Пятница , 4 июля 2025

Әкежан ҚАЖЫГЕЛДИН: БІЗДІҢ ПРОКУРОРЛАР ешқандай миллиардтарды ІЗДЕП ЖҮРГЕН ЖОҚ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №42 (406) от 16 нояб­ря 2017 г.

Салы­қтан қашу жолы

 


Багам арал­да­рын­дағы офшор­ларға қаты­сты жари­я­ланған мәлі­мет­тер Сау­ат Мың­ба­ев­тың мил­ли­ард­тық қар­жы­сы бар ком­па­ни­яға қожа­лық ету­шілер­дің бірі екен­ді­гін көр­сет­ті. Алай­да Мың­ба­ев­тың күм­бір­ле­ген түсіні­гіне сүй­ен­сек, оның «офшор­лық есеп­шот­та­ры жоқ».

Осы­дан бір жыл бұрын жария болған «Пана­ма ісі» қаза­қстан­дық бюд­жет үшін еш пай­да­сын тигіз­беді. Істе көр­сетіл­ген тұлға­лар­дың біре­уі де ақша­сын елге қай­тарған жоқ. Қаза­қстан­ның Бас про­ку­ра­ту­ра­сы депу­тат Азат Перу­а­шев­тың сұра­уы­на бер­ген жау­а­бын­да Қаза­қстан аза­мат­та­ры­ның шетел­де­гі ақша­ла­рын қай­та­руға дәр­мен­сіз екенін мой­ын­да­ды. Біздің тер­ге­ушілер шетел банк­теріне сұрау сала алмай­тын болып шықты.

Соған қараған­да, «жоқты ізде­сең де тап­пай­сың» деген жағ­дай орын алып тұр. Әке­жан Қажы­гел­дин қаза­қстан­дық капи­тал­дың елге ора­лу мәсе­лесі­мен бұрын­нан айна­лы­су­да. Оның болжа­мы­м­ен, елден шыға­ры­лған қар­жы көле­мі 140 млрд дол­лар­ды құрай­ды. Қаза­қстан­ның экс-пре­мьері ресми «қазы­на ізде­ушілер­дің» салғырт­ты­ғы мен елге тиесілі ақша­ның қай­та­ру жол­да­ры жөнін­де айтып берді.

 

Осы­дан екі жыл бұрын депу­тат Перу­а­шев: «Жемқор мен салық төле­уден қашып жүр­ген кез кел­ген адам­ның есеп­шот­та­рын жария ете­мін, тіп­ті сол адам­дар­дың ара­сын­да Тимур Құлы­ба­ев­тың өзі бол­са да», – деген сөзін биік мін­бе­ден айтып, айбат көр­сетіп еді. Ал 4 жыл бұрын «Ақ жол» пар­ти­я­сы­ның депу­тат­та­ры қар­жы ағым­да­ры­ның ашы­қты­ғын қам­та­ма­сыз ететін «Kazakhstan Financial Integrity Center» деп ата­ла­тын қор да құрған. Сол қор­дың жұмысы жөнін­де біреу бір нәр­се естіді ме?

Бас про­ку­рорға арнап айта­рым: «Ұрланған мил­ли­ард­тар­ды қай­та­ру жөнін­де­гі сұра­уды жазу­дың еш қиын­ды­ғы жоқ. Бұл тіп­ті Ниге­рия мен Гаи­ти секіл­ді мем­ле­кет­тер­дің про­ку­рор­ла­ры­ның қолы­нан келетін іс. Оған осы мем­ле­кет­тер­дің дик­та­тор­ла­ры­ның жымқы­рған жар­ты мил­ли­ард дол­ла­рын Лих­тен­штейн мен Швей­ца­рия банк­тері қай­тарға­ны дәлел. Бас про­ку­рор Аста­на­дан жедел түр­де Гаи­ти­ге барып, тәжіри­бе жинақта­уы тиіс деп қал­жы­ң­да­удан басқа амал жоқ.

Біздің про­ку­рор­лар ешқан­дай мил­ли­ард­тар­ды іздеп те жүр­ген жоқ. Өйт­кені абай­сызда үлкен тұлға­лар­дың шетел­дік есеп­шот­та­рын тауып алу­ла­ры әбден мүм­кін. Ал ол үшін шен­дері­нен де айы­ры­лып қалу­ла­ры ғажап емес. Кезін­де Швей­ца­ри­ядағы есеп­шот­тар­дан мил­ли­он­даған ақша­ның абай­сызда табы­лып қалға­ны АҚШ-тағы «Қаза­қ­гейт» ісіне түрт­кі болға­ны естерін­де қалған болу керек.

Мен «Нұр Отан­ның» тың­шы­ла­ры­на, «хан­шай­ым» мен «хан­за­да­ларға» аран­да­ры­ң­ды ашпай-ақ, алды­мен «марға­у­лар­мен» жат­ты­ғы­ң­дар деп кеңес берер едім. Мыса­лы, бұры­нғы вице-пре­мьер, екі дүр­кін қар­жы мини­стрі, мұнай, энер­ге­ти­ка, сауда, ауыл шару­а­шы­лы­ғы мини­стрі болған Мың­ба­ев­тан бас­та­са болар еді. Оның «Самұрық-Қазы­на» қоры мен «Қаз­Мұ­най­Газ» ком­па­ни­я­сы­на бас­шы­лық еткенін айт­па­са да болады.

Оның бас­пасөз мәс­ли­ха­тын­да айтқан сөзіне құлақ аспай, жур­на­ли­стер жария еткен құжат­тарға назар салу керек. Сол құжат­тар бой­ын­ша, Баты­стың ірі банк­терін­де­гі үш есеп­шот­тың өзін­де ғана Мың­ба­евқа тиесілі жар­ты мил­ли­ард дол­лар бар. Мыса­лы, «Barclays Wealth» бан­кін­де. Өзге де банк­тер­ді атап шығуға бола­ды… Бұл ақша Қаза­қстан­нан «Уни­милк» ком­па­ни­я­сы арқы­лы шыға­ры­лып оты­рған. Оған Мың­ба­ев багам­дық «Мери­ди­ан груп» арқы­лы бақы­лау жасаған. Қазір енді сол ком­па­ни­ядан басын ала қашып отыр.

Бұл фак­тілер үкі­мет­тік жемқор­лы­қ­пен айна­лы­са­тын халы­қа­ра­лық маман­дар үшін құпия емес. Пре­зи­дент Назар­ба­ев «капи­та­лист-мини­стр­лер­дің» жинап-тер­ген ақша­ла­ры жөнін­де жақ­сы хабар­дар. Мен оған осы мәлі­мет­тер­дің мән- жай­ын хабар­лап, сол ақша­ны уақы­ты­лы елге қай­тар­ма­са, Батыс оны өзіне тәр­кілей­тінін талай ескерткенмін.

Мың­ба­евқа тиесілі жар­ты мил­ли­ард дол­лар­ды елге қай­та­ру­дың нұсқа­улы­ғын Азат Перу­а­шев пен бас про­ку­рор үшін арнайы жазып берейін.

1. Қара­жат­тың қыл­мыстық жол­мен шыға­ры­лға­ны­на күдік­тен­ген­дік­тен, аталған банк­тер­дің және сол елдің «Қыл­мыстық жол­мен табы­лған қар­жы­ны таза­ла­у­ға қар­сы ұлт­тық агент­ство­ла­ры­ның» бас­шы­лы­қта­ры­на Қаза­қстан­да тер­геу амал­да­ры аяқталғанға дей­ін есеп­шот­тар­ды «қаты­рып» қоюға өтініш жасау.

2. Ақша­ның қай­нар көзін аны­қтау мақ­са­тын­да бас про­ку­рор өзінің шетел­дік әріп­те­стеріне құқы­қтық көмек көр­се­ту жұмысы аясын­да сұрау жол­дап, есеп­шот­тар­дың үзін­ді көшір­месін алуы тиіс.

3. «Қаз­Мұ­най­Газ» бен «Самұрық-Қазы­на» қоры­ның жетек­шісі өзіне тиесілі жар­ты мил­ли­ард дол­лар­ды заң­ды-заң­сыз жол­мен тапқа­ны тура­лы шешім шыға­руы тиіс.

4. Салық орган­да­ры аталған жар­ты мил­ли­ард дол­лар­дан салы­қтың төлен­генін неме­се төлен­бе­генін аны­қтап, қажет болған жағ­дай­да айып­пұл мен өсі­мақы­ны тағай­ын­да­уы қажет.

5. «Нұр Отан» Мың­ба­ев­тың пар­ти­я­лық жар­на­ны толық мөл­шер­де төле­генін тек­се­руі тиіс. Пар­тия тара­пы­нан сөгіс жари­я­лан­сын. Соны­мен қатар Мың­ба­ев­тан да өзге тұлға­лар­дың қыз­мет­терін жете тек­се­ру қажет.

Қазір­гі министр Бақыт Сұл­та­нов Әзер­бай­жан­ның халы­қа­ра­лық бан­кіне Қаза­қстан­ның зей­не­тақы қоры­нан 71 мил­ли­ард тең­ге аударған­нан кей­ін, банк өзінің дефол­тқа ұшы­раға­нын жария ете­ді. Осы­лай­ша, біздің зей­нет­кер­лер­дің жинап-тер­ген 220 мил­ли­он дол­ла­ры сана­лы түр­де құр­ды­мға кет­ті. Банк­тің күй­реу жағ­дай­ын­да екен­ді­гі алдын ала бел­гілі бол­ды емес пе! Не үшін? Аны­ғы­рақ айтқан­да: қан­шаға? – деген сұрақ орын­ды болар еді.

Жақын­да ғана Нидер­ланды­да «ҚазМұнайГаз»-ға тиесілі 5 мил­ли­ард дол­ларға тый­ым салын­ды. Осы қар­жы­ны боса­тып, неси­есіз тұн­шы­ғып жатқан Қаза­қстан эко­но­ми­ка­сы­на қай­та­ру­ды ойла­сты­ру керек.

Қаза­қстан­дық ақша­ны аны­қтап, оны «қаты­рып» қою қиын емес екенін тағы қай­та­лап айта­мын. Жақын айна­ла­дағы қаза­қстан­дық оли­гарх­тар мен шене­унік­тер­дің аты-жөні шетел­дік банк­тер­дің «қатер­лі тізі­міне» енгізіл­гені қай заман.

Егер де солар­дың бірі ақша­сын қай­та тығуға әре­кет жасай­тын бол­са, онда есеп­шот­тағы ақша сол сәт­те «қаты­ры­лып», қыл­мыстық іс қозға­ла­тын бола­ды. Одан кей­ін Батыс сот­та­ры сол ақша­ны үкі­мет пен министр Сұл­та­но­вқа қай­та­ру тура­лы шешім шыға­ра­ты­ны екіталай.

Қаза­қстан­ның жемқор­ла­ры мен оли­гарх­та­ры өздерінің бай­ып кетуіне жол ашқан режи­міне өздері сен­бей­ді. Әйт­пе­ген­де өздерінің мил­ли­ард­та­рын «Халық банк­те», «Қаз­ком­да», не бол­ма­са БТА-да сақтар еді. Олар­дың бәрін, «жыла­са да, шан­шыл­са да, как­ту­сты кеміріп жатқан» тышқан­дар­мен салы­сты­руға бола­ды. Өйт­кені біздің жемқор­лар қауіп айна­лып өтер деген үміт­пен өз ақша­ла­рын Баты­ста әлі де сақтап отыр.

Жақын­да ғана Эква­то­ри­я­лық Гви­не­яның қазір­гі пре­зи­ден­тінің бала­сы­на қыл­мыстық жол­мен табы­лған ақша­ны тазар­ту­мен айна­лы­сты деген айып тағы­лып, сырт­тай 3 жыл бас бостан­ды­ғы­нан айы­ру үкі­мі шығып, 30 млн еуро көле­мін­де айып­пұл салын­ды. Оның АҚШ, Фран­ция мен Ұлы­бри­та­ни­ядағы бүкіл қар­жы­сы мен мүл­кі тәркіленді.

Сон­ды­қтан біздің жер­ле­стер Батыс пен Шығы­стағы құпия шот­та­рын­дағы ақша­ны елге өз еркі­мен қай­тарға­ны дұрыс болар еді. Бұл іс оларға өз ота­нын­да қапер­сіз өмір сүріп, мұра­гер­лерінің бола­шағы­на деген сенім­ділік­тің кепілі болар еді. Біздің бағ­дар­ла­ма ұлт­тық эко­но­ми­ка­ның жан­да­нуы­на өз ақша­сын құй­ған адам­дар­дың мүлі­гін тәр­кілеу мен қуда­ла­уды көз­де­мей­ді. Репрес­сия мен аза­мат­тық соғы­стың қажеті қанша?

•Түп­нұсқа: facebook.com/notes/бәсе/акежан-кажегельдин-деньги-мынбаева-нужно-вернуть-в-казахстан/1771909799779475/

 

 

 

 

ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚАЗІРГІ РЕЖИМГЕ

оппо­зи­ция мен рево­лю­ци­ядан да қауіпті

 

Қаза­қстан­ның экс-пре­мьері Әке­жан ҚАЖЫГЕЛДИН осы офшор­лық дау-дамай­ға қаты­сты укра­и­на­лық теле­ком­па­ни­яға да сұх­бат бер­ген еді.

 

Питер ЗАЛМАЕВ:

– Немістің «Süddeutsche Zeitung» басы­лы­мы жария еткен «Paradise Leaks» (Жұмақтағы мән-жай) атты мәлі­мет­тер­дің ішін­де НАТО-ның бұры­нғы бас хат­шы­сы, Мадон­на мен Боно поп-жұл­ды­зда­ры және Бри­тан пат­ша­сы­ның жанұя­сы­ның өкіл­дері­мен қатар, сіздің бұры­нғы отан­даста­ры­ңы­здың есім­дері көр­сетіл­ген. Бұл бірін­ше рет емес. Осы адам­дар жай­ын­да айтып өтсеңіз. Олар кімдер?

 

Әке­жан КАЖЫГЕЛДИН:

– Шын­ды­ғы­на кел­ген­де, бұл таңқа­лар­лық жағ­дай емес. Біздің шене­унік­тер 2000 жыл­дар­дан бастап отан­дық эко­но­ми­ка­дан қашып, шетел­де тығы­лу­ды әдет­ке айнал­ды­рған. Қазір­гі оқиға­ның бір қызы­ғы – мем­ле­кет­тік қыз­мет­те 20 жыл жұмыс жасаған бір ғана шене­унік­тің әңгі­месі. Бұл адам мини­стр­лер каби­нетіне менің кезім­де кел­ген бола­тын. Ол әртүр­лі сала­ның мини­стрі болып, кей­ін­гі 15 жыл бойы мұнай-газ сала­сын­да қыз­мет жасаған. Оған елден қыру­ар қар­жы­ны сыр­тқа шыға­рып, ақша­ны тыққан деп тағы­лып оты­рған күдік­тің аста­рын­да нақты істер болуы әбден мүм­кін. Сон­ды­қтан енді­гі кезек­те оған ақта­луға тура келеді.

 

Питер ЗАЛМАЕВ:

– Сіз әлем­дік қар­жы орта­лы­қта­ры­ның бірі – Лон­дон­да тұра­сыз. Бір­не­ше жыл бұрын Назар­ба­ев­тар отба­сы­ның жыл­жы­май­тын мүлі­гіне қаты­сты жан­жал орын алып еді, сол жан­жал­дың себебі неде бол­ды және құзыр­лы меке­ме­лер тара­пы­нан қан­дай да бір іс жасал­ды ма?

 

Әке­жан КАЖЫГЕЛДИН:

– Ең үлкен дау-дамай пре­зи­дент Назар­ба­ев­тың үлкен қызы рэкет пен өзгенің мүлі­гін тар­тып алып, капи­тал­ды шетел­ге шыға­руы­мен бай­ла­ны­сты бол­ды. Шыға­ры­лған қар­жы­ның басым бөлі­гі Еуро­одақ мем­ле­кет­тері мен Ұлы­бри­та­ни­яда мүлік ием­де­ну­ге жұм­салған. Кей­ін аны­қталған­дай, Ұлы­бри­та­ни­ядағы мүлік ең ауқым­ды болған. Қазір осы іс құқы­қтық тұрғы­дан тек­серіліп, про­цесс жүріп жатыр. Менің ойым­ша, бұл іс осы­дан 15 жыл бұрын Рахат Әли­ев пен Дариға Нұр­сұл­танқы­зы­нан зардап шек­кен адам­дар­дың пай­да­сы­на шешіліп, олар­дың мүлік­тері қайтарылады.

 

Питер ЗАЛМАЕВ:

– Капи­тал­дың офшорға кетуіне тосқа­уыл қою үшін, Батыс мем­ле­кет­тері мен олар­дың қар­жы инсти­тут­та­ры қалай күре­суі керек? Бүгін­гі таң­да Батыс демо­кра­ти­я­сы Қаза­қстан мен Укра­и­на сияқты мем­ле­кет­тер­ден шыға­ры­лған капи­тал­дың пана­сы­на айна­лып кет­ті. Деген­мен, әлем­нің басты қар­жы орта­лы­қта­ры ретін­де жаға­жайы паль­маға толы арал­дар емес, Лон­дон мен Нью-Йорк қалып отыр ғой.

 

Әке­жан КАЖЫГЕЛДИН:

– Бұл сұраққа екі тұрғы­дан жау­ап беру керек. Батыс елдерінің бас­шы­ла­ры­на өз аза­мат­та­ры­на бер­ген уәдесін­де тұру керек. 2008 жылғы дағ­да­ры­стан кей­ін олар заң­сыз қар­жы­ны аны­қтап, есеп­шот­тар­ды «қаты­рып», тәр­кілей­міз деп уәде еткен. Сол айтқан­да­рын дәй­ек­ті түр­де жүзе­ге асы­рып келеді. Оны мой­ын­да­мауға бол­май­ды. Ал ақша­сы шыға­ры­лып жатқан мем­ле­кет­тер жемқор­лы­қ­пен көз­бо­я­у­шы­лық жаса­май, шынайы түр­де күре­су­лері қажет. Өйт­кені жемқор­лық – қазір­гі режим үшін оппо­зи­ция мен рево­лю­ци­ядан да қауіпті.

 

Питер ЗАЛМАЕВ:

– Қажы­гел­дин мыр­за, біз­ге қосы­лға­ны­ңыз үшін үлкен рахмет!

 

Топ­та­ма­ны қазақшалаған –

Димаш АЗАМАТОВ,

«

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн