Пятница , 4 июля 2025

ЖЕРДЕН ЖІК ШЫҚТЫ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №45 (409) от 7 декаб­ря 2017 г.

 

Зығыр­дан

 


Тіке­нек­тен шошып, шоқ басты деген осы болар, сонау 1991 жылы қызыл импе­ри­я­ның темір құр­са­уы­нан құты­лып, «Еге­мен­ді­гі­мізді алдық!» – деп, қуанған­нан бөр­кі­мізді аспанға атып жат­сақ та, бұл көп­тен аңсаған азатты­ғы­мы­зға қол жет­кіздік деген сөз емес екен. Бұны­мыз – бір құл­ды­қтан екін­ші құл­ды­ққа оңбай түсудің басқа­ша, яғни жабайы түрі еді…

 

Барар жері, басар тауы қал­маған қаза­қтың басы­на салған өле­па­ты әлі аз емес екен. Енді, міне, өз елін­де оты­рып, бұл қазақ жері­нен де айы­ры­ла­тын түрі бар. Бұл ойым­ды мен Қаза­қстан­ның сол­түстік аймақта­рын­да орын алған жер­ге қаты­сты жағ­да­ят­тар­мен дәлел­деп көрейін.

Елдің сол­түстік өңірі­нен мил­ли­он­даған гек­тар құнар­лы жер­ді ием­деніп алған «Бас­ко», «Богви» және «Қаза­қа­сты­қ­экс­порт» деген астық ком­па­ни­я­ла­ры бар. «Жары­лқай­мыз!» – деп кел­ген пері­ш­те бей­нелі осы серік­те­стік­тер ауыл­ды­қтар­ды алдап соғып, жер­леріне ие болып алға­ны­мен қой­май, иелік­терін­де­гі мил­ли­он­даған гек­тар егістік жер телім­дерін екін­ші дең­гей­де­гі банк­тер­ге кепіл­дік­ке қой­ып, неси­елік қары­зға деп, мил­ли­ард­таған қып-қызыл тең­ге­лер­ді шытыр­ла­тып тұрып ала бастады!

Ал ауыл­дағы егін­ші сор­лы­ларға бұй­ы­рға­ны – қай­ыр­шы­ның садақа­сын­дай, не бары 5 пай­ыз үле­стік пай еді. Ақы­ры келіп, жеке мен­шік серік­те­стік шару­а­шы­лы­қтар өздерін қол­дан жасаған банк­рот­ты­ққа ұшы­ра­тып, ауыл тұрғын­да­рын жер­сіз қал­дыр­ды. Оның айқын көрінісі – Сол­түстік Қаза­қстан облы­сын­дағы Ақжар ауда­ны­на қарас­ты Бостан­дық ауы­лы­ның жағ­дайы. Мұн­да тұрғын­да­ры­ның 6 мың гек­тар жері ел пре­зи­ден­тінің был­ты­рғы жылы жари­я­лаған жер сауда­сы­на қаты­сты тый­ым салу мора­то­рий­іне қара­май, қал­та­лы аза­мат Ибра­гим Сат­ты­ба­евқа заң­сыз саты­лып кет­ті. Бұл сауда-сат­ты­қтың ақ-қара­сын аны­қтап, жер­сіз қалған тұрғын­дарға жөн-жосы­қты айтуы тиіс про­ку­ра­ту­ра тара­пы­нан тырс еткен үн жоқ.

Осы­ған ұқсас жағ­дай ШҚО-ның Үржар ауда­нын­да да орын алға­ны бұған дей­ін мәлім болған жәйт. Мұн­дағы «Бәтуа» жау­ап­кер­шілі­гі шек­те­улі серік­те­сті­гінің бас­шы­сы 90 мың гек­тар­дан астам жер­ді қытай ком­па­ни­я­ла­ры­мен бір­ге игер­мек­ші болып, Қытай­дан аумақты инве­сти­ция алып, ол аздай, мем­ле­кеті­міздің есебі­нен көлем­ді суб­си­дия алға­нын жария еткені үшін қоғам бел­сен­дісі Айдын Еге­уба­ев сотқа тар­ты­лып, бас бостан­ды­ғы­на екі жыл шек­теу қой­ы­лға­ны – жер мәсе­лесін­де­гі нағыз шек­тен шыққан жағ­дай еді. Қаза­қтың жерін «шетел­дік инве­стор» деген жамы­лғы ата­уы бар алпа­уыт­тар­дан ара­ша­лап қалғы­сы кел­ген аза­мат ақыр соңы сот­ты болып тын­ды. Ең масқа­ра­сы – сот­тың шеші­мі­мен 92 мың гек­тар жер мем­ле­кет­ке қай­та­рыл­са да, Айдын­ды сот­тап жібер­гені! Не үшін?

Осы сұраққа жау­ап алу үшін және Айды­нға ара­ша түсу үшін ҚР бас про­ку­ро­ры Аса­но­вқа бір­не­ше рет бар­сақ та, оны­мен кез­де­се алма­дық. Пар­ла­мент депу­тат­та­ры Ома­ров Сапар­хан пен Оспа­нов Берік­тің қабыл­да­уын­да болған­да, осын­дай күр­де­лен­ген мәсе­ле­лер­ді шешуді сұра­дық. Алға­шын­да біздің бел­сен­ділер тобын жақ­сы қар­сы алған депу­тат­тар келесі кез­дескен­де жер мәсе­лесін, яғни «жері­мізді сатқы­з­бай­мыз, шетел­дік­тер­ге жалға да бер­гіз­бей­міз» деген тала­бы­мы­зды тың­дай­мыз деп уәде бер­ген-ді. Бірақ келесі жолы 15 шақты адам­ның төр­те­уін ғана қабыл­дап, қалған­да­рын қуып шыққан­дай қылды.

 

Тағы бір жер­ге қаты­сты дау СҚО-ның Ғабит Мүсіре­пов ауда­ны­на қарас­ты Берез­ка ауы­лы­нан шықты. Тиесілі жер­лері сот шеші­мі­мен мем­ле­кет мен­ші­гіне өтіп кет­кен жер­гілік­ті жер­де­гі орыс халқы­ның өкіл­дері: «Жарай­ды, жері­мізді тар­тып алып, мем­ле­кет мен­ші­гіне өткіз­сін-ақ. Бірақ бұл жер­де банк­тер­ден мил­ли­ард­тап қарыз алған «Богви» серік­те­сті­гінің бас­шы­сы Бог­да­нец кінәлі ғой, біз ол ақша­дан бір тиын да алға­ны­мыз жоқ! Әділ­дік керек бол­са, банк­тер­ге алған қара­жа­тын Бог­да­нец қай­та­руы керек еді. Өкі­мет қай­да қарап отыр? Бұл дегенің ала­яқтық, нағыз ұйым­дасқан жемқор­лық емей не? Жер­сіз қалу – аштан өлу. Біз­ге Ресей­ге көшу­ден басқа амал қал­ма­ды. Біз кетер­міз, ал сен­дер­дің мынау қаза­қта­рың қай­да көшіп, қай жер­де жан сақтай­ды?» – дейді.

Соны­мен, мем­ле­кет «қарыз ақша­ның қай­та­ры­мы» деп, халы­қтан 8 мил­ли­он гек­тар жер телім­дерін тар­тып алды. Бұл жер­лер екін­ші дең­гей­де­гі банк­те кепіл­дік­те тұр. Запа шек­кен тағы да сол – ауыл халқы. Ал әлгі мил­ли­ард­таған қар­жы­лар­ды қал­та­ла­ры­на басып алған ала­яқтар ауы­зда­рын қу шөп­пен сүр­тіп отыр!

Ала­яқты­ғы үшін үсті­нен қыл­мыстық іс қозға­лып, түр­ме­ге түс­кен Бог­да­нец Вик­тор Ақмо­ла облы­сы­на Сер­гей Кула­гин әкім болып тағай­ын­далған­нан соң, үш күн бол­май жатып, Щучье қала­сы­ның түр­месі­нен сүт­тен ақ, судан таза болып, тез ара­да боса­нып шықты. Ал Ақмо­ла, Қоста­най, Сол­түстік Қаза­қстан, Шығыс Қаза­қстан облы­ста­ры­ның біраз халқы жер­сіз қалды.

 

Осын­дай масқа­ра, сұм­дық келеңсіздік­тер­ді өз көзі­міз­бен көру үшін, жаңа­дан құры­лған «Алаш жолы», «Жер тағ­ды­ры» қозға­лы­ста­ры­ның мүше­лері: Қай­ыр­лы Омар, Айдын Еге­уба­ев, Рау­шан Қал­мо­мы­нұ­лы, Нұр­жан Сейт­жа­нов сын­ды аза­мат­тар­мен бір­ге «Шын­дық экс­пе­ди­ци­я­сы­ның» бір мүше­сі болып, аты аталған облы­стар­ды жаз­дай ара­ла­дық. Сон­да иен қалған шару­а­шы­лы­қтар мен мал қыстақта­рын көріп, жаны­мыз түршікті!

Бір кез­дері асып-тасы­ған, өркен­де­ген бұры­нғы сов­хоз орта­лы­қта­ры­ның жағ­дай­ла­ры әбден асқы­нып, халқы туып-өскен ыстық қоныс ауыл­да­рын тастай қашып, күн­көріс үшін қала­ларға көшіп кет­кен­дік­тен, үйлерінің қирандысы – қалқиған қабы­рға­ла­ры мен пеш­терінің сорай­ған мой­ын­да­ры ғана қалып­ты. Баяғы кеңес кезін­де­гі жер­дің белін қай­ы­сты­рған мил­ли­он­даған бас мал­дан еш бел­гі қал­мап­ты, жым-жылас, жылан жалап кет­кен­дей! Даңға­ра­дай үлкен мал қора­лар­дың төбе­лері орта­сы­на түсіп (сурет­те), тек қалқиған қабы­рға­ла­ры ғана бұл жер­лер­де біз кез­дері қызу тір­шілік­тің болған­ды­ғы­нан хабар бергендей.

Ауыл-ауыл­дар­дың ара­сы түгілі, аудан орта­лы­қта­ры­на қаты­най­тын тас жол­дар­дың – жол деген аты ғана, ойқы-шой­қы, быт-шыт, бейне бір тан­ко­дром дерсің.

Әсіре­се қыстың күн­дері боран­дар­да жол­дар жабы­лып қалған­да, ауру-сырқау адам­дар аудан орта­лы­ғын­дағы ауру­ха­на­ларға жете алмай, алдын ала жана­за­ла­рын шығар­тып қояды екен.

Біз сон­да қан­дай елміз?! Әлгі дамы­ған 50 елдің қата­ры­на кіріп, енді 30 елдің қата­ры­на кіре­міз деген был­жы­рақ сөз қай­дан шықты?!

Осы­дан туын­дай­тын енді­гі қоры­тын­ды: билік қаза­қты жері­нен ала­ста­туға кіріс­кен сияқты. Оның бір дәлелі – был­тыр біздің билік 1 мил­ли­он 700 мың гек­тар жері­мізді 25 жылға Қытай­ға жалға бере­міз деп айт­ты. Бұл – бір облы­стың аумағын­дай жер ғой. Осы жер­дің бір гек­та­рын өңде­у­ге Қытай­дан 2–3 шаруа кел­ген­нің өзін­де, ең кем деген­де елі­міз­ге 5 мил­ли­он қытай кел­мек еді! Олар бірер жыл­дың ішін­де өсіп-өніп, біздің қыз-келін­шек­тері­міз­ге үйленіп, үй салып, өз алда­ры­на 10–15 мил­ли­он­дық «Чай­на-таун» қала­лар салып алар еді…

 

Осы­дан бір жұма бұрын Сол­түстік Қаза­қстан облы­сы­ның әкі­мі Ақсақа­лов Құмар Пет­ро­павл қала­сын­да облыс жұрт­шы­лы­ғы­мен кез­де­су өткі­зеді деген соң, Қай­ыр­лы Омар, Қали­ев Қай­рат, тағы бір­не­ше кісі болып, таң ерте­ден қабыл­да­уы­на жазы­лып, облыс әкі­мі­мен сұх­бат­та­су­дың сәті түсті. Мен «Дат» газетінің қоғам­дық тіл­шісі ретін­де осы кез­де­су­де: «Құмар Еге­убай­ұ­лы мыр­за! Егер құпия бол­ма­са, Қытай­ға не үшін барып қайт­ты­ңыз?» деген тіке­лей сұрақ қойдым.

Менің сұрағы­ма ол: «Жоқ, ешқан­дай құпия емес, Қытай­ға барған себебім –облы­сы­мы­здың ауыл шару­а­шы­лы­ғы­на қара­жат құюын сұрап, инве­стор­лар­ды облы­сқа шақыр­дым. Ал бірақ жұмыс жасай­тын өзі­міздің жер­гілік­ті халық бола­ды», – деп, тез жау­ап бер­ді. Әрине, әкім­нің қыз­мет көр­сет­кі­шін баға­лай­тын бір бағам – жер­гілік­ті жер­ге инве­стор­лар мен инве­сти­ция тар­ту. Бұл тұрғы­да Құмар мыр­за­ны жазғы­руға бол­мас. Бірақ ол инве­стор­лар қытай­лы­қтар болған­да, олар қазақ жерін иге­ру­ге кел­ген­де, жер мен елден не қала­ды? Әлбет­те, біз бұл сұрақты қыз­мет-құзы­ры облыс шең­бері­мен ғана шек­те­летін әкім­ге емес, мем­ле­кет бас­шы­сы – пре­зи­дент Назар­ба­евқа қоюы­мыз керек. Себебі елде­гі бар­лық былық пре­зи­дент­тік билік­тің төңіре­гі­нен өрбіп жатқа­ны – қоға­мға бел­гілі жәйт.

Нұре­кеңнің 5 жылға деп, жер­ге қаты­сты жари­я­лаған мора­то­рийі түк те емес, оны алдарқа­та тұру деп түсі­ну керек. Олай деп оты­рға­ным – халы­қтың ашу-ыза, нара­зы­лы­ғы­нан сес­кен­ген ол кісі мора­то­рий жари­я­лаған­нан кей­ін, артын­ша: «Жал­пы 5 жылға созбай, бұл мәсе­ле­ге (мора­то­рий) қай­та ора­лып, түй­інін 2–3 жыл­да шеше­міз», – дегенін қай­да қоямыз?

 

PS.

Қазақ мем­ле­кетінің аза­ма­ты ретін­де айта­рым – Жер ғасыр­лар­дан келе жатқан, ешқан­дай баға жет­пес мұра­мыз, жер­дің егесі – Қазақ ұлты! Енде­ше Ата­ме­кен туған жері­міздің, кін­дік қаны­мыз тамған ыстық қоны­сы­мы­здың ұлта­рақтай жері де ешкім­ге сатыл­май­ды, шетел­дік­тер­ге жалға да беріл­мей­ді! Жер­ден айрыл­сақ – Елден айы­ры­ла­мыз! Елден айы­рыл­сақ – тіл­ден, діл­ден, дін­нен айы­ры­лып, Пале­сти­на­ның күй­ін кеше­міз! Әсіре­се Қытай­ға бодан бола­мыз. Жері­міздің қаз­ба бай­лы­ғы ұстаған­ның қолын­да, тісте­ген­нің аузын­да кет­кені аздай, енді жері­мізді «әркім­дер­ге» сатып жібе­рер бол­са, 49 жылға қытай­ларға, басқа да шетел­дік­тер­ге жалға берер бол­са, опа­сыз билік­тің қазақ ұлты­ның жана­за­сын шығарға­ны осы болады!

 

Қуа­ныш МҰҚТАЙ,

«DAT»-тың қоғам­дық тілшісі

 

 

Соңғы хабар

 

ҚЫТАЙЛАР АҚТӨБЕДЕ ТӨРТ ЗАУЫТ САЛАДЫ

 


 

Бей­жің­де қол қой­ы­лған мемо­ран­дум аясын­да Ақтө­бе­де 4 зауыт ашы­ла­ды, деп хабар­ла­ды ҚР Сыр­тқы істер мини­стр­лі­гінің бас­пасөз қызметінен.

 

«4 жел­тоқ­сан­да Бей­жің­де Ақтө­бе облы­сы­ның инве­сти­ци­я­лық мүм­кін­дік­терін таны­сты­ру аясын­да аймақтар және қытай­лық ком­па­ни­я­лар ара­сын­да ынты­мақ­та­стық тура­лы 4 мемо­ран­ду­мға қол қойылды.

Құжат­тар мұнай-газ сала­сы үшін хими­я­лық өнім­дер өндірісі («Цихай» Шань­дунь мұнай инже­нер­лік ком­па­ни­я­сы), гео­фи­зи­ка­лық және сей­сми­ка­лық бар­лау жұмыста­ры үшін элек­трон­ды құрал-жаб­ды­қтар­ды өнді­ру («Сиань Лухай» гео­фи­зи­ка­лық тех­но­ло­ги­я­лар» ком­па­ни­я­сы), бұрғы­лау құрал­да­ры (Dongying Weima Petroleum Drilling Tool) сала­ла­рын­дағы, соны­мен қатар тәулі­гіне 2,5 мың тон­на өнім өндіретін цемент зауы­ты құры­лы­сы­ның (Sino-Harbor Construction Group Гон­конг ком­па­ни­я­сы) жоба­ла­рын жүзе­ге асы­ру­ды көз­дей­ді», – делін­ген сей­сен­бі­де тара­ты­лған хабарламада.

Қаз­ТАГ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн