«Қайта тәрбиелеу орталығы» – КӘДІМГІ ҚЫТАЙ ТҮРМЕСІ

ҚЫТАЙДАҒЫ ҚАСІРЕТ

Қытайдағы «қайта тәрбиелеу орталығында» адамдарды қалай оқытады? «Орталықтағы» тамақ, күзет және жатын орын қандай? Лагерьде отырып шыққан этникалық қазақтың әңгімесі.

Он шақты жыл бұрын Қазақстан азаматтығын алған Сейсен К. (аты-жөні өзгертілді) Шәуешектегі жақындарына барғанда ұсталып, «саяси тәрбиелеу орталығына» қамалған. «Лагерьде» екі ай отырып шыққан соң, Қазақстанға оралған.
– Маған «тіркеуіңізді өшірмепсіз» дейді. «Екі елдің азаматысың» деп айыптады. Мен «20 жылдан бері келіп-кетіп жүрмін. Неге айтпайсыңдар?» дедім. Оларға Қазақстан заңын да айттым. Қазақстанда екі елдің азаматтығына рұқсат жоқ. Мен Қазақстан азаматтығын алған кезде Қытайдың паспортын, жеке куәлігімді құқық қорғау органына (Қазақстан көші-қон полициясына – Ред.) өткіздім… Құжаттарымды көрсетсем де түсінбейді. Сот болмайды. Қолыңа кісен салады, машинаға отырғызады. Емханаға апарып, қаныңды алады. Кейін қамайды, – дейді ол.
Сейсенннің айтуынша, «орталықта» отырғандардың бір тобы – діни көзқарасына байланысты айыпталғандар, енді бірі – шетелге шыққаны үшін ұсталғандар.
– Сабақ болды. Әріп, Қытай иероглифін үйретті. Біз елу-алпыс адамға арналған орында 28 адам жаттық. Күн сайын бір адамнан, екі адамнан көбейіп отырады. Ол жерде қазақтар, ұйғырлар және дүнгендер болды. Ең көбі – қазақ пен ұйғыр. Сабақ оқытатын кезде әр бөлмедегілерді жеке-жеке алып шығады. Барлығын біріктірмейді. Арнайы оқитын орын бар. Ол жер де темір тормен қоршалған. Ішке кіргеннен кейін, сыртынан бекітіледі. Мылтық асынған екі күзетші тұрады. Коммунистік партия туралы және Си Цзиньпин туралы оншақты өлеңі бар. Соны жаттатқызады. Одан басқа дінге қарсы 126 тармақтан тұратын ереже бар. Солардың көшірмесін барлығымызға шығарып берген. Соны жаттадық. Ол жерде студент те, магистрант та, профессор да жүр. Жұма намазға барып қамалған бір жігітті көрдім, – дейді ол.

Сейсеннің сөзінше, өзі отырған орталықтың түрмеден еш айырмашылығы жоқ. Іші бірнеше камераға бөлінген. Әр камерада темір есік пен ас беруге арналған кішкентай терезе ғана бар. Ғимараттың айналасында мылтық ұстаған қарулы күзетшілер жүреді.
– Бөлменің ішіндегі адамдармен тек сыбырласып сөйлестік. Қабырғасы қалың. Балғамен ұрсаң да шағылмайтын терезесі бар. Сыртқы бейне анық көрілмейді. Екі аптада қалың адамды жуынуға апарады. Көп адам түскенде кейде ыстық су жетпей қалады. 18 жастан асқандардан бастап, 75 жасқа дейінгі адамдар болды. Туысқандарымен бес минуттай сөйлестіреді. Сөйлесіп жатқанда жаныңда күзет тұрады. Жақындарыңмен сөйлескенде «жақсы» деп айтасыңдар дейді. Туысқандарымен кездескен соң, көбі камераға жылап келеді, – дейді Сейсен.
«Лагерьді» ішінен көрген қазақтың баяндауынша, «саяси үйрену орталығының» адам жатуға арналған орындары да өте жайсыз. Ол «орталықта» адамдардың өте көп екенін айтады.
– Ет жоқ. Таңертең ботқа, түсте күріш, кешке суға қайнатқан шөп-шалаң береді. Оған қоса, жатқан жерің салқын. Темір төсек. Үстіндегісі жұқа. Астыңа батады. Одан да қиналдық. Төсекті үш қабат етіп жасаған. Үстіне жастары жатады. Ең астына жетпістен асқан қарттар жатты. Ет жоқ болғандықтан, тамақ дұрыс болмағандықтан, арықтап шығасыз. Он сегіз жастан жетпіс бес жасқа дейінгі аралықтағы адамдар болды, – дейді Сейсен.
Сейсеннің жақындары Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне және БҰҰ-ға шағымданған. Халықаралық ұйымдар мен Қазақстан билігінің араласуынан кейін Сейсен «орталықтан» шығып, Алматыға оралған.
Еске сала кетсек, қыркүйектің 10-ы күні Human Rights Watch (HRW) халықаралық ұйымы арнайы есебін жариялап, Қытайдағы лагерьлер мен түрмелердегі адам төзгісіз жағдайды сипаттаған. Ұйым Қытай билігінің іс-әрекетін сынап, Пекиннен лагерьлерде қамалғандарды босатуды талап еткен. HRW «Астана Қытайдан баспана іздеп келген азаматтарды кері қайтармай, көшіп келген этникалық қазақтарға азаматтық беру мәселесін кешіктірмеуі керек» деп кеңес берген.

Azattyq.org

ТАУҚЫМЕТ-ТІЗІМ

Қытай Халық Республикасы Синьцзян-Іле қазақ автономиялы облысы Мұңғұлкүре ауданы және осы ауданға қарасты ауылдардан «саяси лагерьге» қамалып, жазықсыз жапа шеккен қазақтар. (Тізімде қамауға алынған 13 жасар қыз бар).

  1. Әуелбек Нұржақып – Аудандық қазақ мешітінің заңды тағайындалған имамы, 40 жаста, 04.08.2017 ж. Қытай үкіметі жазықсыз қамауға алған, 11 жылға бас бостандығынан айырылған және отбасы мүшелері де қамауға алынған.
  2. Сасық Әуелбек – 70 жаста, баласы Әуелбек Нұржақып мешіттің имамы болған себепті 2018 ж. қаңтар айында жазықсыз қамауға алынған.
  3. Әуелбек Нұрбақыт – 33 жаста, ағасы Әуелбек Нұржақыптың мешіт имамы болуына байланысты 2018 ж. қаңтар айында қамалған.
  4. Бекінұр Фатима – 29 жаста, күйеуі Әуелбек Нұржақып қазақ мешітінің имамы болғаны және өзі Қазақстанға туысшылап келгені себепті 2018ж. наурыз айында қамауға алынып, еш айыпсыз 7 жылға бас бостандығынан айырылған. Бүлдіршін балалары далада қалды.
  5. Бекінұр Есқат – Ақдала ауылының тұрғыны, 26 жаста, ата-анасы Қазақстан азаматы болған себепті 2018 ж. наурыз айында қамалған.
  6. Жоламан Назигүл – 32 жаста, Әуелбектер отбасының келіні, 2018 ж. наурыз айында қамалған.
  7. Жоламан Нұсып – Нәсілді жылқы фермасының тұрғыны, 29 жаста, қари болған себепті 2018 ж. қаңтар айында қамалған.
  8. Оразғали (теріші, тегі белгісіз ) – 40 жаста, Мұңғұлкүре аудандық қазақ мешітінің мәзімі, 2018 ж. қаңтар айында қамалған.
  9. Жанболат (тегі белгісіз) – Қонақай ауылының тұрғыны, 40 жаста, намаз оқыған себепті 2018 ж. қаңтар айында қамалған.
  10. Әшімбай Батырбай – Мәйек фермасы мешітінің имамы, 47 жаста, 04.08.2017 ж. қамауға алынған.
  11. Ораз Нұрболат – Ақдала ауылы қазақ мешітінің имамы, 2017 ж. қыркүйек айында қамалған.
  12. Әбдібай Нұргелді – Ақдала ауылының тұрғыны, 37 жаста, мешіт мәзімі, 2018 ж. қаңтар айында қамалған.
  13. Тоқтарқожа Еркінжан – Ақдала ауылының тұрғыны, 40 жаста, 2018 ж. наурыз айында қамалған.
  14. Мұңғұлжан Дәулетхан – Ақдала ауылының тұрғыны, 35 жаста, 2018 ж. наурызда қамалған.
  15. Мұратбек Тоқтарбек – Ақдала ауылының тұрғыны, 40 жаста, 2018 ж. наурызда қамалған.
  16. Мұхамет Нұрсерік – Ақдала ауылының тұрғыны, 40 жаста, 2018 ж. наурызда қамалған.
  17. Көшербай Нұржау – Ақдала аулының тұрғыны, 40 жаста, 2018 ж. наурызда қамалған.
  18. Сәулен Сағат – Ақдала ауылының тұрғыны, 40 жаста, 2018 ж. наурызда қамалған.
  19. Сәулен Бақытберген – Ақдала ауылының тұрғыны, 43 жаста, 2018 ж. наурызда қамалған.
  20. Муқиа Сауалықан – Ақдала ауылының тұрғыны, 65 жаста, 2018 ж. наурызда қамалған.
  21. Рамазан Сәулет – Ақдала ауылының тұрғыны, 25 жаста, ұялы телефоннан шетелдің фильмін көрген себепті 2017 ж. қыркүйекте қамалған.
  22. Бағашар Жазира – Ақдала ауылының тұрғыны, 30 жаста, ұялы телефонның ішінде WhatsApp желісі болған себепті 2018 ж. наурызда қамалған.
  23. Әріпжан Серік – Ақдала ауылының тұрғыны, 40 жаста, 2018 ж. наурызда қамалған.
  24. Серік Ақеділ – Ақдала ауылының тұрғыны, 25 жаста, 2018 ж. наурызда қамалған.
  25. Сенбай Жұмабек – Ақдала ауылының жаңа мәлі қазақ мешітінің имамы, 31 жаста, 2017 ж. қыркүйекте қамалған.
  26. Сәбетбай Бағнұр – Ақдала ауылының тұрғыны, 37 жаста, 2018 ж. наурыз айында қамалған.
  27. Алқаби Нұрбақыт – Ақдала ауылы, Қотырқай қыстағының тұрғыны, 50 жаста, мектепте мұғалім. 2018 ж. наурызда қамалған.
  28. Сөкен Қайыпберді – Ақдала ауылының тұрғыны, 2018 ж. наурыз айында қамауға алынған.
  29. Нүсіпақы Нұргелді – Ақдала ауылы, Қотырқай мәлісінің тұрғыны, 2018 ж. наурызда қамалған.
  30. Нұрқадір Дінқуат – Ақдала ауылы, Қотырқай мәлісінің тұрғыны, 20.01.2018 ж. қамалған.
  31. Тұрсынбай Жұмалы – Шаты ауылының тұрғыны, 45 жаста, ауылдық қазақ мешітінің имамы 2018 ж. ақпанда қамалған.
  32. Сыбақ Еркінбек – Ақдала ауылы, Қотырқай мәлісі қазақ мешітінің имамы, 2017 ж. қыркүйекте қамалған.
  33. Сыбақ Керімбек – Ақдала ауылы, Қотырқай мәлісінің тұрғыны, Сыбақ Еркінбектің інісі, 2017 ж. қыркүйекте қамалған.
  34. Сыбақ Ілебек – Ақдала ауылы, Қотырқай қыстағының тұрғыны, Сыбақ Еркінбектің ағасы, 2017 ж. қыркүйекте қамалған.
  35. Ілебек Ерзат – Ақдала ауылы, Қотырқай мәлісінің тұрғыны, Сыбақ Ілебектің ұлы, 2017 ж. қыркүйекте қамалған.
  36. Сауыт Нұрбақыт – Ақдала ауылы, Қотырқай мәлісінің тұрғыны, Сыбақ Еркінбектің ағасының ұлы, 08.03.2018 ж. қамалған.
  37. Әлімжан Несіпхан – Ақдала ауылы, Қотырқай мәлісінің тұрғыны, Сыбақ Еркінбектің ағасының келіні. 08.03.2018 ж. қамалған.
  38. Әшімбай Сайрагүл – Ақдала ауылы, Қотырқай мәлісінің тұрғыны, Сыбақ Еркінбектің әйелі, 2017 ж. қыркүйекте қамалған.
  39. Жұман Сәрсемхан – Ақдала ауылы, Қотырқай мәлісінің тұрғыны, Сыбақ Керімбектің әйелі, 08.03.2018 ж. қамалған.
  40. Еркінбек Құндыз – Ақдала ауылы, Қотырқай мәлісінің тұрғыны, Сыбақ Еркінбектің қызы, 08.03.2018 ж. қамалған.
  41. Ерғали Ербол – Мұңғұлкүре ауданының тұрғыны, 25 жаста, 2018 ж. қаңтар айында қамалған.
  42. Ерғали Динара – ата-анасы Қазақстанда тұрады, 13 жаста, Қытай үкіметі Қытайдағы туыстарына қысым түсіру арқылы бүлдіршін қызды шақырып алып, 2018 ж. маусым айында құжаттарын тартып алып, жазықсыз қамауға алған.
  43. Тілеш Ырысбек – Ұзынбұлақ ауылының тұрғыны, 35 жаста, 2017 ж. қыркүйекте қамалған.
  44. Әйеш Ершат – Ұзынбұлақ ауылының тұрғыны, қазақ мешітінің имамы. 04.08.2017 ж. қамалған.
  45. Даубай Мұталіп – Ұзынбұлақ ауылының тұрғыны, 30 жаста, 2017 ж. Қытай үкіметі жазықсыз қамауға алған.
  46. Нұрсапа Әбдімүтәліп – Ұзынбұлақ ауылының тұрғыны, 50 жаста, 2017 ж. Қытай үкіметі жазықсыз қамауға алған.
  47. Құрманбай Әбдікерім – Ұзынбұлақ ауылының тұрғыны, 56 жаста, Қытай үкіметі тарапынан жазықсыз қамауға алынған.
  48. Темірбек Сағындық – Шаты ауылының тұрғыны, 28 жаста, жазықсыз қамауға алынған.
  49. Мәмиарбек Мария – Нәсілді жылқы фермасының тұрғыны, 09. 01. 1973 ж. туған, жалғыз басты ана. 20. 03. 2018 ж.қамауға алынған.
  50. Тұрсынбай Шәріп – Мұңғұлкүре ауданында қамауда, 66 жаста, жазықсыз қамауда отыр.
  51. Түлген Ерзат – Мұңғұлкүре ауданының тұрғыны, 29 жаста, 2 жыл бойы қамауда отыр.
  52. Заупан (тегі белгісіз) – Сарғобы ауылының тұрғыны, 50 жаста, 2017 ж. шілде айында қамалған.
  53. Тілеміс (тегі белгісіз) – Сарғобы ауылының тұрғыны, 50 жаста, 2017 ж. шілдеде қамалған.
  54. Орманхан Ісенәлі – Шаты ауылының тұрғыны, 40 жаста, жазықсыз қамауға алынған.
  55. Әбдірахман Нұрберген – Жуантөбе мәлісінің тұрғыны. 1976 жылы туған. 2018 ж. наурыз айында қамалған.
  56. Құрманжан Маржан – Ақдала ауылы, Қотырқай мәлісінің тұрғыны, 1981 жылы туған, жалғыз басты ана, 2018 ж. наурыз айында қамалған.
  57. Құрманәлі Рақымбек – Ақдала ауылы, Қотырқай мәлісінің тұрғыны, 1981 жылы туған, 2018 ж. наурызда қамалған.
  58. Тоқтарбай Ұлтуған – Ақдала ауылы, Сулысай мәлісінің тұрғыны, 39 жаста, қарапайым малшының әйелі, күйеуі соқыр, 2017 ж. қыркүйекте қамалған.
  59. Бақыт Қастер – Ақдала ауылының тұрғыны, 23 жаста, ұялы телефоннан Қазақстанның суреттерін көрген себепті 2017 ж. қыркүйекте қамалған.
  60. Тәжен Бақыт – Ақдала ауылы, Ортақызылмойнақ мәлісінің тұрғыны, 48 жаста, ұялы телефоннан Қазақстанның суреттерін көргені үшін 2018 ж. ақпанда қамалған.
  61. Сымайыл Нұрсұлтан – Ақдала ауылының тұрғыны, 39 жаста, ұялы телефоннан Қазақстанның кескінін көрген себепті 2018 ж. сәуір айында қамалған.
  62. Шалғынбай Ермек – Қарасу ауылы, Ақши мәлісінің тұрғыны, 39 жаста, 2018 ж. ақпанда қамалған.
  63. Еркінбек Сипат – Ақдала ауылы, Қотырқай мәлісінің тұрғыны, 08.03.2018 ж. қамалған.
  64. Ардақ (тегі белгісіз) – Ақдала ауылы, Қотырқай мәлісінің тұрғыны, Сыбақ Еркінбектің келіні, 08.03. 2018 ж. қамалған.
  65. Сылаш Ерсінгүл – Ақдала ауылында 1984 жылы туған, 15.04.2018 ж. Қытайдағы әпкесі қайтыс болу себепті Қазақстаннан Қытайға барған, Қытай қауіпсіздік мекемесі құжаттарын, паспортын тартып алған. Бір отбасы екіге бөлінуге мәжбүр болған.
  66. Әшімбай Келгенбай – Мәйек фермасының тұрғыны, 54 жаста, інісі Әшімбай Батырбай имам болған себепті 2018 ж. мамыр айында қамалған.
  67. Тоқтарбай Айтжан – Қарасу ауылы, Басқарасу қыстағының тұрғыны, 35 жаста, 2018 ж. наурыз айында қамалған.
  68. Қалық Бағынұр – Қарасу ауылы, Басқарасу қыстағының мешіт имамы, 41 жаста, 2018 ж. наурызда қамалған.
  69. Әубәкір Мансұр – Қарасу ауылы, Басқарасу қыстағының тұрғыны, 41 жаста, ауылдың мешіт мәзімі болған, 2018 ж. наурызда қамалған.
  70. Бұлатбай Бақытнұр – Қарасу ауылы, Басқарасу қыстағының тұрғыны, 48 жаста, 2018 ж. наурыз айында қамалған.
  71. Әлімжан Нұржан – 02.06.1983 ж. туған. 2006 жылы Қазақстанға келіп мұнай серіктестігінде жұмыс жасаған, 2017 ж. қазан айында жұмыстан демалыс алып, Қытайға отбасына қайтқанда, Қытай үкіметі құжаттарын тартып алып, қамауға алған.
  72. Әлімжан Кәусар –1986 жылғы, Әлімжан Нұржанның туған қарындасы, Қазақстанға келіп-кеткені және кезінде Түркияға саяхаттап барғаны үшін қамалған.
  73. Әлімжан Нұрғиса – 1990 жылғы. Әлімжан Нұржанның туған қарындасы, Қазақстандағы әпкесі Әлімжан Кәусармен хабарласқан себепті қамауға алынған.
  74. Аман Нұрланбек – Сарғобы ауылы, Суықтоғай қыстағының тұрғыны, 24 жаста, 2017 ж. шілде айында ұялы телефонмен Қазақстандағы туыстарына хабарласқан себепті қамауға алынып, 10 жылға түрмеге қамалған.
  75. Әкпар Сымағұл – Ақдала ауылы, Қотырқай қыстағының тұрғыны, 28 жаста, 2018 ж. наурыз айында қамалған.
  76. Қадырәлі Нұржақып – Қашажар қалашығының тұрғыны, 1968 жылғы, 2017 ж. қазан айында қамалған.
  77. Зиналбай Нұршагүл – Қашажар қалашығының тұрғыны,1968 жылғы, 05.03.2018 ж. қамалған.
  78. Азан Нұркелді – Мұңғұлкүре ауданының тұрғыны, 1983 жылғы, жеке кәсіпкер, 2017 ж. мамырда қазақстандық жұмысшыға Қытайдың телефон картасын өз атында алып бергені үшін қамалған.
  79. Құрманжан Ержан – Мұңғұлкүре ауданының тұрғыны, 1981жылғы, 2017 ж. мамырда Қазақстанға бірнеше рет кіріп-шыққаны үшін қамалған.
  80. Құрманбай Серікбай – Мұңғұлкүре ауданының тұрғыны, 1983 жылғы, Қорғаста кеден бекетінде жеке кәсіпкер болған, Қазақстанға көп рет келіп-кеткені үшін саяси лагерьге қамалғалы бір жыл болды.
  81. Төлеген Ерзат – Мұңғұлкүре ауданының тұрғыны, Үрімжіде xалықаралық саяxат бірлестігінде жұмыс жасаған, Қазақстанға виза жасағаны үшін лагерьде жатқанына бір жыл болды.
  82. Тұрғанжан Қуатжан – Мұңғұлкүре ауданының тұрғыны, 1981 жылғы, қазақстандық досына өз атынан телефон картасын алып бергені үшін лагерьде жатқанына бір жыл болды.
  83. Құсдәулет Серік – Мұңғұлкүре ауданының тұрғыны, 1977 жылғы, жеке кәсіпкер, WhatsApp желісінде Қазақстанмен сауда-байланыс жасағаны үшін лагерьде жатқанына бір жыл болды.
  84. Супаалдиар Бекен – Шаты қырғыз ауылында 05.03.1968 ж. туған. 2018 көктемде қамауға алынғаннан бері хабар жоқ.
    Сонымен бірге қамауға алынған төмендегі азаматтардан ешбір дерек болмай отыр:
  85. Ораз Нұрболат – 04.05.1961 ж. туған, Ақдала ауылы, Талтысай қыстағы.
  86. Сұлтанмұрат Нағиман – 05. 11. 1973 ж. туған, Қарасу ауылы, Ағияз қыстағы.
  87. Тоқтарқожа Еркінжан – 01. 08. 1979 ж. туған. Ақдала ауылы, Талтысай қыстағы.
  88. Отан Жарқынбек – 08.06.1987 ж. туған, Ақсу ауылы.
  89. Мәдениет Нұрпия – 10.04.1957 ж. туған.
  90. Тұрсынмұрат Құрмаш – 11. 06. 1965 ж. туған, Қарасу ауылы, Дөңқырман қыстағы, отбасы екіге бөлінген.
  91. Құрмаш Думан – 16.01.1989 ж. туған. Қарасу ауылы, Дөңқырман қыстағы.
  92. Сылаш Ерсінгүл – 06.06.1984 ж. туған, Ақдала ауылы, Талтысай қыстағы.
  93. Тоққожа Қажығали – 11. 11. 1988 ж. туған, Шапшал ауданы.
  94. Мәжит Күрес – 25.06.1965 ж. туған, Мұңғұлкүре ауданы.
  95. Еркінтай Шабал – 29.12.1977 ж. туған, Қарасу ауылы, Ағияз қыстағы.
  96. Көшербай Збила – 01.01.1989 ж. туған, Қайыңды ауылы, Мұзартағын қыстағы.
  97. Өкен Жәмила – 01.03.1971 ж. туған, Әскери жылқы фермасы.
  98. Әубәкір Мансұр – 1978 ж. туған, Қарасу ауылы, Басқарасу қыстағы.
  99. Тоқтарбай Айтжан – 1982 ж. туған, Қарасу ауылы, Басқарасу қыстағы.
  100. Құрманжан Маржан – 1981 ж. туған. Қотырқай қыстағы.
  101. Әбдірахман Нұрберген – 1976 ж. туған, Жуантөбе кенті.
  102. Мұхамет Нұрсерік – 1977 ж. туған, Ақдала ауылы, Талтысай қыстағы.
  103. Сенбай Амантай – 01.06.1982 ж. туған, Талтысай қыстағы.
  104. Нұрдәулет Нұрсұлтан – 1987 ж. туған, Ақдала ауылы, Кеңсай қыстағы.
  105. Ауқади Нұрбақыт – 1970 ж. туған, Ақдала ауылы, Қотырқай қыстағы.
  106. Шәкен Бүбінұр – 1973 ж. туған, Ақдала ауылы, Қотырқай қыстағы.
  107. Жоламан Нұсыпәлі – 1987 ж. туған, Нәсілді жылқы фермасы.
  108. Әлімжан Несіпхан – Ақдала ауылы, Қотырқай қыстағы.
  109. Жұман Сәрсемхан – Ақдала ауылы, Қотырқай қыстағы.
  110. Еркінбек Құндыз – Ақдала ауылы, Қотырқай қыстағы.
  111. Еркінбек Сипат – Ақдала ауылы, Қотырқай қыстағы.

(медиа-проект «DAT» №35 (447) от 4 октября 2018 г.)

Республиканский еженедельник онлайн