Пятница , 4 июля 2025

ҚАЗАҚ сорлайын ДЕП ТҰР

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №43 (407) от 23 нояб­ря 2017 г.

 

Желі­де­гі жазбалар

 


 

Елдің ес жия­тын кезі кел­ді. Біз­ге артқа емес, алды­мы­зға – келе­шек­ке қарау керек. Қазір Жер кодексі пар­ла­мент­ке түсті. Осы қабыл­да­на­тын Кодекс қаза­қтың бола­шағын аны­қтай­ды! Қазақ өз жерін әлем­дік келім­сек­тер, оның ішін­де қытай­дың иелі­гіне бере ме, әлде өз ұрпағы­ның еншісіне қал­ды­ра ма – осы мәсе­ле шешілетін сәт­ке тірел­дік. Не істейміз?

 

Бір ғана сара жол бар. Ол – ала демей, құла демей, бас бірік­ті­ру! Онсыз қазақ сор­лай­ын деп тұр! Мұны түсі­нуі­міз керек. Сон­ды­қтан мен бүкіл сая­си, діни, т.б. көзқа­рас қар­сы­ла­сты­рым­ды, бәрін-бәрін, Жер-Ана­ны қорғау үшін, бір Тудың асты­на бірі­гу­ге шақырамын!

Ол Ту, қала­саңы­здар, Ұйғыр ауда­нын­да қазақ-ұйғыр ара­сын­да болған сот­тың бары­сын­да табиғи жол­мен құры­лған, 47 адам мүше­сі бар – «Ұлт­тық топ» бол­сын. Бұл топ­тағы­лар­дың бәрі дер­лік нағыз ұлтшылдар!

Ешкім – ешкім­нен кешірім сұра­уы­ның қажеті жоқ. Өткен­нің бәрін ұмы­тып, келе­шек­ке үміт­пен қарап, қыл үстін­де тұрған Жер-Ана тағ­ды­рын бір­ге шешей­ік, бауыр­лар! Біз бір-бірі­міз­ге жау емес­піз! Біздің жау – басқа. Ол – жер­ді тау­арға айнал­ды­рған ұры билік! Мақ­са­ты­мыз – жер­ді сол ұры­лар­дан қорғау!

Менің бұл посты жазуы­ма тағы бір себеп: Айдын Еге­уба­ев­ты «Батуа» ЖШС‑і екін­ші рет қыл­мыстық сотқа тар­тып оты­рға­ны. Бұл қауіп­ті жағ­дай. Себебі бұрын «сот­талған» адам­ды енді ақтап алу әлдеқай­да қиы­нға соға­ды. Ал ақтал­ма­са, онда жаза­ның айып­пұл, яки екін­ші рет тағы да «шар­тты» түр­де болуы – неғай­был дүние. Сон­ды­қтан Айдын­ның бас бостан­ды­ғы­нан айы­ры­лу ықти­мал­ды­ғы өте жоға­ры! «Бату­а­ның», оны­мен ауыз жаласқан шене­унік­тер­дің мақ­са­ты осы бол­са керек.

Біз қаза­қтың жерін қорғаған Макс пен Талғат­ты түр­ме­ден шыға­ра алмай оты­рған­да, Айдын­ды да сот­та­тып алуы­мыз мүм­кін екен. Айдын­ның сот­та­луы – ұлт­тық рух­тың сынуы! Өйт­кені Айдын сот­тал­са, онда енді жер қорға­уға ешкім шық­пай­ды! Бұл – жер­ден шын айы­ры­лу болып табылады!

Айдын­ды сот­тат­пай, Макс пен Талғат­ты боса­тып, жері­мізді де қорғап қала ала­мыз, егер біз жеке бас мүд­де­міз­ден ұлт мүд­десін жоға­ры қой­ып, бірі­ге алсақ қана! Ел, жер, келе­шек ұрпағы­мыз үшін осын­дай қадам жасау – біз­ге ұлы парыз!

Қазақ басы­на қиын-қыстау шақ туған­да қашан да бас бірік­ті­ре алған. Соның арқа­сын­да осын­дай ұлан-ғай­ыр жер біз­ге қал­ды. Ата жолы­нан атта­май­ық, ағай­ын! Май­да әңгі­ме­лер­ді доға­рып, басы­мы­зды қосайық!

Мен бола­шақ алдын­дағы жау­ап­кер­шілі­гім­ді толы­қтай түсіне оты­рып, бірі аға, енді бірі іні-қарын­дас бола­тын жан­дарға өзім бірін­ші болып достық қолым­ды ұсы­на­мын! Және олар­ды шын ұлт­шыл­дар деп санап, ел басы­на күн туған кез­де менің осы игі ұсы­ны­сым­нан бас тарт­пай­ды деген сенімдемін!

Жігіт­тер! Ірі болай­ық! Ірі болу үшін, бес сау­сақтай бірі­гіп, жұмы­ла ұлт жүгін көтеріп жүретін­дей тірі болайық!

Герой­хан ҚЫСТАУБАЕВ

 

 

 

СӨЗ ЖАРАСЫН

КІМ ЕМДЕЙДІ?

 

«Аузы жаман елді бүл­діреді» деген. Атам­ба­ев­тың Кене­са­ры ата­мы­зға тіл тигізіп, Еура­зи­я­лық одаққа қаты­сты Путин­ге шағым­да­нуы­нан соң, ақы­маққа арна­лып заң жазыл­май­ты­нын ұққан­быз. Қисық аға­штың көлең­кесі де қисық, онда сөз сана­сқан­нан не қайыр?!

 

Осы апта­да қаза­қтың билік олим­пін­де жүр­ген үш ноян көр­ші елдің пре­зи­ден­тіне қар­сы шабуыл­ды үдет­ті. Қасым-Жомарт Тоқа­ев, одан іле-шала Нұр­лан Нығ­ма­тул­лин, кей­ін Мұх­тар Құл-Мұхам­мед Атам­ба­ев­ты «жер­ден алып, жер­ге салды».

«Сөз» тура­лы пәл­са­па соққан соңғы­сы қыза келе, Атам­ба­ев­тың «пси­хи­ка­лық ауы­тқуы» бар адам екенін тіл­ге тиек етіп­ті. Әлдекім­нің мыса­лы­мен. Жаман теке сүзіс­ке тұра ма?

Кене­са­ры баба­мы­зды қор­лаған­да үнде­ме­ген үшеу, Назар­ба­ев­ты «қарт дик­та­тор» атаға­ны шам­бай­ла­ры­на қат­ты бат­са керек. Тілі былға­ныш анау да қарап қалған жоқ, аузы­мен боқ теріп кет­ті… Соны­мен, қырғы­здан біреу, қаза­қтан бүкіл сая­си эли­та қызыл сөз­бұй­да май­да­нын бастап кет­ті… Қай жер­ден қай­та­ды? Белгісіз…

Қырғы­здар сая­сат­кер­лерінің қызыл­кеңір­дек айты­сы­на әбден еті үйрен­ген. Ал біз­де ше? Әділ сай­ла­уы жоқ, дауы­сы ұрла­на­тын елде тіп­ті сая­си науқан­ның өзін­де сая­си дис­пут бол­май­ды. Біз­де сая­си поле­ми­ка қай­дан бол­сын? Авто­ри­та­риз­мі күшей­ген елдің саят­кер­лері де сая­си сел­соқ келеді. Қаза­қстан­дық билік эли­та­сы ара­сын­да «ләп­бай тақ­сыр­дан» өзге сая­си дис­кус­си­я­лық мәде­ни­ет қалыптаспаған…

Басты­ғы­на най­за алып жүгір­ген­ге садақ атып әлек…

Десе де… Сөз­ге абай болған абзал… Оқ жара­сы жазы­лға­ны­мен, сөз жара­сы біт­пей­ді ғой.

Дина ЕЛГЕЗЕК

 

 

 

 

Айт­пақ­шы

Атам­ба­евқа қар­сы бар­лық масс-меди­а­ны іске қосу арқы­лы кім­ге нені дәлел­де­гі­міз келеді? Өз ауди­то­ри­я­мы­здың миын ашы­тқан­нан басқа ештеңе көріп тұрған жоқ­пын. Біздің арна­лар­ды бәрібір күл­лі қырғыз көр­мей­ді, радио­мы­зды есті­мей­ді, сайт­та­ры­мы­зды оқы­май­ды. Өзі­міз­ге-өзі­міз бір­деңе дәлел­деп әуреміз.

Рас, Қырғыз пре­зи­ден­ті намысқа тиді. Бірақ оған бір емес, бір­не­ше мәр­те жау­ап беріл­ді ғой. Одан кей­ін про­па­ган­да маши­на­сын іске қосу­дың қажет­тілі­гін көр­мей тұр­мын. Біз Атам­ба­евқа қар­сы уәж айта­мыз деп қоғам­ның қырғыз халқы­на нара­зы­лы­ғын күшей­тіп жатқан тәрізді­міз. Ертең база­рдағы қырғыз аза­мат­та­ры­на біре­улер соқты­қ­са қай­те­міз? Керісін­ше бол­са ше?

Менің­ше, мәсе­ле бір ада­мға қаты­сты бол­май тұр. Екі халы­қтың бір-біріне кек­те­нуіне ұла­са ма деп қауіп­те­не­мін. Бай­қай­мын, ресми масс-медиа осы апта­ны түгел Қырғыз пре­зи­ден­тіне арнай­тын сияқты.

Amangeldi Kurmetuly

 

 

 

ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ДАМУЫН

ОРЫС ТІЛІ ТЕЖЕП ОТЫР

 

Орыс тілі Қаза­қстан­дағы мем­ле­кет­тік – қазақ тілінің дамуын тежеп оты­рған тіл. Өйт­кені сол тіл­ді мем­ле­кет­тік тіл­ден биік қой­ып оты­рған билік сол – орыс тілін іс жүзін­де мем­ле­кет­тік тіл ретін­де қол­да­ну арқы­лы қазақ тілінің өрісін тары­л­тып, Кон­сти­ту­ци­яда бел­гі­лен­ген Мем­ле­кет­тік тіл ретін­де­гі функ­ци­я­ла­рын орын­да­уы­на мүм­кін­дік бер­мей отыр.

 

Орыс тілін «оры­сқұл билік» мем­ле­кет­тік тіл­ден жоға­ры қой­ып, Назар­ба­ев «орыс­ша сұраған ада­мға қаза­қ­ша жау­ап бер­ген­дер­ді жұмыстан қуу керек, про­ку­ра­ту­ра айна­лы­суы керек, орыс­ша сұраған ада­мға тек орыс­ша жау­ап берің­дер» деп отыр­са, қазақ тілін қалай көте­ресің?! Қаза­қстан­ды орыс тіл­ді вас­сал мем­ле­кет ету үшін, қаза­қтар­ды мәң­гүрт, екін­ші сорт орыс ету үшін пат­ша зама­ны­нан бастап, боль­ше­вик­тік билік, қазір­гі ком­му­ни­стер оты­рған Қаза­қстан­ның оры­сқұл билі­гі 200 жыл­дан бері үздіксіз түр­де қазақ тіліне қар­сы жұмыс жасап келеді.

1878 жыл­да­ры алғаш орыс-түзем мек­теп­терін қазақ дала­сын­да ашып, сол мек­теп­тер­де қазақ бала­ла­рын тіл­ма­шты­ққа оқыт­ты. Қазақ жерін 1880-жыл­да­ры толық жау­лап алған­ша, жүз­де­ген мың қаза­қтың ауыл­да­рын қырып, өртеп, қар­сы шыққан­да­рын жап­пай жан­шып отыр­ды. 1897 жылы ресми санақта 5 мил­ли­он­дай болған қазақ 1910 жыл­да­ры 6 мил­ли­он еді (оңтүстік­тің бір бөлі­гі Қоқан ханды­ғы­ның құра­мын­да болған­ды­ғы бар). Егер бар­лық қаза­қты қос­са, сол кез­де 10 мил­ли­он­дай қазақ бол­ды. Сол қаза­қты оры­стар 1916 жылы қыр­ды, 1920–22 жыл­да­ры ашар­шы­лы­қта, 1925 жыл­дан басталған кол­лек­тив­тен­ді­ру мен «рас­ку­ла­чи­ва­ния» науқан­да­рын­да, 1931–33 жыл­дар­дағы қол­дан жасалған ашар­шы­лы­қта, 1929–38 жыл­дар­дағы «халық жау­ла­ры­мен» күре­сте – шама­мен 20 жыл ішін­де 10 мил­ли­он қаза­қты қырып-жой­ып, шетел­ге қуып, 2 мил­ли­о­нын ғана қал­дыр­ды. Егер осы қырғын­дар бол­маған­да, он мил­ли­он қазақ бүгін­де кем деген­де 40 мил­ли­он қаза­ққа жетер еді. 1954–59 жыл­дар­да КСРО-дан сла­вян­дар­ды (оры­ста­нып кет­кен) көшіріп әкеліп, 1961 жылы Қаза­қстан­дағы қаза­қтың саны 28 про­цент болып қал­ды. Міне, осын­ша жауы­зды­қтар­ды жасау арқы­лы қазақ тілін ЖОЙЫП, Қаза­қстан­ды оры­стан­дыр­мақ болған­да­ры үшін орыс тілін құр­мет­теу – ИТТІК, ӨЗ ҰЛТЫНА САТҚЫНДЫҚ!

Сол­түстік облы­стар­да қазақ мек­теп­терін түгел жауып, аста­на­мы­зда 1 қазақ мек­тебін қал­ды­рға­ны үшін орыс тілін құр­мет­тей­сің­дер ме?! Бірақ «Мың өліп мың тіріл­ген қаза­қты» ЖОЮ оңай бол­мас. Бүгін­де Қаза­қтың саны 13 мил­ли­он­нан асты, шетел­де­гі 5 мил­ли­он қаза­қты қос­саң, Жер бетін­де кемі 18 мил­ли­он ҚАЗАҚ БАРМЫЗ. Қаза­қстан­да бала­бақ­ша, мек­теп­тер­дің 80 про­цент­тен аста­мы мем­ле­кет­тік – ҚАЗАҚ тілін­де тәр­бие, білім береді. Орыс тілін­де­гі 15 про­цент мек­теп, бала­бақ­ша­ның жар­ты­сы­на жуы­ғы «орыс тілін құр­мет­тей­тін» мәң­гүрт қаза­қтар­дың бала­ла­ры­мен толып отыр. Қаза­ққа – қаза­қтан басқа ешкім дос емес, көмек­тес­пей­ді де! Сон­ды­қтан «орыс жақ­сы» дей­тін­дер – қаза­қтың жауысыңдар.

«Оның бәрін істе­ген орыс емес, пат­ша, Ленин, Ста­лин, тағы басқа­ла­ры дей­тін­дер» – олай бол­са, Тәу­ел­сіздік алға­лы өткен 27 жыл­да қаза­қстан­дық оры­стар неге мем­ле­кет­тік тіл – қазақ тілін үйрен­беді? Өйт­кені Маркс «тұрып жатқан мем­ле­кетінің мем­ле­кет­тік тілін біл­мей­тін­дер: нақұры­стар, басқын­шы­лар не қонақтар» деп айтқан­дай, қаза­қстан­дық оры­стар­дың көп­шілі­гі осы кате­го­ри­яға жата­тын­дар болғаны.

Бүгін­де Қаза­қстан­да 18–19 про­цент­тей орыс этно­сы­ның өкіл­дері қал­ды. Олар­дың 60 про­цент­тен аста­мы жасы зей­нет­кер­лік­тен асқан қари­я­лар. Мек­теп бітір­ген жаста­ры­ның жар­ты­сы­нан көбі Ресей оқу орын­да­ры­на кетіп, сон­да қалып қою­да. Бала туу­дан оры­стар ең соңғы орын­дар­да. Осы­ның бәрі­нен кей­ін оры­стар таяу жыл­дар­да Қаза­қстан­дағы саны аз көп этно­стың бірі болып қала­ты­ны анық. Бірақ өзге ұлт­тар мен қаза­қтар­дан шыққан «қара иван­дар» мен «оры­сқұл­дар» әлі біраз жыл билік­ке қосы­лып, қазақ тілінің Мем­ле­кет­тік тіл ретін­де­гі қыз­метін толы­ққан­ды атқа­руы­на кедер­гі кел­тіреді. Бірақ түбі ҚАЗАҚ ТІЛІ жеңеді!

Аманға­ли ӘБУОВ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн