Пятница , 4 июля 2025

МІРЖАҚЫПТЫҢ «Есеп құралы» КІТАБЫ ТАБЫЛДЫ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №18 (430) от 10 мая 2018 г.

 

Сүй­ін­ші хабар

 


Пав­ло­дар қала­сын­да Алаш қай­рат­кері, ағар­ту­шы Мір­жақып Дулатұлы­ның «Есеп құра­лы» кіта­бы­ның 1925 жылы жары­ққа шыққан дана­сы табыл­ды, деп хабар­лай­ды pavlodarnews.kz тілшісі.

 

2014 жыл­дың 15 қазан күні еді. Пав­ло­дар қала­сын­дағы «Мәшһүр Жүсіп» орта­лық мешітін­де ескі кітап­тар­ды сақтай­тын қой­ма­ны жинап, таза­лап, жаңа­дан сөре орна­ту қажет бол­ды. Ол кез­де мешіт­тің жастар­мен жұмыс бөлі­міне жау­ап­ты қыз­мет­кер едім. Кіта­п­ха­на сала­сын­да көп жыл еңбек еткен «Еңбек арда­гері», зей­нет дема­лы­сы­на шыққан соң, құл­шы­лық үйін­де кіта­п­ха­на мең­ге­ру­шісі болып жүр­ген Назым Шай­ке­но­ва еке­уі­міз мешіт­те­гі көне Құран Кәрім басы­лым­да­рын тізім­ге алу, қал­пы­на кел­ті­ру жұмысын жүр­гі­зуді көз­дедік. Кенет сыр­ты сарғыш тар­тқан, қалың дәп­тер пішін­дес кітап­шаға көзім түсті. Мұқа­ба бетін­де «Мір­жақып Дулатұ­лы. Баста­уыш мек­теп­те 2‑інші жыл оқы­ла­тын Есеп құра­лы 4‑інші басы­луы (түзетіл­ді, толы­қты­рыл­ды)» деп жәдит­ше жазы­лып­ты. «М.Дулатов. Задач­ник. Часть ІІ. Кир­гиз­ское госу­дар­ствен­ное изда­тель­ство. Орен­бург. 1925 год» деп орыс­ша таң­ба түсіріл­ген. Мұқа­ба­ның ішкі жағын­да мына­дай мәлі­мет­тер беріл­ген: «Қаза­қстан мем­ле­кет бас­па­ха­на­сы. Орын­бор. 1925 жыл.» «Кирглав­лит №137. Тираж 10.000. Типо­гра­фия Кир­го­сиз­да­та. Орен­бург, Кара­ван-Сарай 1925 г.».

Кітап 4‑басылуында он мың дан­амен шық­са, сұра­ны­сқа ие болға­ны анық. Айтар­лы­қтай жақ­сы сақталған. Таң­ба­ла­ры анық, оңай оқы­ла­ды. Оқулық 98 бет­тен, 3 тара­удан тұра­ды. Парақта­ры­ның рет­тік саны 4‑беттен баста­ла­ды. Өкініш­ке қарай, кітап­тың бір парағы – 95–96 бет­тер жоға­лып­ты. Кезін­де шариғат­тан хаба­ры бар, шаға­тай­ша­дан, жәдит­ше­ден сау­а­ты бар ата­лар мен әже­лер­дің көбінің қазір көзі жоқ. Сан­ды­қта­рын­да көздің қара­шы­ғын­дай сақтаған, ақы­рет­тік бөзінің асты­на жасы­рған қаси­ет­ті жаз­ба­лар, көне көшір­ме­лер, қала бер­ді дәп­тер­лер­ге тіз­ген дұға­лы­қтар мен араб емлесі­мен таң­ба­ланған парақтар олар­мен бір­ге көміл­ме­се де, соларға үйден орын табыл­маған­дай. Бала­ла­ры өзді­гі­мен оқи алмай­ды, лақты­рып таста­уға құдай­дан қорқа­ды. Тегін­де қари­я­лар: «Бұған тиіс­пе­ң­дер, дәрет­сіз ұста­уға бол­май­ды, қаси­ет­ті сөз­дер жазы­лған» деп тый­ып ұстай­ты­ны бел­гілі. Міне, осын­дай бума-бума қағаз­дар ұрпақта­ры­ның ұйға­руы­мен мешіт­тер­ден тұрақ тапқан екен. Осын­дай­да елі­міз­де­гі ескі мешіт­тер­дің қой­ма­ла­рын­да талай-талай әде­би қазы­на жатқан шығар деген ой келеді. Бірақ соның соңы­на түсу­шілер табыл­са. Пав­ло­дар облы­сы­ның имам­да­ры­нан сұрау салға­ным­да біл­генім: 2000-жыл­да­ры әлде Алма­ты, әлде Аста­на жақтан кел­ген тіл маман­да­ры мешіт­тер­ді ара­лап шығып, кей­бір жаз­ба­лар­ды әкетіп қалған десті. Ара­да бір апта өткен соң, Мір­жақып Дулатұлы­ның «Есеп құра­лы­ның» табы­лға­ны тура­лы жер­гілік­ті теле­ар­на­ларға сұх­бат беріл­ді. Деген­мен, ақпа­рат рес­пуб­ли­ка­лық БАҚ-қа жол тар­тқан жоқ. Ескі кітап­тың тиісті жағ­дай­да сақта­луын, рес­пуб­ли­ка­лық реестр­де тір­ке­луін көз­де­ген­дік­тен, Назым Шай­ке­но­ва еке­уі­міз ескі оқулы­қты С.Торайғыров атын­дағы Облы­стық ғылы­ми-әмбе­бап кіта­п­ха­на­сы­ның сирек кітап­тар қоры­на тап­сыр­дық. Бір­не­ше жыл сол қор­дың көр­ме залын­да тұр­ды. Алай­да оны ешкім зерт­теу ныса­ны­на айнал­ды­ра қой­ма­ды. Сон­ды­қтан жал­пақ жұр­тқа жария жасау, М.Дулатұлының шығар­ма­шы­лы­ғын зерт­те­уші ғалым­дар­дың наза­рын ауда­ру мақ­са­тын­да осы мақа­ла­ны ұсы­нып отырмын.

Айбек ОРАЛХАН,

«Най­за­тас» жур­на­лы­ның жау­ап­ты хатшысы

Рavlodarnews.kz

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн