Пятница , 2 мая 2025

Арыстарға атылған ОҚ АЗ БА ЕДІ?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №43 (407) от 23 нояб­ря 2017 г.

 

Ғалым аға­ма хат


 

«DAT» газетіне (№38, 19 октябрь, 2017 ж.) «Қаза­қты – қазақ басқа­ра алмай­ды деген кім­дер еді?» деген атпен шыққан мақа­ла қоғам­да қызу талқы­ға түсіп жатқа­лы біраз бол­ды. Авто­ры – ала­шта­ну­шы, жазу­шы, ф.ғ.д. Тұр­сын Жұрт­бай. Ғалым «…Егер тарихқа әділ баға бер­гі­міз кел­се, 1924–25 жыл­да­ры «Қаза­қстан­ды қазақ басқа­ра алмай­ды» деп, Ста­лин­ге хат жазған Тұрар Рысқұ­лов пен Сәкен Сей­фул­лин­ді неге айт­пай­мыз? Атта­рын неге ата­май­мыз? Біре­уінің 37 бет, екін­шісінің 47 бет хаты бар. Еке­уі де Ста­лин­нің қабыл­да­уын­да болған­дар. Содан екі жарым айдан кей­ін Ста­лин Голо­ще­кин­ді Қаза­қстанға жібер­ді емес пе? Рысқұ­лов Мәс­ке­у­ге кет­ті, Сей­фул­лин Халық комис­сар­лар кеңесінің төраға­сы қыз­метіне алын­ды. Міне, тапқан пай­да­ла­ры…» деп жазады.

 

Енді автор айтқан әділ­дік­ке жүгіне оты­рып, алды­мен Сәкен Сей­фул­лин­ге қаты­сты тұста­ры­на тоқта­лай­ын. Бірін­ші­ден, Т.Жұртбай айтқан­дай, С.Сейфуллин 1924–25 жыл­да­ры Ста­лин­ге хат жазып, соның арқа­сын­да Халық комис­сар­лар кеңесіне төраға болған жоқ. Ол бұл қыз­мет­ке үш жыл бұрын, 1922 жылы жел­тоқ­сан­да кіріс­кен. Екін­ші­ден, Сей­фул­лин­ді қыз­мет­тен алдыр­тқан Голо­ще­кин­нің өзі емес пе? Үшін­ші­ден, Сәкен қыз­мет­тен кет­кен­де, орны­на Н.Нұрмақов қал­ды. Неге екені бел­гісіз, ғалым хат­тың қай мұрағат­тың, қай сөресін­де тұрға­ны­на сіл­те­ме жаса­май­ды. Мақа­ла соңын­дағы kaz.365info.kz деген жазуға қараған­да, бұл мате­ри­ал­ды редак­ция интер­нет­тен көшіріп басқан болуы керек.

Қаза­қстан­ның, Омбы, Орын­бор, Мәс­кеу, Санкт-Петер­бург, Уфа, Қазан архив­терін сан мәр­те сүзіп, «Сәкен­та­нуға» алпыс жыл­дан аса ғұмы­рын арнаған, С.Сейфуллин тура­лы оннан артық кітап жазған ф.ғ.д., про­фес­сор Тұр­сын­бек Кәкі­шұ­лы: «Мұрағат­тар­дан Сәкен­нің біре­уді қара­лап жазға­ны, бол­ма­са ман­сап үшін ұлты­на қия­нат жасаға­ны жай­лы ешқан­дай мәлі­мет табы­лған жоқ. Сәкен­ді қара­ла­удың көкесін менің көзім кет­кен соң көресің­дер» дейтін.

Көке­міз көре­ген­дік­пен айтып­ты. Тұр­се­кеңнің: «…Көзі тірісін­де де, ақталған­нан кей­ін де, Сәкен Сей­фул­лин төңіре­гін­де­гі әңгі­ме тола­стаған емес. Бұл оның бақы­ты да, соры да. Бақы­ты бола­ты­ны – оның мұра­сы, іс-әре­кеті архив­ке тап­сы­рыл­май, күні бүгін­ге дей­ін мем­ле­кет­тік-әле­умет­тік тір­лі­гі­міз­ге ара­ла­сып жатуын­да… Ал соры бола­ты­ны – ылғи қаңқу сөздің орта­сын­да бола­тын­ды­ғы. Ол көл­де­нең көк атты­ның да, азу­лы ары­стан­ның да, ештеңе­ден хаба­ры жоқ надан­ның да, тұрақ­сыз кеудем­соқтың да… аузын­да бір­де мақта­лып, бір­де дат­та­лып жатуын­да…» деп жазға­ны есі­міз­де. (Т.Кәкішев. «Халық кеңесі», №143, 28.09.1994 ж.).

 

Мақа­ла­дағы жай­тқа келер бол­сақ, бұл баян­дау хат­та «Қаза­қстан­ды қазақ басқа­ра алмай­ды» деген сөз бен орта­лы­қтан адам жіберіңіз деген өтініш мүл­де жоқ! Онда Сәкен­нің 20-жыл­да­ры Ком­му­ни­стік пар­ти­яға өткен «оңшыл­дар» мен «сол­шыл­дар» жай­лы көзқа­ра­сы мен білі­мін жетіл­діруі тура­лы жазы­лған. Ол кезең­де мем­ле­кет­тік істер төңіре­гін­де пар­ти­я­лар ара­сын­да әртүр­лі пікір­лер­дің айты­луы заң­ды­лық. Аума­лы-төк­пе­лі заман­ды қой­ып, қазір­дің өзін­де сая­си пар­ти­я­лар бірін-бірі «жер­ден алып, жер­ге салып» жатқан жоқ па?

Сәкен­дер совет­тік иде­я­лар­мен елді жақ­сы өмір­ге жет­кіз­гісі кел­ді. 1917 жыл 2 қара­ша­да боль­ше­вик­тер пар­ти­я­сы­ның шығы­стың бар­лық мұсыл­ман халы­қта­ры­на үндеу жасап, «езіл­ген ұлт­тарға өзін-өзі билеу құқы­ғын бере­міз» дегеніне иман­дай сен­ді. Олар сол кез­де совет­тік жүй­енің түп­кі мақ­са­тын, қан­ды қақ­па­нын сезді, біл­ді деу қия­нат болар. Әрі бұл Сәкен мен Тұрар ғана емес, жар­ты әлем сен­ген жүйе бола­тын. Ары­стар арман­даған соци­а­лизм теңдік, бостан­дық орнаған қоғам болуы керек еді. Көк­се­ген соци­а­лизм­ге жету­ге жоға­ры жақ еш мүм­кін­дік бер­ме­се, алға­шқы бағыт­тан ауы­тқып кет­се, ол ары­стар­дың кінәсі емес қой. Алға­шқы­да айты­лған өкі­мет басы­на халық билі­гін орна­тып, халы­қтың жоғын жоқтай­мыз, бар­лы­ғын тең құқы­лы қыла­мыз деген сияқты ала­пат ұран­дар талай­ды сен­дір­мей қоймады.

1920 жылы Орын­бор коми­тетіне арыз жазған Ахмет Бай­тұр­сы­нұ­лы: «Азат етіл­ген қазақ халқы дүни­е­жүзілік рево­лю­ция арқа­сын­да ғана бақы­тқа жете ала­ды… Бұл тек Ком­му­ни­стік пар­ти­я­ның қолы­нан келеді» деп түй­ін­деді. Ком­му­ни­стік пар­тия күш алып кет­кен соң, сол арқы­лы қазақ мүд­десін қорға­мақ болып, пар­ти­яға өткен Ахаң­дар да, қызыл сұңқар­лар да өмір сце­на­рий­інің соңын біл­се, басқа­ша болар ма еді. Өздері таң­даған жол­мен халы­қты бақы­тқа кенел­те­міз деп мақ­сат қой­ған тұлға­лар иде­я­лық тар­ты­стар кезін­де тар­ты­нып қалған жоқ. Совет үкі­метіне құлай сеніп, еңбек­ші тап­тың жарқын бола­шағы үшін барын сал­ды. Өзге­лер де солай. Иде­я­лар ара­сын­да ала­са­пы­ран айтыс-тар­тыс жүріп жат­ты. Сол кез­де құр айты­сты қой­ып, қатаң бұй­рық беріп, қатал шешім­ге барған тұлға­лар аз ба? Ол жай­лы басқа емес, Тұр­сын Жұрт­бай ағам­ның өз аузы­нан есті­ген едім.

Бірақ солар­дың ара­сы­нан әсіре­се Сәкен­ді бөліп алып, қай­та-қай­та оққа бай­ла­уда не сыр бар? Ста­лин­нің қабыл­да­уын­да болған­дар, хат жазған­дар жетер­лік. Сәкен қабыл­да­уда болған­да былай деп­ті дей­тін­дей дерек еш жер­де тір­кел­ме­ген. Ешқан­дай айғақ бол­ма­са да, біре­удің қолы­мен «от көсе­уді» қалай түсі­не­міз? Қазір­гі күн­де хат бірқа­тар оқыр­манға таныс болға­ны­мен, нақты түп­нұсқа­ны көр­ме­ген­дік­тен, кей­де бұл Мәс­ке­удің әдейі ұйым­да­сты­рған қитұрқы әре­кет­терінің бірі емес пе екен деген де ой туады.

Атал­мыш хат жай­лы т. ғ.д., сәкен­та­ну­шы, архив­тен тың мате­ри­ал­дар тауып, ақын­ды тыңғы­лы­қты зерт­те­ген ғалым­дар­дың бірі, «Сакен Сей­фул­лин – Пред­се­да­тель Сове­та народ­ных комис­са­ров Казах­ста­на» кіта­бы­ның авто­ры Марат Абсе­ме­тов былай дей­ді: «Бұл мате­ри­ал бел­гілі. Кезін­де Тұр­сын­бек аға жазған. Бұл жер­де тап­тық күре­стің нәти­же­лері көрініп тұр. Бірақ Сәкен үзіл­ді-кесіл­ді орыс боль­ше­вик­тері жағын­да бол­ды деп айтуға бол­май­ды. Мен­де­шо­втың орыс жағы­на кетіп қалға­нын жақтыр­май жазған. Әли­хан – Алаш иде­я­сы­мен, Мұста­фа – түрік иде­я­сы­мен, Сәкен – совет иде­я­сы­мен қаза­ққа бақыт әке­ле­міз деді. 70 жыл қазақ оқы­ды, өнер­кәсібі дамы­ған елге айнал­ды. Жақ­сы жағы да бол­ды. Ол хат­та Сәкен­нің сұраға­ны – Ака­де­ми­яда оқу тура­лы. Ал қаза­қтан бас­шы бол­ма­сын деген сөз жоқ».

 

Осы тұста С.Сейфуллин мен Т.Рысқұлов жай­лы бұры­ны­рақ айты­лған пікір­лер­ге тоқта­ла кет­кен жөн болар. «…Жиыр­ма­сын­шы жыл­да­ры Сәкен – Қаза­қстан­да Голо­ще­кин жүр­гіз­ген сая­сатқа ашық қар­сы болған адам­ның бірі. Ол тіп­ті Голо­ще­кин­нің қабыл­да­уы­на бар­май кет­кен, оны­мен кез­де­се қал­са, теріс айна­лып кететін болған. Сәкен­нің бұл мінезін кек тұтып, «өркөкірек» ақын­ды жуа­сы­тып алу үшін, Голо­ще­кин оған қар­сы мақа­ла­лар ұйым­да­сты­рып, пар­ти­я­лық таза­ла­удан өткіз­ген» («Сәкен тура­лы жаңа сөз». С.Қирабаев, ака­де­мик. «Қазақ әде­би­еті», №38, 23.09.1994 ж.).

«…Сәкен­ді 1928 жылғы ком­пес­ке-тәр­кіле­у­ге, кол­хоз­да­сты­ру науқа­ны­на, отар­шы­лар үшін жасаған инду­стри­я­ла­у­ға, 1932–33 жылғы аштық сал­да­ры­на, 1937–38 жыл­дар­дағы қазақ зия­лы­ла­рын құр­ту науқа­ны­на еш ара­ла­сты­ра алмай­мыз… Сәкен Қаза­қстан үкі­метін басқарған уақыт­та бір­не­ше игі істер­ге мұрын­дық бол­ды. 1923 жылы «Қаза­қты – қазақ дей­ік, қатені түзей­ік» деген айбат­ты мақа­ла жазып, орыс тарихын­да, тілін­де қырғыз – Кир­ги­зия болып кел­ген елдің 1925 жылы Қаза­қстан аталға­ны рас бол­са, онда Сәкен ұлт­жан­ды­лы­ғы­ның үлесі жоқ деп кім айта ала­ды? («Сәкен­нің тарих­тағы орны хақын­да». Т.Кәкішев. «Халық кеңесі», №143, 28.09.1994 ж.).

«…Сов­нар­ком бас­шы­сы Сәкен Сей­фул­лин­нің батыл ара­ла­суы­мен халық шару­а­шы­лы­ғын қал­пы­на кел­ті­ру бағы­тын­да біраз жұмыстар істел­ді. Өнер­кәсіп сала­сын­да еле­улі ілгеріле­ушілік бай­қал­ды. Мұнай, алтын, жез, түсті металл­дар өндірісі дами түсті. …Қазақ жерін­де авто­мо­биль, темір жол, әуе қаты­на­сын өркен­де­ту ісі қолға алын­ды». (Аман­тай Кәкен. «Сәкен Сей­фул­лин­нің «Еге­мен Қаза­қстан­дағы» қол­таң­ба­сы». 19.11.2017 ж. «Еге­мен Қазақстан»).

«…Сәкен Сей­фул­лин 1925 жыл­дың 25 мамы­рын­да Ста­лин­нің қабыл­да­уын­да болған. Тір­кеу тізі­міне «быв.пред. Сов­нар­ко­ма Кир­ги­зии» (Қазақ Рес­пуб­ли­ка­сы үкі­метінің бұры­нғы төраға­сы) деп қағазға түс­кен. Еке­уа­ра қан­дай мәсе­ле қозғалға­нын дөп басып айту қиын. Сәу­е­гей­лік жасау абы­рой әпе­ре қой­мас» («Ста­лин­нің қабыл­да­уын­да болған». Зарқын Тай­шы­бай, про­фес­сор. 13.04.2016 ж. «Еге­мен Қазақстан»).

Көр­нек­ті ғалым­дар нақты айғақтар­мен мем­ле­кет және қоғам қай­рат­кері, дауыл­паз ақын, жазу­шы-дра­ма­тург, әнші-саз­гер, ұлт­жан­ды ұлы сурет­кер С.Сейфуллиннің тарих­тағы орнын осы­лай көр­се­те­ді. Ақы­нға арналған көр­кем шығар­ма­лар, ғылы­ми еңбек­тер, ұлы тұлға­лар­дың естелік­тері қан­ша­ма. Осы­ның бәрі халы­қтың аяу­лы пер­зен­тіне деген махаб­ба­ты­нан туған.

 

Дәлел­деу керек бол­ма­са да, қара­пай­ым оқыр­ман­дарға түсінік­ті болу үшін, Сәкен Сей­фул­лин атқарған істер­ге тағы бір қысқа­ша тоқта­ла кетей­ін. Сәкен 1922 жылы Сов­нар­ком кезін­де «Алаш» көсе­мі Ахмет Бай­тұр­сы­но­вты Нар­ком­просқа төраға­лы­ққа ұсы­нған, қыз­мет­ке алған. 1923 жылы Орын­бор­да үкі­мет мүше­лерінің қар­сы­лы­ғы­на қара­май, «Қазақ халқын бай мен кедей­ге бөл­мей, намысын бір­дей жырт­ты, жоғын бір­ге жоқта­ды …», деп айы­ры­қ­ша құр­мет­теп, Ахаң­ның 50 жас мерей­той­ын өткіз­ген. 22 қара­ша­да Орта­лық Атқа­ру коми­теті Сәкен­нің пәр­мені­мен қазақ тілін­де кең­се істерін жүр­гі­зу тура­лы декрет шығарған. ҚАЗАҚ деген (кей­бір үкі­мет мүше­лері қар­сы болған) тари­хи аты­мы­зды қай­та­руға орас­ан зор үлес қосқан. Сол кез­де оты­зға да тол­маған тұңғыш үкі­мет бас­шы­сы іскер­лік­пен халық шару­а­шы­лы­ғы­ның, өнер­кәсіп сала­сы мен эко­но­ми­ка­ның, әле­умет­тік сала­ның, көп­те­ген жаңа жоба­лар­дың ілгер­ле­уіне тіке­лей ықпал еткен. Қожа Ахмет Ясса­уи кесе­несіне өңдеу жұмыста­рын жүр­гіздірт­кен. А.В.Затаевичке «Қаза­қтың 1000 ән-күй­ін» жинат­ты­рған. Жер-жер­лер­ден қазақ мек­теп­терін ашты­рған. 1922–24 жыл­да­ры үш мың­дай сти­пен­дия тағай­ын­дап, қазақ жаста­ры­ның тегін білім алуы­на мүм­кін­дік жасаған. Қан­ша талап­ты жасты өз үйін­де тұрғы­зып, оқы­тып, талай бұлақтың көзін ашқан. Керек бол­са, Нар­ком мүше­лерін түгел­дей ұлт­тық кадр­лар­мен жасақтаған. Бұл – Сәкен Сей­фул­лин­нің Т.Жұртбай мең­зе­ген жыл­да­ры жасаған еңбе­гі ғана.

Бұдан кей­ін мем­ле­кет­тік істер­ден шет­тетіл­ген Сәкен жазу­шы­лық, ағар­ту­шы­лық қыз­мет­ке ауы­сты. Шығар­ма­шы­лы­қ­пен айна­лы­сты. Ауыз әде­би­етінің нұсқа­ла­рын жина­ды. 1931–35 жыл­да­ры «Ескі әде­би­ет нұсқа­ла­ры», «Билер дәуірі әде­би­еті» жинағын, «Қазақ әде­би­еті» оқулық-хре­сто­ма­ти­я­сын, «Батыр­лар жыры» жинағын құра­с­тыр­ды. «Ақан сері» өлең­дер жинағын, Шәкәрім­нің «Еңлік-Кебек» даста­нын, Ы.Алтынсаринның, Ж.Жабаевтың және Ақмо­ла өлең­дер жинағын кітап қылып бастыр­ды. ЖОО-да фольк­лор жинау экс­пе­ди­ци­я­сын ұйым­да­стыр­ды. 1931–32 жыл­да­ры Голо­ще­кин­ге қар­сы ашық түр­де қызыл үкі­мет­ті оңдыр­май сынаған «Қызыл ат» поэ­ма­сын, «Біздің тұр­мыс» дра­ма­сын жаз­ды. Атал­мыш шығар­ма­ла­ры сол кез­де-ақ газет-жур­нал­дар­да жари­я­ла­на баста­ды. Сол үшін Голо­ще­кин Сәкен­ді қан­ша рет оққа байлады.

Ол кәсі­пқой театр өнерінің өркен­де­уіне үлкен үлес қосты. ҚЖО құр­ды. 1936 жылы мамыр айын­да Мәс­ке­уде өткен қаза­қтың көр­кем өнері мен әде­би­етінің онкүн­ді­гін­де ұлт мұра­сын Одаққа таны­туға жанын салған­дар­дың біре­гейі бол­ды. Құр сүл­дері қалған Мағ­жанға көмек қолын созды. Басын қан­ша қауіп- қатер­ге тіге жүріп, ұлты­на қал­тқы­сыз қыз­мет етті. Ұлт мүд­десін жоға­ры қой­ған­ды­қтан, «Ала­шор­да­шыл» деп сына­лып, пар­ти­я­лық таза­ла­удан өтті. Әде­би­ет пен мәде­ни­ет­ке қосқан үлесі ұшан-теңіз. Шығар­ма­шы­лы­қ­пен айна­лы­суға уақы­ты тап­шы бол­са да, өлең­дері қазақ поэ­зи­я­сы­на жаңа фор­ма әкел­ді, әндері ұлт­тың үніне айнал­ды. Осы­ның бәрі бір адам үшін аз еңбек пе? Айтыл­маға­ны қан­ша­ма. Мем­ле­кет болып қалып­та­суы­мы­зда Сәкен ара­лас­паған, ақын­ның шапаға­ты тиме­ген сала жоқтың қасы.

 

Ал бүгін келіп, Сәкен жасаған еңбек­тің жүз­ден бірін істе­ме­ген­дер алаш ары­сын бір сөз­бен тарих­тан сызып тастағы­сы келеді. Небәрі қырық үш жасқа дей­ін қазақ үшін осын­ша қыру­ар істер атқарған Сәкен­ге «Қаза­қстан­ды қазақ басқа­ра алмай­ды деген» деп жала жабу қан­дай қисы­нға сыяды?

Бір қызы­ғы, автор сөзінің соңын «егер де қаза­қты – қазақ басқа­ра алмай­ды дегені рас бол­са, онда ол кісілер­ге деген құр­метім жоға­ла­ры анық» деп бітіреді. Сон­да қалай, «…рас бол­са» дегеніне қараған­да, бұл кісі өз пікіріне өзі күмән­мен қарай ма? Әу бастан қаза­қты құр­ту­ды жос­пар­лаған Ста­лин­нің екі қазақ хат жаз­ды екен деп (сон­дай мағы­на­да бол­са, бір сірә), амал­сыз Голо­ще­кин­ді жібер­ді деу – қай сасқанымыз?

1923 жылы РКП(б)-ның XII съезін­де бар­лық күш-жігер­ді жер­гілік­ті ұлт­шыл­ды­қ­пен күре­су­ге бағыт­тау қажет деген ұсы­ны­сын өткі­зе алмаған Ста­лин кей­ін бар билік өзіне тиген кез­де Голо­ще­кин сын­ды жен­дет­терін іске қосты. Ол оның ежел­гі жос­па­ры, оқшан­тай­да сақтаған оғы бола­тын. 1937–38 жыл­да­ры екі жыл бойы КСРО бой­ын­ша тәулі­гіне 1200–1300 адам­ды атқы­зып оты­рған дүлей дик­та­тор біре­уді тың­дай қояр ма еді?

Қалай болған­да да, қаза­ққа орта­лық бодан­ды­қтың шең­берін сызып қой­ған. Қазақ тұр­мақ, өз ұлтын, өз жақын-жуы­қта­ры­на дей­ін қырғы­нға ұшы­ратқан Ста­лин­нің қанқұ­мар бол­мысы «таза­лау» бұй­ры­ғы­на дей­ін де қан ішпе­се тұра алмаған. Енді келіп, бас жен­дет­тің қасап­шы­лы­ғын қос ары­стан көріп, әрі «қу жақ­пен» сыбай­лас қылғы­мыз келеді!

Иә, шаш ал десе, бас ала­тын бел­сен­ділер, сатқын­дар біздің сая­си эли­та­да аз бол­маған. Бірақ олар­дың қата­ры­на ұлы істер атқа­рып, ұлты үшін құр­бан болған Сәкен­ді қоса алмас­пыз. Бұл менің Тұр­сын­бек Кәкі­шев бастаған «Сәкен­та­ну­шы­лар­дың» еңбек­тері­мен жақ­сы таныс болған­ды­қтан жасаған тұжы­ры­мым. Ал Сәкен­ді Кәкі­шев­тен артық біле­мін деген­дер бол­са, мар­ха­бат, дәлелдесін!

 

Құр­мет­ті менің Тұр­сын ағам! Мен кел­тір­ген деректер­ді Сіз мен тумай тұрып та біл­ген болар­сыз. Өнер сала­сын­да жүр­ген мен тұр­мақ, қазір­гі күн­де өзіңіз­бен сөз тала­сты­рар ғалым кем­де-кем. Деген­мен, ол хат­та Қаза­қстан­ды қазақ басқа­ра алмай­ды деген сөздің жоқ екенін біле тұра, «жаңа­лық» ашқа­ны­ңы­зға қай­ран­мын. Жоға­ры­да ірі ғалым­дар­дың, ака­де­ми­к­тер­дің айғақты деректерін, пікір­лерін қоса жаз­дым. Олар­дікі біл­ме­стік­тен айты­лған десеңіз, тағы өз еркіңіз­де. Осы уақы­тқа дей­ін жау­ап беретін тиісті орын­дар бар ғой деп күт­кенім рас. Бірақ біраз оқыр­ман көр­нек­ті ғалым айтқан соң, ақиқат деп ойла­са керек, күн өткен сай­ын Сәкен солай деп­ті, Тұрар бұлай деп­ті деген бере­кесіз әңгі­ме «отыз рулы елге» тарап кет­ті. Ал өшіріп көріңіз! Ру-рудың аты­нан сөй­леп, жау­ла­суға даяр жүр­ген­дер қаншама?!

Мен бұл жолғы мәлім­де­меңізді «жаңыл­май­тын жақ бол­май­ды­ға» бала­дым. Қалға­ны оқыр­ман­дар­дың құзырында.

«Тари­хи тұлға­лар­дың тағ­ды­рын пары­қтаған­да, олар қан­дай жол­ды таң­даға­ны бой­ын­ша баға­лан­бау керек, халқы­на қан­ша­лы­қты қыз­мет еткені, қан­ша­лы­қты еңбек сіңір­гені, қан­ша­лы­қты жілі­гі тати­тын мұра қал­ды­ра алға­ны бой­ын­ша лай­ы­қты баға­сы берілуі тиіс. Тари­хи әділ­дік­тің де, ғылы­ми-әдіс­на­ма­лық объ­ек­тив­ті ұста­ным­ның да қисы­ны осы» деп, Ақсе­леу аға­мы­здың айтқа­ны әрі әділ, әрі ел бере­кесіне негіз­дел­ген пара­сат­ты пікірі екен ғой.

 

Қанат ЖҮНІСОВ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн