Суббота , 5 июля 2025

«Жаңа Қазақстанға» АЙТАР ТІЛЕК БАР

Тіле­убер­ді САЙДУЛДИН,
ҚР Ұлт­тық ғылым ака­де­ми­я­сы­ның академигі

Газет редак­ци­я­сы­на жуы­қта бола­шақ сая­си бағ­дар­ла­ма­сы­ның тези­стерін жари­я­лаған «Жаңа Қаза­қстан» фору­мы­на қаты­сты хат­тар келу­де. Ол хат­тар­дан халы­қтық кеңес, сая­си пікір­та­лас алаңы негізін­де құры­лған, бірақ әзір­ге мем­ле­кет­тік тір­ке­уден өтпе­ген, сая­си құры­лым­дық ста­ту­сы айқын­дал­маған жаңа ұйы­мға деген ықы­лас сезіледі. Редак­ци­яға кел­ген хат­тар­дың ара­сын­да Форум­ды қол­дау да, пікір айту да, сынау да, ең басты­сы – үміт арту да бар. Біз сол хат­тар­дың еке­уін жари­я­лап отырмыз.

Жаңа­дан құры­лған «Жаңа Қаза­қстан» фору­мы жеке бір топ­тың мүд­десіне бағыт­талған пар­ти­я­лық ұйым емес, бүкіл халы­қтық (ұлт­тық) алқа екенін айқын­дай­тын тұжы­рым сұра­нып тұр. Тек қана екі ұшты бұра­лаңға сал­май, қазір­гі қалып­тасқан жағ­дай­дан туын­дай­тын, қазақ қауы­мы­ның ұлт­тық мүд­десін қам­та­ма­сыз ететін өз жолын айқын­да­уы қажет. 

Еуро­па­ның, Сол­түстік Аме­ри­ка­ның, Жапо­ни­я­ның, Син­га­пур­дың, Оңтүстік Коре­я­ның, т.б. сая­си даму век­то­рын емес, біз өз жолы­мы­зды таң­да­уы­мыз керек. Бұл жаңа бағыт. «Жаңа Қаза­қстан» жолы өткен Алаш Орда­ның да, Абы­лай­дың ақ туы­ның да, Күл­тө­бе кеңесінің де, Төле бидің өси­етіне де бай­лан­бай­ды. Алаш ұра­ны қаза­қтың ұлт­тық тәу­ел­сізді­гін емес, сол кез­де­гі қаза­қтың аза­мат­тық намысын сақта­уға арналды; 

Шыңғыс хан зама­нын­да құл­дық, жал­шы­лық, басы­бай­лы­лық емес, атқа мініп, қару ұстап, шеп­те болуға арнал­ды, мем­ле­кет­тік билік­ке талас­пай­тын­ды­ғын жари­я­ла­ды; Ресей импе­ри­я­сы­ның құра­мын­да болған­да, аяққа тап­тал­май, Алаш дең­гей­іне – қазір­гі сая­си тіл­де – авто­но­мия дәре­же­сіне жету­ге ұмтыл­ды. Кей­ін­нен «ала­штық пат­ри­о­тизмді» ұста­ну, алға басу емес, кері шегі­ну бола­ды. Тарих­тан сабақ алған­да, ең алды­мен орын алған олқы­лы­қтар мен әтте­ген-айлар­ды ескерейік.

Тарих көшінің алды­на шыға­мыз деп, көз­бо­я­у­шы­лы­ққа ұрын­бай, ондай ұлы көш­тен қалып қой­ға­ны­мы­зды, енді сол көшті қуып жету­ге ұмты­ла­тын­ды­ғы­мы­зды ашық жари­я­ла­у­ы­мыз керек. Халы­қа­ра­лық нор­ма­лар­ды қалып­та­сты­рып, оны қорғау – бос декла­ра­ция. Сон­ды­қтан Форум­ның сая­си бағ­дар­ла­ма­сы тези­стерін­де­гі сая­си көзқа­рас­тар тура­лы бап­тар­дың қажеті жоқ. Көзқа­рас – адам­ның ішкі дүни­есі. Ал одан туын­дай­тын әре­кет­тер­ді айқын­дау қажет. 

Біздің жағ­дай­ы­мы­зда елде­гі сепа­ра­тизм әре­кет­теріне, «орыс әле­мі» сияқты қияңқы сая­сатқа қар­сы тұруға қабілет­ті, пәр­мен­ді ұста­ным­да­ры­мыз болу керек. Ешбір әске­ри-сая­си блок­тарға қосыл­мауды жари­я­ла­мау керек. Қазір­гі амал­сыздан неме­се аңғал­ды­қтан бай­ла­нып қалған ұйым­дар­дан шығу, ал елдік, ұлт­тық мүд­де­міз­ге сай блок­тарға бірі­гу қажет. «Оры­спен дос бол­саң, белің­де бал­таң бол­сын» деген ата­ла­ры­мы­здың өси­етін ұмыт­пай­ық. Қазір бал­та, най­за емес, басқа қару қажет. 

Бұл құжат­та елде­гі «оппо­зи­ци­я­лық қозға­лы­стың сабақта­ры­на» ерекше көңіл ауда­ру­дың қажеті жоқ. Әртүр­лі оппо­зи­ци­яда болған аза­мат­тар­дың ара­сын­да талас тудыр­май, ол тәжіри­бені про­грам­ма­да жари­я­ла­май-ақ, нақты әре­кет­тер­ді ескер­ген жөн. Құра­ты­ны­мыз оппо­зи­ци­я­лық қозға­лыс емес, сая­си үстем­ділік­ті, қаза­қтың үстем­ді­гін қам­та­ма­сыз ету. Елі­міз­де­гі басқа ұлт­тар біз­ден қол­дау сұрап оты­рған жоқ. Еврей­лер, корей­лер, өзбек­тер, ұйғыр­лар, татар­лар, т.б. біз­ден нан сұрамайды. 

Өткен заман­да тарих тауқы­меті­мен қуда­ла­у­ға түс­кен ең аз ұлт­тар да қаза­ққа жал­тақтаған жоқ, тіп­ті зор­лық жаса­ды. Олар­дың ешқай­сысын дұшпан сана­май, достық қаты­на­стар­ды сақтай­ық, бірақ көл­гір­сіп, жалтақтамайық.

Қаза­қтар­дың демо­гра­фи­я­лық өсі­мін, кәсіп­кер­шілік­ті дамы­туын қам­та­ма­сыз ету – ең өзек­ті мәсе­ле­лер. Осы бап­тар­ды нақты­лап, толы­қты­рып, маман­дар мен ақыл­ды аза­мат­тар­ды жұмыл­ды­рып, осы құжат­тың ең басты түй­ін­деріне айнал­дыр­са, құба-құп болар еді.
Халы­қтың сапа­лық дең­гейі – білім­де. Ғылым­ды игер­мей, өрке­ни­ет қата­ры­на қосы­лу жоқ. Білім беру, бола­шақ ұрпақты тәр­би­е­леу – мем­ле­кет­тік­ті, оның тәу­ел­сізді­гі мен қауіп­сізді­гін сақтау. Сон­ды­қтан оны қар­жы­лан­ды­ру мем­ле­кет­тің бюд­жетінің негіз­гі құра­мы болуы тиіс, оның кіріс көзі – ұлт­тық бай­лық. Әр елде ұлт­тық бай­лы­қтың өзін­дік ерекшелік­тері бар. 

Біз­де­гі ең басты ұлт­тық бай­лық – жер мен ондағы табиғи қазы­на­лар. Олар ешкім­нің жеке мен­ші­гі бол­мауы керек, өйт­кені оған иелік құқы­ғы да, жет­кілік­ті әле­уеті де жоқ. Жеке тұлға жер­ді, оның қазы­на бай­лы­қта­рын табиғи апат­тар­дан, шетел­дік басқын­шы­лы­қтан қорғай алмай­ды. Есі­мізді тез жиып, ізі суы­май, су аяғы құр­ды­мға кет­пей тұрған­да, бар­лық осы табиғи бай­лы­қты мем­ле­кет қара­мағы­на толы­қтай және түбе­гей­лі қай­та­ру қажет.
Сыбай­лас жемқор­лық арқы­лы тоғы­шар­лық жол­мен жиналған мил­ли­ард­тар­ды да, қыл­мыс көзі дәлел­ден­се, мем­ле­кет мүд­десіне тәр­кіле­ген жөн.

Шетел­дер­де­гі, офшор­лық шот­тар­дағы мил­ли­ард­тар­ды қай­та­рып, ел эко­но­ми­ка­сы­на бағыт­тау керек. Қай мил­ли­ар­дер­дің қай елде, қан­дай банк­те, қай офшор­да капи­та­лы бар екені халы­қтан құпия болға­ны­мен, тиісті орган­дар үшін құпия емес. 

Шетел­ден ақша­ны қай­та­ру, шын ниет болған­да, біздің құзыр­лы орган­дар үшін шешілетін мәсе­ле. Ақша иелері, біздің билік­тің тісі бат­пай­тын­дай, шетел­дік мықты мас­сон­дық құры­лым­дар­мен бай­ла­ны­сы жоқ пысақай­лар, ал ондағы сыбай­ла­ста­ры – қатар­дағы делдалдар. 

«Жаңа Қаза­қстанға» баста­ма­шы болған аза­мат­тарға, оны қол­да­у­шы­ларға алғы­сым шексіз!

Ерсай­ын ЕРҚОЖА
ел пат­ри­о­ты

Мен Жел­тоқ­сан пат­ри­о­ты Сай­лау Лепе­со­втың «Әке­жан Қажы­гел­дин­ді елге қай­та­ру керек» («ДАТ», 29.09.2018) деген хаты­на толық қосы­ла оты­рып, елге тек Әке­жан Қажы­гел­дин­ді ғана емес, сыр­тқа амал­сыз кет­кен бар­лық ел пат­ри­от­та­рын қай­та­ру керек дей­мін. Ғалым­жан Жақи­я­нов, Мұх­тар Әбілә­зов, Төлен Тоқ­та­сы­нов, Серік Медет­бе­ков, Ермек Нарым­ба­ев, түр­ме­де жазы­қ­сыз оты­рған Мұх­тар Жәкі­шев, Арон Ата­бек, Макс Боқа­ев, т.б. сияқты аза­мат­тар­ды шыға­рып, ел үшін еңбек еткі­зу мүм­кін­ді­гін қай­та­ру керек.

Елде­гі «алды­мен – эко­но­ми­ка, содан соң – сая­сат» деген сияқты бар­лық даб­ы­ра ұран­ның күлі көк­ке ұшқа­нын халы­қтың бәрі көріп, біліп отыр. Қазір халы­қтың ара­сы­на бар­саң, 90–95% аза­мат­тар бүгін­гі ел басқарған­дарға риза емес, керісін­ше, қар­сы. Теле­ди­дар­дан билік­тің біре­уі сөй­леп жат­са: «Мына­ны өшірің­дер!» деген­ге жет­кен. Бұны билік­тің біл­ме­уі мүм­кін емес, олар өз-өздерін алдаған­да­рын қой­ған­да­ры дұрыс.

Әке­жан Қажы­гел­дин пре­мьер-министр болған кез­де, Білім және ғылым мини­стр­лі­гіне қарас­ты бір рес­пуб­ли­ка­лық меке­менің бас­шы­сы едім. Меке­ме айлы­қ­сыз оты­рған күн­дері бол­ды, 2–3 ай жалақы ала алмай, әрине, қиналдық. 

Бірақ қан­ша­лы­қты қиын бол­са да, Әке­жан­ның үкі­меті енгіз­ген рефор­ма­лар­дың бар­лы­ғы дұрыс екенін түсін­дік. Егер ол ары қарай жұмысын жалға­сты­ра бер­ген­де, біз бүгін­гі­дей күй­ге түс­пей­тін­ді­гі­міз­ге менің күмәнім жоқ болатын.

Ақы­ры, міне, 28 жыл ішін­де қазақ қаңғып кетудің алдын­да тұр. Сон­ды­қтан Әке­жан сияқты білік­ті аза­мат­тар­ды қай­та­рып, елдің жағ­дай­ын көтер­ме­се, оның арты­ның не бола­ты­нын бір құдай біл­сін.
Ал мини­стр­лер мен әкім­дер­ді жыл сай­ын ауы­сты­ра бер­ген­нен еш өзгеріс бол­май­тын­ды­ғын білетін уақыт бол­ды. Қазақ елін­де пре­зи­дент пен оның жанұя­сы және жебір шене­унік­тер­ден басқа да қара­пай­ым халық бар екенін ұмытпайық.

(медиа-проект «DAT» №35 (447) от 4 октября 2018 г.)

Республиканский еженедельник онлайн