Суббота , 5 июля 2025

ҚОҢЫР ДАУЫСТАН неге айырылып қалдық?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №38 (402) от 19 октяб­ря 2017 г.

 

ОЙДАН-ҚЫРДАН

 

Сырт­тай сұхбат

 


 

Болат Ата­ба­ев: Бағлан! Қаза­қы ән табиға­ты­на жат жыбыр-жыбыр мелизмдер қап­тап кет­ті. Сүй­ретіл­ген, ырбиған глис­сан­до! Әншілер­дің мия­у­лаған әніне таң­дай­ла­рын қағып оты­рған ком­мент тер ді оқып, талғам­ның сон­ша­ма құл дыраға­нын көрем. Сла­ща­вость, гла­мур­ность, китч во всем! Әлем-жәлем киініп, жарқ-жұрқ арзан жыл­тыр­лар­ды тағып, бет­те бір тон­на грим, ауы­зды өтірік ашып-жауып, сахна­да ұял­май жүреді ғой. Әнді жет­кі­зу емес мақ­сат! Каме­ра қай жа ғым­да, дұрыс ракур­ста тұр­мын ба, аузым­ды әде­мі ашып, көзім­ді дер кезін­де жұм дым ба? Бар ойла­ры осы! Әде­мі көрі­ну, ұнау!

Осы тақы­рып­та зерт­теу жұмыста­рын неге жүр­гіз­бей­сің­дер, осы­ны ойлай­тын музы­ко­вед­тер бар ма?! Маги­стр­лік еңбек­тің тақы­ры­бы етіп алуға бола­ды ғой! Мыса­лы, Зыки­на­ның дау­сы­нан оры­стың музы­ка маман­да­ры «Орыс ән өнерінің» этно­об­ра­зын /этнобейнесін/ жаса­ды. Қаза­қта неге жоқ?! Қаза­қы қоңыр дауыс /Омарова, Қой­шы­ба­е­ва, Есім­жа­но­ва, Абд­рах­ма­но­ва­лар­дың дауыстары/ сахна­да неге аз?! Ондай дауы­стар бар ма қазір?! Жеңіс Ысқақо­ва… тағы кім?! Шәм­шінің әндеріне мелиз­ма­ти­ка­ны тық­па­ла­уды тоқта­та­тын сен­дер сің­дер ғой!? Бод­рум­да түрік­тің музы­ка мама­ны айтып еді.

Біз өзі­міздің төл музы­ка­мы­здан айы­ры­лып қал­дық. Ара­беск­тің соңы­нан кет кені­міз – кет­кен. Қан­ша­ма буын­ды араб ән дерінің ырғағы­мен сусын­дат­тық. Ха лық тың көңілі­нен шыға­мыз деп, ха лыққа ұнай­тын музы­ка жаса­дық. Не бол­ды енді?! Ара­беск түрік­ке тән стиль­ге айнал­ды. Музы­ка инду­стри­я­сы тек соған жұмыс істей­ді. Нағыз түрік музы­ка­сын клас­си­ка деп, музей­дің, архив­тің сөре­леріне лақ тырдық.

Қасірет!

Біз де сол жол­ды таң­да­дық па?!

 

Бағлан Баби­жан: Болат аға, айтқа ны ңызға толық қосы­ла­мын. Қазір­гі қа зақ эст­ра­да­сы бел­гісіз бағыт­та «само­тек­пен» кетіп бара жатыр. Бар­лық ән дер­ге және әншілер­ге топы­рақ шашпай­мын, бірақ басым көп­шілі­гі біздің құлаққа жат әндер­ді орын­дай­ды. Ол тура­лы магистр лық дис­сер­та­ция жазу – оны оқы­май­тын адам­дарға бір өзгеріс әке­леді деп ойла­май­мын. Біз­де музы­ка­лық сын бағы­ты дамы­м­ай қалған. Жур­на­лист және музы­ка зерт­те­ушілер­дің іші­нен батыл, қоры­қ­пай сын жаза­тын адам­дар шығу керек және оны әле­умет­тік желілер­де жари­я­лап оты­ру керек. Кере­мет дауы­сты Жамал Ома­ро­ва, Рабиға Есім­жа­но­ва сияқты апа­ла­ры мыздың көзін көр­ген, сол бағыт­та айта­тын Май­ра Илья­со­ва, Бағ дат Саме­ди­но­ва сияқты әншілер бар. Эст­ра­да­лық әндер айтып жүр­ген. Кей­ін­гі әншілер­дің іші­нен арнайы кон сер­ва­то­ри­я­ның xалық әні кла­сын бітір­ген Айгүл Қоса­но­ва, Айгүл Мақа шева, Айгүл Елші­ба­е­ва, Кла­ра Төлен ба ева, Ардақ Бала­жа­но­ва, Айгерім Нар­ту­е­е­ва, Пери­зат Тұра­ро­ва, Сая Есен­гел­ди­е­ва, Мар­жан Иса­е­ва, Дана Кен­тай, тағы басқа­ла­ры бар диа­па­зо­нын көр­се­тетін xалық әндерін эст­ра­даға өңдеп жаз­дыр­са, шын­дап кел­ген­де, қазір­гі «жұл­дыз» бо лып жүр­ген кей­бір әншілер­ді екі орап алады.

Бірақ, бірін­ші­ден, оны транс­ля­ция жасай­тын эфир – радио және теле­ди­дар­да әнді олай қаза­қи және жал­пақ дауы­спен айту­ды «ста­ро­мод­но» деп санаған­ды­қтап, эфир­ден көп бере бер­мей­ді. Екін­ші­ден, дауы­сы қаза­қи xалық әншілері той­да онша «вос­тре­бо­ван» бол­маған соң, олар­дың да xалық әндерін өңдеп жаса­уға көп қара­жат­та­ры жоқ, көбісі жәй ғана мұғалім, ал бiр әнді жаса­ту ең кем деген­де 300–500$ орта­сы. Ол мұғалім­нің бір айлы­ғы. Сон дықтан, менің ойым­ша, сын көбірек жазы­лу керек деп ойлай­мын. Ал Л.Зыкина, Н.Бабкина сияқты әншілер­дің біздің саx­на­да да пай­да болу­ла­рын мен де арман­дай­мын. Және оның да ауы­лы алыс емес деп ойлай­мын. Себебі xалық фоно­грам­ма­дан шаршады.

 

Болат Ата­ба­ев: Жылағанға – зар­ла ған бол­ды. Сау­а­лы­ма «отчет» жаза­ды деп күт­пеп едім… Май­ра, Бағ­дат? Қай­дам? «Қоңыр дауыс» деп оты­рға­ным – кеуде қуы­сын­дағы резо­на­тор­дан шыға­тын виб­ра­ци­я­сын айтып отыр­мын. Орыс­ша­ла сақ: тра­хея-связ­ки-рото­глот­ка жүй­есін­де орын­да­ла­тын әндер жоқтың қасы. Қа зақ­ша­сы – қоңыр дауыс. Жеңіс Ысқақо­ва ның дау­сы. Еле­на Әбді­ха­лы­қо­ва­ның дауы­сы. Ондай дауы­стар мелизм­ге бей­ім емес. Фари­за апам айт­пақ­шы, «дом­бы­ра­ны безіл­детіп, жын қуған­дай айқай­ға басып айта­тын әншілер­ден шар­ша­дық». Олар да бол­сын. Ол да өмір­дің сәні! Бірақ қоңыр дауы­стар­дан айы­рыл­дық қой! Әлде ондай әншілер­ді оқы­та­тын адам жоқ па?!

Бағлан Баби­жан: Кере­мет дауы­сты көп қыздар қазір ака­де­ми­я­лық вокалға кетіп, дауыс қою бары­сын­да қаза­қи­лы­қтан айы­ры­лып қалады.

Болат Ата­ба­ев­тың

ФБ-парақ­ша­сы­нан алынды

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн