Суббота , 5 июля 2025

Серікболсын ӘБДІЛДИН: Жолдаудың мазмұны мен мағынасы атына сай емес

Серік­бол­сын ӘБДІЛДИН

Қаза­қстан пре­зи­ден­ті Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев биы­лғы жыл басы­нан бері халы­ққа екін­ші рет жол­дау жаса­ды. Елдің әле­умет­тік-эко­но­ми­ка­лық дамуы мен аза­мат­тар­дың әл-ауқа­ты­на арналған, бірақ сая­си өзгерістер тура­сын­да тіс жар­маған бұл жол­да­удың мақ­са­ты не еді? 

Әле­умет­тік желіні «жарып» жатқан бұл сұраққа қаты­сты билік­ке қарай­лас БАҚ тігісін жазған сөз айт­пай­ды. Осы орай­да жол­да­удың мән-жай­ын талқы­лау мақ­са­тын­да редак­ци­я­мы­зға бел­гілі мем­ле­кет және қоғам қай­рат­кері Серік­бол­сын аға Әбділ­дин­ді шақы­рған едік.

– Серік­бол­сын аға, пре­зи­дент Назар­ба­ев халы­ққа биыл бір жыл­да екі бір­дей жол­дау жол­да­ды. Қаңтар айын­дағы алға­шқы жол­да­уы жүзе­ге асты ма, жоқ па: ол жағы­нан ешқан­дай есеп жоқ. Сон­да бір жыл­дағы екі жол­да­удың мән-мақ­са­ты не болға­ны – оны сіз қалай бағамдайсыз?

– Назар­ба­ев­тың жыл сай­ы­нғы жол­да­уын оқи­мын да, тың­дай­мын да, оның қалай іске асып жатқа­нын бағам­дап, ойла­нып оты­ра­мын. Әрбір жол­да­удың мәтіні өте жақ­сы жазы­ла­ды, халы­қтың құлағы­на жаға­тын, тың­дағы­сы келетін мәсе­ле қам­ты­ла­ды. Алай­да жол­да­удағы тап­сыр­ма­ла­ры сол айты­лған бойы сөз жүзін­де қала береді. Бір жыл өте ме, бес жыл өте ме, қабыл­данған шешім­дер­дің қалай орын­далға­ны жөнін­де ешкім есеп бер­мей­ді. Сол себеп­тен де бұл жол­да­уы­ңы­зды да – далаға жөңкіл­ген бос сөз деп есептеймін. 

– Тәу­ел­сіз сарап­шы­лар бұл жол­да­уды мез­гілі­нен тыс өтетін сай­лау алдын­дағы пиар-жол­дау деген жора­мал айтып жатыр. Ал сіз нен­дей ой түй­діңіз?

– Бұл мәсе­ле үне­мі айты­лып жүр ғой. Біздің елде сай­лау өткі­зу деген бір адам­ның мүд­десін­де­гі шаруа. Ол қашан өткіз­гісі кел­се, сол кез­де өте сала­тын науқан. Демо­кра­ти­я­лық, құқы­қтық мем­ле­кет­піз деп мақта­нып жүр­міз ғой, ал шынын айтқан­да, бір­де-бір сай­лау өз уақы­тын­да және бір­де-бір сай­лау әділет­ті өткен емес. Демо­кра­ти­я­лық жол­мен пар­ла­мент құры­лған жоқ. Сол себеп­тен де сай­лау өтсе де, өтпе­се де, оның нәти­же­сі қан­дай бола­ты­ны бел­гілі. Сай­лау өткен күн­нің өзін­де ешкім де одан жақ­сы­лық тап­пай­ды. Пре­зи­дент қалай шешім қабыл­дай­ды, сол орын­да­ла­ды. Халы­қта басқа­дай таң­дау құқы жоқ.

– Соңғы 10–15 жыл көле­мін­де­гі жыл сай­ы­нғы жол­да­уда елде сая­си рефор­ма­лар жүр­гі­зу жөнін­де­гі басты мәсе­ле айтыл­май­ды, биыл да солай бол­ды – сая­си өзгерістер жасау жөнін­де бір ауыз сөз жоқ. Сая­си дағ­да­ры­стың тоқы­ра­уы­на қамалған мем­ле­кет­те әле­умет­тік мәсе­лені бір жол­да­у­мен шешіп тастау мүм­кін бе?

– Баяғы­да тәу­ел­сіздік құжат­та­ры қабыл­данған жыл­да­ры Нұре­кең­мен бір­ге қыз­мет­тес бол­дық. Сол кез­дері ол кісінің сая­си рефор­ма жаса­уды өзіне қар­сы жаса­лып жатқан жұмыс деп қабыл­дай­ты­ны­на көзім жет­ті. Егер өзін біреу сынай­тын бол­са, ол оған – сая­сат. Ал ондай сая­сат­пен айна­лы­сқан адам қуғы­нға тап болады. 

Бер­тін­де ол «Жоғарғы кеңе­сті өзім тарат­тым» деп мой­ын­да­ды ғой. Ал елде демо­кра­ти­я­лық жол­мен сай­ланған сол жалғыз Кеңес тара­ты­лған­нан кей­ін ол «алды­мен – эко­но­ми­ка, сонан соң ғана – сая­сат» деген өзіне ғана түсінік­ті бағыт­ты тауып алды. Ал бүгін­гі күні не эко­но­ми­ка­сы, не сая­са­ты жоқ. Сая­си рефор­ма тура­лы сөзді ауы­зға алу­дан қорқады. 

Аны­ғын­да, билік басын­да Назар­ба­ев тұрған­да, ешқан­дай сая­си рефор­ма бол­май­ды. Бір-екі жыл бұрын өзінің билік­те­гі құзірет­терін пар­ла­мент пен үкі­мет­ке бөліп беретін болып, даб­ыл қақты ғой. Жұрт­тың бәрі «қан­дай дана, қан­дай ақыл­ды, қан­дай пай­ғам­бар» десті. Іс жүзін­де ондай өзгеріс­ке бастай­тын бір­де-бір қадам жасалған жоқ. Сон­ды­қтан Назар­ба­ев­тың кезін­де сая­си рефор­ма жасау деген мәсе­ле­ден үміті­мізді үзуі­міз керек. Ал жал­пы сая­си рефор­ма елге керек екені айдан анық, күн­нен жарық мәсе­ле: елде­гі тоқы­ра­удың бар­лы­ғы осы­ған тіреліп тұр! 

– Назар­ба­ев­тың «қазан жол­да­уын­дағы» халы­қты елең еткіз­ген мәсе­лесі – «2019 жыл­дың 1 қаңта­ры­нан бастап ең төмен­гі жалақы­ны 1,5 есе көбей­туді, яғни 28 мың­нан – 42 мыңға дей­ін өсіруді тап­сы­ра­мын», – дегені. Сіз эко­но­мист-маман ретін­де осы «1,5 есе» деген көр­сет­кі­шті қалай жік­теп берер едіңіз?

– Сая­сат­та шатағы жоқ қара­пай­ым адам үшін 1,5 есе­ге көбей­ген деген сөз – аз-маз бол­сын, табыст­ың өскенін көр­се­тер еді. Күнін зорға көріп оты­рған халық қолы­на қосым­ша там-тұм тиын-тебен түс­кеніне қуанады. 

Ал түп­теп кел­ген­де, ең төмен­гі жалақы­ны көбей­ту деген сөздің өзі шын­ды­ққа жана­спай­тын, түбірі­мен қате түсінік. Ондай көтер­ме ақы баяғы­да берілуі тиіс еді. Осы­дан оншақты жыл бұрын-ақ жалақы­ны көте­руді қолға алып, тұрғын­дар­дың айлық табысын көте­ру­ге мүм­кініді­гі­міз жетіп тұр­ды. Бүгін­гі 1,5 есе деген көтер­месі – сол кез­де­гі құл­ды­раған тең­генің инфля­ци­я­сы мен индек­са­ци­я­сын ғана жаба­тын, тіп­ті қазір­гі қым­бат­шы­лық жағ­дай­ын­да жыр­ты­ққа жамау бола алмай­тын сома. Кей­бір кез­де билік есе­леп, пай­ы­здап көбей­тіп жатқан қосым­ша ақы­ны – жалақы­ны көтер­ді деп түсін­бе­уі­міз керек. Бұл – дер кезін­де қолға алмаған мүм­кін­дік­тің жолын жабу­дың ама­лы ғана. 

Шын­ды­ғын­да, ел тұрғын­да­ры инфля­ция мен деваль­ва­ци­я­ның бір­не­ше есе­лен­ген үсте­месін алу­дан қағыл­ды, қосы­ла­ды деген 1,5 пай­ыз – бұл ел-жұрт­ты алдан­ды­рған ең аз мөл­шер ғана.
Елдің көп­шілі­гі осы мәсе­ленің бай­ы­бы­на бар­май­ды, тіп­ті мені­мен қыз­мет­тес болып жүр­ген про­фес­сор­лар­дың өзі «айлы­ғы­мы­зды көтер­ді» деп дау­ры­ғып жүр. Күн­делік­ті тұты­на­тын азық-түлі­гі мен тау­ар­ла­рын сатып алу мүм­кін­ді­гі азай­ға­нын біле тұра, айлық көбей­ді деп сенеді: «пре­зи­дент жалақым­ды көтер­ді» деп мәз бола­ды. Бұл – тек эко­но­ми­стер ғана түсі­нетін мәсе­ле емес, ол «бат­пан құй­ры­қтың» аста­рын­да көз­бо­я­у­шы­лық бары­на өз күнін өздері көріп оты­рған елдің көзі жететін уақы­ты болды. 

– Ең алды­мен «пре­зи­дент­тің халы­ққа жол­да­уы» деген не екенін оқыр­манға түсін­ді­ре кетей­ік­ші, аға. Соңғы кез­дері Назар­ба­ев өз жол­да­уын теле­ка­ме­раға жаз­ды­рып жол­дай­тын еді, бұл жолы Ақор­да­ның үлкен залы­на тек қана мем­ле­кет­тік шене­унік­тер­ді – мини­стр­лер мен әкім­дер­ді, пар­ла­мент депу­тат­та­ры мен бірен-сараң ұлт­тық ком­па­ни­я­ның бас­шы­ла­рын ғана жинап­ты. Сон­да «халы­ққа жол­дау» деген тір­кесте­гі «халық» қай­да қал­ды?

– Мәсе­лен, сіз теат­рға барға­ны­ңы­зда, актер­лар­дың қан­дай қимыл-әре­кет жасай­ты­нын бай­қап оты­рас­ыз. Әрбір актер өзінің шебер­лі­гін көр­се­ту­ге тыры­са­ды. Сол сияқты біздің пре­зи­дент те жалғыз актер­дың рөлін орын­дай­ды. Осы жолғы жол­да­уы – баяғы заман­да Мини­стр­лер кеңесінің оты­ры­сын өткіз­гені сияқты болды. 

Мини­стр­лер­ді, облыс бас­шы­ла­рын тұрғы­зып қой­ып, сіл­кілеп, сынау әдетіне қай­та орал­ды. Өзін-өзі көр­сетіп қалуға тыры­сқан бас­шы­ның даңға­за әре­кет­тері осын­дай бола­ды. Әрине, халы­ққа арналған жол­дау –халы­қтық сипатта болуы керек. Ал мынау жол­да­уы – үкі­мет­ке тап­сыр­ма беру дең­гей­і­нен ары­ға аспа­ды. Жол­дау деп даб­ы­ра қыл­май, мини­стр­лері мен әкім­дерін оңа­ша шақы­рып алып, тап­сыр­ма­сын үйіп-төгіп бер­се бола­тын еді ғой. Сон­ды­қтан сая­си тұрғы­да сипа­ты болуы тиіс жол­да­удың маз­мұ­ны мен мағы­на­сы аты­на сай болмады. 

– Серік­бол­сын аға, өзіңіз де бай­қаған шығар­сыз: Назар­ба­ев «халық тұты­на­тын тау­ар­лар шыға­ра­тын уақыт кел­ді» деді. Сон­да, оның айтуы­на қараған­да, бұған дей­ін мем­ле­кет шет­ке шикі­зат қана сатып, тау­ар шыға­руға мән бер­мей кел­ген бе?

– Пре­зи­дент­тің баяғы­да билік­ті уысы­ма ала­мын деп жүр­ген жыл­да­ры айтқан сөзі әлі ойым­да: «Халық бүгін-ертең жақ­сы­лы­қты көруі керек. Айлап-жыл­дап күтудің қажеті жоқ. Егер сол жақ­сы­лы­қты біз жасай алма­сақ, біз жүр­гіз­ген рефор­ма­ның құны – көк тиын» деуші еді. Бірақ сөзін­де тұр­ма­ды. Енді ара­да 27 жыл өткен соң, тағы да «халы­қтың жағ­дай­ын ойлап отыр­мын» дейді. 

Халы­қтың жағ­дай­ын ойлай­тын сая­сат­тың түп негізі – біреу. Ол – халық тұты­на­тын тау­ар­ды: киім­ді де, азық-түлік­ті де өзі­міз шыға­руы­мыз керек. Нұре­кеңнің айтып оты­рған бір шын­ды­ғы: «менің киі­мім өзі­міз­де шыққан» дей­ді. Ол киі­мінің біз­де шыққан шыны мен өтірі­гін білу қиын. Ал оты­рған басқа­ла­ры­ның киі­мі шетел­дікі екені рас. 

Нарық эко­но­ми­ка­сы­на көш­сек деген сая­сат тәу­ел­сіздік алған жыл­дар­дың басын­да жасалған. Ондағы ең негіз­гі мәсе­ле –эко­но­ми­ка, өндіріс еді. Осы күн­ге дей­ін сырт­тың тау­а­рын әке­летін бол­сақ, онда шетел­дің өндірісіне ақша құй­ып жатыр­мыз деген сөз. Пре­зи­дент­тің айтып оты­рға­ны дұрыс болға­ны­мен, нақты атқа­ры­лып жатқан іс жоқ. Өкіні­штісі – билік­тің өзі пре­зи­дент­тен бастап өнім өндіру­ге күш сала­тын бол­са, «экс­пор­тқа шыға­ру қажет» деп, жарғақ құлақта­ры жасты­ққа тимей­тіні қалай? 

Біз эко­но­ми­ка­мы­зды дұрыс жолға қоя­мыз десек, Қаза­қстан­ның тұты­на­тын тау­ар­ла­рын өзі­міз шыға­ра­тын шағын және орта биз­неске кеңі­нен жол ашуы­мыз керек еді. Оның пай­да­сы көп, бірін­ші­ден, өндіріс – жұмыс орны; екін­ші­ден – табыс; үшін­ші­ден –ден­са­улық, төр­тін­ші­ден – әле­умет­тік тұр­мыс жағ­дай­ы­мыз жақсарады. 

Ал бүгін­де біз­де бәрі керісін­ше, өндірісті дамы­ту­дың орны­на оңай ақша табу­дың жол­да­рын іздей­ді. Ақша өзі­міз­де жет­пе­се, сырт­тан қарыз ала­ды. Ал сырт­тан қарыз алу – қай­ыр­шы­ның ама­лы. Сырт­тан ешкім тегін ақша тарат­пай­ды, оның өсім пай­ы­зы бола­ды, уақы­ты­мен қай­та­ру керек, ал төлен­бе­ген қан­ша­ма мил­ли­ард­тар біздің бола­шақ ұрпағы­мы­здың мой­ны­на ілін­ді. Сон­ды­қтан сая­сат­тың ең үлкені – тау­ар өндірісін жасау. Оған біздің шикі­за­ты­мыз жете­ді. Ауыл шару­а­шы­лы­ғын көтер­сек, шет­тен ешқан­дай азық-түлік тасу­дың қажет­тілі­гі бол­май­ды. Бұрын ондай қажет­тілік болған еді: шет­тен – шай мен кофе, кон­ди­тер­лік өнім­ге қажет­ті какао мен аз-маз қант ала­тын­быз. Қазір еттің өзін сонау Бра­зи­ли­ядан таси­мыз. Осы ма біздің дамып жатқан экономикамыз?! 

Ең бастысы – азық-түлік пен тауар өндіретін өндірісті құртпау керек еді. 

Ет пен сүт, көкөніс өнім­дерін өңдей­тін ірі-ірі ком­би­нат­тар бол­ды: сон­дай өндіріс ошақта­рын жой­ған кім? Біздің өркен­деп, жай­қа­лып тұрған ауыл­ды құр­тқан кім? Кол­хоз бен сов­хоз­ды күшпен таратқан кім? Бар мәсе­ле осы сұрақтарға келіп тіреледі. 

Ет пен сүт, көкөніс өнім­дерін өңдей­тін ірі-ірі ком­би­нат­тар бол­ды: сон­дай өндіріс ошақта­рын жой­ған кім? Біздің өркен­деп, жай­қа­лып тұрған ауыл­ды құр­тқан кім? Кол­хоз бен сов­хоз­ды күшпен таратқан кім? Бар мәсе­ле осы сұрақтарға келіп тіреледі. 

– Пре­зи­дент Назар­ба­ев­тың «созыл­ма­лы инве­сти­ци­я­лық сырқа­ты» бар екенін білесіз ғой, аға: бұл жолы ол «300 млрд тең­гелік «тіке­лей инве­сти­ци­я­лар қорын құру­ды тап­сыр­ды». Жал­пы алған­да, «инве­сти­ция» деген қар­жы, оның ішін­де әсіре­се шетел­дік инве­сти­ция елге «өз аяғы­мен» келу үшін, не істе­луі керек еді? Еркін ойлы аза­мат­та­ры қама­лып, қуда­ла­у­ға түсіп жатқан елге инве­сти­ция «өз аяғы­мен» келу­ші ме еді?

– Біздің түсіні­гі­міз­де­гі инве­сти­ция – сырт­тан келетін ақша. Оның қай­та­ру құны өте қым­батқа түседі. Ал жер­гілік­ті инве­сти­ци­я­ны бай­ы­ған, ауқат­танған аза­мат­тар ғана әке­ле ала­ды. Біздің мем­ле­кет баюға мүм­кін­дік беретін сон­дай жағ­дай­ды шетел­дік­тер­ге ғана жасап отыр. Ал эко­но­ми­ка­лық жеңіл­дік­тер­ден қағы­лған ұлт­тық биз­нес қай­ыр­шы­ның күнін кешу­де. Бір мысал кел­тірей­ін: қан­ша­ма дик­та­тор десек те, Ливи­яда Кадаф­фи­дың кезін­де мұнай өндіретін шетел­дік ком­па­ни­я­лар­дың үлесі – 19 пай­ыз, елге қала­тын үлесі – 81 пай­ыз болып бел­гі­лен­ді. Ал Қаза­қстан­да керісін­ше, өндіре­летін мұнай­дан қала­тын үлес – 19 пай­ыз да, шет­тен кел­ген инве­сторға – 81 пай­ы­зды беріп жібе­ре­міз. Соның өзі сая­си қателік қана емес, ұлт алдын­дағы үлкен қыл­мыс болып баға­ла­нуы тиіс. Дүние жүзін­де мұн­дай шарт аты­мен жоқ. Сол себеп­тен де біз­ге инве­сти­ция ауыл шару­а­шы­лы­ғын көте­ру­ге, өнім өңдей­тін өндіріс ошақта­ры­на кел­мей­ді. Келетіні – жер­дің астын­дағы қаз­ба бай­лы­ғын, шикі­затты шет­ке тасуға ғана келеді. Қаза­қстан­дық билік шетел­дік­тер­дің табыс табуы­на ғана жағ­дай жасап отыр. 

– Билік­тің осын­дай әркеті­нен құты­лу үшін де, елге сая­си өзгеріс керек-ақ. Амал қай­сы?.. Айт­пақ­шы, пре­зи­дент Назар­ба­ев жер­гілік­ті әкім-қара­ның қол­ба­ла­сы­на айналған мұғалім­дер қауы­мы­ның ста­ту­сын бел­гілей­тін заң дай­ын­дау қажет­ті­гін айт­ты. Сіз өзіңіз де педа­гог ретін­де бұл баста­ма­ны қол­дай­тын шығарсыз?

– Бар мәсе­ле мұғалім­нің өзіне тіреліп тұрған жоқ. Мәсе­ле –мұғалім­нің мәр­те­бесін көте­ру­де. Сай­лау науқа­нын­да мұғалім­дер­ді жұм­сай­тын кім? Сая­си пар­ти­я­лар емес, билік­тің өзі. Жұм­саға­ны­мен қой­май, қара­лық жаса­уға, сай­лау қор­тындыс­ын бұр­ма­ла­у­ға, пара алуға үйре­те­ді. Содан кей­ін қоғам­да «мұғалім нашар» деген пікір қалып­та­сты­ра­ды. Бұл – зор­лық пен зомбы­лы­қтың сая­си түрі. Олар­ды «ұстаз» деп құр­мет­ті атағы­нан, сый­лы жол­дан тай­ды­рған – билік­тің өзі. 

Енді оларға заң шыға­рып, реті кел­се, сол арқы­лы жаза­лау тәр­тібін енгіз­бек­ші. Күл­кілі жағ­дай. Заң қабыл­да­на­ды деп қуа­нып жүр­ген қауым сол заң­нан пай­да көретініне күмәнім көп. Қан­ша­ма жақ­сы заң­дар қабыл­дан­ды, соның бірі де тия­нақты іске асқан жоқ. Елде­гі бар­лық қиын­ды­қты біліксіз билік­тің өзі жасап отыр.

Мен «Жаңа Қаза­қстан» фору­мын­дағы аза­мат­тарға риза­мын. Бірақ олар бүгін­гі мем­ле­кет бас­шы­сы оты­рған уақыт­та ештеңе жасай алмас, ол билік­тен кет­кен күні ел тіз­гі­нен қолға алса, осы сұх­бат бары­сын­да айты­лған мәсе­ле­лер­ді шешеді деп ойлаймын. 

– Осы жолғы жол­дау әдет­те­гі­дей тағы да бастан-аяқ орыс тілін­де жасал­ды. Бұдан сіз қан­дай қоры­тын­ды шыға­рар едіңіз?

– Жол­да­удың орын­да­луы тіл­ге ғана тіреліп тұр­са ғой, шір­кін?! Егер пре­зи­дент қаза­қ­ша сөй­леп, іле­с­пе аудар­ма­мен өзге­лер­дің құлағы­на жетіп жат­са, мәсе­ле жоқ. Әлем елдері баяғы­дан бері қол­да­нып жүр­ген, ондай қыз­мет түрі біз­де де дамы­м­аған. Орыс­ша-қаза­қ­ша деп бөліп қараған­нан гөрі, айты­лған уәде­лерінің орын­да­луы­на мән беру керек. Сөздің құны, сал­мағы қан­ша­лы­қты дең­гей­де бол­ды? Деген­мен, дәл осы жолы жол­да­уды қаза­қ­ша оқы­са да, жақ­сы­лық күт­пей­тін едім… 

– Рах­мет аға, біз қаза­қтың жақ­сы­лық көрер күні жақын қал­ды деп сен­гі­міз келеді. Аман болы­ңыз!

Бақыт­гүл МӘКІМБАЙ,
«D»

(медиа-про­ект «DAT» №36 (448) от 11 октяб­ря 2018 г.)

Республиканский еженедельник онлайн