Понедельник , 30 июня 2025

ҚАЗАН РЕВОЛЮЦИЯСЫ қазаққа қасірет болды ма?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №41 (405) от 09 нояб­ря 2017 г.

 

 

 


 

 

Соңғы жыл­да­ры біз­де әсіребіл­гіш тарих­шы­лар шыға баста­ды. Жасы мен жаса­мысы ара­лас. Қазақ тарихы­на қалам тарт­са бол­ды: «1917 жылғы Октябрь (Қазан) төң­керісі, Ленин мен Ста­лин, Кеңес дәуірі, 1941–1945 жыл­дарғы соғыс қаза­қтың соры бол­ды» деп сай­рай жөне­леді. Пат­ша­лық Ресей­дің қаза­қты қор қыла­рын бажай­лаған баба жыра­у­ла­ры­мыз «Кер­за­ман кел­ді!» деп даб­ыл­ды жыр жаз­са, олар­дың бүгін­гі кей­бір «әсіре­са­у­ат­ты» ұрпақта­ры Кеңес дәуірін «кер­за­ман­да­тып» әлек. Екі заман­ның ара­сы жер мен көк­тей екенін тым бол­ма­са бір уақ ескер­сей­ші!.. Осы «құбы­лы­сқа» орай өзім­дік ойла­рым­ды айту­ды ұйғардым.

 

Ресей Алтын Орда­ның шегі­нен заман ағы­мы­м­ен шығып, өз алды­на пат­ша­лық ел болған­да, «Еуро­паға тере­зе тес­кен» І Петр пат­ша дін басы мен жан­дар­ме­рия басты­ғын шақы­рып алып, үше­уі шетел­дер­дей бай болу үшін, Ресей тұрған құр­лы­қты өздеріне түгел­дей қара­тып алуға құжат жасап­ты. «Бұра­та­на» халы­қтар­ды әуелі дін жолы­мен алдап-сулап жіп­сітіп, хри­сти­ан дініне енгі­зу, аты-жөн­дерін орыс­ша­лау, егер оған көн­бе­се, қару күші­мен тізе бүк­ті­ру керек делініп­ті. «Бөтен­дер­дің» кең-бай­тақ жер­лерінің асты-үсті бай­лы­ғын тегін иеле­нудің оңай жолын тапқа­ны. Тоқаш пен тоқ­пақ саясаты.

Мен оны сонау жыл­да­ры, қыз­мет бабы­мен ара­лас-құра­лас болып жүр­ген кезім­де мәс­ке­улік сақа жазу­шы­лар­дың бір­не­ше­уі­нен естідім. Ол құжат Кеңес Одағы­ның мем­ле­кет­тік мұраға­тын­да сақта­у­лы екен де, «№1 үстел­де­гі» оны­мен таны­сқы­сы келетін­дер СОКП Орта­лық коми­теті­нен рұх­сат алуға тиіс екен, ал рұх­сат өтін­ген­ге бері­ле сал­маған және көшір­ме алуға тый­ым болған.

«Ази­я­лы­қтар білім-ғылы­мға қабілет­ті емес, олар қара жұмысқа ғана жарай­ды» деп, бет­пақтанған І Петр­дің бұтар­лау-отар­лау сая­са­ты Ресей­дің сол­түсті­гін, Қиыр шығы­сын жал­мап, Қаза­қстанға ойы­сып, көк түрік­тің көне мекені – қазақ Алтай­ы­ның жар­ты­сын жал­маған кез­де, Қазан рево­лю­ци­я­сы болып, құр­лы­қты отар­ла­удың, адам­ды адам қана­удың апа­ны­на айналған пат­ша­лық жүйе жой­ыл­ды да, Алтай­дың екін­ші жар­ты­сын­дағы (бүгін­гі Кен­ді Алтай – Шығыс Қаза­қстан облы­сы) қаза­қтар шоқын­ды­ру­дан аман қалды.

Бірақ Ресей дала билі­гі­мен бұры­нғы шар­тта­суы бой­ын­ша қазақ жерін тіміскілеп, «ғылы­ми экс­пе­ди­ци­я­ла­рын» шыға­рып, «олар­ды қорғай­тын әске­ри бекініс» деген­дерін сала бастап, қара­шек­пен­ділерін қап­та­тып үлгірген.

Сол сұрқи­я­лы­қтың зардап­та­рын зерт­те­ген қарт жур­нал­шы-жазу­шы Сапа­бек Әсі­пұ­лы деректі үш кітап жаз­ды («Қазақ қасіреті», «Қатер­лі дерт, қал­жы­раған халық», «Қауқар­сыз қазақ мәсе­лесі»). Өкініш­ке қарай, тарих­шы қауы­мы­м­ыз «ғылы­ми дәре­же­сі жоқ» автор­дың ол еңбек­терін зер­де­ле­меді. Енді Алтай­дың оры­стан­ды­ры­лған жар­ты­сын­дағы (Гор­ный Алтай) бір қалам­да­сым­ның халін баяндайын.

Бар­на­ул­дық (қала аты түрік­тек­ті төле­уіт халқы­ның «по-рон­гы-ул» – «лай­лы өзен» сөзі­нен шыққан) ақын Сер­гей Сер­ге­е­вич Каташ 1973 жылы Алма­ты­ға келіп, Ғылым ака­де­ми­я­мы­зда док­тор­лық дис­сер­та­ция қорға­ды. Ол өздерінің педа­го­ги­ка инсти­ту­тын­да Алтай фило­ло­ги­я­сы кафед­рас­ы­ның мең­гіру­шісі, про­фес­сор, «Алтай батыр­лар» атты көп­том­ды­қты құра­с­ты­рған тарих­шы-ғалым­дар тобы­ның жетек­шісі екен.

Жазу­шы­лар одағын­да таны­сып, еркін әңгі­ме­лесіп жүр­ген күн­дері­міздің бірін­де ол: «Ай, ағай­ын! Ата-әке­лерің де, өздерің де Ива­нов, Сидо­ров, Коз­лов, Гусев, Воро­бьев… болып кете бар­май, бай­ы­рғы қазақ қалып­та­ры­ң­да қалған сен­дер өте бақыт­ты­сы­ң­дар! Ленин­ге күн сай­ын алғыс айт­саң­дар да көп емес. Ары­да қазақ, бері­де орыс болып кет­кен бізді көр­сең­ші, Ғаб­ба! Біз – ата-баба­мы­здың дінін, тілін қай­та­рып алуға зар болып кетіп бара жатқан сор­лы­мыз!» – деп күй­ін­ді (әрине, орыс тілін­де сөй­леп). Оның сол минөт­те­гі әлем­та­пы­рық қаза­қы әлпе­ті әлі де көз алдым­да, діріл­дей құмы­ққан дауы­сы әлі де құлағымда!..

 

Жақұт (якут) жазу­шы­сы Нико­лай Габы­шев­тан да сон­дай налыс есті­генім бар. Ол еке­уі­міздің фами­ли­я­мыз ұқсас екеніне таң­да­на жымиып оты­рып: «Осы «Кабы­шев» деген фами­ли­я­ны саған дей­ін Бело­рус­си­яда, Укра­и­на­да естідім. Гене­рал болған Кар­бы­шев та ұқсастау, демек, пра­во­слав­ты­қтар­да осын­дай кісі аты болға­ны. Түрік тұқым­ды маған бұл аты-жөн­ді шоқын­ды­рған оры­стар беріп­ті, саған кім бер­ді, сен­дер шоқын­ды­ры­лған жоқ­сы­ң­дар ғой?» – деді. Мен: «Әкем­нің аты Қаб­ды­рах­ман екен, әже­сі «Қабыш» деп ерке­летіп, кей­ін солай жазы­лып кетіп­ті», – дедім…

Және бір жәйт.

1978 жылы КСРО жазу­шы­ла­ры­ның «Дубул­ты» шығар­ма­шы­лық үйіне (Бал­тық теңізі жаға­сын­да) дем алуға бар­дым. Ықшам денелі, қара торы жігіт аға­сы­мен үстелі­міз бір екен, таны­са оты­ру үшін сөз бастап:

– Туы­сқан, қай­дан­сыз? Қырғыз­сыз ба, өзбексіз бе? – дедім.

– Не пони­маю, – деді ол, қысық қара көзі күлім­дей жымиып. Сұрағым­ды орысшаладым.

– Я – коряк. Моя фами­лия Косы­гин, а зовут Вла­ди­мир, – деді.

КСРО Мини­стр­лер Кеңесінің төраға­сы Алек­сей Косы­гин туы­сы­ңыз емес пе? – дедім әзіл аңғар­та. – Ол кісі де кеше келіп­ті, осы жаға­дағы үкі­мет­тік санаторийде.

– Оны­мен туыс бол­сам, өстіп жүрем бе? – деді. Үні­нен қыжыл аңғарылды.

– «Өстіп жүрем­беңіз» қалай? – дедім, көмес­кі қыжы­лын аршып көр­гім кел­генін жасырмай.

– Пат­ша­лық Ресей­дің басқын­шы­лық сая­са­ты­нан хаба­ры­ңыз бар шығар, Ленин­нің еңбек­терін­де айты­лған ғой. Біздің коряк ата-баба­мыз сол сая­сат­тың құр­ба­ны болып­ты. Попта­рын бет­ке ұстаған пат­ша­лық әске­ри жасақтар сол­түстік пен Қиыр шығы­сты басып алып, бізді – коряк­тар­ды да хри­сти­ан дініне алдап-арбап кір­гіз­ген, ата-баба­мы­здың аты-жөнін жой­ып, оры­стың аты-жөнін бер­ген. Көн­бе­ген­дер­ді көр­ге лақтырған.

Менің ұлы атам Бола Коян­то екен, ол – «Еркін тір­лік» деген ұғым. «Коян­то­ны» олар «Косы­гин­ге» айнал­ды­рып­ты, бала­ла­ры­на коряк­тің атын қоюға тый­ым салып­ты. Содан бері біздің үрім-бұтақ – косы­гин­дер: Вла­ди­мир, Васи­лий, Иван, Ефрем, Кирилл… болып жүрміз.

– Жазу­шы­сыз ба? – дедім.

– Ана тілі орыс тілі болып кет­кен ақы­н­мын, Мәс­ке­уде екі жинағым шықты. КСРО Жазу­шы­лар одағы­ның мүше­сі­мін. Бірақ, міне, бес жыл бол­ды, коряк аты-жөнім­ді қал­пы­на кел­ті­ре алмай жүр­мін, өтініш бер­ме­ген жерім жоқ, біріне-бірі сіл­теп шар­шат­ты, – деді. Ол ақы­рын сөй­ле­се де, ашық ашы­нып сөй­леді. Сірә, менің де басқа ұлт­тан екенім­ді аңға­рып, біздің ара­мы­зда бірі­мізді-бірі­міз жаты­рқа­мас себеп бар деп топ­шы­ла­са керек. Маған:

– Сіз қай­дан­сыз? Ұлты­ңыз қай­сысы? – деді.

– Мен Қаза­қстан­нан­мын, ұлтым – қазақ, – дедім, сөз баста­мас бұрын өзім­ді таны­стыр­маға­ны­ма іштей өкініп.

– Казак­стан?!

– Қаза­қстан – КСРО құра­мын­дағы одақ­тас он төрт рес­пуб­ли­ка­ның бірі.

– Кос­мо­нав­тар ұшып жүр­ген жақ па?

– Иә, кос­мо­нав­тар біздің «Бай­қоңыр» деген кос­мо­дром­нан ұшады.

– Казак­пын дедіңіз бе? Оры­стар­мен туыс­сыздар ғой?

– Туыс емес­піз. Біз «қазақ» деген халы­қ­пыз. Каз­ак­тарға қаты­сы­мыз жоқ, олар – хри­сти­ан­дар, ал біз – мұсыл­ман­быз, «қаза­қ­пыз», Қаза­қстан! – дедім, «қ» әрпін қатаң айтып.

– Қызық екен. Аты-жөніңіз кім?

– Ғаб­бас Қабы­шұ­лы. Біз­де орыс­ша аты-жөн жоқ, – дедім, «Қабы­шев» деген­де­гі «ев»-ті жасырып.

– Пат­ша­ның арна­у­лы отряд­та­ры сіз­дер жақта бол­маған ба?! – деді ол, шын таңданып.

– Болып­ты, мыса­лы, біздің Шығыс өңірі­міз­ге Ермак Тимо­фе­е­вич деген ата­ман­ның отря­ды зеңбірек­терін сүй­ретіп келіп, қырғын жасап, жері­мізді тар­тып алуға кірісіп­ті, бірақ біздің Сәт­бек деген баты­ры­мыз ол жауы­здың отря­дын талқан­дап, өзін Ертіс­ке баты­рып өлтіріпті.

– Сіз­дер бақыт­ты екен­сіз­дер! – деді Косы­гин, қысық қара көзі өткір­лене. Үні­нен риза­шы­лы­қтың ныша­ны бай­қал­ды. – Біз де аздап бақыт­ты­мыз, – деді ол сәл­ден соң. – Егер пат­ша­лық Ресей­дің езгісін­де енді он жыл жүр­сек, сау­а­ты­мыз ашыл­ма­стан құрып кет­кен болар едік, сөз жоқ, коряк ретін­де құрып бітетін едік, енді қазір­гі күні­міз­ге шүкір­шілік етіп жүрміз…

 

Егер 1917 жылы рево­лю­ция бол­ма­са, қаза­қтар да пат­ша­лық Ресей­дің «құшағын­да» кетіп, мөл­шері 1920–25 жыл­да­ры жұты­лып тына­тын едік. Бұл – арғы­сы, ал бер­гісі, қысқа қай­ы­рған­да, қазақ халқы­ның пер­зент­тері: Абай шет жұрт­тарға да таны­лып, ескерт­кі­ш­тері қой­ы­лар ма еді? Пат­шаға қар­сы күрес­кен Иса­тай-Махам­бет дәріп­те­лер ме еді? Жыр алы­бы Жам­был «Дала Гомері» ата­лар ма еді? Қаныш Сәт­ба­ев, Мұх­тар Әуе­зов, Күләш Бай­сей­іто­ва және басқа Тұлға­ла­ры­мыз алыс-жақын елдер­ге мәшһүр болар ма еді? Әмі­ре Қашау­ба­ев Пари­жде қазақ әндерін шырқар ма еді? Пуб­ли­цист жазу­шы­мыз Әну­ар Әлім­жа­нов әлем­нің алпыс шақты елін­де болып, Қаза­қста­нын, қаза­ғын наси­хат­тар ма еді?.. Кеңес өкі­метін көзді жұмып, құлақты бітеп алып күстә­на­лай бер­ген­ше, бір уақ осы­ны неге ойламаймыз?

Қазан рево­лю­ци­я­сы («төң­керіс» – билік тобын өзгер­ту, «рево­лю­ция» – билік жүй­есін өзгер­ту, яғни «Қазан рево­лю­ци­я­сы» деу жөн сияқты) әлем­ге әкел­ген Кеңес дәуіріне тоқтал­сам, бүгін­де қай­сы­бір: сая­сат­шы, тарих­шы, жур­нал­шы-жазу­шы қазе­кем­дер оны да тілі жет­кенін­ше жаман­да­уда, оны­сын қоста­маған­ды «Кеңесін аңсап жүр» деп мар­дым­сып мұқа­та­ды. «Мен білем!» деген бұл ғадет сая­си Алаш қозға­лы­сы­мы­зды ұйым­да­сты­рған, басқа­рып тұрған ары­ста­ры­мы­зда да болып­ты, олар әр пұшпақты илетіп­ті. Ортақ мақ­сат­та ортақ тіл­ді бола бер­мей, Қазақ Өлкелік пар­тия коми­тетін басқа­ра алар «қазақ таба алмай», Крем­ль­ге «құда түсіп», Голо­ще­кин­ді кел­тіріп «жары­лқа­нып­ты» (сол жол­мен Мир­зо­ян, күні кеше Кол­бин де әкелінді).

…Халы­қа­ра­лық сипат-талап бой­ын­ша, халы­қтық мем­ле­кет білім беруі мен меди­ци­на­сы тегін елде ғана бола­ды. Кеңес мем­ле­кеті соған сай бол­ды: баста­уыш мек­теп­тен бастап, жоға­ры оқу орын­да­рын­да білім беру тегін, тіп­ті сту­дент­тер жатақ­ха­на­сы да ақы­сыз емес пе еді?

Диплом алған сту­дент­тер жер-жер­ден келіп жата­тын сұра­ны­сқа қарай маман­ды­ғы бой­ын­ша қыз­мет­ке жол­да­ма­мен барып, онда да тегін жатақ­ха­на­да тұра­тын, көп кешік­пей тегін пәтер ала­тын. Иә, Кеңес дәуірін­де «пәтер сатып алу» деген сөз де болған емес. Сон­дай-ақ меди­ци­на­лық қыз­мет­тің де бар­ша түрі ақы­сыз емес пе еді? Қазір­де ше? Бәрі керісін­ше. Және бір салы­сты­ру: Кеңес үкі­меті тұсын­да «жұмыс­сыздық» деген суық сөз де болған жоқ.

Бүгін­де ше? Бүгін­де жұмыс­сыздық қоғам­ның бір дер­ті болып тұр – оған ем қонуы үшін ауыл шару­а­шы­лы­ғын, өнер­кәсіп­ті, ғылым-білім­ді, мәде­ни­ет­ті, меди­ци­на­ны кеңе­стік қал­пы­на кел­ті­ру қажет. «Руха­ни жаңғы­ру» сон­да ғана болады!

«Оңбаған» Кеңес үкі­метін оңды-сол­ды сына­у­шы­лар­дың қай­сы­бірі: «Қылы­шы­нан қан тамған Кеңес кезін­де халы­қтар­дың ұлт­тық мей­рам­да­ры­на тый­ым салын­ды, сон­ды­қтан қазақ Науры­зын той­ла­удан қал­ды», деуден жалы­қ­пай­ды. Кеңес үкі­меті қай жылғы, қай айдағы, қай күн­гі, нөмірі нешін­ші бұй­ры­ғы­мен тый­ым салып­ты? Мыса­лы, ауыл­да туып-өскен, қала деген­ді 21 жасын­да ғана (1956 жылы) көр­ген мен өзі­міздің де, ірге­лес үш ауыл­дың да Науры­зды жыл­да еркін­ше той­лаға­ны­на куә­мін. Қай­сы­бір жер­лер­де «нешетүр­лі тый­ым салын­са», ол – жер­гілік­ті «жаңа­шыл», рух­сыз жан­дай­шап­тар­дың қиямпұрыстығы.

Ғаб­бас ҚАБЫШҰЛЫ,

жазу­шы

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн