Суббота , 5 июля 2025

БІЗ АТАМБАЕВҚА НЕГЕ ӨКПЕЛЕЙМІЗ?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №38 (402) от 19 октяб­ря 2017 г.

 

Кім кінәлі?

 


 

Пара – өткел­сіз көпір, өшпес өрт!

Жемқор­лық – ұят­сыз өмір, жазыл­мас дерт!

Еке­уіне де – өлім серт! Құны қанжығада!

(Әз Жәні­бек хан)

 

Қазақ елінің көп­шілік сая­сат кер­лері сен жур­на­ли­стері айта алмай жүр­ген шын­ды­қты қырғыз пре зиден­ті Алмаз­бек Атам­ба­ев мыр­за айтып бер­ді. Біздің қар­тай­ған шал­дың мақ тауға әбден үйрен­гені сон­ша­лық, бұл оның үстіне мұз­дай су құй­ып жі бер­ген­мен бір­дей бол­ды. Бірақ біз­дер осы жолы жалған намыс пен эмо­ция ның жете­гін­де кет­пей, «дос жыла­тып айта­ды, дұшпан күл­діріп айта­ды» деген нақыл сөзді ұмыт­паға­ны­мыз абзал болар.

Ия, пре­зи­дент Атам­ба­ев шын­ды­қты айт­ты. Сол үшін де рахмет!

Шын­ды­ғы­на кел­сек, халқы­мы­здың тона­лып жатқа­ны өтірік пе? Киелі Ұлы дала­мы­зда неге тек елба­сы мен оның семья­сы мен доста­ры, мини­стр­лері мен әкім-қара­ла­ры ғана баю­ла­ры керек? Қаза­қстан халқы соқыр емес, еса­лаң емес – бәрін де көріп, біліп отыр. Тәу­ел­сізді­гін алса да, жері де, билі­гі де, ақпа­рат әле­мі де жатқа тәу елді. Жерін­де озбыр­лық пен гено­цид туын­да­тып жатқан шетел­дік поли­гон­дар мен кос­мо­дром­ның әсері­нен, зымы­ран­дар атқы­ла­у­ы­нан мүл­дем бұ зыл ған қор­шаған орта­да өмір сүру деміз. Қазақ өлме­стің күнін кешіп, киер киім­ге, ішер асқа жары­май отыр­са да, әлем­де­гі үсте­ме өсі­мі ең көп қазақ стан­дық банк­тер­дің кре­дит­терін дер кезін­де төлей алмай, сан­сы­рап, жұ мыс­сыз, үйсіз-күй­сіз жүр­се де, әзір­ге сабыр сақтап отыр.

Елде астық көп – нан қым­бат! Мұ най көп – бен­зин қым­бат! Мал көп – азық-түлік қым­бат, бәрі-бәрі қым­бат! Неге?

Себебі қаза­қстан­дық билік «мем­ле кет­тік», «отан­дық», «ұлт­тық» деген қа сиет­ті ұғым­дар­ды была­мы­ққа айнал­ды­рып жібер­ген. Эко­но­ми­ка­мы­здың 96 пай­ы­зы жеке қолға өткен: осы «ке мең­гер-ғұла­ма» билік­тің арқа­сын­да. Кезін­де­гі сарт­тар­дан да өтіп кет­кен сау дагер­ге айнал­ды бұлар. Мем­ле­кет мүлік­тері мен зауыт­тар, жер­дің үсті мен асты жап­пай жеке­лен­діріліп, шене­унік­тер­дің туы­ста­ры мен доста­ры­на тиын-тебен­ге сатыл­ды. (Енді эко номи­ка­ның қалға­нын тағы да жеке лен­діріп, Қаза­қстан атты мем­ле­кет­ті жой­ып, пышақ үсті­нен үле­стіріп, бөліп алмақ ниет­те). Эко­но­ми­ка­мы­здың күре тамы­ры сана­ла­тын стра­те­ги­я­лық нысан­дарға шей­ін егелік етіп оты­рған шетел­дік ком­па­ни­я­лар мен жоқтан пай­да болған оли­гарх­тар билік­те оты­рған­дар­дың сыбай­ла­ста­ры болып алған. Мем­ле­кет­тік стра­те­гия, так­ти­ка деген түсінік­тері, мем­ле­кет­тік бас қару ілім­дерін өз мүд­де­леріне бұрып, шене­унік­тер билік құрған бей­ша­ра мем лекеті­міздің қорас­ын­да қазір тыш қақ лағы да жоқ! Ұлт пен мем­ле­кет­тің алтын тұғы­ры мен ірге­та­сы – Жер-Ана­мы­здың да бола­шағы бұлы­нғыр! Жекенің әупірім­мен, пара беріп, жемқор­лық шыр­мауын­да жүріп өндір ген өнім­дерін өздері өндір­ген­дей есеп беріп, өзгер­мелі ста­ти­сти­каға кір­гізіп үйрен­ген­дер салық жина­у­шы­ның рөлін ғана ойнап жүр­ген­дері­мен істері жоқ!

 

Жеңіл өнер­кәсіп пен ауыл шаруа шылы­ғы күй­ре­ген. Тұр­мыстық химия өнім­дері, киім­нің бар­лық түр­лері мен аяқ киім, ине мен түй­ме­ге дей­ін, ішкиім мен дам­бал, сүл­гі мен бет ора­малға дей­ін импорт­та­ла­ды. Көкөніс пен кар­топ, жеміс-жидек пен басқа да азық-түлік түгел­ге жуық шет­тен келеді. Нары­қтық қаты­на­стар­дың басты заң­ды­лы­ғы – мем­ле­кет­тік және жеке мен­шік кәсіп орын­дар мен шаруа шылы­қтар өндір­ген өнім­дерін өткі­зу жолын­дағы бәсе­ке лестік үрдісі біздің елде мүл­дем жоқ. Ғылы­ми негіз­дел меген, жан-жақты сарап­тал­ма ған жап­пай жеке­ше­лен­ді­ру науқа­ны­ның нәти жесін­де, өкініш­ке ор ай, елі­міз­де шынайы нары­қтық қаты нас тарға негіз дел­ген эко­но­ми­ка қалып тас­па­ды. Оның үстіне қазір­гі күні ме тал­ло­ло­мға айна­лып, күй­ре­уден аман қалған мем­ле­кет­тік кәсі­по­рын­дар жеке­ге саты­лып кет­кен соң, бәсе­ке­ле­стік­тен айы рылған жеке мен­шік кәсі­по­рын­дар ара­сын­да баға бел­гіле­уде­гі «гүл­ден­ген сыбай­ла­стық ты» жоюға мем­ле­кет мүл дем қауқар сыздық таны­ту­да. Оның да басты себебі – мем­ле­кет­тік жау­ап­ты қыз мет­те отыр ған­дар­дың түгел­ге жуы ғы биз­не­смен­ге айналған. Яғни, мем лекет­тік қыз­мет­те оты­рған­дар жақын дары арқы­лы эко номи­ка­ның бар сала сын­дағы жеке­лен­ген нысан­дарға егелік етіп, сол сала­ның өркен­де­уіне ғана мүд­делі боп, мем лекет­тің емес, жеке мүд­делік­ті көз­деу тұрғы­сын­да әре­кет етсе, эко­но­ми­ка қалай дамы­м­ақ?! Жап­пай жемқор лықтың нәти­же­сін­де мем лекет­тің ірге­та­сы сана­ла­тын меди­ци­на мен білім сала­сы да тоқы­ра­уға ұшы рады. Ұлт­тық қор мен зей­не­тақы жүй­есі де тұра­лап тұр.

Қитұрқы ойын­дар­дың хас шебер леріне айналған билік­те­гі қулар мем­ле­кет қазы­на­сы ортай­ып бара жат­са, ұлт­тық валю­та­мыз – тең­гені құн­сыз дан дыра сала­ды. Себебі эко­но­ми­ка­сы да мыған елдер­дің шикі­зат база­сы­на айна­лып үлгер­ген Қаза­қстан эко­но­ми­ка­сы шикі­заттың әлем­дік нарық баға­сы­на тіке­лей тәу­ел­ді. Экс­пор­тқа негізі­нен руда, түсті металл, астық пен мұнай, та биғи газ сатып, тапқан қым­бат валю­таға арзан тең­гені алма­сты­рып, оп-оңай бюд жет жыр­ты­ғын жамай сала­ды. Үкі мет­тің қулы­ғы осы­лай­ша 27 жыл бойы жалға­сып келеді. Негіз­гі ауырт­па­лық пен тұр­мыс тауқы­мет­тері халқы­мы­здың мой­ны­на ілініп қой­ы­лған. Мұн­дай кор руп­ци­яға негіз дел­ген жабайы капи­та лизмді эко­но­ми­ка­лық сая­сат үлгісі ретін­де ұстап оты­рған әл емде біз­ден басқа бір­де-бір мем­ле­кет жоқ шығар?! Кім бұл елді осын­дай ах уал ға жеткізген?

Міне, Атам­ба­ев мыр­за осы­ны айт­ты. Ол нағыз аза­мат, әрі хал қымы­здың шын досы екен!

Бір ғана мұнай­дан басқа бай лығы жоқ, су мен тасты да, түк­ке жарам­сыз болған соң құм­ды да импорт­тай­тын, бүкіл стра­те­ги­я­лық ком­му­ни­ка­ци­я­лар­ды мем­ле­кет мен­ші­гін­де ұстап оты­рған араб елдерінің бәрін айт­пай-ақ, еке­уін ғана салы­стыр­ма­лы түр­де тіл­ге тиек етей­ік. Сауд Ара­би­я­сы­ның ұлт­тық валю­та­сы – риал­дың құны 1952 жылы АҚШ дол­ла­ры­мен салы­сты­рған­да, 1$ = 3,75 риал бол­са, Бірік­кен Араб Эми­рат тары­ның ұлт­тық валю­та­сы дир­хем: 1$ = 3 дир­хем ара­да 40 жыл өтсе де, сол күй­ін­де өзгер­мей тұр.

Ал табиғи ресур­ста­ры жоққа тән Тәжік­стан, Қырғыз­стан, Арме­ния сияқты елдер­дің валю­та­ла­ры 1992 жыл­дан бері еш құнын жоғалт­пай келеді. Оған 2017 жылы 12 қазан­да ҚР Ұлт­тық бан­кі бел­гіле­ген валю­та кур­ста­ры дәлел бола ала­ды. Тәжік­стан­ның ұлт­тық валю­та­сы 1 сомо­ни = 38,22 тен­ге, 1 қырғыз сомы = 4,91 тен­ге, ал Арме­ни­я­ның 10 дра­мы = 7,01 тең­ге­ге тең болған (11.10.2017. Интер­факс-Казах­стан). Бұл елдер­де халы­қтың төле­ген салы­ғы жемқор шене­унік­тер арқы­лы ұрлан­бай­ды, «қосар­ланған бух­гал­те­рия» мен «көлең­келі эко­но­ми­ка» деген сұм­ды­қтар аты­мен жоқ, тө лен­ген салық толы­ғы­мен қазы­наға түседі. Бюд­жет жыр­ты­ғын жамау үшін, ұлт­тық валю­та­ны қым­бат татып, ала­яқты­қ­пен неме­се түсіп жатқан қосым­ша құн салы­ғы жеке қор­лар арқы­лы айнал­май­ды. Салық төле­ушілер­дің төле­ген жар­на­сы­нан құралған мем­ле­кет қар жысы шене­унік­тер­дің тұра­лаған банк­терін ешқа­шан да жарыл қа май­ды. Істі жүр­гі­зе алмай­сың ба – банк­рот­сың. Біт­ті. Жөніңді тап. Ша маң жететін шару­а­мен айналыс!

Бұл елдер­де шет­тен кел­ген қары­здар мен инве­сти­ци­я­лар жаңа озық тех­но­ло­ги­я­лы зауыт­тар мен фаб­ри­ка­лар салуға жұм­са лады. Түр­кі­мен елі зауыт­та­рын тү гел жаңа тех­но­ло­ги­я­мен жарақтап, жеңіл өнер­кәсібі ғалам­дық стан дарт­тарға сай өркен­деп, өнім­дері Еуро­одақ мен АҚШ-қа шыға ры луда. Бұл елде жал­пы өндірістің бар­лық сала­сы да алға кетіп, Орта Ази­я­ның эми­ра­ты­на айнал­ды. Кас пий жаға­ла­у­ы­на біз­дер емес, олар бірін­ші болып ірі дема­лыс аймағын салып таста­ды. Эко­но­ми­ка­сы­ның алға басуы­ның арқа­сын­да Түр­кі мен­стан ком­му­нал­дық қыз­мет­тің тегін болуы­на қол жеткізді.

Міне, бұл жоға­ры­да аталған елдер­де біз­де­гі­дей ұрлық пен жап­пай жемқор­лы­қтың жоқ екен­ді­гінің, иман­ды­лы­қтың бар екен­ді­гінің, үкі­мет­терінің де заңға бағы­на­тын дығы­ның бір­ден-бір бел­гісі. Адам­зат өрке­ни­етін сақтап қала­тын – қулық пен сұм­дық, озбыр­лық емес, әділет­тілік пен шын­дық, иман дылық пен адам­гер­шілік, мей­ірім мен шапағат.

Ал билі­гі­міздің «арқа­сын­да» те періш көріп келе жатқан біздің ұлт­тық валю­та­мыз, Азатты­қтың арқа­сын­да жүз­де­ген жыл­дар­дан кей­ін қай­та туған тең­ге­міз (KZT) 1993 жыл­дың 13 қара­ша­сын­да 1$ = 4,75 KZT болды.

1994 жылы 1$ = 54,26

1995 жылы 1$ = 60,93

1996 жылы 1$ = 67,29

1997 жылы 1$ = 75,42

1998 жылы 1$ = 78,29

1999 жылы 1$ = 119,64

2000 жылы 1$ = 142,10

2001 жылы 1$ = 146,74

2002 жылы 1$ = 153,28 KZT

2003 жылы мұнай шикі­за­ты­ның бар­релі шары­қтау биік­ке көтеріл­ген соң, эко­но­ми­ка­мыз да ілгерілеп, дол­лар баға­мы да бір­ша­ма тө мен­деді. Ал мұнай­дың бар­рель баға­сы төмен құл­ды­раған 2014 жыл­дан тең­ге­мізді құн­сыздан­ды­ру қай­та бастал­ды: 2014 жылы 1$ = 185; 2015 жылы 1$ = 275; 2017 жыл­дың 12 қаза­нын­да 1 АҚШ дол­ла­ры – 334,25 тең­ге­ге тең болды.

Ал бүгін­гі күні Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның шетел­дік­тер алдын­дағы жал­пы қары­зы 170 мил­ли­ард АҚШ дол­ла­ры­на жуы­қтап, еңкей­ген қари­ядан бастап, бесік­те­гі сәби­ге дей­ін, жан басы­на шаққан­да 9 мың АҚШ дол­ла­ры­нан асып кеткен.

Жағ­дай­ы­мыз осы­лай бол­са, онда біз кім­ге өкпе­лей­міз? Осы­ған да Атам­ба­ев­ты кінәлай­мыз ба?

Ілес­бек БАЙЖАНОВ,

Қаза­қстан Жур­на­ли­стер одағы­ның мүшесі,

Шым­кент шаһары


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн