Пятница , 4 июля 2025

Мұхтар ТАЙЖАН: ЖАҢА ЗАҢ ҚАБЫЛДАНСА –қазақтың жерін шетелдіктерден САҚТАП ҚАЛҒАНЫМЫЗ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №45 (409) от 7 декаб­ря 2017 г.

 

ДАТ!

 


Енді­гі бел­гілі болған­дай, ҚР пар­ла­мен­тінің мәжілісі өткен сәр­сен­бі­де «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның жер қаты­на­ста­рын рет­теу мәсе­ле­лері бой­ын­ша кей­бір заң актілеріне түзе­ту­лер мен толы­қты­ру­лар енгі­зу тура­лы» заң жоба­сын алға­шқы оқы­лым­да мақұл­да­ды. Бұл заң жоба­сы был­ты­рғы жылы Қаза­қстан­ды дүр­лік­тір­ген «жер митин­гілерінің» нәти­же­сі еді.

Еске сала кетй­ік, Қаза­қстан­ның жер тура­лы заңы­на 2015 жылы күз­де пре­зи­дент Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың жар­лы­ғы­мен өзгерістер енгізіл­ген еді. Ол өзгерістер 2016 жылы көк­тем­де Қаза­қстан қоға­мы­ның нара­зы­лы­ғын туды­рған «жер митин­гілеріне» ұла­сты. Алға­шқы­сы 2016 жылы сәуір­дің 24‑і күні Аты­ра­удағы Исатай–Махамбет алаңын­да өтті. Нара­зы­лық акци­я­сы­на қаты­су­шы­лар заң­дағы шетел­дік­тер­ге ауыл шару­а­шы­лы­ғы жерін жалға беру мерзі­мін 10 жыл­дан 25 жылға дей­ін ұзар­ту және құра­мын­да шетел­дік­тер бар серік­те­стік­тер­ге сату тура­лы бап­тарға қар­сы­лық біл­діріп, пре­зи­дент Назар­ба­евқа үндеу жол­да­ды. Бұдан соң бір­не­ше қала­да «жер дауы­на» қаты­сты нара­зы­лық акци­я­ла­ры өтті. Осы­дан кей­ін пре­зи­дент Назар­ба­ев заң­ның дау­лы бап­та­ры­на бес жылға мора­то­рий жари­я­лап, заң­ды талқы­лау үшін қоғам­дық жер комис­си­я­сы құрылды.

Ал енді осы ұлы дүр­мек­тің нәти­же­сін­де туған жаңа заң жоба­сы қан­дай бол­ды? Жер­ді шетел­дік­тер­ге жалға беру және сатуға қар­сы шыққан қаза­қтар­дың тала­бы бұл жоба­да көрініс тап­ты ма? Жер қаты­на­ста­рын рет­те­уші заң қазақ халқы­ның бола­шақ мүд­десіне нұқ­сан кел­тір­мей ме?

Біз ел-жұрт­ты дүр­лік­тір­ген осы және жер мәсе­лесіне қаты­сты басқа да сұрақтарға түсінік алу үшін, бел­гілі қоғам бел­сен­дісі, эко­но­мист-ғалым Мұх­тар Тай­жан­ды әңгі­ме­ге тар­тқан едік.

Неге Тай­жан? Себебі ол Жер комис­си­я­сы­ның және жаңа заң­ның жоба­сын жасау топ­та­ры­ның жұмыста­ры­на, пар­ла­мент­те­гі талқы­ла­у­ларға етене ара­ласқан аза­мат еді.

– Мұх­тар, мәжілістің бірін­ші оқы­лы­мын­да қабыл­данған заң жоба­сы жөнін­де елге толық ақпа­рат әлі жет­кен жоқ. Жұрт­шы­лық тек шека­ра маңын­дағы жер­лер шетел­дік­тер­ге жалға беріл­мей­ді, жеке мен­шік­ке сатыл­май­ды деген атүсті айты­лған ресми хабар­дан басқа жібі түзу түсінік­те­ме­ге зәру болып оты­рға­нын бай­қай­мыз. Сон­ды­қтан қаза­қтар­ды ала­ша­пқы­нға душар еткен жер мәсе­лесіне қаты­сты біраз әңгі­менің басын қай­ы­руға өзіңді шақы­рып отыр­мын. Ең алды­мен төтесін айт­шы: был­ты­рғы жылы өткен митинг­тер­де айты­лған халы­қтың тала­бы орын­дал­ды ма?

– Мен де төтесін айтай­ын: халы­қтың ең басты тала­бы: «Жер сатыл­ма­сын, шетел­дік­тер­ге жалға беріл­месін!» деген тала­бы толы­ғы­мен орын­дал­ды деп аза­мат­тық атым­мен айта аламын!

 

– Әп-бәре­кел­ді! Енді осы сөзіңді тарқа­тып шық…

– Өткен апта­дағы заң­ның алға­шқы оқы­лы­мын­да был­ты­рғы – 2016 жылғы мамыр­дағы пре­зи­дент­тің мора­то­рий жари­я­лау жөнін­де­гі Жар­лы­ғы­на сай дай­ын­далған заң жоба­сы­на нақты өзгерістер енгізіл­ді. Ескер­те кетей­ін, жари­я­ланған мора­то­рий тек 2015 жылы қара­ша айын­да қабыл­данған заң­ның қол­да­ны­сын тоқтатқан еді. Жер комис­си­я­сы­ның оты­ры­ста­ры­нан кей­ін, өткен тамыз айын­да мора­то­рий мерзі­мін 2021 жыл­дың аяғы­на дей­ін ұзар­ту жөнін­де тағы бір Жар­лық шықты. Бірақ пре­зи­дент­тің Жар­лы­ғы – заң емес: Жар­лы­қтың пәр­мені заң­нан ары аса алмай­ды. Жар­лық негізін­де был­тыр жел­тоқ­сан айы­ның 23-інде заң қабыл­дан­ды. Ал бұл жолы бірін­ші оқы­лым­да қабыл­данған заң жоба­сы пре­зи­дент жари­я­лаған тый­ым­ды заң жолы­на көшірді.

 

– Енде­ше осы өзгерістер­ді ел-жұр­тқа, газет оқыр­ман­да­ры­на жүй­е­леп, жілік­теп, түсін­діріп беру қажет. Өкіні­штісі де сол – тиісті ресми орын­дар ауы­зда­рын буып отыр. Неге? Әлде бұ халық қабыл­данған заң­нан мақұ­рым бол­сын дей ме екен – түсініксіз!

– Иә, Ермұрат аға, халы­қтың, әсіре­се қаза­қтың мүд­десіне сай жап-жақ­сы заң қабыл­да­най­ын деп тұр, бірақ оны наси­хат­тау жағы неге кем­шін екеніне мен де аң-таң­мын. Негізі, заң жоба­сын­да ауыл шару­а­шы­лы­ғы жер­лерін тиім­ді пай­да­ла­ну­ды қадаға­лау шара­ла­ры, шека­ра сызы­ғын­да орна­ласқан жер­лер­ді шетел­дік­тер­ге, аза­мат­ты­ғы жоқ адам­дарға, шетел аза­ма­ты­мен неме­се аза­мат­ты­ғы жоқ адам­мен неке­ге тұрған Қаза­қстан аза­ма­ты­на, шетел­дік заң­ды тұлға­ларға және құра­мын­да шетел аза­ма­ты бар қаза­қстан­дық заң­ды тұлға­ларға жер­ді жалға беру­ге және сатуға үзіл­ді-кесіл­ді тый­ым салынған.

Заң­ды тұлға­да, тіп­ті іс жүр­гі­зу­ші субъ­ек­тінің құра­мын­дағы шетел­дік­тің неме­се мүд­делі тұлға­ның бір пай­ыз үлесі бол­са да, ауыл шару­а­шы­лы­ғы­на арналған жер жалға беріл­мей­ді. Осы талап заң­нан көрініс тап­ты. Комис­сия оты­ры­сын­да Әділет мини­стр­лі­гі осы өзгеріс­ке қар­сы болға­нын да біл­гені­міз жөн.

 

– Ал шека­ра­дан тыс жер­лер ше? Ол жер­лер­ді шетел­дік­тер­ге сату-сат­пау мәсе­лесі не болды?

– Жоқ, жер шетел аза­ма­ты­на жалға да беріл­мей­ді, сатыл­май­ды да! Біт­ті! Заң жоба­сы осы үлгі­де толы­ғы­мен қабыл­дан­са, халы­қтың тала­бы орын­дал­ды деп білем.

 

– Құдай оңдаған екен! Ал Жер комис­си­я­сы тара­пы­нан билік­ке қой­ы­лған 11 талап ескеріл­ді ме?

– Ел ішін­де, әле­умет­тік желілер­де «комис­сия жұмысы нәти­же­сіз» бол­ды деген рені­ш­тер айты­лып жатыр. Ондай пікір­лер­ге айта­рым: комис­си­я­ның жұмысы ресми хат­та­лып, құжа­ты түзіл­ген. Ол хат­та­ма­ны әле­умет­тік желі­де­гі парақ­шам­да жари­я­ла­дым, қажет бол­са, кез кел­ген адам­ның оқып-таны­суы­на болады.

Айт­пақ­шы, Жер комис­си­я­сы ұсы­нған 11 талап Заң жоба­сы­ның қан­дай бап­та­рын­да қарас­ты­ры­лға­ны жөнін­де­гі тізім-кестені де ала кел­дім. Қажет десеңіз­дер, газет­те жари­я­ла­у­ға болады.

Қаза­қстан­ды­қтар­дың жер­ді 49 жылға жалға алу мүм­кін­ді­гі айты­лған бап­ты өзгеріс­сіз қал­ды­ру жөнін­де ұсы­ны­стар болған. Мора­то­рий жари­я­ланған 2015 жылғы заң­да қаза­қстан­ды­қтарға жер­ді жалға бер­меу жөнін­де айты­лған. Онда ауыл шару­а­шы­лы­ғы­мен айна­лы­са­тын аза­мат­тар жер­ді тек қана сатып алуы керек бола­тын, ал жалға алу жөнін­де­гі заң­ды құқы­қта­ры бұзы­лған еді. Ал керісін­ше, шетел­дік­тер­дің жалға да, сатып алуы­на да бола­тын бап­та­ры бар еді. Енді жер­ді шетел­дік­тер­ге жалға беру­ге де, сатуға да тый­ым салы­нып, ал Қаза­қстан аза­мат­та­ры жер­ді жалға алу құқы­на ие бол­ды. Бірақ жер ешкім­ге сатылмайды!

 

– Сон­да жер Қаза­қстан аза­мат­та­ры­на да сатыл­май­тын бол­ды ма?

– Пре­зи­дент­тің мора­то­рий жари­я­лау жөнін­де­гі Жар­лы­ғын­да көр­сетіл­ген­дей, жер бес жылға дей­ін ешкім­ге сатыл­май­ды. Оның бір жылы өтті, ал алдағы төрт жыл ішін­де жер­ді сату мәсе­лесі жөнін­де ешкім де ауыз аша алмай­ды. Одан кей­ін осы мәсе­ле­ге мін­дет­ті түр­де қай­тып ора­ла­мыз. Аман­дық бол­са, осы елден кет­пей­міз, қаза­қтың саны да, сана-сезі­мі де өседі. Бүгін­гі қалып­тасқан сая­си жүйе өзге­реді, бәл­кім, өзі­міз пар­ла­мент­ке барар­мыз. Атқа­ру­шы билік­тің маңын­да жүр­ме­сек те, был­тыр жері­мізді қорғап қал­дық, алдағы төрт жыл­дан кей­ін де киелі топы­рақ ешкім­нің тәл­ке­гіне түс­пеу үшін осы бастан бел­сен­ді қимыл көр­се­туі­міз керек.

 

– Ал мың­даған, мил­ли­он­даған гек­тар жер­ді иелен­ген лати­фун­ди­стер­ге қаты­сты заң жоба­сын­да қан­дай өзгерістер бар?

– Ол мәсе­ленің де беті ашыл­ды. Мәсе­лен, лати­фун­ди­стер­дің ара­сын­да жер­ді иелен­гені­мен, оны пай­даға жарат­пай­тын­да­ры, бос жатқан ұлан-бай­тақ жер­дің әр гек­та­ры­на мем­ле­кет­тік суб­си­дия алып, тегін­нен-тегін шылқып оты­рған­да­ры да бар. Не бол­ма­са, несие алу үшін банк­ке кепіл­дік­ке қой­ып, басқа биз­несін дөң­ге­летіп жүр­ген­дер тағы бар. Мәсе­лен, «Қаз­экс­пор­та­стық», «Иволь­га» сияқты ком­па­ни­я­лар он бес жыл­дың ішін­де 4 мил­ли­ард 600 мың тең­ге суб­си­ди­я­лық қар­жы­ға қарық болған. Бүгін­гі таң­да олар­дың бәрі банк­рот бол­ды, ал алған жер­лері бан­кілер­дің кепіл­ді­гін­де тұр: не өзіне, не басқаға жоқ. Енді жаңа заң жоба­сы бой­ын­ша, лати­фун­дист екі жыл көле­мін­де егін екпей, тек суб­си­дия алып, жер­ді толық игер­мей­тін бол­са, мем­ле­кет қай­та­рып алады.

 

– Деген­мен, жер­ді жеке мен­шік­ке сатып алған­дар да бар ғой: олар­дың жағ­дайы не бол­мақ? Әсіре­се ұсақ шару­а­шы­лы­қтар дағ­да­рыс жағ­дай­ын­да мен­шік жерін иге­ре алма­са ше?

– Қаза­қстан­да ауыл шару­а­шы­лы­ғы­на арналған 200 млн гек­тар жер бар. Жеке мен­шік­те тұрға­ны осы­ның 1,3 млн гек­та­ры ғана, яғни оның үлес сал­мағы 0,6 пай­ыз ғана. Мем­ле­кет мем­ле­кет­тің қажет­тілі­гіне деп, жер­ді лати­фун­ди­стер­ден қай­та­рып алам десе, жалға беру жөнін­де­гі келісім-шар­тты бұза­ды. Ал фер­мер­лер­дің, шару­а­лық қожа­лы­қтар­дың қолын­дағы жеке мен­шік­те­гі жер­лер көле­мі көп емес: 50–60 гек­тар­дан аспай­тын ұсақ жер телім­дері бар. Олар­дың үлес сал­мағы өте аз, әрі одан мем­ле­кет­ке келіп-кетер зиян да жоқ. Ұлт­тық қауіп­сіздік­ке де қатер төн­дір­мей­ді. Ал алпа­уыт лати­фу­ни­стер­дің қолын­дағы жер­дің аумағы үлкен, өйт­кені олар жер­ді ақша жұм­сап, сатып алған жоқ. Жалға алып, әр гек­та­ры үшін суб­си­ди­я­ның пай­да­сын көріп отыр. Міне, осын­дай мем­ле­кет­ке масыл болып оты­рған лати­фун­ди­стер­ге жаңа заң жоба­сы­ның талап­та­ры оңай тимесі анық.

 

– Заң талап­та­ры­ның орын­да­луын қадаға­лау мәсе­лесі жөнін­де не айтуға бола­ды? Ол құзыр кім­нің қолын­да қала­тын болды?

– Басты мәсе­ле осы­ған келіп тіре­леді. Заң жоба­сын­дағы 48 бапқа жаңа бір тар­мақ енгізіл­ді. Бұрын жер­ді жеке мен­шік­ке беру­ге әкім­нің құзы­ры жүретін. Енді жер­ді жалға беру үшін, екі ай бұрын БАҚ-та ашық кон­курс талап­та­ры жари­я­ла­на­ды. Шешім қабыл­дай­тын комис­сия құры­ла­ды, комис­си­я­ның құра­мы­ның 50 пай­ы­зы қоғам­дық ұйым өкіл­дері­нен, шене­унік еме­стер­ден жасақта­ла­ды. Бүкіл ел аумағын­да жер­гілік­ті әкім кез кел­ген келісім­ге қол қоя­тын, енді Қаза­қстан бой­ын­ша бір ғана тип­тік келісім-шарт жоба­сы жаса­ла­ды. Заң жоба­сын­да ауыл шару­а­шы­лы­ғы жер­лерін кон­курс бой­ын­ша жалға берудің ере­же­лері де қарас­ты­ры­лған. Ол бой­ын­ша, әкім­дік жалға беріледі деген ауыл шару­а­шы­лы­ғы жер­лерін кон­кур­сқа қоғам­дық кеңес пен үкі­мет­тік емес ұйым­дар­дың келісі­мі бой­ын­ша шығарады.

Әкім тек қана комис­сия қабыл­даған шешім­ге қол қояды. Жаңа заң жоба­сы бой­ын­ша, бұрын әкім жер заңын бұз­са, әкім­шілік жау­а­пқа ғана тар­ты­лып, айып­пұл төлеп құты­ла­тын еді, енді қыл­мыстық жау­а­пқа тартылады.

 

– Жоба­да жер­ді жалға алу мерзі­мі 49 жылға дей­ін деп көр­сетіл­ген. Ал мүм­кін­ді­гіне қарай 20 жылға алғы­сы келетін аза­мат­тар енді қайтпек?

– 49 жыл – бұл жалға алу мерзі­мінің жал­пы шегі. Енді жер­ді жалға алу мерзі­мі биз­нес-жос­пар бой­ын­ша жүзе­ге аса­ды, жал­гер­дің инве­сти­ция құя­тын мүм­кін­ді­гі есеп­те­леді. Инве­сти­ци­я­сы­ның көле­міне орай алға­шын­да бес жылға алса, одан кей­ін тағы бес жылға ұзар­ту мүм­кін­ді­гі бола­ды. Жос­пар орын­дал­са, жер­ге залал кел­тір­ме­се, жыл сай­ын бақы­лау жүр­гі­зетін комис­си­я­ның шеші­мі бой­ын­ша жалға алу мерзі­мін ұзар­туға болады.

Айт­пақ­шы, жер­ді жалға алу мерзі­мі жөнін­де кәсіп­кер­лер­дің де пікіріне құлақ түр­дім. Олар­дың айтуын­ша, жер­дің жеке мен­шік­те болуы тиім­ді емес және оның қажет­тілі­гі де жоқ. Тек жалға алған жер­лерін ешкім тар­тып алма­са болға­ны. Соны­мен бір­ге агро-биз­не­смен­дер­дің пікіріне қараған­да, жер­ді 49 жылға жалға алу­дың да қажет шама­лы. Салы­на­тын инве­сти­ция мен оның қай­та­рым мерзі­міне сай уақыт оларға әбден жеткілікті.

Сон­дай-ақ заң жоба­сын­да рес­пуб­ли­ка­ның әр өңірі бой­ын­ша жер­ді жалға беру жағ­дайы да қарас­ты­ры­лған. Оңтүстік­те – бау-бақ­ша өнім­дері, сол­түстік пен орта­лы­қта – астық өнім­дері, шығы­ста – ара­лас, ал баты­ста – мал шару­а­шы­лы­ғы дамы­ған. Осы ерекшелік­тер­ді әр облыс, әр аудан бой­ын­ша жеке-жеке қарас­ты­ру мәсе­лесі­мен тиісті ғылы­ми-зерт­теу инсти­тут­та­ры айна­лы­сып жатыр. Заң қабыл­данған соң, үкі­мет­тің арнайы қаулы­сы шыға­ды, сон­да рес­пуб­ли­ка­ның әр ауда­ны қам­ты­лып, шару­а­шы­лық сала­сы­на бай­ла­ны­сты бір ада­мға неме­се заң­ды тұлғаға бел­гілі мөл­шер­ден тыс жер беріл­мей­тіні қадаға­ла­на­ды. Демек, заң жоба­сын­да ауыл шару­а­шы­лы­ғы жер­лерінің тұта­стай көле­мі бір адам­ның қолы­на өтіп кет­пе­уі де қарастырылған.

 

– Ал шека­ра­лық аймақтар­дың ішке сұғы­нған мөл­шері мен көле­мі қалай есептелген?

– Бұл орай­да ең алды­мен айта кетей­ін, ауыл шару­а­шы­лы­ғы жер­лерін тиім­ді пай­да­ла­ну тура­лы мін­дет­те­менің орын­да­луын қадаға­лау үшін, жер­ді жалға алу келісі­мінің тип­тік фор­ма­сы да жасал­мақ. Осы­ған сәй­кес, бел­гілі бір шека­ра­лық өңір­де халы­қтың қоны­ста­ну жиілі­гі де есеп­ке алы­на­ды. Мәсе­лен, Өзбек­стан­мен шека­ра­лас Оңтүстік Қаза­қстан­да халық өте тығыз орна­ласқан аумақты ондаған шақы­рым­мен есеп­те­у­ге кел­мей­ді. Ал шығыс өңір­де­гі жағ­дай мүл­де өзге­ше: мұн­дағы жағ­дай керісін­ше. Демек, шека­ра­лық аймаққа қаты­сты қағи­да қатаң, ол ұлт­тық қауіп­сіздік­ке барып тіре­летін мәселе!

 

– Мұх­тар, бүгін­де ауыл­дағы көп­шілік қазақ қолын­дағы аз-маз малы­мен күн көріп отыр. Олар ауқым­ды көлем­де­гі жер­лер­ді жалға алуға мүд­делі емес. Есесіне олар үшін ауыл­дың маңын­дағы жай­ы­лым­дық жер­дің мәсе­лесі күй­іп тұр. Ірі жер иеле­ну­шілер мен жал­да­у­шы­лар ауыл­дар­дың іргесіне дей­ін егін егіп тастаған жер­лер бар. Ере­уіл­ге шығып, осы­ған нара­зы­лық таны­тып жатқан ауыл­дар бар ғой…

– Иә, жай­ы­лым­дық жер­дің жағ­дайы бірқа­тар аймақтар­да ушы­ғып тұрған мәсе­ле. Лати­фун­ди­стер жер­ді ием­деніп алып, мал жая­тын өріс қал­дыр­ма­ды. Осы заң негізін­де үкі­мет ғылы­ми-зерт­теу инсти­тут­та­ры­ның ұсы­ны­ста­ры­на назар салып, бел­гілі бір ауыл тұрғын­да­ры­ның санын, қолын­дағы малын есеп­теп, жай­ы­лым­дық жер­дің көле­мін аны­қта­уда. Жалға өтіп кет­кен жер­лер­ді мем­ле­кет­тің қажет­тілі­гіне қай­та­рып алу жөнін­де­гі шара­ны іске асы­рып, ауыл­дар маңын­дағы жай­ы­лым­дық жер­лер­ді қай­та­ра­ды. Осы бап заңға енгізіл­ді, оның орын­да­луын талап ету – ауыл халқы­ның мін­деті. Ал біз атқа­ру­шы билік­тің осы заң талап­та­рын орын­да­уы­на бақы­лау жаса­уы­мыз керек.

Жуыр­да Аста­на­дан алпыс шақы­рым жер­де­гі ауы­лға арнайы барып қайт­тым. Жай­ы­лым­дық жер­дің жоқты­ғы кез кел­ген ауыл­дағы про­бле­ма. Қолы­ма кар­та­ны алып қара­сам, бұл ауыл­дағы жай­ы­лым­дық жер­лер жеке мен­шік­ке өтіп кет­кен екен. Оның иесі – сена­тор Бож­ко­ның бала­сы, соның жері болып шықты. Бұй­ыр­са, сол ауы­лға көк­тем­да қай­та­дан бара­мын, жаңа заң тала­бы қан­ша­лы­қты іске асқа­нын тек­се­ре­мін. Жаңа заңға сәй­кес, әр ауыл­дың тұрғы­ны өз құқын талап ету­ге толық қақы­сы бар.

Ал жал­пы, жер қаты­на­ста­рын рет­те­уші жау­ап­ты орган – Ауыл шару­а­шы­лы­ғы мини­стр­лі­гі, одан кей­ін, әрине, пар­ла­мент. Деген­мен, негіз­гі жау­ап­кер­шілік­ті, жер­ге қаты­сты құқы­қта­ры­ның орын­да­луын талап етуді Қаза­қстан аза­мат­та­ры өз мой­ын­да­ры­на алуы керек. Әр қазақ өз құқын талап ете білуі тиіс.

 

– Қаза­қты қамы­қты­рған тағы бір мәсе­ле – Торғай дала­сы­на раке­та қал­ды­қта­ры­ның құла­уы, ресей­лік әске­ри поли­гон­дар иелен­ген жер­лер. Бұл жағ­дай­лар заң­да қалай қарастырылған?

– Осы жөнін­де бел­гілі бло­гер Айгүл Орын­бек­тің жол­даған өтіні­ші бой­ын­ша ресми түр­де сұрау сал­дым. Пар­ла­мент­тен жау­ап кел­ді. Ондағы­лар­дың айтуын­ша, бұл жер аумағы арнайы тех­но­ло­ги­я­лық әдіс бой­ын­ша зымы­ран қал­ды­қта­ры түсу­ге арналған екен. Алай­да ол жер­лер­ді ауыл шару­а­шы­лық айна­лы­мы­нан шығар­май­мыз, егін егіп, мал жаюға бола­ды, жылы­на бір рет зымы­ран құла­са, несі бар деген сыңай танытады.

Негізі, бұл жер­лер мем­ле­ке­та­ра­лық келісім-шар­тпен бекітіл­ген және ол келісім­дер пар­ла­мент­те рати­фи­ка­ци­я­ланған, яғни заң күшіне енген. Сон­ды­қтан бұл орай­да жеке бағыт­та сая­си қимыл жаса­уы­мыз керек шығар.

 

– Елдің ара­сын кеулеп кет­кен тағы бір сөз бар: «Жер­ді саудаға салу арқы­лы қаза­қстан­дық билік Қытай­дан алған неси­елік мил­ли­ард­тар­дан құтыл­мақ» – деген. Осы пікір­ге айтар уәжіңіз қандай?

– Менің бұған айтар нақты дәлелім жоқ. Екі ел ара­сын­да жасалған келісім-шар­тты қолы­ма ұстап көр­медім. Сон­ды­қтан қаңқу сөз­ге алып-қоса­рым жоқ. Негізі, әрі-бері­ден соң, Қытай көр­шіңіз де алаң­да­у­лы: Қаза­қстан­да қабыл­данға­лы жатқан заң жоба­сы­ның бір ұшы­ғы оларға да кедер­гі кел­тіре­рі аян. Оның үстіне бүгін­гі жүй­енің зама­ны өтіп бара жатқа­нын біліп отыр…

 

– Айт­пақ­шы, әр қаза­ққа тиесілі 10 сотық жер­дің мәсе­лесі осы заң жоба­сын­да қам­тыл­ды ма? Кең бай­тақ Қаза­қстан­да бұл да асыл арман мәсе­ле­ге айнал­ды ғой…

– Осы заң негізін­де, жалға алы­нған жер­лер­ді мем­ле­кет­тік қажет­тілік­ке деп мәж­бүр­лі түр­де қай­тар­тып, оны халы­ққа 10 сотық жер­ден бөліп беру мәсе­лесі қарас­ты­ры­лған. Әсіре­се жастарға бас­па­на мәсе­лесі ретін­де көр­сетілетін көмек заң жоба­сы­ның 84-бабын­да айқын берілген.

 

– Мұх­тар, сенің сөзіңе қараған­да, заң жоба­сы­на Жер комис­си­я­сы тара­пы­нан ұсы­ны­лған өзгерістер­дің бәрі енген сияқты. Деген­мен, қаза­қстан­дық билік­тің қазір­гі жағ­дай­ын­да бар­лы­ғы жып-жыл­мағай болуы мүм­кін емес қой: көңілің тол­маған тұста­ры бар ма?

– Заң жоба­сы­на енгізіл­ген толы­қты­ру­лар мен өзгер­ту­лер­дің 80 пай­ы­зы­на көңілім тол­ды. Ал көңіл­ді күп­ті еткен 20 пай­ы­зы­на тоқта­лып кетей­ін. Заң жоба­сын­да қарас­ты­ры­лған нор­ма­лар­ды толық білуі­міз және оған аза­мат­тық бақы­лау жасау үшін біз­ге «Ашық кадастр» керек. Әрбір Қаза­қстан аза­ма­ты интер­нет арқы­лы елі­міз­де­гі әр жер­дің жағ­дай­ы­на қаты­сты толық мәлі­мет алуы­на ешқан­дай кедер­гі бол­мауы тиіс еді. Өзін қызы­қты­рған жер телі­мінің көле­мі, оның сипа­ты қан­дай, нақты жер кім­нің қолын­да екені неме­се игеріл­мей жатқан жер­лер жөнін­де­гі деректі қол­ма-қол алуы­на жол ашы­луы керек. Бүгін­гі кадастр­лық ақпа­рат­та жер­ді иеле­ну­шілер­дің нақты кім екені – мен­шік иесі көр­сетіл­ме­ген. Бұл – заң­сыз. Был­тыр­дан бері жер­ге «Ашық кадастр» керекті­гін айтып жүр­міз. Ал «Ашық кадастр» мәсе­лесіне үкі­мет те, депу­тат­тар да қар­сы шығып, өре тұрды.

Үлкен дау туын­да­ды, пар­ла­мент­тен тіке­лей эфир көр­сетіл­ме­ген­дік­тен, былай­ғы жұрт онда не болып, не қой­ып жатқа­ны­нан, әрине, бей­ха­бар қал­ды. Осы «Ашық кадастр­ды» енгі­зу мәсе­лесіне орай депу­тат­тар­мен, Ауыл шару­а­шы­лы­ғы мини­стр­лі­гі өкіл­дері­мен кез­де­стім, олар­дың бұл мәсе­ле­ге неге сон­ша­лы­қты қар­сы екен­дік­терін біл­дім. Ашы­ғын айтай­ын, мен кез­дескен лау­а­зым­гер­лер­дің бәрі «Ашық кадастр­дың» қажет­ті­гіне іштей түсіністік­пен қарай­ды, бірақ олар: «Шешім қабыл­дай­тын біз емес, жоғарғы жақ…» – деп, төбе тұсын нұсқайды…

 

– Түсінік­ті, олар­дың нұсқаған «жоғарғы жағы» – пре­зи­дент Назар­ба­ев екені бесе­не­ден бел­гілі. Расын­да, депу­тат­тар­дан бастап, құзыр­лы лау­а­зым иелерінің бар­лы­ғын тағай­ын­дай­тын жеке-дара билік­тің жағ­дай­ын­да басқа «жоғарғы жақ» болуы мүм­кін емес. Бірақ сол Нұре­кеңнің «Ашық кадаст­рға» неге сон­ша­лы­қты қар­сы болып оты­рға­ны түсініксіз…

– Қалай болған­да да, заң жоба­сы­ның осы нұсқа­сы қабыл­дан­са, «Ашық кадастр» мәсе­лесі де бей­ре­сми шеші­мін таба­ры анық. Егер мен ауыл­да тұр­сам, жай­ы­лым­дық жер­ді кім мен­шік­теп алға­нын біл­мей қалуым мүм­кін емес қой… Қазір Қаза­қстан бой­ын­ша сан­дық бағ­дар­ла­ма (циф­ро­ви­за­ция) жұмысы жүр­гізіліп жатыр, ол жүзе­ге асқан кез­де жалға беріл­ген жер телім­деріне қаты­сты мәлі­мет­ке толық қол жет­кі­зе­міз. Жер – өзгеріс­ке ұшы­рай­тын үй неме­се банк­те­гі есеп­шот емес, тұрақты қазы­на. Сон­ды­қтан жер мәсе­лесі біздің тұрақты наза­ры­мы­зда болуы тиіс.

Мәсе­лен, аз ғана лати­фун­ди­стер қаза­қтың жал­пақ жерін мен­шік­теп алған. Сол сияқты Нары­нқол мен Кеген жақтағы аңшы­лық пен саят­шы­лы­ққа арналған жер­лер­дің иесі кім? Оны ата­уға депу­тат­тар­дың дәті бармайды…

 

– Мұх­тар-ау, Нары­нқол мен Кеген­ді қой­ып, осы Алма­ты­ның төңіре­гін иеленіп алған экс-пре­мьер Сер­гей Тере­щен­ко­ның жерін айт­саң­шы! Бірақ сол жер­лер­дің нақты иесі Тере­щен­ко екенін­де үлкен күді­гім бар: аты – Сер­гей­дікі, заты – «бер­гей­дікі» деген сияқты…

– Негізі, «Ашық кадастр» мәсе­лесін көтер­ген кезім­де заң жоба­сын дай­ын­да­у­шы­лар да, пар­ла­мент депу­тат­та­ры да «Жеке бас деректерінің құпи­я­сы» тура­лы заңға сіл­те­ме жасай­ды: ондай ақпа­рат ашық бол­мауы тиіс деген сыңай­мен. Ал аны­ғын­да, нақты жер мәсе­лесіне кел­ген­де, ешқан­дай «жеке бас» мәсе­лесі жоқ. Жер­ді иге­ру­ші неме­се мен­шік иесі – бірі заң­ды тұлға – ЖШС, шаруа қожалығы.

Екін­шісі – мем­ле­кет – ол да заң­ды тұлға. Мұн­да қан­дай «жеке бастың» болуы мүм­кін? Жеке құпи­яға тұрғын үй, «ИИН», банк­те­гі есеп­шот, отба­сы­лық жағ­дай, т.б. деректер кір­се керек-ті…

 

– Деген­мен, жер қаты­на­ста­ры мәсе­лесіне ел-жұрт­тың бақы­лау жасай­тын құқы бар дегені­міздің жөні қалай болар екен? Мен жасай ала­тын шығар­мын, өзің – қоғам бел­сен­дісі ретін­де бақы­лау жүр­гі­зе ала­сың, ал алыс дала­да, Мой­ы­нқұм­ның қой­на­уын­да мал бағып жүр­ген қаза­қтың қан­дай мүм­кін­ді­гі болуы мүм­кін? Бәл­кім, қан­дай да бір құзыр­лы қоғам­дық кеңес керек шығар, қалай ойлайсың?

– Ере­ке-аға, ешқан­дай да «вело­си­пед ойлап табу­дың» қажеті жоқ сияқты. Ол үшін біз – мен, сіз, басқа да аза­мат­тық қоғам өкілі – пар­ла­мент­ке кіруі­міз керек. Ел мен жер­ді қорғай­мыз десек, пар­ла­мент арқы­лы бақы­лау жаса­уға кірі­суі­міз керек. Қоғам­дық кеңес құрып, әуре болып қай­те­міз? Бүгін­гі пар­ла­мент­те оты­рған­дар­дың ішін­де кезін­де Кол­бин­ге дауыс бер­ген­дер бар, сон­ды­қтан олар­дан қай­ыр күту­ге бол­май­ды. Өзі­міз, бел­сен­ді жастар пар­ла­мент­ке кіруі керек.

 

– Айтуға оңай ғой, Мұх­тар, бірақ бізді кім кір­гі­зе қояй­ын деп отыр?! Мәсе­лен, сен ешқан­дай сая­си пар­ти­яға мүше емес­сің, ал қазір­гі заң­ды­лы­қтар бой­ын­ша, пар­ла­мент­тік сай­лау пар­ти­я­лық тізім бой­ын­ша ғана жүреді…

– Ол үшін біз «Сай­лау тура­лы заң­ды» өзгер­туі­міз қажет. Мәң­гілік ештеңе жоқ, бүгін­гі жүйе де өзге­реді. Сол кез­де пар­ла­мент­ке кірудің де мәсе­лесі шешіледі.

 

– Бұл енді – мак­си­мум мерзі­мінің жос­па­ры бол­са керек. Ал мак­си­му­мға жет­кі­зетін мини­мум кезеңін­де сол заң­дар­ды өзгер­ту­ге күш салуы тиіс сая­си күш­тер, қоғам пат­ри­от­та­ры ырың-жырың болып кет­ті. Бел­сен­ді деген аза­мат­тар жік-жік­ке бөлініп, «Фейс­бук­та» бір-бірі­мен «перісіп» жүр. Біры­ңғай қар­сы­лық қозға­лы­сын ұйым­да­сты­ра­тын күш жоқ. Осы жағ­дай­да заң­ды қалай өзгертеміз?

– Ере­ке, менің жеке пікірі­ме құлақ қой­саңыз, Гру­зия мен Укра­и­на­да бір­тұ­тас, бірік­кен күш болған емес. Олар­да да оппо­зи­ци­я­ның іші қырық құрау бол­ды, бір-бірі­мен жаға жыр­ты­сты. Поль­ша­да алты жыл оқы­ған­да бай­қаға­ным – сая­си пар­ти­я­лар­дың көсем­дері бір-бірі­мен аман­дас­пай­тын дәре­же­ге жет­ті. Бірақ түп­кі мүд­де, соңғы сая­си нәти­же ортақ болған соң, Укра­и­на­дағы Май­дан­да оппо­зи­ци­я­лық пар­ти­я­ның бәрі иық тіре­се, бір­ге тұр­ды. Мақ­сат-мүд­де­міз бір бол­са – қол алы­сып, аман­да­су да басты мәсе­ле емес.

 

– Мұх­тар бауы­рым, бір жыл­дың ішін­де қыру­ар шаруа тын­ды­рға­ны­ң­ды осы сұх­ба­ты­ң­нан бай­қап отыр­мын. Енді қоғам­мен бай­ла­ны­сты тығыз орна­тып, ақпа­рат тара­тып, наси­хат жұмысын қолға алға­ның оңды болар еді. Бұл заң қабыл­данған жағ­дай­да, оның игілі­гін ең бірін­ші кезек­те қазақ көреді. Сон­ды­қтан әр қаза­қтың сана­сы­на жет­кені тәуір болар еді…

– Рах­мет, Ере­ке! Өте дұрыс ескер­ту жаса­ды­ңыз. Сіздің өтіні­шіңіз бой­ын­ша, редак­ци­яңы­зға арнайы келіп, егжей-тег­жей­лі сұх­бат беріп отыр­мын. Осы­дан кей­ін де біраз БАҚ-қа сұх­бат бер­мек­ші­мін. Осы апта­ның ішін­де халы­қтың алдын­да есеп бер­сем деген ойым бар. «Фейс­бук» желісін­де де жазып жатырмын…

 

– Жоға­ры­да бір сұрағым­да айтқан­дай, жер­ге қаты­сты осы заң­ның халық ара­сын­да наси­хат­та­луы­на билік тара­пы сон­ша­лы­қты мүд­делі емес сияқты. Ел-жұрт меңіреу қал­сын дей ме екен?.. Мәсе­лен, «Хабар» мен «Қаза­қстан» теле­ар­на­ла­ры­нан құрғақ хабар ғана беріл­ді. Арнайы бағ­дар­ла­ма­дан жай-жап­сар айтыл­ма­ды. Тіп­ті осы екі арна­да ауыл шару­а­шы­лы­ғы­на, жер мәсе­лесіне қаты­сты арнайы, тұрақты тұщым­ды бағ­дар­ла­ма­лар да жоқ екен. Бұған қарап, ақпа­рат ведом­ство­ла­ры тара­пы­нан пре­зи­дент­тің аграр­лық сала­дағы сая­са­ты­на сабо­таж жаса­лып оты­рған сияқты көрінеді…

– Сіз­бен толық келі­се­мін. Бұл заң­ның әр бабын жеке-жеке тал­дап, жер­ге таба­нын тіре­ген, жер емген халы­ққа түсін­ді­ру керек еді. Заң жоба­сын жаса­уға қаты­сқан қара­пай­ым қыз­мет­кер­лер, қоғам­шыл аза­мат­тар елдің алды­на шығып, түсін­ді­ру жұмыста­рын жүр­гіз­се – құба-құп. Өйт­кені министр Мыр­за­хме­то­втың айтқа­ны­на ешкім­нің сен­бей­тіні белгілі.

 

– Иә, Тоқа­ев пен Нығ­ма­ту­лин­нің сөзіне де сеней­ін деп оты­рған адам жоқ: олар «жоғарғы жаққа» иек қағу­шы­лар тобы­на ие болған­да­ры­на қарық. Ал, Мұх­тар, сенің мынау егжей-тег­жей­лі сұх­ба­ты­ңа дән риза­мын! Аман бол, інішек!

– Рах­мет, Ер-аға! Айт­пақ­шы, бір сөз қалып қалған екен… Қаза­қтың жерін қорғап, жазы­қ­сыз абақты­ға қамалған екі аза­мат – Макс Боқа­ев пен Талғат Аян­ның да мәсе­лесін кез­дескен лау­а­зым­ды тұлға­лар­дың бәріне айтып жүрмін.

Қолым­дағы құжат­тар­дың бәрін туған-туы­ста­ры­на жібер­дім. Заң осы нұсқа­да қабыл­дан­са, олар­дың түр­ме­де оты­рған­да­ры аяу­сыз қия­нат болады.

 

– Қаза­ққа қарай­лас қылған еңбе­гің жан­сын, Мұх­тар бауыр!

Ермұрат БАПИ,

«

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн