізіп тұрады.

Өз басым бұл жер­де ислам­нан басқа дін­де­гілер­дің ар-намысы­на тигім келіп оты­рған жоқ. Бірақ мына­дай ақиқат­ты айт­пау адам­гер­шілік­ке сын: орта ғасыр­лар хри­сти­ан­дық шір­ке­улер­дің ең бір дәуір­леп тұрған шағы бол­ды. Кей­бір тарих­шы­лар бұл ғасыр­лар­ды «тас-түнек қараңғы ғасыр­лар» («тем­ные века») деп атай­ды. Өйт­кені бұл кез­дер­де хри­сти­ан дінін­де­гі елдер­де ғылым, мәде­ни­ет, білім ата­у­лы әбден құл­ды­раған мешеу күй­де болды.

Сол кез­де өмір сүр­ген Копер­ник, Гали­лей, Бру­но сияқты көп­те­ген көзі ашы­қтар­дың тағ­ды­ры қан­дай қай­ғы-қасірет­пен аяқталға­нын екінің бірі біледі. Олар­ды да, ғылым мен мәде­ни­ет­ті де мұн­дай жағ­дай­ға хри­сти­ан діні мен оның шір­ке­улері душар етті. Хри­сти­ан дін­ба­сы­ла­ры ғылы­мға қар­сы кәдім­гі­дей соғыс жүр­гізді. Сол орта ғасыр­да айты­лған дін ғылым­ды құр­та­ды деген сөзді қазе­кем­дер әлі қай­та­ла­уда келеді.

Ал сол орта ғасыр­лар ислам дінінің ғылым­ды, мәде­ни­ет­ті, әде­би­ет­ті, өнер­ді өркен­дет­кен нағыз алтын ғасы­ры бол­ды. Аты әлем­ге әйгілі ақыл-ойдың, ғажай­ып ғылым-білім­нің атақты адам­да­ры түгелі­мен ислам дінін ұстанған ғұла­ма­лар еді. Ұты­ры кел­ген­де айта кетей­ік, біз­ге мек­теп­те «жер­дің Күн­ді айна­ла­ты­нын Копер­ник ашқан» деп оқыт­ты. Ақиқа­тын айт­сақ, оны Копер­ник­тен 500 жыл (бес ғасыр) бұрын Әбу Рай­хан Биру­ни ашқан еді. Еуро­па­да ғылым, білім әлгін­дей «тас-түнек ғасыр­да» жатқан­да, мұсыл­ман елдерін­де дін ғылы­мға кедер­гі кел­тіреді деген ақы­мақтық сөзді ешкім ол кез­де есті­ген де емес. Өйт­кені қаси­ет­ті Құран­ның өзі бүкіл ғылым­ды қам­ты­ды. Исла­ми Шығы­сқа крест жоры­ғын жасаған хри­сти­ан­дар Еуро­паға ислам­ның жоға­ры мәде­ни­етін, ілім-білі­мін алып кел­ді. ХХ ғасыр­дағы ағы­л­шын ғалы­мы, әрі фило­соф, Нобель­дік сый­лық иегері Бер­тран Рас­сел: «Шығыс елдері тек әске­ри күш жағы­нан ғана емес, білім жағы­нан да тең­дес­сіз озық бол­ды. Бүкіл Еуро­па­ны вар­вар­лық, жабай­ы­лық басып жатқан­да, Мұхам­мед­тің елдерін­де ғылым, фило­со­фия, поэ­зия, өнер­дің бар­лық түрі гүл­деніп тұрған еді. Еуро­па­лы­қтар өздерінің ой-өрісі өте тар болған­ды­қтан да, орта ғасыр­лар­ды «тас-түнек қараңғы ғасыр­лар» деп атай­ды. Ол ғасыр­лар тек хри­сти­ан­дық Еуро­па­да ғана тас-түнек қараңғы­лы­қта бола­тын. Ал сол кез­де мұсыл­ман елі болған Испа­ни­яда өнер мен ғылым асыл тастай жарқы­рап тұр­ды» деп жазған-ды.

Ақыл-есі түзік, өз ұлты­на, өз тілі мен салт-дәстүріне адал бүгін­гі қазақ бала­сы қазір­гі мате­ма­ти­ка­ның да, гео­мет­ри­я­ның да, гео­гра­фия мен хими­я­ның да, мине­ра­ло­гия мен меди­ци­на­ның да, өнер мен фило­со­фи­я­ның да, әде­би­ет пен мәде­ни­ет­тің де ата­уы әдейі сая­сат­пен өзгер­тіл­гені бол­ма­са, соның бәрі Жабир ибн Хай­ан­ның, әл Биру­нидің, ибн ән-Хай­а­ми­дың, ибн Бату­та­ның, әл-Идри­сидің, әл-Фара­бидің, әл Хорез­мидің, ибн ән Нәфи­стің, ибн Сина­ның, Ұлы­қ­бек­тің, Омар Һәй­әм­ның, Жәми мен Руда­кидің, т.б. есім­дері­мен тіке­лей бай­ла­ны­сты екенін біліп, айтып жүруі керек.

Біз Пай­ғам­ба­ры­мыз Мұхам­мед (с.ғ.с) барған жер­де ұрлық-қар­лық, зинақор­лық (жезөк­шелік), өзіне қол жұм­сау, екі­жүзділік, ала­яқтық, парақор­лық, жемқор­лық жой­ы­лып оты­рға­нын, ал суи­цид, педо­фил деген бәле­кет­тің бәрі Еуро­па елдері­нен кел­генін бүгін­гі мек­теп­тері­міз­де, лицей­лері­міз бен уни­вер­си­тет­тері­міз­де қосым­ша дәріс ретін­де айтып оты­руы­мыз керек.

Әттең, мына түрі­міз­бен Қаза­қстан­да ондай атты күн тууы екіта­лай-ау, ә? Бір сөз­бен айтқан­да, ұлт­тық тәр­би­есіз, исла­ми-түр­кілік тәр­би­есіз білім алған ұрпақтан ұлтқа, елге қыз­мет ететін аза­мат шыға қой­ма­сы анық.

Мыр­зан КЕНЖЕБАЙ

 


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн