Пятница , 4 июля 2025

АРЫСТАННЫҢ ЕТТЕН АЙНУЫ (Адам айтқысыз аңыз)

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №44 (408) от 30 нояб­ря 2017 г.

 

Уақыт уыты

 


 

Жаман хабар жер­де жат­пай­ды. «Аң пат­ша­сы Ары­стан ет жемей­тін боп­ты!» – деген суық хабар орман ішін ара­лап, тау-тасты кезіп, суға сүң­гіп, сазға батып, бал­шық кешіп, тен­тіреп кет­ті. О заман­да бұ заман, азу тісті ағай­ын­ның өз еркі­мен еттен бас тар­тқа­ны хай­у­ан­ды­ққа қасақа­на жасалған айу­ан­дық емес пе!

«Апы­рау, мұны­сы алжы­ған­дық па?!» – деген ойды жан-жану­ар біт­кен іші­нен ойла­са да, сыр­тқа шыға­руға дәті бар­май, күп­ті болып қал­ды. Жөн білетін Жол­ба­ры­сты, қол бастаған Қасқыр­ды, тамыр ұстай білетін Түл­кіні жұрт, жұр­ты несі, құдай-ау, бар­ша хай­у­ан­дар Ары­стан­ның халін біліп, көңілін сұра­уға жіберді.

Үше­уі пат­ша сарай­ы­на үнсіз келеді. «Пат­ша­ның бұл қай сасқа­ны? Онсыз да жыл сай­ын бір жар­лық шыға­рып, өйту­ге бол­май­ды, бүй­ту­ге бол­май­ды­ның асты­на алып жатқа­ны аздай, мына­уы­сы несі? Ата-баба­сы қой­дың етін жеп кел­ген Қасқыр­ды алты ай бойы Алтай­дың ар жағы­на оқуға жіберіп, білі­мін жетіл­дір­тіп алды. Қасқыр­дың сон­дағы бар үйрен­гені – бақа-шаян жеу. Енді «Қасқы­рға қой­дың еті зиян екен!» – деп, заң шығар­тып, күл­лі қасқыр­ды қой еті­нен ажы­рат­ты. «Қыран­дар көк­тен құй­ғы­тып келіп, аң аула­уы өздерінің қан қысы­мы­на зиян» деген желе­умен жар­лық шыға­рып, қыран біт­кен жер бауыр­лап, құрт-құмыр­сқа теріп кет­ті. Сары дала­ның аң біт­кені өмірі есті­ме­ген қол­ты­ра­уын­ның тілін үйрен­сін деген жар­лы­ғы – анау. Енді мына­уы­сын неге жоры­сақ екен? Ақы­ры не бола­ды? Дала­ның аңын Тай­га­ның аюы мен Сібір­дің сіле­усініне тегін тасы­ға­ны­мыз аздай, енді езуі­міз­ден етті жырып бере­міз бе?» – деген күдік­ті ой үше­уін де маза­лап келеді. Бір-біріне ашып айтуға қорқа­ды. Себебі жыр­тқы­штың – жыр­тқы­шқа сені­мі азай­ған: бірі бол­ма­са бірі Ары­станға жет­кі­зуі мүмкін…

Аре­кең тақта отыр екен. Алдын­да жаю­лы дастар­хан. Шыны­мен де, бір тістем ет жоқ, кілең шөп-шалаң. Жол­ба­рыс аз мәзіріне жиір­кене көз таста­ды. Қасқыр қақа­лып қал­ды. Түл­кі тыр­жиға­нын сездір­гісі кел­мей, бетін бүр­ке­ме­леп отыр.

– Арсе­ке, еттен неге жерідіңіз?! – деп, Жол­ба­рыс ептеп сөз баста­ды. – Әлде ден­са­улы­ғы­ңыз сыр бер­ді ме? Олай бол­са – айты­ңыз, Үндістан­ның тәуіп Үкісін алды­рай­ық. Бол­ма­са, жапон­ның бақ­сы Жапа­лағын жеткізейік…

– Сіз деген­де аяна­ры­мыз жоқ, Арсе­ке, қол­дан кел­ген көме­гі­мізді… – деп, Қасқыр күңк етті.

Ары­стан аузын жапы­рақ­пен сүр­тіп, үше­уіне бастан-аяқ қарап шықты.

– Орман­даста­рым менің! – деді сосын. – Бұл ден­са­улық деген шір­кін­ге шөп­тен келер пай­да ұшан-теңіз екен! Біл­мей жүріп­піз ғой. Қан­ша­ма битә­мін, пай­да­лы, дәрілік қаси­еті бар, қорек десең – қорек, қуат десең – қуат. Бір киік­ті қуып жүріп, енті­гіп, шар­шап-шал­ды­ғып ұстай­сың, оның еті­нен келер не пай­да? Қан мен шикі еті. Сол бір киік­тің етінің орны­на үш арба шөп жеген әлдеқай­да пай­да­лы екен! Бірін­ші­ден, шапқы­лап жан қина­май­сың, жатып ал да шай­най бер… Екін­ші­ден, сынған сүй­ек­ке қақал­май­сың. Міне, мынау импорт­ный, Нары­нқол­дан кел­ген кәр­түш­ке, дәмін татып көрің­дер! – деп, алдын­дағы аста­уды кел­ген­дер­ге қарай ысырды.

Пат­ша­ның қолын қаға­тын жан екеу емес, үше­уі сап-сары боп, сазы­рай­ып жатқан кәр­түш­ке­ден бір-бір тістеп көр­ді. Жол­ба­рыс лоқ­сып жібер­ді. Қалған еке­уі қып-қызыл болып, демін ішіне тар­тып, тұн­шы­ғып отыр.

– «Қасқыр­дың аузы жесе де қан, жеме­се де қан» – деген сүй­ек­ке түс­кен таң­ба­мыз бар, ата-салт­тан аттаға­ны­мыз қалай болар екен?! – деп, қанын ішіне тар­та сызды­қта­та сұрақ қой­ды бір кез­де Қасқыр.

– Заман тала­бы солай боп тұр ғой… – деді Ары­стан сәл күр­сініп. – «Зама­ның түл­кі бол­са…» қалай еді, Түке?

– Есім­де жоқ сол құры­ғыр… – деп, тыжы­ры­нған Түл­кі өзіне ұна­май­тын мақал­ды айтқы­сы келмеді.

– Өздерің­дей орман­ның Аюы алпам­са­дай денесі­мен ет сұра­май, бал жалап, өлмей жүр ғой. Басқа түс­се, бас­пақ­шыл деген осы. Оның үстіне қоян­дар қол­да­ры­на «Аңдар­дың құқы­ғы қашан қорға­ла­ды? Жыр­тқыш бол­ма­сақ та – аңбыз. Бар­лық аңның құқы­ғы тең бол­сын! Жазы­қ­сыз жапа шек­кі­міз кел­мей­ді!» – деген ұран жазып, көше­ге, ой, той­ыс, көгалға шығып­ты. Бүй­те бер­се, ертең бүкіл халық, той­ыс, хай­у­ан көтеріледі! Алды-арты­на қара­май, атой­лап тұра шаба­тын Тай­бу­рыл қай үйір­ден бол­са да табыл­мас дей­місің?! Менің ойлаға­ным ха… хай­у­ан­ның қамы, жану­ар­дың жан тыны­шты­ғы, тағы­ның таңы, жабай­ы­ның ертеңі! – деп, Ары­стан кекіріп қал­ды. Ол «ы‑ы-һ» деген­де, көмей­і­нен өтпей тұрған Құлан­ның тобы­ғы топ етіп, дастар­ханға түсті.

– Апыр­май, мынау не?! – деді Түл­кі тобы­қты алы­стан танып, көзі күлім­деп, – Тобық қой! Құлан­ның тобы­ғы! Семіз екен өзі…

Қасқыр дереу стол­дың асты­на үңіліп еді, жас бұқа­ның балғын еті былқып тұр екен.

– Ойпыр­май, мынау кеше ғана маған ұстат­пай кет­кен қасқа бұқа бол­ма­сын?! – деп, бір жұты­нып қалды.

Жол­ба­рыс Ары­станға сығы­рая қарап, не дер екен деген­дей, жау­ап күтті.

Пат­ша сыр бер­меді. Дастар­ханда жатқан банан­ды бір жалап қой­ды да:

– Енді, айтып отыр­мын ғой, шөп жеген­нің пай­да­сы мол деп… Шөп құрғы­рың қалың бола­ды… Ішін­де кім­нің жүр­генін тіп­ті көр­мей, біл­мей қала­сың. Тілің­мен шөп­ті орай тар­тып жүр­генің­де, ара­сын­да жүр­ген бір­лі-жарым аң бай­қа­май азуы­ңа ілініп кете­ді. Көр­мей қала­сың тіп­ті… – деген Арсе­кеңнің күлім­сіре­ген күнәсіз көзі үше­уін жыл­дам сүзіп өтті.

Жыр­тқы­штарға кере­гі де осы сөз еді. Бір-бірін ыммен ұға қоя­тын дарын ата-баба­ла­ры­нан қан­да­рын­да бар: жан-жағы­на шөп­ті үйе сала, бұқа­ның былқы­ған етін бас салды.

Сор­па ішіп, тіс шұқып оты­рған кезін­де Арсекең:

– Хай… Ы‑һ… Хай­у­ан­дарға жар­лы­қты жақ­сы­лап жет­кізің­дер! Шөп­тің пай­да­сын дәріп­тең­дер, жаңғыр­тып-жаңғыр­тып жазы­ң­дар! Айт­пақ­шы, енді жазу­ды Қырға­уыл­дың қана­ты­мен емес, Түй­еқұ­стың құй­ры­ғы­мен жазы­ң­дар! Олар жаңа қала­мға үйрен­ген­ше, сен­дер шөп ара­лай берің­дер! Ы‑һ… – деп, тап­сыр­ма­сын нығы­здап айтты.

Жыр­тқы­штар бір-біріне жымия қарап, жаңа жар­лы­қты жамағатқа, той­ыс, жану­ар­ларға жет­кізу­ге, әсіре­леп, әспет­теп дәріп­те­у­ге жүріп кет­ті. Езу­леріне бір-бір сабақ шөп қысты­ра кетті…

Асқар НАЙМАНТАЕВ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн