Пятница , 4 июля 2025

Қазақты – қазақтар ҚУЫП ЖІБЕРДІ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №18 (430) от 10 мая 2018 г.

 

Интер­нет иірімінен


 

Қытай­дан Қаза­қстанға бір­жо­ла көшіп келіп, Қаза­қстан аза­мат­ты­ғын алған Нұр­сей­іт есім­ді аза­мат редак­ци­я­мы­зға хабар­ла­сып, басын­дағы ауыр жағ­дай­дың жай-жап­са­рын түсіндірді.

 

Нұр­сей­іт Төле­генұ­лы (сурет­те) 1986 жылы Шың­жан-Ұйғыр авто­но­ми­я­лық ауда­ны­ның (Қытай) Мори ауда­нын­да дүни­е­ге кел­ген. Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­ма­ты. Алма­ты облы­сы, Еңбек­шіқа­зақ ауда­ны, Тасқа­ра­су ауы­лын­да тұрады.

Әйелі Жай­на­гүл Ғажа­пқы­зы – Қытай Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­ма­ты. Еке­уінің отасқан­да­ры­на екі жарым жыл болған. Бір жарым жаста ұлда­ры бар. Жас жұбай­лар Еги­пет­тің Мысыр қала­сын­да білім алған.

2018 жыл­дың 3 мамы­ры күні таңғы үштен өткен­де, олар Мысыр­дан Алма­ты әуе­жай­ы­на ұшып келеді: Нұр­сей­іт­тің өзі, әйелі және бала­сы үше­уі. Сөй­тіп, шека­ра­лық бақы­ла­удан өтіп жатқан тұста Жай­на­гүл­дің Қаза­қстан­да жүріп-тұруы­на арналған «Ықти­яр­хат­тың» жарам­сыз екені аны­қталған. Сол себеп­ті Нұр­сей­іт пен 1,5 жасар ұлы Қаза­қстан­да қалып, шека­ра қыз­меті Жай­на­гүл­ді Мысы­рға қай­та­рып жіберіпті.

 

Нұр­сей­іт Төлегенұлы:

– Мысыр­дағы әл-Ақса уни­вер­си­тетін­де оқуы­мы­зды аяқтап кел­ген беті­міз осы еді. Жұбай­ым Жай­на­гүл Қаза­қстан аза­мат­ты­ғын алып үлгер­ме­ген. Ол – Қытай аза­мат­ша­сы. «Ықти­яр­хат­тың» жарам­ды­лық мерзі­мі 2021 жылы аяқта­ла­ды. Оны Көк­ше­тау жақтан алған едік.

Содан шека­ра­лық бақы­ла­удан өткен кез­де мені мен ұлым­ды өткізді де, әйелім­ді кері қай­та­ру керек деді. «Ықти­яр­хат­тың» жарам­сыз екені аны­қтал­ды. Біз­ге солай деп айт­ты. Қаза­қстан аумағын­да 183 күн­нен астам уақыт бол­маған­ды­қтан, «Ықти­яр­хат» авто­мат­ты түр­де жарам­сыз деп таны­лған деді. Сөй­тіп, әйелім­ді сол жер­ден Мысы­рға қай­та­рып жібер­ді. Тіп­ті әуе­жай­да 1 тәулік те тұрғы­зған жоқ. Мысы­рға ұша­тын ұшаққа оты­рғы­зып жібер­ді. Сөйт­сек, «Ықти­яр­хат­пен» жүр­ген адам 6 ай сай­ын Қаза­қстанға кіріп тұруы керек екен. Алты айдан асып кет­се, «Ықти­яр­хат­тың» күші жой­ы­ла­ды екен.

Әйелім өзі жол­соқты болып, қат­ты ауы­рып кел­ген еді. Шека­ра­лық бақы­ла­удан өтетін кез­де түрін тек­се­ру үшін каме­раға қарап тұра­ды ғой. Сол жер­де құлап қал­ды тіп­ті. Содан әуе­жай­дың жедел дәрі­гер­лік көмек көр­се­ту қыз­метіне жүгін­дік. Олар бастан-аяқ тек­сер­ді. Шыны­мен де, Жай­на­гүл­дің ден­са­улы­ғы нашар­лап кет­кенін сол жер­де­гі дәрі­гер­лер­дің өзі айт­ты. Кеден­де­гілер оған да қараған жоқ. Оның үстіне әйелім­нің аяғы ауыр еді. Ұлым бол­са 1,5 жаста ғана.

Мен сол жер­де­гілер­ден сон­ша жалы­нып сұра­дым. Ең құры­ған­да кеш­ке дей­ін күте тұры­ң­дар­шы дедім. Осы жақтағы аға-бауыр­ла­рым­нан мән-жай­ды білей­ін дедім. Оған да қараған жоқ. Құд­ды қыл­мыс­кер секіл­ді әуе­жай­дан қай­та­дан Мысы­рға қай­та­рып жібер­ді. Мысыр әуе­жай­ы­на жет­кен соң, әйелім­ді Қытай­ға ұшы­рып жібе­реді. Ал Қытай­ға барған соң, оның қама­лып кететіні бел­гілі. Көмек­тесіңіз­дер­ші, енді не істей­ін? Бұлай бол­май­ды ғой. Біз оқуы­мы­зды аяқтап кел­дік. Енді әйелім де «Ықти­яр­ха­ты» аяқталған­ша аза­мат­тық алып үлгер­се, осы жер­де­гі үйі­міз­де тұр­сақ деп кел­дік қой. Сон­да адам­ның жағ­дай­ы­на қара­май ма кеден қыз­мет­кер­лері? Жүк­ті әйел. Өзі ауы­рып кел­ген. Бір жарым жасар балам ол шырыл­дап жылап тұр. Ал сақ­шы­лар әлгі жер­де бізді екі­ге айы­рып әкетті.

Біз мәсе­ленің мән-жай­ын сұрап, Алма­ты қала­сын­дағы Көші-қон қыз­метіне бар­дық. Бұқа­ра­лық ақпа­рат құрал­да­ры­на сұх­бат беріп, болған оқиға­ның жай-жап­са­рын түсін­ді­ру үшін арнайы рұқ­сат керек екен. Ол рұқ­сат­ты Сал­та­нат Әзір­бек ханы­мға хабар­ла­сып қана алуға бола­ды екен. Деген­мен, Көші-қон қыз­меті басқар­ма­сы басты­ғы­ның орын­ба­са­ры Ермек Қанаға­тов мыр­за кей­бір мәсе­ле­лер­ді түсін­діріп берді.

«Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Көші-қон тура­лы заңы­ның 49-бабы­на сәй­кес, «Ықти­яр­хат» иесі 183 күн­нен, яғни 6 айдан астам уақыт ішін­де Қаза­қстан аумағын­да бол­ма­са, онда «Ықти­яр­хат» авто­мат­ты түр­де жарам­сыз болып табы­ла­ды. Сіз­дер­дің жағ­дай­да Жай­на­гүл Қытай аза­мат­ша­сы екен, яғни Қытай­ға барып, виза­ға қай­та өтініш жібе­реді. Тіп­ті «Ықти­яр­хат­ты» қай­та қал­пы­на кел­тіру­ге де бола­ды. Ол үшін тұрғы­лы­қты тір­кел­ген жері­нен өтініш жол­да­уы керек. Біз Көші-қон қыз­меті­міз. Ал жаңағы мәсе­ле­де Жай­на­гүл­ді не себеп­ті бір­ден Мысы­рға қай­та­рып жібер­генін біл­мей­мін. Ол шека­ра­лық қыз­мет­тің жұмысы. Солар­дан сұрау керек», – дей­ді Ермек мырза.

 

Ауыт Мұқи­бек:

– Мен Көші-қон қыз­меті поли­ци­я­сы қыз­мет­кер­лерін сау­ат­сыз деп жүр­сем, шека­ра қыз­мет­кер­лері одан екі есе сау­ат­сыз екен ғой. Алдағы жер­де олар­ды да Ішкі істер мини­стр­лі­гінің үш ака­де­ми­я­сы­нан кезек­ке тұрғы­зып оқы­ту керек!

Енді Жай­на­гүл­дің жағ­дай­ы­на кел­сек, оның «Ықти­яр­ха­ты­ның» мерзі­мі 2021 жылға дей­ін екен. Айы­бы – шетел­де Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аумағын­да тұрақты тұруға рұқ­сат алған және тұрақты тұруға рұқ­сат беріл­ген күн­нен бастап, реті­мен келетін кез кел­ген он екі айлық кезең шегін­де күн­тіз­белік 183 күн­нен артық тұрған­ды­ғы көрі­неді. Мұн­дай жағ­дай­ға ұшы­раған аза­мат­тар­дың «Ықти­яр­ха­ты» авто­мат­ты түр­де жой­ы­ла­ды деген сөз ешбір заң­да жоқ.

Тек, «Халы­қтың көші-қоны тура­лы» Заң­ның 49-бабы бой­ын­ша, көшіп келу­шілер­ге Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сын­да тұрақты тұруға арналған рұқ­сат­ты беру­ден бас тар­ту не оның күшін жою үшін негiз болуы мүм­кін. «Мүм­кін» дей­тін себебі­міз, «Ықти­яр­хат­пен» ҚР аумағы­нан тыс жер­де 183 күн­нен артық тұрған аза­мат қыл­мыстық емес, әкім­шілік құқық бұзу­шы­лық бой­ын­ша жау­а­пқа тар­ты­ла­ды. Оның өзін­де аза­мат бірін­ші мәр­те құқық бұз­са, аталған 49-бап­тың 5‑тармағына (Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның шетел­дік­тер­дің құқы­қтық жағ­дайы тура­лы заң­на­ма­сын бір­не­ше рет бұзған;) сай, оған Көші-қон поли­ци­я­сы тара­пы­нан ескер­ту беріліп, ары кет­кен­де айып­пұл төлетіп қана жаза­ла­са болады.

Демек, Жай­на­гүл­ді Қаза­қстан аумағы­нан тыс жер­де 183 күн­нен артық тұрға­ны үшін кеден­нен кері қай­та­ру – сау­ат­сыздық! Ең құры­ған­да шека­ра­шы­лар­дың Көші-қон поли­ци­я­сы­на хабар­ла­сып, сұра­уы­на әбден бола­ды ғой! Сон­ды­қтан қан­да­сы­мы­зды ары-бері заң­сыз сабы­л­тқан шека­ра қыз­мет­кер­лері сот алдын­да жау­ап беруі, жол шығы­ны мен мораль­дық төлем төле­уі, БАҚ бетін­де кешірім сұра­уы, керек бол­са, қыз­мет­тен кетуі керек!

Жай­на­гүл қазір Мысы­рға қай­та­рыл­ды. Ол жақтағы жер­гілік­ті билік Жай­на­гүл­ді Қытай­ға депор­та­ци­я­лай­ты­ны тағы түсінік­ті. Қытай­да Жай­на­гүл­ді не жағ­дай күтіп тұрға­ны екі бастан бел­гілі. Ал мұн­да көзі боза­рып күй­е­уі, шырыл­дап жылап, 1,5 жастағы ұлы қалды.

Нұр­гел­ді ӘБДІҒАНИҰЛЫ,

Abai.kz

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн