Пятница , 4 июля 2025

БАЛТАШТЫҢ БАТЫЛДЫҒЫ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №44 (408) от 30 нояб­ря 2017 г.

 

Тұлға тура­лы толғау

 


 

Тәу­ел­сіздік талай тар­лан­дар­дың тұғы­рын биік­ке көтер­ді. Талай арлан­дар­дың арма­нын жүзе­ге асыр­ды. Тәу­ел­сіздік­тің арқа­сын­да қалы­қтаған­дар да, шары­қтаған­дар да бол­ды. Тіп­ті Тәу­ел­сіздік­тің тегін наны­на семір­ген­дер де, жілі­гін жыр­тқы­штай кемір­ген­дер де жетіп жатыр. Иә, бәрі бар, бәрі де болады…

 

Бірақ Алаш ары­ста­ры­ның арма­ны жүзе­ге асты деп, ел Тәу­ел­сіздік­ке қадам басты деп, тақи­я­мы­зды аспанға атқан­мен, уақыт өте келе, халық екі­ге жары­лып, бай мен кедей­дің ара­сы алшақтап, бай­лар асқақтап, кедей­лер­дің құр әншей­ін жан сақтап жүр­геніне де куә болып жатырмыз.

Мен осы кезең­де халы­ққа адал еңбек етіп, маң­дай терін төгіп, Тәу­ел­сіздік­ке жан-жүре­гі­мен қыз­мет еткен талай тар­лан­дар­ды біле­мін. Солар­дың бірі, бірі де бол­са біре­гейі, менің досым – Бал­таш Тұр­сын­ба­ев. Еке­уміз бір жылғы төл құр­дас болған соң ба, әлде маған алға­шқы бет­тен-ақ еліне деген адал­ды­ғы, қыз­метіне деген әділет­тілі­гі ұна­ды ма, әйте­уір мен оны қай кез­де көр­сем де, іштей разы болып, құр­мет тұтып жүрдім.

Мен алғаш Бал­таш тура­лы әңгі­мені қаза­қтың қадір­лі жазу­шы­сы Сәкен сері – Жүні­сов аға­дан естіп, өзім де таны­суға құштар бола бастаған едім. Ол кез­де Бал­таш ауыл шару­а­шы­лы­ғы мини­стрі бола­тын. Сол бір қар­ба­лас қиын кез­дер­де Бал­та­штың батыл қадам­да­рын бай­қаған ел-жұрт аңы­зға бер­гісіз әңгі­ме­лер айтып жүр­ді. Үне­мі қасын­да жүр­ме­ген соң, ол әңгі­ме­лер­дің артық-кемі болуы әбден заң­ды. Алай­да халы­қтың өзінің құр­мет тұта­тын аза­ма­ты­на асыл сөз­дерін аяп қал­май­ты­ны анық қой.

Бал­таш өзі Омбы­ның қаза­ғы. Сол Омбы­ның Ауыл шару­а­шы­лы­ғы инсти­ту­тын үздік­тер­дің бірі болып тәмам­даған. Ресей­дің оқу орын­да­ры­ның қай-қай­сы бол­ма­сын сана­лы да сапа­лы білім жағы­нан талай елден алда тұра­тын­ды­ғын сонау Кеңес үкі­меті кезі­нен-ақ білетінбіз.

Омбы – бұры­нғы қазақ жері екені әмбе­ге аян. Барған ада­мға ол өлке­ден әлі күн­ге дей­ін қазақ жерінің иісі аңқып тұра­ды. Ресей қара­мағын­да бол­са да, елдің тұр­мысы, бол­мысы, тіп­ті мен­та­ли­тетіне дей­ін қазақ жері екені «мен мұн­да­лап» тұра­ды. Тіп­ті ескі қаза­қи ата­у­ла­ры­на дей­ін өзгер­ме­ген. Мәсе­лен, Бал­та­штың өсіп-өніп, оқы­ған ауы­лы – Арты­қ­шыл деп ата­ла­ды. Осы ауыл аты­на сай, Ресей­ді айт­паған­да, Қаза­қстан­ның сол­түстік өңір­лері­мен салы­стыр­ма­лы түр­де қара­сақ, оның әлдеқай­да арты­қ­шы­лы­ғы бар. Ол тек атын­да ғана тұрған жоқ, сол ауыл­дар­дың арты­қ­шы­лы­ғы – Кеңес үкі­меті кезін­де­гі қал­пын бұз­бай қалға­нын­да болып тұр. Біз­де­гі­дей «жеке­ше­лен­ді­ру» науқан­шыл­ды­ғы­на ұрын­бай, тұтас ауыл тура кеңес кезін­де­гі­дей кең де, кемел кезін ұстап отыр екен. Жеке­ше­лен­ген­нің өзін­де ұжым­дық бір­ле­стік­ті бұз­бай, сол елдің тұрғы­лы­қты халқы­на қыз­мет етіп жатыр. Сырт­тан кел­ген де, кет­кен де ешкім жоқ, сол баяғы ұлты­мен, ұрпағы­мен ұйы­сып, ұжым­да­сып, өмір-тір­лік­терін жүй­елі жалғап жатқа­ны­на куә бол­дық. Біздің Қаза­қстан шару­а­шы­лы­қта­ры да тура осын­дай еді ғой, оларға «не шапқын­шы­лық бол­ды» деген ойға ора­ла­сың. Елі орнын­да, жері сол қал­пын­да, тех­ни­ка­сы да, малы да дін аман елді көріп, қазақ өлкесінің өткен тір­лі­гіне сағы­ны­шпен қарадық.

 

Бұл өлке­де қазақ халқы­на таны­мал талай тұлға­лар туып-өскен. Елді ең қиын соғыс жыл­да­рын­да басқарған Жұма­бай Шаях­ме­тов, пар­тия қай­рат­кері Фазыл Кәріб­жа­нов және ел тұтқа­сын ұстаған тағы басқа кісілер шыққан. Солар­дың ішін­де­гі Жәні­бек Кәріб­жа­но­втың есі­мі де, өзі де біздің көңілі­міз­ге тым жақын, ыстық тар­та­ды. Бал­таш еке­уі бір өңір­де туып-өсіп, оқып, білім алған. Алған білім­дерін ата­ме­кені Тәу­ел­сіз Қаза­қстан­ның өсіп-өркен­де­уіне жұмсаған.

Алай­да Бал­таш еке­уінің бағы­ты бір болға­ны­мен, жолы басқа­ша бол­ды. Еке­уі де білім­ді, тәжіри­белі маман. Мен Жәні­бек Сәлі­мұлын тіп­ті ерте­ректен біле­мін. Себебі жаңа­дан құры­лған Торғай облы­сы­ның шару­а­шы­лы­қта­рын­да ірі-ірі бас­шы­лық жұмыстар­да бол­ды. Алған ісін абы­рой­мен атқа­ра біл­ді. Еңбе­гі баға­ла­нып, басқа­ру­дың жоғарғы эше­лон­да­ры­нан орын алды. Облыс әкі­мі, министр деген­дей… Алай­да Жәні­бек­тің «ләп­пай тақ­сыр­дың» күй­іне түсіп, тек орын­да­у­шы ғана болып қалуын көп­шілік қауым қабылдамады.

Бал­таш бол­са, сол кездің өзін­де-ақ тым асы­ғыс-үсі­гіс жаса­лып жатқан жап­пай жеке­ше­лен­діру­ге өз пікірін батыл ұсын­ды. Түбін­де осы асы­ғы­стық бір­деңе­ге ұрын­ды­рар деп те қауіптендік.

Ауыл­дың әлі күн­ге дей­ін­гі алаң жағ­дайы Бал­та­штың сол кез­де айтқан пікір­леріне ден қой­дыр­ды. Бал­таш осы асы­ғы­сты­қтың түбін­де зардабы бола­тын­ды­ғын жиі айтып жүрді.

Бал­та­штың сол кез­де ауыл шару­а­шы­лы­ғы маман­да­ры­ның үлкен бір бас қосуын­да елба­сы­ның жап­пай жеке­ше­лен­ді­ру ұсы­ны­сы­на пікірі қай­шы кел­ген­ді­гін көп­шілік қауым әлі күн­ге дей­ін аңыз қылып айтып жүреді.

Әдет­те­гі­дей, ел тұтқа­сын ұстап тұрған­дай, елба­сы пікірін көзін­ше мақұл­дап жүр­ген­мен, сырт­тай күңкіл­де­ген­дер­ге де куә болға­ны­мыз бар. Сол кез­де­гі Бал­та­штың батыл ойла­рын оппо­зи­ци­я­лық басы­лым­дар іліп әкет­ті. Ақы­рын­да тәжіри­белі, тәлім­ді ауыл шару­а­шы­лық мама­ны Бал­таш Тұр­сын­ба­ев­тың ой-пікірі дұрыс бай­лам болған­ды­ғын уақыт дәлел­деп шықты.

 

Бал­та­штың өзінің де болжам­паз екен­ді­гіне көзім жет­кен бір істі баян­дай кет­кім келіп отыр. Қауіп­сіздік кеңесін­де қысқа мерзім ғана хат­шы болып, одан Түр­кия еліне асып кетуі, одан да тұрақ тап­пай, «вице-пре­мьер» болып, оның елге кел­ген тұсы бола­тын. Ол кез­де Жәні­бек Сәлі­мұ­лы ауыл шару­а­шы­лы­ғы министрі-тұғын.

Қаза­қстан­да ауыл шару­а­шы­лы­ғы ісіне алаң болып жүретін Бал­таш сол жылғы күз­де­гі егін жинау қарқы­ны­на көңілі тол­май қал­ды. Соның себебін сұраған­да: «Биыл егіс танап­та­рын­да шегірт­ке қап­тап, егін­ді жинат­пай­ды!»– дегені бар.

Қоңыр күздің жай­ма-шуақ күн­дерінің бірі еді. Былай қараған­да, ауа райы да жаман емес, егін де бітік шыққан тәрізді. Бал­та­штың бұл батыл сөзіне құлақ аспақ түгілі, тіп­ті қар­сы шыққан­дар да табылды.

– Себебі, – деді Бал­таш, – біраз жыл­дар­дан бері шегірт­ке­лер­дің ұясы жер­ге көміл­мей, ашық қал­ды. Демек, егістік­ке қол­да­ны­ла­тын агро­тех­ни­ка­лык шара­лар жүзе­ге аспа­ды. Асса да, көп жер­де шала-шар­пы жүр­гізіл­ді. Енді сол ұяшы­қтар­да тірі қалған шегірт­ке тұқым­да­ры биыл қап­тап кету қау­пі бар.

Ақы­ры Бал­та­штың айтқа­ны кел­ді. Бірақ бізді сен­дір­гені­мен, үкі­мет­ті сен­ді­ре алма­ды. Ауыл шару­а­шы­лық маман­да­ры мұны жай сөз деп қабылдады.

Бір күні Аста­на­дағы мен тұра­тын «қызыл ауыл­да» шегірт­ке қап­та­ды да кет­ті. Тіп­ті есік-тере­зе­мізді қан­ша қым­та­сақ та, тесі­гін тауып, есебін тауып, үйдің ішіне дей­ін кіріп алды. Бал­та­шқа звондап:

– Айтқа­ның айдай кел­ді! Енді не істей­міз?! – дедім.

– Мен айта­рым­ды – айтқан­мын. Енді менен несін сұрай­сың?! – деп іркіл­ді Балташ.

Бал­та­штың осын­дай батыл ойла­ры жүзе­ге асса, басқа­ны қай­дам, елі­міздің ауыл шару­а­шы­лық сала­сы­на, сөз жоқ, игілік әкел­ген болар еді, Бірақ амал не, біздің билік­те Бал­та­штың батыл ойла­рын қабыл­дар құлық бол­ма­ды. Тіп­ті оны мем­ле­кеті­міздің маңы­зды сала­ла­рын­да бел­сене еңбек етіп, күш-жігерін шың­да­уға, шын­дап кел­ген­де, мүм­кін­дік бер­меді. Билік тіз­гінін бер­ме­гені өз алды­на, қай­та оны қуғын­дап, жай­ба­рақат жұмыс істе­уіне де кедер­гі бол­ды. Әр сөзі­нен сая­сат іздеп, сағын сын­ды­руға дей­ін барды.

«Сағын сын­ды­рған» емей немене, мініп жүр­ген көлі­гіне әлдебіре­улер тапа-тал түсте от қой­ып, ойра­нын шығар­ды. Оны­мен қой­май, «енді билік­ке қар­сы сөз айта­тын бол­саң, өзіңе де қауіп төніп тұр» деген­дей сөз­дер­мен бай­ла­ны­сқа шыққан бел­сен­ділер де болған.

Алай­да мұн­дай қас­кү­нем­дік­ке Бал­таш Мол­даб­ай­ұ­лы мой­ы­ған жоқ. Қай­та кеудесін тік ұстап, баяғы жай­саң, жай­да­ры қал­пы­нан бір тай­ма­ды. Ден­са­улы­ғы сыр бер­ген сәт­те де ешкім­ге шағым­дан­бай, жал­ба­рын­бай, сырт­тан көмек сұра­май, дос-жора­ла­ры­ның деме­уі­мен шетел­ге барып, ем алып қайтты. 

 

Шетел демек­ші, көр­ші Ресей елінің қаза­ғы да, оры­сы да Бал­та­шты қат­ты қадір­лей­ді екен. Тіп­ті Ресей мем­ле­кетінің кей­бір билік иегер­лері Бал­та­шты Ресей­ге шақы­рып, іс-тәжри­бесін бөліскісі кел­ген тұста­ры да болған. Бірақ туған Қаза­қста­нын қат­ты қастер­лей­тін бір­бет­кей Бал­таш бұл ұсы­ны­стар­дың бір­де-біре­уіне мой­ын ұсы­нған емес. Қаза­қтың «Өзге елде сұл­тан болған­ша, өз елің­де ұлтан бол» деген ұлағат­ты сөзін ол бала жасы­нан бой­ы­на сіңіріп өсті. Бал­та­шты қара­пай­ым халы­қтың сыр­тын­да тіп­ті билік тіз­гінін ұстаған әріп­те­стерінің өзі қадір тұтып, жылы лебіз­дерін аямаға­ны­на талай куә бол­дым. Әсіре­се әріп­те­стерінің ішін­де қаза­ққа «өзі­міздің Сер­гей» атанған Сер­гей Кула­гин­нің де, Бал­та­штың үлкен ұйым­да­сты­ру­шы, іскер аза­мат екен­ді­гін талай айтқан игі тілек­терін есті­генім бар. Тіз­гін­дес әріп­те­стерінің бірін-бірі баға­лап, әділ сөзін айтуы біз­де әлі де сирек қой.

Ал әлем­нің әйгілі бір ақы­ны Олжас Сүлей­ме­нов пен қаза­қтың әйгілі бір баты­ры Тоқтар Әубәкіро­втер ара­сын­дағы достық, сый­ла­стық қарым-қаты­на­ста­ры­на талай тән­ті бол­дым. Тіп­ті аса ешкім­ге жылы сөзін қия бер­мей­тін, мақта­уға сараң, сараб­дал жазу­шы Әбді­жә­міл Нұр­пей­і­со­втың өзі Бал­та­штың 70 жыл­дық мерей­той­ын­да тебірене сөй­леп, игі тілек айтқан-ды. Мұн­дай бір­ту­ар адам­дар­дың ешкім­нің атақ-ман­са­бы­на мал­дан­бай, адал сөзін айта­ты­нын әркім-ақ біледі. Сол себеп­тен қара­пай­ым халық осын­дай уәж­ді сөз айта­тын асыл аза­мат­та­ры­на әрқа­шан иек арта­ты­ны ақиқат.

Мен үшін Бал­таш Тұр­сын­ба­ев­тың Қоста­най облы­сын­да әкім болған кезең­дері ерекше есте қал­ды. Әрине, Қоста­най – Торғай өңірін әркез басқарған біраз әкім­дер­дің ел есін­де қалға­ны бел­гілі. Солар­дың ішін­де Ж. Қоса­ба­ев, К.Укин, Т.Қадамбаев, әсіре­се Өмір­зақ Шөке­ев­тің кезін­де­гі келелі істер­дің ізі әлі күн­ге сай­рап жатыр. Бұл күн­де облыс тіз­гінін ұстап оты­рған Архи­мед Мұхам­бе­то­втің де атқа­рып жатқан ауқым­ды жұмыста­ры мен игілік­ті істеріне ел-жұрт разы­лы­ғын біл­діріп отыр. Жақын­да ғана облыс жұрт­шы­лы­ғы осы өңір­де өткен ауқым­ды шара­лар­дың ең үлкені – Қоста­най­да орна­ты­лған Абыз-батыр Шақ­шақ Қошқарұ­лы Жәні­бек­ке орна­ты­лған алып ескерт­кіш­ке куә болды.

Ал сол игілік­ті шара­ның соңы­нан іле-шала жалғасқан 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің қол­бас­шы­сы – Кей­кі Көкем­бай­ұлы­на арнайы салы­нған кесе­ненің орны ерекше болды.

Арқа­лық пен Торғай тас жолы­ның бой­ын­да бой көтер­ген іргелі кесе­не­ге, үсті­міз­де­гі жылы туған елге оралған Кей­кі батыр­дың ғазиз басы жер қой­ны­на тап­сы­рыл­ды. Осы екі шара­ның кең ауқым­да өтуіне облыс бас­шы­ла­ры мен елде­гі батыр баба ұрпақта­ры­ның ере­сен еңбе­гі болға­нын қадап айтуы­мыз керек.

Бал­таш Тұр­сын­ба­ев­тың Қоста­най облы­сын басқарған кезін­де­гі батыл ойла­ры бізді де тән­ті ету­ші еді. Алды­мен қаза­қтың талант­ты жазу­шы­сы Бей­ім­бет Май­лин­нің ғасыр той­ын рес­пуб­ли­ка көле­мін­де жоға­ры дең­гей­де өткіз­ген облыс әкі­мінің бола­шақ ойла­ры мен мақ­сат­та­ры ұлт үшін де, жұрт үшін де аса баға­лы еді.

Бей­ім­бет той­ы­ның бір нәти­же­сі – сол тұста ұлы жазу­шы­ға ескерт­кіш орна­ты­лып қал­ды. Содан кей­ін­гі Алаш ары­ста­ры­на арналған алаң да Бал­та­штың іс-жос­па­рын­да жүретін.

Басқа облы­стар­да қолға алы­нып, өз аймағын­дағы атақты адам­дар­дың, ақын-жазу­шы­лар­дың жеке еңбек­терін шыға­рып, шығар­ма­ла­рын кеңі­нен наси­хат­тау үшін, «Тобыл-Торғай» кіта­п­ха­на­сын қалып­та­сты­ру мін­деті тұрған еді. Бұл игі баста­ма басқа облы­стар­да әлдеқа­шан жүй­есін тапқан. Әйт­се де, талант­та­ры дүй­ім дүни­е­ге таны­мал бұл өңір­де осы бір игілік­ті іс әлі күн­ге дей­ін өз баста­уын тап­пай-ақ қой­ды. Осы­ған орай айтар бір сөз ойға ора­лып отыр.

Ерте­де Бей­ім­бет­тің өзі бел­сене ұйым­да­сты­рған Жал­шы ауы­лын Бал­таш бас­шы­лық жасап тұрған тұста жазу­шы­ның мерей­той­ы­на орай қай­та­дан қал­пы­на кел­тіріп, жап-жаңа елді мекен­ді сый­ға тар­тқан еді. Сөй­тіп, Бал­таш Жал­шы ауы­лын өркен­де­туді көз­де­ген Бей­ім­бет­тің арма­нын жүзе­ге асыр­ды. Алай­да артын­ша Бал­таш орны­нан кет­кен­нен кей­ін, сол ауыл­дың сау-там­ты­ғы да қалмады…

Қоста­най облы­сы – асты­қты өңір. Бал­таш осы өлке­де­гі егін мен мал шару­а­шы­лы­ғы бағы­тын­дағы басты нысан­дар­ды ірі­лен­діру­ге көп күш жұм­саған еді. Әттең не керек, жеме-жем­ге кел­ген­де, көп­те­ген игілік­ті істер­дің жүзе­ге асуы­на мүм­кін­дік бер­мей, жедел түр­де орны­нан ығы­сты­рыл­ды. Бал­таш Қоста­най­дан кет­кен­нен кей­ін, «ана қызым­нан мына қызым сорақы» деген­нің кебі келіп, облыс тіз­гінін ұстаған­дар­дың көбі шеті­нен жемқор, жал­мауыз болып, «түй­ені түгі­мен, маши­на­ны жүгі­мен жұт­ты». Ел-жұрт жария болған­дар­дың санын ғана біл­се білер. Ал көз­ге көрін­бей жүр­ген «көл­де­неңді көк атты­лар» қан­ша­ма дерсің?

Осын­дай кез­де ел-жұрт, қара­пай­ым халық Бал­таш сын­ды асыл­да­рын іздей­ді. Ұлт­тың тілін, білі­мін, дінін әспет­тей­тін, дәстүрін дәріп­тей­тін, сал­тын сақтай­тын салиқа­лы бас­шы­лар­ды іздей­ді, солар­ды сағы­на­ды. Тобыл–Торғай өңірі әлі күн­ге дей­ін Ильяс Ома­ров, Өзбекәлі Жәні­бе­ков, Сақан Құсай­ы­нов, Еркін Әуел­бе­ков сын­ды ерлерін аңыз қылып айтып, ауы­зда­ры­нан таста­май­ды. Соның басты себебі – олар­дың елін-жерін сүй­ген, ұлты­на қыз­мет еткен ұмы­тыл­мас істері бол­са керек. Олар­дың өңір жұр­ты­на жасаған игілік­ті істері ұрпақтан-ұрпаққа үлгі болып, алдағы ғасыр­лар­дың еншісіне енбек.

Енде­ше Біздің Бал­та­штың да өз халқы­на қал­ды­рған ізі, іскер­лі­гі, Отанға, қоға­мға деген бел­сен­ділі­гі, тіп­ті біре­гей бір­бет­кей­лі­гі мен батыл­ды­ғы – Қазақ елінің алтын қазы­на­сы­на айна­лып, руха­ни бай­лы­ғы­мыз бола бере­рі хақ.

Серік ТҰРҒЫНБЕКҰЛЫ,

ақын

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн