Пятница , 4 июля 2025

ҚЫСҚЫ САРАЙҒА шабуыл жасалмаған…

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №41 (405) от 09 нояб­ря 2017 г.

 

Желі­де­гі жазбалар


 

«1917 жыл­дың 26 қаза­нға қараған түнін­де көтер­ліс­ші жұмыс­шы­лар­дың Қысқы сарай­ға шабуыл жасаға­нын» бұған дей­ін­гі тарих оқы­тып кел­ді. Бұл жөнін­де кім­дер естелік айт­па­ды, қан­дай тари­хи туын­ды­лар жазыл­ма­ды, неше­ме деректі кино­лен­та­лар мен фильм­дер түсіріл­меді?!. Ал енді сол, Уақыт­ша үкі­мет­ті қуып шығу үшін, Қысқы сарай­ға ешқан­дай да шабуыл жасал­мап­ты, ешқан­дай «Авро­ра» крей­сері­нен зеңбірек атылмапты!

 

Ол жөнін­де Ленин­град музей­інің қыз­мет­кер­лері бар шын­ды­қты бүгін жари­я­лап отыр.

Сурет­те­гі фото-фак­ті­де (көшір­месіне көз салы­ңыз) – 1917 жылы 25 қазан күн­діз­гі сағат 12-сі мен 26 қазан күн­діз­гі сағат 12-сі ара­лы­ғын­дағы оқиға­лар дәп­тері­нен деректер кел­тіріледі. Қысқы сарай­дың қауіп­сізді­гін қам­та­ма­сыз ететін Бірін­ші Адми­рал­тейск аудан­дық комис­са­ры­ның Пет­ро­градск қала­лық мили­ция бөлі­мінің басты­ғы­на бер­ген тәулік­тік рапор­тын­да тай­ға таң­ба басқан­дай етіп «Ешқан­дай оқыс оқиға болған жоқ!» деп жазылған.

Қанат ЕСКЕНДІРОВ

 

 

 

Біз гено­цид­ті айту­дан НЕГЕ ҚОРҚАМЫЗ?

 

Бүгін Бри­та­ния пар­ла­мен­тін­де Укра­и­на­дағы ашар­шы­лық тура­лы пікір­та­лас өтетін көрі­неді. Оның мақ­са­ты – сол ашар­шы­лы­қты ресми түр­де гено­цид деп тану.

 

Былай­ша айтқан­да, Батыс елдері Укра­и­на­ны Ресей импе­ри­я­сы­ның қол­ты­ғы­нан суы­рып алуға шын­дап кірісті: кеше «Мар­шалл жос­па­рын» бекіт­ті (10 жыл бой­ы­на, жылы­на 5 млрд-тан Укра­и­на эко­но­ми­ка­сы­на көмек беріп оты­ра­тын болып­ты), енді Укра­и­на­дағы ашар­шы­лы­қты гено­цид деп тануға ресми кірісіпті.

Батыс кіріс­се, орын­дай­ды да қояды, оған күмән жоқ. Әрі кет­кен­де 5–6 жыл ғана кетер, өйт­кені оны дәлел­деу онша қиын бола қой­мас: құжат­тар сақталған, архив­тік мате­ри­ал­дар жет­кілік­ті. Пікір­та­ла­стың Октябрь рево­лю­ци­я­сы­ның 100 жыл­ды­ғы күні баста­луы­ның да сим­вол­дық мәні бар шығар.

Гено­цид деп тану Укра­и­наға не береді? Тари­хи әділ­дік қал­пы­на келетіні өз алды­на, сол ашар­шы­лы­қтан зардап шек­кен­дер­дің ұрпақта­ры Ресей­ден өте­мақы алуы­на мүм­кін­дік пай­да бола­ды. Бұл толық бол­маған­мен де, аз да бол­са, әділ­дік­тің қал­пы­на келе баста­уы болар еді.

Жақ­сы, олар­ды қой­ы­ңыз­шы, жоқта­у­шы­сы бар біз қай­те­міз? Егер укра­ин­ды­қтар ашар­шы­лы­ғын гено­цид деп тануға қол­да­рын жет­кіз­се, біз­ге қол жет­кі­зу одан да оңай емес пе? Юри­ди­ка­лық тұрғы­дан айтам – олар­да ашты­қтан қыры­лған халық 25%-дың о жақ – бұ жағы бол­са, біз­де 40–50%-дан кем емес деп жүр­ген жоқ­пыз ба?

Бірақ біз мәсе­ле қой­мақ түгілі, соны ашық айтуға да қорқып жүр­ген жоқ­пыз ба – бұл не қор­лық, бұл не деген мүсә­пір­лік? Жоқта­у­шы­мыз қайда?

Қуа­ныш ЕДІЛХАНТЕГІ

 

 

ӘЛІПБИ ӘУРЕСІ тура­лы үш пікір

 

  1. Жазу­ды емес,

    жүй­ені ауыстырайық

 

26 жыл бойы түбе­гей­лі қаза­қ­шаға көше алмаған мем­ле­кет енді дереу латын қар­піне көше қояр ма екен? «Алды­мен елде­гі қостіл­ділік­ті, дәлірек айтқан­да, орыс тілінің басым­ды­ғын жой­ып, тұтас Қаза­қстан бір тіл­ге – қазақ тіліне көшуі керек, әйт­пе­се бұл жар­ты­кеш шешім болып шыға­ды» деп, қақ­сап келе жатыр­мыз. Үні­мізді «тезірек латы­нға көшей­ік!» деген ура-пат­ри­от­тық даңға­за-шу басып кете береді.

«Әлі­п­биді Ресей­ден алы­стау үшін ауы­сты­ра­мыз» деген­ге сенетін­дер­ге тіп­ті таң қала­мын: оры­стың қолаң­са сасы­ған қол­ты­ғы­на басы­мы­зды өз еркі­міз­бен тығып оты­рып (Кеден­дік одақ), оның ақпа­рат­тық-сая­си тұтқы­ны­нан шығуға еш әре­кет жаса­май оты­рып, Мәс­кеу не айт­са, соған бас шұлғи оты­рып, қай­дағы Ресей­ден алыстау?!

Латын қар­піне тек қаза­қтіл­ді қауым ғана көшеді, ал елде­гі оры­стіл­ді орта (демек, бүкіл билік жүй­есі де!) орыс­ша, яғни кирил­ли­ца­мен сай­рап-жазған қал­пы қала­ды. Қаза­қтың бала­сы үш тіл­де, үш түр­лі қаріп­те сау­ат ашып, миы ботқа болып, өзі­мен-өзі «руха­ни жаңғы­рып», мәң­гіріп оты­ра бер­мек. Мұн­дай былы­қ­па­дан без­ген талай қазақ бала­сын орыс мек­теп­теріне беретін бола­ды. Сөй­тіп, біздің бүгін­гі билік­тің қазақ тілінің түбіне жету жос­па­ры ақы­ры жүзе­ге асуы мүмкін.

Сон­да «өзі сөй­ле­мей­тін, өзі жаз­бай­тын, өзі қол­дан­бай­тын тіл­дің қар­пін­де не шаруа­сы бар, Қаза­қстан билі­гінің?!» дей­мін де. «Казак хал­кы­нын камын, казак ели­нин азатти­гин, казак жур­ты­нын бола­ша­гин ойлай­мин» дей ме? Ойбай-ау, қашан­нан бері?! Қаза­қтың қамын ойлағыш бол­са, 26 жыл­дан бері қай­да жүр?! Қазақ халқы­на жасаған бір жақ­сы­лы­ғы бар ма осы уақыт ішін­де? Жоқ па? Онда бүйт­кен үтір­ни­ца­сын бүк­теп-бүк­теп… дәрет­ха­на­сы­на апа­рып қойсын!

Қаріп ауы­сты­ру ештеңе де шешпей­ді. Ауы­сты­ра­тын нәр­се басқа!

Сәкен СЫБАНБАЙ

 

 

2. Латын­ша­ның

қатын­ша­сын қолдамаймын

Өз басым латын­шаға көшу­ге қар­сы емес­пін. (Пре­зи­дент­тің қай сая­са­ты­на да қар­сы емес екенім­ді білесіз­дер))). Бірақ мына – қатын­ша латын­шаға емес. Неге халы­ққа оңтай­лы нұсқа алын­бай­ды? Осы­ны ұсы­нған қай даны­шпан? Ал орыс­ша­дан құтыл­дық делік, енді осы қаріп­пен ағы­л­шын­ша жаза ала­мыз ба, рабай­да бір жазу керек бол­са? Жал­пы маған «тіл­ге ике­мің бар» деген­дер әлде өтірік айтқан, әлде шыны­мен суми­мын. Оқи алмай отыр­мын, жаз­бақ түгілі…

Енді қайт­тім?

Кеше ерін­бей 30-жыл­да­ры латын қар­пі­мен шыққан газет­тер­ді тауып алдым, қинал­май оқы­дым. Өзі латын тілі нешеу? Әлде латын тілін кез кел­ген адам, кез кел­ген заман­да жасап ала бере ме?

Шара ТҰРМАҒАНБЕТОВА

 

 

  1. «Жабық жиын­ды»

    жастарға ашу керек

Осы­дан бір айға жуық уақыт бұрын Аста­на қала­сын­да Тіл коми­тетінің жабық оты­ры­сы өтті. Барған кез­де оның жабық фор­матқа өтетінін айтқан мини­стр­лік­тің маман­да­ры тіп­ті «Хабар» арна­сын түсірт­кіз­бей, қай­та­рып жібер­ген­дерін айт­ты. Бірақ мен өзім­нің бло­гер емес, IT сала­сы­ның мама­ны екен­ді­гім­ді айтып, жабық оты­ры­сқа кіру­ге мүм­кін­дік алдым.

Әлбет­те, әле­умет­тік желі­ге ресми релиз шыққан­ша ештеңе жаз­ба­уға сөз бер­дім. Кон­фе­ренц-залға кіріп, бір бұры­шқа жай­ға­стым. Жабық оты­ры­сқа келіп оты­рған­дар­дың 90 пай­ы­зы жаста­ры +60 ақсақал­дар еді. Елі­міз­де­гі тіл білі­міне үлес қосқан көп­те­ген ғалым ата­лар­дың жиналған оты­ры­сын­да өзім ғана ешкім­ге кедер­гі кел­тір­мей отырдым.

Бір кез­де оты­рыс та бастал­ды. Жаңағы жер­де айты­ла басталған әңгі­ме­лер­дің сары­ны­на жын­дан­дым жай ғана. Ара­сын­да жөні түзу әңгі­ме айтқан­дар бол­ма­ды емес. Бірақ біра­зы тың­дал­ма­ды. Жүй­елі айтылмады.

Бір кез­де оты­рған ақсақал­дар бір-бірін мақтап жөнел­месі бар ма?!

«Бұл Пәлен­ше аға­мыз Кеңес Үкі­меті кезі­нен бері қаза­қтың маң­дай­ы­на біт­кен бір­ден-бір фоне­тик-ғалым ғой. Ол кісі бұл мәсе­ле­де қате­ле­суі тіп­тен мүм­кін емес!» – деп қой­ып қалды.

«Бұл әліп­пе­мізді жас ұрпақ кемі 300 жыл қол­да­на­тын бола­ды!» – деді опти­мизм­ге толы екін­ші ақсақал.

Обшым, ол жер­де­гі әңгі­ме­лер­дің нобайы осын­дай бол­ды. Бір сәт­те ол жер­де­гі жина­лып, латын нұсқа­ны қол­даға­лы оты­рған кісілер­дің көбісі жал­пы­ха­лы­қтық аура­дан мүл­дем хабар­ла­ры жоқтай көрін­ді. Бір нәр­се анық еді: ол жер­де­гі біздің бола­шақ латын нұсқа­мы­зды таң­да­уға кел­ген кісілер­дің жар­ты­сы­нан көбісі әлі күн­ге дей­ін тіп­ті ком­пью­тер қол­дан­бай­тын, әлі­ге дей­ін қол­мен жаза­тын кісілер екенін түсін­дім. Ол кісілер 10–20 жыл­дарға кей­ін қалған болар. Енде­ше өздері қабыл­даға­лы оты­рған латын­ды бола­шақта қол­да­на­тын­да­ры­на да күмәндандым.

Соны­мен, оты­ры­стың 15 мину­тын­да төр­де оты­рған төраға қай­та-қай­та қыздарға көзі­мен нұқып, мені кез­де­су­ден шыға­рып таста­уды бұй­ы­рып отыр­ды. Үш рет қасы­ма кел­ген қыз әртүр­лі сыл­тау айтып, мені шыға­рып жібе­ру­ге тыры­сты. Үшін­шісін­де, өзім әлгі жер­ге айты­лып жатқан абсурд­тар­ды тың­да­уға құлағым зор­ланған күйі кез­де­су­ден шығып кет­тім. Керісін­ше, бұл мәсе­лені бола­шақта бел­сен­ді қол­да­на­тын ғылым­дағы жастар­мен ақыл­да­са оты­рып жаса­удың орны­на, әлі­ге дей­ін баяғы «хомо­со­ве­ти­кус» таны­мы­м­ен ойла­нып, шешім қабыл­дап жатқан ел аға­ла­ры­на өкпем қара қазан­дай бол­ды – шыны керек.

Уа, Аға­лар! Тағы да қай­та­лап айта­мын: жастар сіз­дер­дің нұсқа­ла­ры­ңы­зды қол­дан­бай­ды! Өйт­кені оны өздеріңіз де қол­дан­бай­сыздар! Тех­но­ло­ги­я­ның иісі мұрын­да­ры­ңы­зға бар­май тұрып, латын­ның ел тех­но­ло­ги­я­сы­ның дамуы­на үлесі тура­лы сөз айту – сіз­дер­дің тарап­тан барып тұрған қып-қызыл абсурд дүние! Пре­зи­дент­ке бүгін­гі нұсқа­ны таны­сты­ру­дың өзі ұят деп біле­мін! Сен­бе­сеңіз­дер, осы нұсқа­ла­ры­ңы­з­бен қаза­қ­ша екі сөй­лем жазып көріңіз­дер­ші! Кла­ви­а­ту­ра ауы­сты­ра беріп, қол ауы­рып кете­ді. Сіз­дер оны біл­мей­сіз­дер. Өйт­кені теле­фон­да жаза­тын­да­ры­ңы­зға күмәнім бар.

Ақы­лға келіп, жастар­дың пікірін тың­дап, сана­суға шақы­ра­мын! Онсыз да жағ­дай­ла­ры­ңыз «саЕ­биз» һәм «аЕбиш» болып жатыр. Қазақ үшін жасаған еңбек­теріңіз аз емес. Енде­ше сон­ша еңбек­тің нүк­тесін әде­мі қой­ып, абы­рой­мен зей­нет­ке кет­кілеріңіз кел­се, дәл осы латын мәсе­лесін жастар­дың, жас ғалым­дар­дың өзіне қал­ды­ры­ңы­здар! Өйт­кені бола­шақ қазақ латын әліп­пе­сінің иесі біз – жастар! Өзі­міз­ге не кере­гін жақ­сы білеміз!

«Кеңесіп пішіл­ген тон кел­те бол­мас» дей­ді. Жабық оты­ры­ста кеңесіп жатқан­да­ры­ңыз дұрыс-ақ. Бірақ бұл тіл­де тек сіз­дер сөй­леп һәм жазып жатқан жоқ­сыздар. Сон­ды­қтан аға буын өз-өздері­мен кеңе­се бер­мей, осы­ны қол­да­нар бар­ша бел­сен­ді буы­н­мен тең кеңес­кені құба-құп болар еді.

Michael Sherimbek

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн