Пятница , 4 июля 2025

«FORTE BANK» орысша сөйлеуін ҚАШАН ҚОЯДЫ?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №44 (408) от 30 нояб­ря 2017 г.

 

Желі­де­гі жазбалар

 


 

 

Бүгін «Forte Bank»-ке кір­дім. Бай­қаға­ным – бар­лы­ғы орыс­ша сөй­леп жатыр. Банк қыз­мет­кер­лерін айт­пай­мын, тұты­ну­шы­лар­дың өздері «здрав­ствуй­те» деп бастай­ды. Бәрі қазақ. Қыз­мет­кер­лер­дің құлағы үйрен­ген-ау дей­мін, менің қаза­қ­ша аман­дасқа­ны­ма қара­май, аны­қта­ма, т.б., қағаз­дар­ды орыс тілін­де берді.

 

Сөйт­сем, қазақ тіл­де тек сұра­ныс бой­ын­ша басып береді екен. Естеріңіз­ге сала кетей­ін, бұл шетел­де емес, Қаза­қстан­да орын алған жағ­дай. Қаза­қстан­да қазақ тілін­де­гі бланк­ты алу үшін арнайы сұра­ныс керек. Қызық, иә?

Қазір банк­тікі дұрыс емес десем, орыс тіліне қар­сы болған сияқты бола­мын. ҚАЗАҚ ТІЛІН ҚОЛДАУ, ЖАН АШУӨЗГЕ ТІЛГЕ ҚАРСЫ ШЫҒУ ЕМЕС. Сол нәр­сені көбі­міз шаты­сты­рып жата­мыз. Бірақ банк­тікі дұрыс деп те айта алмай­сың ғой. Сон­да шешім қандай?

Мен өз басым «Forte Bank»-ке мынан­дай ұсы­ныс тастар едім. Құжат­тар­ды кей­бір басқа банк­тер сияқты бір­ден екі тіл­ді қылы­ңы­здар. Қазақ тілін тек сұра­ныс бой­ын­ша беру – бұл дұрыс шешім емес. Неме­се орыс­ша сәлем­десіп, орыс­ша сөй­леп тұрған адам­дарға орыс тіл­ді нұсқа­сын, қаза­қ­ша сөй­леп кел­ген ада­мға бір­ден қаза­қ­ша нұсқа­сын ұсы­ны­ңыз. Менің­ше, өте әділ шешім. Себебі біздің қаза­қтан да бар ғой – бір жер­ге барып алып, «здрав­ствуй­те» деп бастай­мыз. Сосын өзі­міз «неге бар­лық жер­де тек орыс тілін­де» деп айқай шыға­ра­мыз. Қазақ тілінің дамуы банк­тен бастал­май­ды, өзі­міз­ден басталады.

Ара­ла­ры­ңы­зда сол банк­тің тұты­ну­шы­ла­ры бар ма? Банк қыз­мет­кер­леріне қаза­қ­ша сөй­леп, кіші­гірім флэш­моб жаса­сақ қалай? Мүм­кін, біздің арқа­мы­зда ең ірі банк­тер­дің бірі құжат­та­рын екі тіл­ді­ге өзгертер?

P.S. Банк парақ­ша­сы (әле­умет­тік желілер мен интер­нет­те­гі – Ред.) да тек орыс тілін­де жүр­гізіледі екен. Менің жазға­ным­ды түсін­се жақсы…

Ләй­лә СҰЛТАНҚЫЗЫ

 

 

 

 

Бал­тық бойы елдері ӨЗ ТІЛДЕРІН осы­лай тірілт­кен еді

 

 

90-жыл­дар­дың басын­да Лат­вия, Лит­ва және Эсто­ния мем­ле­кет­терін­де­гі орыс тіл­ді тұрғын­дар жер­гілік­ті халы­қтың тілін – мем­ле­кет­тік ста­тус алған тіл­ді – мой­ын­да­май, Кеңес өкі­меті кезін­де­гі­дей, басқа­лар­дың орыс тілін­де сөй­ле­уін талап етуін тоқтат­па­ды. Мем­ле­кет­тік тіл­ді білуді, үйре­нуді керек етпе­ді. Бұл елдер­де де біз­дер­де­гі сияқты, алға­шқы кезең­де «бұл – сенің мем­ле­кетіңнің тілі, оны білу, қол­да­ну – сенің пары­зың» деген сияқты ақыл-кеңе­стер, жұм­сақтап айту­лар болды.

 

Алай­да орыс тіл­ді аза­мат­тар «өзге­лер­мен түсіні­су үшін, мен олар­дың тілін білу­ге тиісті емес­пін, мені­мен түсіні­су үшін басқа­лар менің тілім­ді біл­сін!» деген шови­ни­стік, ақы­мақ ұста­ным­нан айры­лғы­ла­ры кел­меді. Мем­ле­кет­тік тіл­ді мін­дет­теу басталған­да, орыс тіл­ділер «біздің тілі­мізді кем­сітіп жатыр!» деген айқай-шу көтеріп, жалай­ы­рға жар сал­ды. (Айта кету керек, «біздің тілі­міз кем­сітіліп жатыр» деген жылау мен зар­лау – бей­ша­ра орыс тіл­ділер­дің ең тиім­ді тәсіл­дерінің бірі).

Бұн­дай арсызды­қты күт­пе­ген При­бал­ти­ка елдерінің мем­ле­кет­тік орган­да­ры алға­шқы­да тосы­лып та қал­ды. Алай­да осы жағ­дай­да елу жылғы орыс тіл­ділер­дің езгісін көріп, қан­да­ры қай­наған жер­гілік­ті ұлт өкіл­дері жаңа тәсіл­ді – мәде­ни­ет­ті, адам құқы­ғын бұз­бай­тын жаңа әдісті ойлап тапты.

Бұл тәсіл­дің негізін­де «Сенің қан­дай тіл­де сөй­лей­тінің­де менің жұмысым жоқ, ал мен өзім­нің тілім­де сөй­лей­мін» деген ұста­ным жат­ты. Жоға­ры­дағы елдер­дің дүкен­дері мен кас­са­ла­рын­да, транс­порт­та­ры мен тұр­мыстық қажет­ті өтеу орын­да­рын­да, т.т. орыс тілін­де сөй­ле­ген адам­дарға мем­ле­кет­тік тіл­де, сол мем­ле­кет­ті құрған ұлт­тың тілін­де жау­ап бері­ле (неме­се мүл­дем жау­ап­сыз қал­ды­ру да орын алды) бастады.

Алға­шқы кезең­де орыс тіл­ділер аңта­ры­лып қал­ды да, кей­ін­нен «орыс тілін кем­сіту­шілік (дис­кри­ми­на­ция) жүріп жатыр!» деп, сан түр­лі орын­дарға, адам құқы­ғын қорғай­тын, бақы­лай­тын Еуро­па ұйым­да­ры мен құры­лым­да­ры­на ары­здар жазып, көмек сұра­ды. Алай­да бұл мәсе­лені тек­се­ру­ге кел­ген сан түр­лі комис­си­я­лар адам құқы­ғы­ның бұзы­луы­ның ешқан­дай да дере­гін таба алмады.

При­бал­ти­ка­ның жер­гілік­ті тұрғын­да­ры: «Маған орыс, ағы­л­шын, неміс, т.б. тіл­дер­де сөй­ле­ген ада­мға ешқан­дай рені­шім жоқ. Себебі әр адам­ның өзінің сөй­леу тілін таң­дау құқы­ғын толық мой­ын­дай­мыз, құрметтейміз.

Сон­ды­қтан басқа тіл­де сөй­ле­ген ада­мға «аузы­ң­ды жап, біздің мем­ле­кет­тің тілі – латыш тілі. Сен сол тіл­де сөй­ле­у­ге тиіс­сің» деген сөзді айт­пай­мыз. Бірақ олар да біздің қай тіл­де сөй­ле­уді таң­дау құқы­ғы­мы­зды сый­ла­сын. Біз өз тілі­міз­де сөй­ле­уді таң­дай­мыз. Оған рен­жі­мей­тін шығар» деп жау­ап бер­ді. Орыс тіл­ділер­дің: «Олар орыс тілін біледі, ал мен латыш тілін біл­мей­мін. Сон­ды­қтан олар біз­ге орыс тілін­де жау­ап беру­лері керек» деген сөз­дерін есті­ген еуро­па­лық адам құқы­ғын қорға­у­шы­лар талып қала жаздапты.

Естерін жинаған комис­сия мүше­лері: «Кешірің­дер, олар­дың – латы­штар­дың – іс-әре­кетін­де адам құқы­ғын бұза­тын ешқан­дай бел­гі жоқ. Олар сен­дер­дің ауы­зда­ры­ң­ды жауып, латыш тілін­де сөй­ле­у­ге мәж­бүр­ле­ген жоқ. Үнсіз тың­дап, түсін­бе­ген­дері жау­ап бере алмай, ал түсін­ген­дері өз тіл­дерін­де жау­ап бер­ді. Бұл жер­де ешқан­дай тіл­дік дис­кри­ми­на­ци­я­ны көріп тұрған жоқ­пыз. Егер сен­дер­ге орыс тілін­де сөй­ле­у­ге тый­ым сал­са, тіл­дік дис­кри­ми­на­ция деп соны айтуға бола­ды. Жер­гілік­ті ұлт­тың өз тілін­де сөй­ле­уі – мәде­ни­ет­тілік пен өздерінің ана тіл­дерін, мем­ле­кет­тің тілін құр­мет­те­уі ғана. Бұл – олар­дың таң­да­уы. Ал сіз­дер­дің «менің түсі­нетін тілім­де жау­ап берің­дер» деп талап ету­лерің – барып тұрған бас­сыздық, адам құқы­ғын сый­ла­мау­шы­лық» деген тұжы­рым айтыпты.

Ұзын сөздің қысқа­сы, осы «При­бал­ти­ка тәсілі» арқы­лы жер­гілік­ті ұлт өкіл­дері аз уақыт­тың ішін­де өздерінің ұлт­тық тілін – мем­ле­кет­тік тіл­ді тіріл­тіп алды.

Дос КӨШІМ

 

 

 

БІР СӨЙЛЕМДЕГІ ЕКІ БИЛІК –

бірін «тақтан тай­ды­ру» керек

 

Сая­сат­та шару­а­мыз шама­лы. «Егер сен сая­сат­пен айна­лы­спа­саң, сая­сат сені­мен айна­лы­са­ды» деген мақал­ды жақ­сы біл­сек те, соның суын сапы­руға зауқы­мыз жоқ. Есесіне сая­си шолу­лар­ды сүй­сініп оқимыз.

 

Міне бел­гілі сая­сат­та­ну­шы жазған сая­си шолу­ды жел­дір­те жөнел­мей, бай­ып­тап санаға сіңіріп отыр­мыз. Қазір өтім­ді екі тақы­рып бар: не қырғыз-қазақ тай­та­ла­сы, не алы­стағы Афри­ка­ның түп­кірін­де­гі Муга­бе деген ақсақал­дың абы­рой­дан айы­ры­луы. Мынау – сол Афри­ка­ның бақыт­сызды­ққа ұшы­рап, бей­ша­ра болған елі тура­лы тал­да­ма­лы мақа­ла. Авто­рын сіз­дер сұра­саңы­здар да, біз айт­пай­мыз. Негізі жақ­сы жаза­тын, екі жүзді қан­жар сияқты қалам­гер. Тек бір сөй­лем­ге бола тұты­лып қал­ды. Асы­ғы­сты­ғы себеп бол­са керек. Бір жазға­нын үсті­нен редак­ци­я­лап өтпеген…

Хош. Сарап­та­ма­да Зим­баб­ве афри­ка­лық халық одағы (ЗАПУ) мен Зим­баб­ве халқы ұлт­тық одағы (ЗАНУ) атты екі пар­ти­я­ның ара­сын шиыр­лаған Муга­бенің жұл­ды­зды сәті былай сипатталған:

«Осы екі пар­ти­я­ның ара­сын­дағы ұзақ мерзім­ді сая­си және қару­лы қақты­ғы­стан кей­ін билік­ке шона тай­па­сы­ның өкіл­дері­нен құры­лған, Роберт Муга­бе басқарған, қытай­лы­қтарға арқа сүй­е­ген, Мао­ның жолы­мен жүріп, қытай­лық үлгі­де­гі соци­а­лизм құра­мыз деген ЗАНУ билік­ті басып алады».

Жай оқыр­ман осы қал­пын­да мүдір­мей оқып кетері хақ. Ал сіз – редак­тор­сыз. «Екі шоқып, бір қара­уға» тиіс­сіз. Иә, көзіңіз­ге бір­ден түсті: бірін­ші «билік­ке» деген сөз артық. Өйт­кені сөйлем­нің соңы «билік­ті басып ала­ды» деп аяқта­ла­ды. Егер бірін­ші «билік­ке» сөзі қал­ды­рыл­са, онда екін­ші «билік­ті» сөзі сызы­лып, баян­да­уы­шы «басып ала­ды» сөзінің орны­на «келеді» деген сөз болуы керек.

Бірін­ші нұсқа­да: Осы екі пар­ти­я­ның ара­сын­дағы ұзақ мерзім­ді сая­си және қару­лы қақты­ғы­стан кей­ін шона тай­па­сы­ның өкіл­дері­нен құры­лған, Роберт Муга­бе басқарған, қытай­лы­қтарға арқа сүй­е­ген, Мао­ның жолы­мен жүріп, қытай­лық үлгі­де­гі соци­а­лизм құра­мыз деген ЗАНУ билік­ті басып алады.

Екін­ші нұсқа­да: Осы екі пар­ти­я­ның ара­сын­дағы ұзақ мерзім­ді сая­си және қару­лы қақты­ғы­стан кей­ін билік­ке шона тай­па­сы­ның өкіл­дері­нен құры­лған, Роберт Муга­бе басқарған, қытай­лы­қтарға арқа сүй­е­ген, Мао­ның жолы­мен жүріп, қытай­лық үлгі­де­гі соци­а­лизм құра­мыз деген ЗАНУ келеді.

Біз үшін бірін­ші нұсқа тәуір. Себебі екін­ші нұсқа­да «билік­ке келеді» деген әре­кет­тің бір сөзі анда, бір сөзі мұн­да қалады.

Ал бірін­ші нұсқа­ны күшей­ту керек еді. Өйт­кені бұл – шағын хабар емес, сая­си шолу, тал­да­ма­лы мақа­ла. Біз «ұзақ мерзім­ді сая­си және қару­лы қақты­ғы­стан кей­ін» деген тір­кесті «ұзақ мерзім­ді сая­си тар­ты­стан және қару­лы қақты­ғы­стан кей­ін» деп жазар едік. Алды­мен сая­си тар­ты­сты, одан қару­лы қақты­ғы­сты. Санаға сіңім­ді болмақ.

Енді мына бір: «шона тай­па­сы­ның өкіл­дері­нен құры­лған, Роберт Муга­бе басқарған, қытай­лы­қтарға арқа сүй­е­ген, Мао­ның жолы­мен жүріп, қытай­лық үлгі­де­гі соци­а­лизм құра­мыз» деген тір­кесті де құл­пыр­тқан, яғни редак­ци­я­лаған жөн сияқты. Мұн­да «құры­лған» және «құра­мыз» деп бір түбір­ден шыққан екі етістік тұр. Яғни, сөз қай­та­лау аңға­ры­ла­ды. Одан қашу үшін бірін­ші «құры­лған» сөзін «тұрған» деген дұрыс. Содан соң бажай­лап қара­саңы­здар, мұн­да «ған», «ген» жұр­нақта­ры арқы­лы жазы­лған есім­ше көп: «құры­лған», «басқарған», «сүй­е­ген», «құра­мыз деген». Тек бес тір­кест­ің бірі ғана «жүріп» деген өткен шақтық көсем­ше етістік түрін­де жазылған.

Кет­тік, осы­ны жөн­дей­ік: «шона тай­па­сы­ның өкіл­дері­нен тұрып, Роберт Муга­бе басқарған, қытай­лы­қтарға арқа сүй­е­ген­дік­тен Мао­ның жолы­мен жүріп, қытай­лық үлгі­де­гі соци­а­лизм құра­мыз деген» болып шықты. Тұтас тір­кес шіл­дің қиын­дай әр жакққа шашы­ра­май, екі нақты нәр­сені аңғарт­ты. Ішкі: «шона тай­па­сы­ның өкіл­дері­нен тұрып, Роберт Муга­бе басқарған» және сыр­тқы: «қытай­лы­қтарға арқа сүй­е­ген­дік­тен Мао­ның жолы­мен жүріп, қытай­лық үлгі­де­гі соци­а­лизм құра­мыз деген».

Соны­мен бұл сөйлем­нің біз редак­ци­я­лаған нұсқа­сы мына­дай: «Осы екі пар­ти­я­ның ара­сын­дағы ұзақ мерзім­ді сая­си тар­ты­стан және қару­лы қақты­ғы­стан кей­ін шона тай­па­сы­ның өкіл­дері­нен тұрып, Роберт Муга­бе басқарған, қытай­лы­қтарға арқа сүй­е­ген­дік­тен Мао­ның жолы­мен жүріп, қытай­лық үлгі­де­гі соци­а­лизм құра­мыз деген ЗАНУ билік­ті басып алады».

Ал автор­дың нұсқа­сы­мен салы­сты­рып көріңіздер.

Қай­нар ОЛЖАЙ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн