Пятница , 4 июля 2025

Әлия ІҢКӘРБЕК: МЕН КӨКТЕГІ ИЕМНІҢ қаламыма құйғанын ғана ҚАҒАЗҒА ТҮСІРУШІМІН

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №42 (406) от 16 нояб­ря 2017 г.

 

Бей­сен­бі­де­гі бетпе-бет


 

Біздің бүгін­гі қонағы­мыз – әде­би­ет сын­шы­ла­ры­ның айтуы бой­ын­ша, поэ­зия еліне «тасқын» болып кел­ген жас ақын Әлия Іңкәр­бек. Жас та бол­са, өлең өлкесін­де­гі талай­лар­ды таң­дай қақты­рған Әли­я­ның әле­міне қызы­ғу­шы­лы­қ­пен «Бей­сен­бі­де­гі бет­пе-бет» айда­ры аясын­да әңгі­ме­ле­с­кен едік.

 

– Әлия, жас бол­саң да, поэ­зия әле­мін­де өзін­дік қол­таң­баң­ды қалып­та­сты­рып үлгер­дің. Өзің жай­ын­да «бар­лы­ғы­мы­здан озып, он сегіз жасын­да алға­шқы кіта­бын шығарған ақын қыз» деп жатады…

– Дұрыс айта­сыз. Әр адам­ның өз көк­те­мі бола­ды. Шынын­да да, менің көк­те­мім ерте кел­ді. Он сегіз жасым­да «Тәңір­тау» атты тұңғыш кіта­бым­ды оқыр­ман­дарға ұсын­дым. Және оқыр­ман­да­рым жақ­сы қабыл­да­ды деп ойлай­мын. Пышақтың қырын­дай ғана жинақ болға­ны­мен, бұл мен үшін жүгі ауыр, сал­мақты кітап. Себебі онда менің ғала­мға деген өзім­дік көзқа­ра­сым, дүни­е­та­ны­мым­дағы ерекше құбы­лы­стар­дың өлең­ге айналған жаз­ба­ша нұсқа­сы бар.

Биыл наурыз айын­да «Тасқын» атты екін­ші жыр жинағым­ның тұса­уын кест­ік. Тұса­у­ке­сер Қарағанды­дан баста­лып, Аста­на қала­сы және Бая­на­уыл аймағы­на ұла­сты. Кітап тұса­у­ке­серінің арқа­сын­да Бая­на­уыл­дың ғажай­ып табиға­тын көр­дім, ондағы ізгі жан­дар­мен кез­де­стім. Елі­міздің әр түк­пірін­де­гі ақын­дар қуа­ны­шы­ма ортақ­та­сып, ізгі тіле­гін де айтып жат­ты. Ерекше әсер алдым. Сол әсер­ден әлі құстай қалы­қтап ұшып жүрмін.

 

– Жақын­да әле­умет­тік желі­ден «Тасқын» деп ата­ла­тын шығар­ма­шы­лық орта­лы­ғы­ң­ды ашқа­ны­ң­ды оқы­дым. Құт­ты бол­сын! Ақын­дарға пиар жаса­уға оңтай­лы орта­лық болға­лы тұр дей­ді. Жал­пы, ауыз тол­ты­рып айта­ры бол­ма­са, ақы­нға пиар қажет пе?

– Негізі, нағыз ақы­нға пиар керек емес. Шын талант­тың пиа­ры – өлеңі! Деген­мен, қазір­гі кез ақпа­рат­тың зама­ны болған­ды­қтан, әле­умет­тік желі арқы­лы жас қалам­гер­лер­дің таны­луы­на мүм­кін­дік туып отыр. Бұл, әрине, көңіл қуан­тар­лық жайт.

Ал шығар­ма­шы­лық орта­лы­ққа келер бол­сақ, «Тасқын» кіта­бым­ның жалға­сы ретін­де және қазір­гі жастар­дың ой еркін­ді­гінің тасқы­ны бол­сын деген ниет­пен аштым. Таңғы сағат оннан кеш­кі сол уақы­тқа дей­ін есі­гі ашық тұра­ды. Бұл жер­де кітап оқы­ла­ды, ой, сөз еркін­ді­гі бола­ды. «Қазір жастар кітап оқы­май­ды» деген үлкен кісілер­дің пікірі бар. Осы сте­рео­тип­ті бұзғым келеді. Сол себеп­тен осы орта­лық арқы­лы жастар­дың жаңа­шыл екенін, бола­шаққа қоры­қ­пай қадам баса­ты­нын дәлел­де­мек ойым бар.

 

– Ал осы кітап­та­ры­ң­ды жары­ққа шыға­руға мем­ле­кет тара­пы­нан көмек бол­ды ма?

– Бүгін­гі таң­да мем­ле­кет тара­пы­нан әде­би­ет­ке, руха­ни­ятқа көп көңіл бөлініп жатыр. Жастар­дың кітап­та­ры мем­ле­кет­тік тап­сы­ры­спен жыл сай­ын шығып, елі­міздің түк­пір-түк­піріне тара­ла­ды. Бұрын менің ауы­лым­дағы кіта­п­ха­на­да енді таны­ла бастаған автор­лар­дың кітап­та­ры апта сай­ын келіп түсетін. Мем­ле­кет­тік тап­сы­ры­спен кітап шыға­ру – қалам­гер үшін зор бақыт, әрі жау­ап­кер­шілік деп біле­мін. Ал жеке автор­дың басып шығарған кітап­та­ры аймақтарға жете алмай, оқыр­ман­да­рын тап­пай қала­ды. Бірақ алдағы уақыт­та бұл олқы­лы­қтар­дың орны тола­ды деп есептеймін.

 

– Тәңір­та­удың қызыс­ың, өлең­дерің­де де тауға деген ыстық ықы­лас бай­қа­лып тұра­ды. «ДАТ»-тың оқыр­ман­да­ры­на туған жеріңді таны­сты­ра отырсаң…

– Жұме­кен ақын­ның «Қаза­қстан­ның қай өлкесі бол­сын – туған жерім деп мақта­нуға тұрар­лық жер» деп айта­ты­ны бар. Мен бар қаза­ққа ортақ болғым келеді. Алай­да адам­ның өскен жері оның мінезіне, бол­мысы­на әсер ететіні бар. Менің туып-өскен жерім – Алма­ты облы­сы Рай­ым­бек ауда­ны. Тәңір­та­удың биік­ті­гін әр күн сай­ын көр­ген­де, менің бой­ы­ма ерекше күш-қуат енетін. Себебі тау қашан да асқақ, қашан да биік. Ешкім­ге бас имей­ді. Және тау­лар­ды биік­те­те­міз деп, жот­а­лар­ды да төмен­дет­кі­міз кел­мей­ді. Мен өзім­нің таудың қызы екені­ме мақтанамын.

 

– Бай­қа­уым­ша, өлең­дерің­де рух пен өрлік басым. Әдет­те қыздар поэ­зи­я­сы «жыла­у­ық поэ­зия» деп сынға алы­ну­шы еді. Сен бұл пікір­ді жоққа шыға­ра­тын секілдісің…

– Мүм­кін… Бірақ оның баға­сын сын­шы­лар бер­гені дұрыс. Мен өз бол­мысым­да не бар – соны ғана өлең етем. Бол­мысым­мен бет­пе-бет кел­ген­де, сезім­нің алдын­да ешқа­шан ала­сар­май­ты­ным­ды білем. Өрлік деген осы шығар, бәл­кім? Адам­ның есі­мі өміріне әсер ете­ді дей­ді ғой. Мен тани­тын Әли­я­лар­дың бәрі батыл. Мол­дағұ­ло­ва Әлия апам­нан бастап… (күліп). Демек, менің осал болуға хақым жоқ.

 

– Мәсе­лен, сенің поэ­зи­яң­да әле­умет­тік мәсе­ле, аза­мат­тық пози­ция жағы қалай?

– Менің қоға­мға айтар «Датым бар!»… Бірақ оны кей­інірек айта­мын. «Поэ­зия махаб­бат­тан баста­лып, пара­сат­пен аяқта­луы тиіс» деген ұста­ным­да­мын. Әле­умет­тік жағ­дай­ды жыр­лап, өздерін пат­ри­от санай­тын­дар көп. Бұл маған ұнамайды.

 

– Сені оқи­тын­дар мен етене жақын білетін­дер «мінезді ақын», «қай­сар қыз», «бір­бет­кей», «айтқыш» дей­ді сен жай­ын­да. Бұл теңе­улер бол­мысы­ңа қан­ша­лы­қты жақын?

– Жал­пы, мына қай­сар­лы­ққа толы бол­мысым да туған жерім­нің топы­рағы­нан дары­ған. Рай­ым­бек баба­мыз, Мұқаға­ли ата­мы­здың өлкесін­де туған­ды­қтан, маған басқа­ша болуға мүм­кін­дік жоқ. Жас ақын­ның көз жана­ры­нан жалын көрініп тұр­ма­са, оның апты­ғы жыл­дам басылады.

Жал­пы, мені көп­шілік таны­ста­рым ұна­та бер­мей­ді: бір­бет­кей адам кім­ге жақ­сын? Бірақ әлдекім­нің мені ұнат­паға­ны – маған сон­ша­лы­қты алаң­дай­тын жағ­дай емес. Мен біре­улер­ге қызғы­лы­қты болып көрін­гім келмейді…

 

– Сен тура­лы мақтау да бар. Оны қалай қабылдайсың?

– Мақтау кей­де адам­ды өсір­се, кей­де, керісін­ше, өшіреді. Және мақта­удың екі түрі бола­ды. Бірі шын мақтау, екін­шісі жалған мақтау. Мен еке­уін де жақ­сы қабыл­дай­мын. Өйт­кені өмір­дің өзі шын­дық пен өтірік­тен құралған.

 

– Өлең­дерің­нен сағы­ны­штың сама­лы есіп тұра­ды. Кім­ді сағынасың?

– Менің сағы­ны­шым – менің музам! Сағы­на алмай­тын адам – жүре­гі жоқ адам. Сағы­ны­штан шынайы жыр­лар дүни­е­ге келеді. Табиғат­тың төрт мез­гілі секіл­ді мен үшін сағы­ны­штың да төрт мез­гілі бар.

 

– Дәл қазір қай автор­дың кіта­бын оқып жатырсың?

– Менің жылы­на екі-үш рет қай­та­лап оқи­тын ақын-жазу­шы­ла­рым бар. Олар­дың кітап­та­рын қай­да жүр­сем де, өзім­мен бір­ге алып жүре­мін. Батыс және Шығыс әде­би­еті­мен жақ­сы таны­спын. Ал дәл қазір­гі уақыт­та Низа­мидің «Мың бір түні» мен Мей­ір­хан Ақдәу­лет­тің «Бей­у­ақтағы мінә­жа­тын» оқу үстіндемін.

Негізі, мен мек­теп қабы­рға­сы­нан бастап кітап жина­уды әдет­ке айнал­ды­рған­мын. Ең мықты автор­лар­дың ғана кітап­та­рын жинай­мын. Кіта­п­ха­нам­да екі жүз­дей кітап бар. Саны аз болға­ны­мен, сапа­сы басым кітаптар.

 

– Айт­пақ­шы, Алма­ты­да өткен «Кофе. Өлең. Екі жарым» деген кешіңнің ата­уы да қызық болды…

– Алма­ты – өлеңнің қала­сы. Алма­ты мен­сіз де – Алма­ты шығар, бірақ мен Алма­ты­сыз ешкім емес­пін! Алма­ты­дан алы­стап кет­сем, осы­ны сезі­не­мін. Иә, сәуір­де Алма­ты­дағы кере­мет кофе­ха­на­ның бірін­де «Кофе. Өлең. Екі жарым» атты кешім өтті. Бұл кеш­те «Тасқын» кіта­бым оқыр­ма­ны­мен қауы­шты. Кофе ішіп оты­рып, өлең оқы­дық, сыр­ла­стық. Мені оқыр­ман­да­рым­ның шынайы ықы­ла­сы, көк­тем көңілі шабыттандырады.

 

– Тір­лік­тің, білем, түбі – мұң:

Жану мен сөну бір ұғым.

Ащы бол­саң да сүй­ер ем,

Тәп-тәт­ті менің ғұмырым! –

деген өлең жол­да­рың бар: осы өміріңе шүкірің көп пе, әлде күпірің көп пе?

– Менің­ше, бір адам­ның бой­ын­да осы екі қаси­ет қатар кез­де­сетін секіл­ді. Шүкір­шіл адам – күпір­шіл, күпір­шіл адам – шүкір­шіл. Рас айтып отыр­мын. Кез кел­ген жағ­да­ятқа бай­ла­ны­сты адам­ның көзқа­ра­сы өзге­руі мүм­кін. Көп жағ­дай­да қол­дағы бар­дың қадірін білетін, барын баға­лай­тын­дар­дың қата­ры­нан табы­лғым келеді.

 

– Ақын­дар көбі­не­се жүрек үніне құлақ асу­шы еді. Ал сенің «Жүре­гіңнің әмірін – Кешік­тің бе? Тың­да­ма!» дей­тінің тағы бар… Сені ақын еткен не нәрсе?

– Мені ақын еткен ойлар. Және сол ойлар­дың тағ­ды­ры шығар. Қалай да мен алға қой­ған мақ­са­ты­ма жетуім керек және ол биік­тен көрі­нуім керек деген дүние. Және ол маған маза бер­меді. Бұл әлем­де қолы­ма қалам ұстатқан бір құдірет бар. Мен тек сол қалам­ды ұстап оты­ра­тын туынды­гер­мін. Ал туын­ды­ны жазып беретін, әрине, көк­те­гі Ием. Жал­пы, адам­зат пай­да болға­лы бері Ақыл мен Жүрек арпа­лы­сып келеді. Олар бірін-бірі жең­ген емес, жеңе алмай­ды да. Кей­де жүрек­тің әмірін емес, ақы­лы­ң­ның бұй­ры­ғын тың­да­уға тура келеді. Сон­ды­қтан кешік­пеу керек!

 

– Ақын­ды­қтың жүгін ерте жастан арқа­ла­дың. Жас ақын ретін­де бүгін­гі қазақ поэ­зи­я­сы­на қан­дай жаңа­ша сер­пін қосам деп ойлайсың?

– Мен сіз­ге дәл қазір «мен мына­дай жаңа­лық ойлап тауып, қазақ поэ­зи­я­сын адам таны­ма­стай өзгер­тем» деп айта алмай­мын. Және олай деп астам­шыл­ды­ққа салы­нғым кел­мей­ді. Дәл қазір­гі сәт­те ізденіс үстін­де­мін. Деген­мен, өзім­ді көп қай­рап, ізденіп, алға ұмты­лға­ным­мен, бұл өмір­де өзім­ді дәлел­де­гім кел­мей­ді. Себебі дәлел­де­у­ге тұр­май­тын нәр­се­лер бола­ды. Оны тек қана сезі­ну­ге, көру­ге бола­ды. Және өлең арқы­лы жет­кізу­ге бола­ды. Уақыт бәріне төре­ші. Мен көк­те­гі Иемің қала­мы­ма құй­ға­нын ғана қағаз бетіне түсірушімін!

 

– Әңгі­меңе рах­мет! Поэ­зия әле­мін­де асқақтай бер!

Сұх­бат­тасқан –

Анар ДӘУКЕН

 

 

ОНЫҢ МОНОЛОГЫ

 

Мүм­кін емес сағын­ба­уың мені енді,

Жана­ры­ң­да мұң мал­ты­са, ой жүзіп.

Өксі­гіңді, маған жазған өлеңді,

Жүре­гіңнің ошағы­на қой тізіп.

 

Өміріңді, сен ізде­ген Өзіңді,

Біз­ге мәлім естелік­тің барлығын,

Мені… сосын шат-шады­ман кезіңді,

Сәл сараң­дау сабы­ры­ң­ның жарлығын,

 

Бәрін-бәрін… өзек­те­гі өкпеңді,

Бізді қоспас бұл қатыг­ез ғасырды,

Бір жүріп те үлгер­ме­ген көк белді,

Өртеп жібер, тамы­зық қып жасыңды.

 

Солай ғана «бақыт» тауып бір уақ,

Солай ғана қателі­гің түзелмек.

Жалын құшқан жүре­гіңді жұлып ап,

Сағы­ны­шқа егілер­сің тізерлеп!

Әлия ІҢКӘРБЕК

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн