Пятница , 4 июля 2025

МАЛҒА ЕМЕС, полицейге памперс КИГІЗУ КЕРЕК

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №43 (407) от 23 нояб­ря 2017 г.

 

Жазы­лған жай­дың жаңғырығы


 

«ДАТ» газетінің 29 қазан күн­гі санын­да жари­я­ланған «Малға пам­перс кигі­зетін шығар­мыз …» деген мақа­ла­сы мені ішкі істер орга­ны­ның арда­гері ретін­де пікір біл­діруі­ме итермеледі.

 

Бұрын­да­ры ел ара­сын­да «мили­ция менің қорға­ным» дей­тін бол­са, бүгін­де поли­цей­лер аза­мат­тар­ды қорға­у­шы емес, «алы­стан аңдып, қайт­сем «қораға» кір­гіз­сем дей­тін аңду­шы­ларға айналған. Олар­дың ара­сын­да тіп­ті көше­де темек­ті тар­тып тұрған адам­дар­ды да аңдып, оларға қат­та­ма тол­ты­рам деп, бопса­ла­у­ға көш­кен­дері де бар. Мыса­лы, Шым­кент қала­лық Фос­фор емха­на­сы аумағы­на қарай­тын учас­келік инспек­тор ауы­рып жатқан туы­сқан­да­ры­на кел­ген аза­мат­тар­ды ауру­ха­на аумағын­да (таза ауа­да, арнайы орын­да) шылым шегіп оты­рған адам­дар­ды аңдып, «шылым шек­тіңіз, поли­ци­яға бара­мыз» деп, қоқан-лоқы көр­сет­кен жәйт­ке де куә бол­дым. Ал ойда-жоқта «жазы­қты» болған адам­дар поли­ци­яға барып, әуре-сар­саңға түс­кен­ше, айып ақша­ны сол ара­да инспек­тор­дың қолы­на беріп құты­лған еді.

Кей­бір учас­келік инспек­тор­лар­дың сон­ша­лы­қты құны­ғып, өзінің негіз­гі қыз­метін ұмы­тып, осын­дай жол­мен ақша табуы – қыз­мет­тік тәр­тіп­ті бұзу ғана емес, барып тұрған қыл­мыстың өзі. Бұл ара­да ОҚО Ішкі істер депар­та­мен­ті бас­шы­ла­ры тара­пы­нан да осын­дай келеңсіз жайт­тарға тиісті бақы­ла­удың жоқты­ғы бай­қа­ла­ды. Сол учас­келік инспек­тор­лар­дың бекітіл­ген аумағын­да қан­ша ашыл­маған қыл­мыстың, әсіре­се ұрлы­ққа бай­ла­ны­сты про­бле­ма­сы жоқ деп не аудан про­ку­ро­ры, не бол­ма­са поли­ция басты­ғы айта алмас. Ал газет­те жазы­лған мақа­ла­да аталған ОҚО Түл­кі­бас ауда­ны­ның Ішкі істер бөлі­мінің учас­келік инспек­то­ры Б.Бүркітбаевтың әре­кеті – барып тұрған бас­сыздық. Учас­келік инспек­тор бұл ара­да өзі тұр­мақ, аудан­ның біл­дей судья­сын «қораға» кір­гізіп отыр. Ұлты­мы­здың ата кәсібі болып сана­ла­тын мал­дың қиын өз жеріне төк­кені үшін, қаза­қ­ша­лап айтқан­да, дені сау учас­келік инспек­тор құқық бұзу­шы­лық тура­лы аза­матқа хат­та­ма тол­ты­ра ма?

Мал баққан ауыл халқы­на про­бле­ма туғы­зған учас­келік инспек­тор Б. Бүр­кіт­ба­ев­ты «кры­ша­сы» қан­дай мықты бол­са да, ішкі істер орган­да­ры қыз­меті­нен ала­ста­ту керек деп есеп­тей­мін. Ішкі істер орган­да­ры қыз­мет­кер­лері тара­пы­нан қан­ша­лы­қты поли­ци­я­лық-қыз­мет­тік тәр­тіп бұзған­да­рын көр­сем де, мал­дың тезе­гі үшін іс қозғаған мұн­дай «әпен­делік­ті» көр­ген де, есіт­кен де емес­пін. Бұл жағ­дай­ға ҚР ішкі істер мини­стрі Қ. Қасы­мов мыр­за тіке­лей жау­ап бер­се керек еді. Бәл­кім, қыз­мет өкіл­ді­гін асы­ра пай­да­ланған поли­цей­дің өзіне пам­перс кигі­зу керек бола­тын шығар…

Ал ол істі өндіріс­ке алған сот­тың әре­кетіне ҚР Жоғарғы соты­ның төраға­сы Қ.Мәми мыр­за баға беруі тиіс. Себебі бұл ара­да сыбай­ла­стық әре­кет болуы әбден мүмкін.

Еркін КЕРІМБАЙҰЛЫ,

Ішкі істер орга­ны­ның ардагері,

Шым­кент қаласы

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн