Пятница , 4 июля 2025

Сейфуллин ЖОЛБАРЫС: ТОЙДЫҢ ӘНШІЛЕРІН теледидардың өзі ЖАРНАМАЛАП ЖҮР

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №44 (408) от 30 нояб­ря 2017 г.

 

Бей­сен­білік сұхбат

 


 

Бей­сен­білік сұх­ба­ты­мы­здың кезек­ті қонағы – өзін әнші, әрі саз­гер деп таны­сты­ру­дан ұяла­тын Сей­фул­лин Жол­ба­рыс. «Мен тек автор-орын­да­у­шы­мын», – дей­ді ол. Бұл сұх­батқа себеп болған тағы бір мәсе­ле – әле­умет­тік желі­де­гі «Сей­фул­лин әйелін тастап кет­кені рас па?» деген сұрақ. Оның үстіне ол өз тың­дар­ман­да­рын рен­жітіп алған сыңайлы…

 

– Секе, биыл шығар­ма­шы­лы­ғы­ңы­здың 25 жыл­дық мерей­той кон­цер­тін дүр­кіретіп өткіздіңіз. Бірақ кей­бір ақпа­рат көз­дерінің дере­гі бой­ын­ша, есеп беру кон­цер­ті сіз­ге оңай тиме­ген сыңай­лы. Бұл тек қаңқу сөз ғана ма?

– Өзім­нің кон­цер­тім болған соң, әйте­уір бір­нәр­се жетіс­пей тұр­ды. Және кон­церт­те кет­кен кем­шілік­тер басқа­сы­на көрін­бе­гені­мен, өзің бай­қай­сың. Ең басты­сы – осы 25 жыл­дың ішін­де жазған, орын­даған әндерім­нің бар­лы­ғы шырқал­ды. Кон­цер­ті­ме тек Халық әртістері ғана емес, соны­мен бір­ге жас әншілер де қаты­сты. Бұрын мен тек ком­по­зи­тор­лық кеш бер­дім. Ал биыл әндерім­ді орын­даған әншілер­дің қаты­суы­мен өткіздім. Бірақ бір уақыт­та, бір жер­де жиыр­ма жеті әншінің басын қосу оңай­ға түспеді.

– Айт­пақ­шы, сол кон­церт­ті қай зал­да өткіздіңіз? Оны сұрап оты­рға­ным – кон­церт зал­да­рын жал­дау ақы­сы қым­бат­тап кетіп­ті деген сөз бар…

– Қар­жы­лық деме­ушім бола тұр­са да, кон­цер­тім­ді Рес­пуб­ли­ка сарай­ын­да өткіз­ген­ді жөн көр­медім. Жал­пы Сту­дент­тер сарайы аса қым­бат емес, сол себеп­тен шығар­ма­шы­лық кешім­ді сон­да бер­дім. Маған «Сей­фул­лин Жол­ба­рыс кон­цер­тін Рес­пуб­ли­ка сарай­ын­да өткізіп­ті» деген даңға­за­лық жар­на­ма қажет емес. Қым­бат жер­де кон­церт бер­ген­нен абы­рой­ың өспей­ді, мен үшін абы­рой – ол өнерім. Біз үшін сахна­ның бәрі бірдей.

Айт­пақ­шы, егер деме­уші табыл­маған­да, кон­церт өткіз­бей­тін де едім. Доста­рым қол­дап, «біз деме­уші болай­ық» деген соң ғана келістім. Өйт­кені қазір өз қал­таң­нан қар­жы шыға­рып кон­церт беру оңай емес.

– Жуы­қта бас­пасөз­де «Сей­фул­лин Жол­ба­рыс тоқал алып­ты» деген сөз тара­ды. Бұл қай­дан және қалай шыққан сөз болды?

– Бұл рас. Екін­ші жең­гең­мен отасқа­ны­ма он жыл болып кет­ті. Ел наза­ры­на енді ғана шыға­рып отыр­мын. Әле­умет­тік желілер­дің шулап кет­кені де сол. Негізін­де ағай­ын-туыс, доста­рым бұрын­нан біледі. Керісін­ше, «он жыл бұрын болып кет­кен «жаңа­лы­қты» БАҚ енді жазып жатыр» деп күлетін­дер бар. Енді жұрт сөй­лей­ді екен деп, отба­сым­ның сурет­терін тығып қой­май­мын ғой. Қаза­қстан бой­ын­ша екін­ші рет үйлен­ген жалғыз мен емес­пін. Сон­ды­қтан оған таңы­рқай­тын емес. Басы­ңа түс­се, тағ­ды­рға амал жоқ. Бұны басы­нан кешір­ген адам ғана түсінеді.

– Бірақ әле­умет­тік желі­де сіздің бұры­нғы отба­сы­ңыз жай­ын­да сұрай­тын­дар көп. Сол сұрақтарға қаса­ры­сып жау­ап бермейсіз…

– Қаса­ры­са­тын түгі де жоқ. Бұры­нғы отба­сым­дағы екі балам­ның суретін желі­ге салып оты­ра­мын. Тек бірін­ші жең­гең суретін салға­ным­ды қала­ма­ды. Өзі солай өтінді.

– Бірін­ші әйелін ұмы­тып кетіп­ті деген сөз тағы бар…

– Құдай сақ­та­сын! Бала­ла­рым­ның ана­сы ғой, қалай­ша ұмы­тып кетуім мүм­кін. Егер солай болып жат­са, ертең­гі күні ұлым мен қызым­ның бетіне қай­тіп қарай­мын? Халы­қтың өзі шыға­рып алған қаңқу сөз­дері-дағы… Адам­ның ішкі дүни­есін біл­мей жатып, әйте­уір ойла­ры­на кел­генін айта сала­ды. «Бірін­ші отба­сы­ң­ды лақты­рып кетіп­сің» деген пікір­лер­ді өзім де оқы­дым. Бірақ қалай­ша тастап кете ала­мын?! Орта­мы­зда ұл мен қызы­мыз бар. Шүкір, бірін­ші жеңе­шең мен бала­ла­рым­ның жағ­дай­ын жасап бер­ген­мін, әлі күн­ге дей­ін жасап отыр­мын. Үлкен қызым шетел­де білім алып жатыр. Ұлым музы­кант болып, сахнаға шығып жүр. Екін­ші отба­сым­нан екі қызым бар. Олар әлі кіш­кен­тай, бала­бақ­шаға барады.

– Ал жал­пы, қоғам­да кеңі­нен айты­ла бастаған тоқал алу мәсе­лесіне орай қан­дай пікір айтар едіңіз?

– Бұған қаты­сты ештеңе айта алмай­мын. Бірақ тоқал алуға заң бой­ын­ша тосқа­уыл қой­ы­лған. Жал­пы ата-баба­ла­ры­мыз бұрын тоқал алған. Тарих­ты жоққа шыға­ра алмай­мыз. Деген­мен, тоқал алу мәсе­лесін біреу қол­дай­ды, кей­біре­уі мүл­дем қар­сы. Өзім екін­ші рет отба­сын құрып алып: «анау тоқал алып­ты» дегенім дұрыс болмас…Біреудің ішкі дүни­есіне ара­ласқан­нан жаман нәр­се жоқ. Әркім­нің өз өмірі, маң­дай­ы­на жазы­лған тағ­ды­ры бар. Біре­у­ге барып, қалай өмір сүру керекті­гін үйре­ту мүм­кін емес…

– «Инста­грам» әле­умет­тік желісін­де бел­сен­дісіз. Бірақ онда жазы­ла­тын өзіңіз­ге қаты­сты сынға қалай қарайсыз?

– Жеке өмірім­ді аз көр­се­те­мін, бірақ халық соны сөз етіп кете­ді. Өнер­ге қаты­сты суретіңді сал­саң, оған «лайк» аз баса­ды. Сурет­теріңе қарап, жан-жақтағы туы­сың, доста­рың аман­ды­ғы­ң­ды көріп, біліп отыр­сын дей­сің. Және шоу-биз­нес өкіл­дері үшін «инста­грам» өте оңтай­лы дүние: өздерінің бей­не­ба­я­ны мен әндерін жар­на­ма­ла­у­ға жақ­сы құрал.

– Бұрын кез кел­ген кон­церт­те гита­ра құшақтап жүретін­сіз. Қазір қай­да­сыз, нелік­тен сирек көрініп жүрсіз?

– Әр жер­ден қыл­тиып көріне беретін жас та емес­пін. Кез кел­ген кон­церт­тен қал­май, өзі­ме жар­на­ма жасай­тын дең­гей­ден өтіп кет­кен­мін. Шүкір, әйте­уір еңбек­те­ген бала­дан, еңкей­ген кәрі­ге дей­ін тани­ды. Бірақ көрін­бей кет­тім демей­мін. Облыс орта­лы­қта­ры­на гастроль­детіп жиі шыға­мын. Шыны керек, бей­не­ба­ян­да­рым­ды теле­ар­на­ларға ұсын­бай­мын. Оған бер­ген ақша­ны одан да басқа қажет дүни­е­ге салға­ным дұрыс. Жаңа үш әнім шықты. Бұй­ыр­са, келе жатқан жыл­дың көк­те­мін­де инстру­мен­тал­ды кон­церт өткі­зу жос­пар­да бар. Теле­ар­на­ларға бей­не­ба­ян көр­се­ту­ден гөрі, есеп беру шығар­ма­шы­лық кешін өткіз­генім артық.

Ұлым Бей­ба­ры­сты өнер жолы­на тәр­би­е­леп жатыр­мын. Көбі­не­се өзім­мен бір­ге сахнаға алып шығып жүр­мін. Бір жағы­нан сахна­дан жыл­ты­ң­дай бер­гім кел­мей­ді. Мен әнші емес­пін, саз­гер­мін ғой. Хит деген сөз­ден алшақ­пын. Әншілер ғой – хит әндер іздеп жүретін. Өз басым бір-екі жыл уақыт­ша өмір сүретін әндер­ге көңіл бөл­мей­мін. Қай әнім­ді алып қараңыз, бар­лы­ғы ұзақ уақыт тың­дар­ман жүре­гін­де сақталған. Мәсе­лен, «Жан сырым» әнім­ді бүгін­де Башқұрт­стан әншісі орын­дап жүр.

– Жап­пай той әндері мен жеңіл-жел­пі әндер­дің хит­ке айна­лып, халы­ққа кеңі­нен тара­уы сізді ойлан­дыр­май ма?

– Олар­дың ғұмы­ры қысқа екенін біле­мін. Бүгін сахна­дан біре­уі кет­кені­мен, ертең­гі күні басқа­сы келеді. Сахна­да жүр­ген осы 25 жыл­дың ішін­де той әншілерінің біра­зы көз алды­мы­здан өтті. Уақыт өте келе олар өздері сара­ла­на­ды. Бұрын алды­мен теле­ди­дарға шығып жүріп, кей­ін той­ға бару­шы едік. Қазір­гі әншілер той­да ән салып, ертесін­де теле­ди­дарға шыға­тын болып кет­ті. Осы­ған ішім­нің қын­жы­ла­ты­ны бар. Той әншілерін теле­ди­дар­дың өздері жар­на­ма­лап жүр. Той әндерінің көбей­іп кет­кеніне біз емес, теле­ар­на­лар ойла­нуы керек деп ойлаймын.

– Әнші­ден бұрын өзіңізді бірін­ші музы­кант деп есеп­тей­мін дей­сіз. Тіп­тен кезін­де Роза Рым­ба­е­ва сізді әнші деп қабыл­да­маған екен…

– Роза апа­мыз ғана емес, әлі күн­ге дей­ін мені әнші деп қабыл­да­май­тын­дар көп. Оған өкпе­ле­мей­мін де. Өзі­ме не керек екенін, не істеп жүр­генім­ді мен жақ­сы біле­мін. Шын­ды­ғын­да мен тек орын­да­у­шы­мын. Вио­лон­чель аспа­бын терең мең­геріп, гита­ра­ны қосым­ша оқы­ған­мын. Кей­де мені «ком­по­зи­тор» деп атаған­да, Ескен­дір Хасанға­ли­ев аға­мы­здың алдын­да өзім­ді ыңғай­сыз сезі­не­мін. Сон­ды­қтан көп жер­де «мені автор-орын­да­у­шы деп хабар­ла­саңы­здар» деп өтініш жасай­мын. Өйт­кені асы­ра мақта­ну­ды қала­май­мын. Асыл­бек Еңсе­пов орын­дай­тын «Хафиз» туын­дым­ды «күй» деп айтып жата­ды. Ол – көңіл сазы­ның туындысы: кіш­кен­тай­ын­да шеті­неп кет­кен бала­ма арнаған едім. Бірақ «Хафиз» кеңі­нен тарап кетті.

– «Сей­фул­лин­нің аран­жи­ров­ка­лық қолы­нан шыққан ортанқол ән хит болып кете­ді» деген пікір­лер айты­ла­ды. Осы­ның сыры неде?

– Мен аран­жи­ров­ка жаса­маға­лы он жыл­дан асып кет­ті. Басқа уақыт­та әндерім­ді өзім өңдей­тін­мін. Соңғы уақыт­та Сәкен Сей­фул­лин­нің өлең­деріне ән жазып жүр­мін. Мыса­лы, кезін­де Асыл­бек­тің орын­да­уын­дағы «Адай» күй­інің аран­жи­ров­ка­сын мен жасаған­мын. Әлі де халық сүй­сініп тың­дай­ды. Сон­дай-ақ Секен Тұры­с­бек аға­мы­здың «Балау­са» күй­ін өңдегенмін.

– Сіз жылы­на бір аль­бом шыға­ра­ды екен­сіз: тың­дар­ман­да­ры­ңы­зды жалы­қты­рып ала­мын-ау деген ой бол­май ма?

– Шығар­ма­шы­лық жолын­да жүр­ген жиыр­ма бес жыл­да шыққан сегіз ғана аль­бо­мым бар екен. Сен­бе­сеңіз, интер­нет­ке кіріп, санап көріңіз. Соңғы аль­бом 2015 жылы шықты. Жақын­да аль­бом жазам деп айта алмай­мын. Әрдай­ым қозға­лы­ста жүретін болған соң, ел мені жыл­да аль­бом жаза­ды деп ойлай­ды. Досым Ринат Гай­син де «Сей­фул­лин, сен жыл­да аль­бом жаза­сың» дей­ді. Бірақ ондағы әндерім бес жыл бұры­нғы жазы­лған. Сөйт­сем «Сенің әндерің әлде миы­мы­зда қалып қоя ма, әйте­уір жыл­да ән жаза­тын сияқты көрі­несің» деген еді. Содан кей­ін де әндерім көп болып көрі­нетін шығар.

– Қазір әншіні таны­мал ететін дауы­сы емес, оңтай­лы шыққан хит әні деген пікір­лер жиі айты­ла­ды. Осы орай­да не айтар едіңіз?

– Мен ешкім­ге сыни пікір айтқым кел­мей­ді. Себебі әркім­нің өзін­дік өнер тағ­ды­ры бар. Қазір нарық зама­ны: ешкім­ді сахна­дан неме­се той­дан қуа алмай­мыз. Қазір­гі кез­де той­ға барып ән салу оңай болып кет­ті ғой. Айфон, ноут­бук­та­ры­мен барып, екі әнін айта­ды да кете береді. Еш қиын­ды­ғы жоқ. Ал біздің заман­да таңғы сағат бесте аппа­ра­ту­ра­мен барып, кеш­ке сол уақыт­та қай­та­тын­быз. Шынын айтқан­да, осын­дай мек­теп­тен өткені­ме қуанамын.

– Сұх­ба­ты­мы­здың соңын көңіл­ді нота­мен аяқтай­ық, аға. Құр­да­ста­ры­ңыз сіздің бой­ы­ңыз тура­лы көп әзіл айта­ды: соңғы шыққан қан­дай «све­жий» қағыт­па­мен бөлі­сер едіңіз?

– Бой­ы­ма қаты­сты қағыт­па­ларға еш рен­жі­мей­мін. Бой­ым ала­са бола тұр­са да, мені «Ары­стан» деп атай­тын­дар да бар. Тек әзір­ге қасқыр деген емес. Соған қараған­да, қасқыр­лық мінезім шық­пай тұрған болу керек. Мей­лі ары­стан, жол­ба­рыс, қасқыр болай­ын, ең басты­сы – түл­кі бол­ма­сам болғаны.

– Тілек­тес­пін, аға! Сұх­ба­ты­ңы­зға рахмет!

Анар ДӘУКЕН

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн