Пятница , 4 июля 2025

ОКТЯБРЬ ТӨҢКЕРІСІ: ЗҰЛМАТ ПЕН ШАРАПАТ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №41 (405) от 09 нояб­ря 2017 г.

 

Бір төң­керіс­ке екі көзқарас

 


 

Октябрь рево­лю­ци­я­сы­на ғасыр тол­ды. «Азаттық» тіл­шісі тарих­шы Қай­дар Алда­жұ­ма­нов­пен (сурет­те) Октябрь рево­лю­ци­я­сы­ның Қаза­қстанға не бер­гені және қан­дай нәу­бет әкел­гені тура­лы әңгімелесті.

– 1917 жылы қара­ша­ның 7‑күнгі (ескі кален­дарь­мен қазан айын­да болған) Ресей импе­ри­я­сын­да болған Октябрь төң­керісінің дүм­пуі қазақ дала­сы­на қан­ша уақыт­тан кей­ін жет­ті? Төң­керіс болға­нын дәл сол күні Қаза­қстан­да біл­ді ме?

– Совет зама­ны­ның өзін­де «Совет үкі­меті қалай орна­ды?» деген сау­ал төңіре­гін­де тарих­шы­лар ара­сын­да айтыс болған. Тіп­ті сол кез­де­гі, яғни 1920 жыл­дар­дағы қазақ бас­шы­ла­ры­ның өздері «Октябрь рево­лю­ци­я­сы Қаза­қстанға тек теле­гра­ф­пен келіп орнаған» деген прин­ципте болған. Оған кей­біре­улері қар­сы шығып, тіп­ті кеше­гі 1960 жыл­дарға дей­ін ғалым­дар­дың өзі «жоқ, қаза­қтар бір­ден қол­даған, қаза­қтар­дың көзі ашық болған» деп кел­ді. Шын­ды­ғын­да олай емес. Ленин­нің кім екенін Сәкен Сей­фул­лин­дер­дің өзі 1918–1919 жыл­да­ры есті­генін айта­ды (Сей­фул­лин 1920 жыл­да­ры Қаза­қстан халық комис­сар­ла­ры кеңесі төраға­сы болған – Ред.). Сон­ды­қтан қазақ дала­сы­на Қазан төң­керісі (Октябрь рево­лю­ци­я­сы) кел­ген кез­де қаза­қтар оның не екенін біл­меді, түсін­беді және қабыл­даған жоқ. Кей­ін, онда да аза­мат соғы­сы жеңіп, Кеңес үкі­меті (Совет үкі­меті) бар­лық жер­де бір­дей орнаған­нан кей­ін барып, жаңа мем­ле­кет екенін мойындады.

 

– Қазақ дала­сын­да Совет үкі­меті қай жылы толық орнап бітті?

– Совет мем­ле­кетінің толық орнап біт­кен кезі – 1921 жыл­дың көк­те­мі. Себебі аза­мат соғы­сы­ның қимыл­да­ры сол кез­ге дей­ін созыл­ды. Ал Қызы­лор­да секіл­ді темір жол бой­ын­дағы жер­лер­де 1918 жыл­дың көк­те­міне дей­ін орнап біт­ті де, қай­тып құламады.

 

– Октябрь рево­лю­ци­я­сы Қаза­қстанға қан­дай нәу­бет әкел­ді, жақ­сы­лы­ғы не болды?

– Қазан төң­керісінің ұты­ста­ры мен ұты­лы­ста­рын тара­зы­ға салып қарай­тын бол­сақ, бер­гені мен алға­ны бір­дей болуы мүм­кін. Себебі рево­лю­ци­яға дей­ін Қаза­қстан халқы­ның саны бес жарым мил­ли­он болған. Соның 2 мил­ли­он 200 мыңы аштық жыл­да­ры қырыл­ды. Оның 1 мил­ли­он 750 мыңы – қаза­қтар. Аштық 1936 жылға дей­ін жалға­сты. Осы­дан үш жыл бұрын Мәс­ке­уде­гі Орта­лық мем­ле­кет­тік архив­тен халық санағы­ның жабық мате­ри­ал­да­рын, сосын 1931 жыл­дан бері қарай­ғы аштық мәсе­лесіне қаты­сты Укра­и­на құжат­та­рын қара­дым. Өйт­кені Укра­и­на­да 3 мил­ли­он адам­ның аштан қыры­лға­ны белгілі.

Сон­да олар халы­қтың өсі­мі мен өлі­міне қаты­сты әр ұлт­ты жеке жазған. Солар­дың ара­сын­да қаза­қтарға да жеке баға­на арнаған. Яғни, мынан­ша қазақ өмір­ге кел­ді, мынан­ша қазақ өлді деген ақпа­рат­тар жүр. Ондай ақпа­рат­тар тек Запо­ро­жье облы­сын­да емес, Архан­гелск, Мур­манск, тіп­ті қиыр Шығы­сқа қаты­сты халық санын­да арнайы баға­на­лар­мен көр­сетіл­ген. Әбден ашы­ққан, Орта­лық Қаза­қстан­нан ешқай­да шыға алмай қыры­лған ауыл­дар­дан басқа, шама­сы жетіп, темір жол жаға­лаған­дар ста­лин­дік бесжыл­ды­қтар­да салы­нып жатқан зауыт­тарға қара жұмысқа жал­данған. Оларға тек кар­точ­ка жүй­есі­мен тамақ беріл­ді. Онан кей­ін 1933 жыл­дан бастап ашар­шы­лық зардап­та­рын жоя­мыз деген қау­лы шығар­ды. Онда жаңағы­дай жал­да­нып, анау Кам­чат­каға дей­ін барған қаза­қтар­ды еліне қай­та­ру керек екені айты­лған. Осы қау­лы негізін­де жал­да­нып жұмыс істеп жүр­ген қаза­қтар­дың бар­лы­ғы жұмыстан шыға­ры­лған. Бірақ олар­дың ешқай­сысы­на қай­тар жолы­на қара­жат беріл­ме­ген. Солар­дың бар­лы­ғы дер­лік Мәс­ке­удің темір жол вок­за­лын­да қыры­лып қалған. Осын­дай фак­тілер бар. Яғни, қаза­қтың ашты­ғы 1936 жылға дей­ін жалғасқан. Бұл – Кеңес үкі­метінің қаза­ққа әкел­ген ең үлкен тра­ге­ди­я­сы. Мұнан басқа, қазақ тер­ри­то­ри­я­сын жер ауда­ры­лған­дар­дың ота­ны етті. Қазақ өз жерін­де азшы­лы­ққа айнал­ды. Қазақ тілінің аясы тарылды.

 

– 1930 жыл­дар­дағы ашар­шы­лық негізі­нен Укра­и­на мен Қаза­қстан­да ерекше бол­ды. Тіп­ті ашар­шы­лы­қтан бас сауға­лаған қаза­қтар көр­ші Қырғыз­станға, Сібір­ге, Қытай­ға босты. Қазақ дала­сын­да ашар­шы­лы­қтың қат­ты жүруі билік­ке ұмты­лған «ала­шор­да­шы­лар» әре­кеті­мен бай­ла­ны­сты ма, әлде жер­гілік­ті бас­шы­лар әсіреқы­зыл бел­сен­ділі­гінің кесірі ме?

– Аштық пен «Ала­шор­да» ара­сын­да бай­ла­ныс жоқ. Ашар­шы­лы­қтың басты екі себебі бар. Бірін­шісі – біз айтып жүр­ген Ста­лин мен Голо­щё­кин. Бірақ бұл тек ішкі фак­тор ғана. Екін­ші – пат­ша­лық Ресей аграр­лық ел бол­ды. 135 мил­ли­он адам­ның 5 мил­ли­он­нан басқа­сы шару­а­лар еді. Сон­да арт­та қалған аграр­лық Ресей­ді алға шыға­ра­мыз деп Кеңес үкі­меті жос­пар жасаға­ны­мен, оған қара­жа­ты бол­ма­ды. Бұл Қазан төң­керісінің негізін­де орнаған мем­ле­кет ерекшелі­гі еді. Яғни, [Совет Одағы] мем­ле­кет­тік мен­шік­ке негіз­дел­ген ел бол­ды. Бұдан қоры­ққан Батыс елдері Кеңес үкі­метін жап­пай бло­ка­да­да ұста­ды. Тек қана астық сатып алып оты­рған. Осы кезең­де Қаза­қстан Кеңес үкі­метінің көзіне тау­сыл­мас қазы­на болып көрін­ген. Мәсе­лен, 1929 жылы қаңтар­дағы есеп бой­ын­ша, Қаза­қстан­да 47 мил­ли­он мал басы болған екен. Сол мал­дан 1934 жылы қаңтар­дың 1‑інде төрт-ақ мил­ли­он қалған. Өйт­кені азық-түлік үшін керекті етті Қаза­қстан­нан жап­пай тар­тып ала бер­ген. Соны­мен қатар жер­гілік­ті бас­шы­лы­қтың да кінәсі бар. Өйт­кені Қырғыз­стан да мал шару­а­шы­лы­ғы­мен айна­лы­са­тын ел. Олар­дан да мал алды. Бірақ бас­шы­ла­ры біз­де­гі секіл­ді ұр да жық, солақай сая­сат ұстанған жоқ. Халқын қорға­уға тырысты.

 

– Ал қазақ бас­шы­ла­ры­ның бір­лі­гі бол­мауы­на не себеп болды?

– Ақпан төң­керісіне (1917 жылы ақпан­ның 27-сі күні Ресей­де пат­ша құлап, уақыт­ша үкі­мет орнаған) дей­ін қазақ зия­лы­ла­ры бір бағыт­та бола­тын. Кей­ін Кеңес үкі­метін қол­даған Сәкен Сей­фул­лин­нен бастап, бар­лы­ғы қазақ коми­тетін­де бол­ды. Ал бұлар­дың айы­ры­ла­тын жері – 1917 жылы шіл­де­де Орын­бор­да өткен алға­шқы жал­пы қазақ съезі. Сол съездің төрін­де кім­дер отырды?

1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс кезін­де пат­ша әскерін ертіп жүріп, өздерінің қазақ ауы­лын қырғы­зған болы­стар мен билер отыр­ды. Мәсе­лен, Сәкен Сей­фул­лин «Кеше халы­қты қанаған паң Нұр­мағам­бет­тер бара­тын бол­са, онда бұл съездің құны біз­ге көк тиын. Онда біз анау ұран­да­тып, кедей­ге көмек­те­се­міз деген боль­ше­вик­тер жағы­на шыға­мыз» деп жаз­ды. Міне, қазақ оқы­ған­да­ры­ның екі­ге жары­луы осы кез­де бастал­ды. Сол кез­де­гі бірінің үсті­нен бірі жазған ары­здар­дың біра­зын көр­дім. Алаш қозға­лы­сы­на қаты­на­сқан­дар­дың көбі білі­мі бар адам­дар. Ал Совет үкі­метіне білі­мі бар адам­дар керек еді. Сол себеп­ті олар­ды қыз­мет­ке алды да, кей­ін сенім­сіздік көр­сетіп, бас­шы­лық қыз­мет­тер­ден ептеп ысы­ра баста­ды. Оған басты себеп – «мынау кеше Ала­шор­да­шыл болған» деп, үсті­нен арыз жазған бел­гілі қай­рат­кер­лер де бол­ды. Сөй­тіп, бірінің үсті­нен бірі арыз жазған.

Мыса­лы, Нәзір Төреқұ­лов деген жас қай­рат­кер тек Сәкен Сей­фул­лин­нің үсті­нен төпе­летіп жаза бер­ген. Совет үкі­метін қол­даған роман­тик ақын Сәкен Сей­фул­лин сол тұста Ленин­мен қатар дүріл­деп тұрған Октябрь рево­лю­ци­я­сы жетек­шілерінің бірі Троц­кий тура­лы бір өлеңін «Дом­бы­ра» деген жинағы­на енгіз­ген. Осы бір өлеңі өмірінің соңы­на дей­ін үсті­нен жазы­лған ары­здарға арқау болды.

 

– Сіз Ұлт­тық қауіп­сіздік коми­теті архивін­де ұзақ отыр­ды­ңыз. Олар­дың ары­зда­рын көр­діңіз. Неге жари­я­ла­масқа? Қаза­қстан аза­мат­та­ры сол кезеңді әділ түр­де тара­зы­ла­у­ға мүм­кін­дік алуы керек емес пе?

– Мен осы мәсе­лені айтып жүр­мін. 1990 жыл­да­ры үлкен эмо­ци­я­мен «Ала­шор­да» қай­рат­кер­лерін біры­ңғай мақта­дық. Совет кезін­де әспет­тел­ген адам­дар­ды, керісін­ше, тап­тай баста­дық. Тіп­ті кей­де бол­маған нәр­се­лер­ді теліп жібер­дік. Мәсе­лен, «Ала­шор­да» қаза­қтың тұңғыш тәу­ел­сіз мем­ле­кетін жари­я­ла­ды» дей­ді. Шын­ды­ғын­да олай емес. «Ала­шор­да» «авто­но­мия сұрай­мыз» деген. Керек десеңіз, одақ­тас таң­даған кез­де қаза­қты қырған Аннен­ков­пен де, Дутов­пен де ауыз жала­сты. Қаза­қтың «Үш жүз» пар­ти­я­сын құрған Көл­бай Төгі­со­вті ақтарға ұстап берді.

 

– Ондай қиын шешім­дер­ді, ашар­шы­лы­қты, сая­си қуғын-сүр­гін­ді сол ала­са­пы­ран кезең әкел­ген нәу­бет делік. Ал бұл төң­керістің жақ­сы­лы­ғы қан­дай болды?

– Қазақ ханды­ғы құлап, Ресей қол асты­на кіру­ге мәж­бүр болған кез­ден бастап, тұңғыш рет 1920 жылы қазақ мем­ле­кет­тілі­гін қай­та құрып бер­ді. Яғни, Қазақ Авто­но­ми­я­лық Совет­тік Рес­пуб­ли­ка­сы құрыл­ды. 1936 жылы жел­тоқ­сан­ның 5‑і күні Қаза­қстан одақтық рес­пуб­ли­каға айнал­ды. Сол Совет мем­ле­кетінің кезін­де айқын­далған этни­ка­лық тер­ри­то­ри­я­сы, әкім­шілік шека­ра­сы сақта­лып, 1991 жылы тәу­ел­сіз мем­ле­кет болып шықтық. Онан басқа, қаза­ққа жап­пай білім бер­ді. Ғылым ака­де­ми­я­сын құрып бер­ді. Совет үкі­меті тараған­да, Қаза­қстан­да 43 ғылы­ми-зерт­теу инсти­ту­ты болып­ты. Біз эмо­ци­я­лық кезең­нен өттік. Сон­ды­қтан 1917 жылғы Қазан төң­керісі­нен кей­ін­гі қай­рат­кер­лер­ге жоға­ры­дан қарай­ық. Соларға объ­ек­тив­ті түр­де, мақта­май, дат­та­май, дұрыс баға­сын берейік.

 

– Бұры­ны­рақ совет­шіл пікір­леріңізді бай­қай­тын едік. Қазір Совет үкі­меті әкел­ген қасірет­тер­ді де айта­сыз. Совет Одағы­на көзқа­ра­сы­ңыз қай кез­ден өзге­ре бастады?

– 1986 жылғы Жел­тоқ­сан оқиға­сын көз­бен көр­дік. Бұл біздің әуел­гі ой-пікірі­міздің өзге­руіне себеп болған еді. Кей­ін алты жарым ай архив­те оты­рып, бар­лық құпия жаз­ба­лар­ды көр­ген­нен кей­ін, көзқа­рас­та­рым толық өзгерді.

 

– Сұх­ба­ты­ңы­зға рахмет!

 

Нұр­тай ЛАХАНҰЛЫ,

Azattyq.org

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн