Суббота , 5 июля 2025

Қазақстанның ҚАЙ ЖОЛМЕН дамығаны жөн?

Биыл еліміздің егеменді ел болып, тәуелсіздігімізді алғанымызға 27 жыл толады. Бірақ күні бүгінге дейін еліміздің алдына қандай мақсат қойып, қай бағытта дамып келгені әлі белгісіз. Себебі – сөз жүзінде бостандыққа қол жеткізген тәуелсіз елміз, ал іс жүзінде – сол бұрынғы кеңес заманындағы өмір салтымен өмір сүріп отырмыз.

Про­ле­тар­лық ойшыл Марк­стің тілі­мен айтқан­да, «сана­ны тұр­мыс билей­ді» деген қағи­да­мен, интер­на­ци­о­нал­дық идео­ло­ги­я­ны бас­шы­лы­ққа алып, күш кешу үстін­де­міз. Көп­шілік жұрт – «күні­мізді қалай көре­міз» деген­ді уай­ым­да­са, ат төбелін­дей ғана билік пен оның айна­ла­сын­дағы топ «бай­ы­ған­ның үстіне баю­дың» қамын­да жүр.
Әр нәр­сенің сал­да­рын түзеу үшін, әуелі оның себебін біліп алуы­мыз керек. Өткен ғасыр­дың тоқ­са­нын­шы жыл­да­ры қоғам­дық бай­лы­қты жеке­ше­лен­ді­ру кезін­де­гі жүр­гізіл­ген әділет­сіз сая­сат­тың сал­да­ры­нан билік басын­дағы шене­унік­тер бар бай­лы­ққа ие болып, қара­пай­ым халық қу кедей­ге айнал­ды. Бұры­нғы жұмыс істеп тұрған завод-фаб­ри­ка­лар жабы­лып, кол­хоз-сов­хоз­дар тара­ты­лып, халық жап­пай жұмыс­сыз қал­ды. Соның сал­да­ры­нан қоға­мы­м­ы­зда әділет­сіздік пай­да болып, руха­ни құн­ды­лы­қтар­дың қадірі кетіп, мате­ри­ал­дық игілік­ке құштар­лық арт­ты. Сол себеп­ті қоғам­да әртүр­лі қыл­мыс көбей­іп, заң жұмыс істе­мей, жемқор­лық пен парақор­лық етек жайды.

Егер де жағ­дай осы­лай жалға­са бер­се, бұл біздің елі­міздің бола­шақ тағ­ды­ры­на қауіп төн­діруі әбден мүм­кін. Сон­ды­қтан осы елде өмір сүретін қазір­гі ұрпақ бұл мәсе­ле жөнін­де терең ойла­нып, оның себебін аны­қтап, зиян­ды сал­да­рын қайт­кен­де түзе­у­ге бола­ты­ны жөнін­де бір шешім­ге келіп, соны іске асы­руға әре­кет жаса­у­ла­ры керек. 

Ол үшін, бірін­ші­ден, қоғам­да өмір сүретін жеке адам­дар­дың құқы­ғы жан-жақты қорға­луы тиіс. Елден ерек ешкім бол­мауы керек. 

Екін­ші­ден, мем­ле­кет құру­шы титул­ды ұлт­тың мүд­десі сақта­лып, әле­умет­тік-тұр­мыстық аху­а­лы жақ­са­руы тиіс. Қазақ көр­кей­мей – ел көркеймейді. 

Үшін­ші­ден, қазақ қоға­мы демо­кра­ти­я­лық жол­мен дамып, мате­ри­ал­дық игілік­тер­ді әділет­ті түр­де бөліс­ке салу ере­же­сі заң­мен қам­та­ма­сыз етілуі тиіс. Төр­тін­ші­ден, осы­лар­дың бар­лы­ғы­на кепіл бола­тын құқы­қтық мем­ле­кет қалып­та­суы керек.

Жеке адам­дар­дың құқы­ғы – сая­си, эко­но­ми­ка­лық, руха­ни, бір­не­ше топқа бөлі­нуі мүм­кін. Сая­си құқық – ел аза­мат­та­ры­ның мем­ле­кет ісін басқа­руға қаты­суы, сай­ла­у­ға және сай­ла­нуға, қоғам өміріне бел­сен­ді ара­ла­суға кепіл­дік беруі қажет. Ал эко­но­ми­ка­лық құқық – жеке адам­дар­дың тұты­ну затта­рын, жеке мен­ші­гін, жұмыс күшін, іскер­лі­гін еркін пай­да­ла­нуға жан-жақты жол берілуі тиіс. Ал руха­ни құқық – адам­ның мәде­ни дамуын жетіл­діріп, білім алуы­на, өнер­мен айна­лы­суға, адам­гер­шілік қаты­на­сты жетіл­діру­ге мүм­кін­дік береді. 

Егер де елі­міздің тәу­ел­сіздік алған­нан бер­гі даму жолы­на сарап­та­ма жасап көр­сек, осы айты­лған жағ­да­ят­тар толық сақта­лып отыр деп айта алмай­мыз. Оған дәлел­ді күн­де көгіл­дір экран­нан көріп, қоғам­дық ақпа­рат құрал­да­ры­нан оқып, білу­ге бола­ды. Көп­шілік халық екі қолға бір күрек тап­пай, жұмыс­сыз жүр; бас­па­на­сыз әле­умет­тік топ­тың ашу-ыза­сы арта түсу­де; жал­да­ма­лы жұмыс­кер­лер­дің табысы бан­кілік неси­ені жабу мен күн­делік­ті азық-түлі­гі­нен арт­пай­ды. Соның сал­да­ры­нан қоғам­да қыл­мыс көбей­ді, өзіне-өзі қол жұм­са­уға бара­тын­дар саны артты. 

Ал енді Қаза­қстан­да мем­ле­кет құру­шы титул­ды қазақ ұлты­ның қазір­гі жағ­дай­ы­на келетін бол­сақ, бұл – қоғам­ның тұтасқан про­бле­ма­сы­на айнал­ды. Негізін­де, әрбір мем­ле­кет­те сол мем­ле­кет­ті құру­шы титул­ды ұлт­тың мүд­десін қорғау сол мем­ле­кет­тің бірін­ші кезек­те­гі мін­деті болуы тиіс. 

Қаза­қтар елде­гі титул­ды ұлт саналға­ны­мен, олар солақай сая­сат­тың сал­да­ры­нан өзінің ұлт­тық бол­мысы­ның негізі болып сана­ла­тын – тілін, дінін, салт-дәстүрін жоғал­тып бара­ды. (Ал олар­дың әле­умет­тік-тұр­мыстық жағ­дай­ын елде­гі басқа ұлы­стар­мен салы­сты­руға кел­мей­ді). Сон­ды­қтан да қаза­қтар өздерінің ұлт­тық бол­мысын қал­пы­на кел­ті­ру үшін, билік елде отар­сыздан­ды­ру сая­са­тын жүр­гі­зуі керек еді. Сон­да жер­гілік­ті халық бұрын отар болған кезін­де қалып­тасқан құл­дық сана­дан ары­лып, бостан­ды­ққа ұмты­луы тиіс болатын. 

Бірақ та біздің билік ондай сая­сат­ты жүр­гіз­бей, сол бұры­нғы интер­на­ци­о­нал­дық идео­ло­ги­я­ны дәріп­теп, көп­шілік қауым­ның пси­хо­ло­ги­я­сы еш өзгеріс­сіз, сол бұры­нғы қал­пын­да қалып отыр. Оның үстіне Қаза­қстан­да қоғам­дық сана­ны қалып­та­сты­ра­тын ақпа­рат құрал­да­ры осы кез­де дей­ін Ресей­дің ықпа­лы­нан шыға алған жоқ. Соның сал­да­ры­нан қаза­қтар­дың ара­сын­да асси­ми­ля­ци­а­ла­ну про­цесі бұры­нғы­ша сақта­лып, жастар­дың көбі ана тілін біл­мей, мәң­гүр­теніп барады.

Кон­сти­ту­ция бой­ын­ша, Қаза­қстан­да мем­ле­кет­тік өкі­мет билі­гі – заң шыға­ру, атқа­ру және сот билі­гіне бөлу прин­ци­піне негіз­дел­ген бола­тын. Соған сәй­кес мем­ле­кет­тік орган­дар өз өкілет­тілі­гі ауқы­мын­да дер­бес, теже­мелік және тепе-теңдік жүй­есін пай­да­ла­на оты­рып, өза­ра ықпал­да­сып іс-әре­кет жаса­у­ла­ры керек еді. Бірақ билік соңғы жыл­да­ры Кон­сти­ту­ци­я­ны қай­та-қай­та өзгер­ту арқы­лы ел пре­зи­ден­ті өзінің қала­уы бой­ын­ша пре­зи­дент­тік сай­ла­у­ға түсуіне шек­теу қой­ыл­май­ды деген бап енгізді. Соның сал­да­ры­нан бір адам елді отыз жыл басқа­рып, бар билік қолын­да бол­са да, ештеңе­ге жау­ап бер­мей­тін авто­ри­тар­лық жүйе орна­тып, қоғам­ды сая­си-әле­умет­тік дағ­да­ры­сқа ұшы­ра­тып отыр. 

Қазір­гі билік басын­дағы шене­унік­тер­дің бар мақ­са­ты – қайт­кен­де де қазір­гі қол­да­рын­дағы билік­тен айы­ры­лып қал­мас үшін, пре­зи­дент­тік оры­нға ат төбелін­дей билік басын­дағы бюро­крат­тар­дың мүд­десін қорғай­тын өз ада­мын қою. Сол ойла­рын іске асы­ру үшін, билік тран­зи­ті жақын­даған сай­ын түр­лі айла-шарғы­ларға барып, жан­та­ла­сып жатыр. 

Мемлекет дегеніміз – саяси жүйенің басты элементі және оның негізгі ұйымы болып саналады. 

Ол арнайы қоғам­дық инсти­тут­тар­дан тұра­ды және сол мем­ле­кет­те өмір сүретін адам­дар­дың мүд­десін қорғай­ды. Соған орай адам­дар­дың ара қаты­на­ста­рын құқы­қтық ере­же­лер арқы­лы рет­теп отырады. 

Мем­ле­кет ішін­де­гі сая­си жүйе тота­ли­тар­лық, авто­ри­тар­лық, демо­кра­ти­я­лық болып бір­не­ше топ­тарға бөлі­неді. Мұн­дай топ­тар­дың негізі ретін­де қоғам ара­сын­дағы іс-әре­кет­тің сипа­ты мен тәсілі алынады. 

Қазір­гі кез­де Қаза­қстан­да авто­ри­тар­лық сая­си жүйе өзінің билі­гін жүр­гізіп отыр. Ал әлем­дік өрке­ни­ет көшіне еру үшін, қоға­мға кере­гі – демо­кра­ти­я­лық билік жүй­есі. Қоғам­да заң үстем­дік етуі үшін, ол елде құқы­қтық мем­ле­кет болуы керек. Ал құқы­қтық мем­ле­кет орна­ту үшін, әуелі аза­мат­тық қоғам қалып­та­сты­руы­мыз керек. Аза­мат­тық қоғам мем­ле­кет­тік құры­лым­нан тыс қалып­та­са­тын қоғам­дық-сая­си, әле­умет­тік-эко­но­ми­ка­лық және мәде­ни-руха­ни қаты­на­стар­дың тепе-теңді­гін сақтап оты­рар еді. Аза­мат­тық қоғам сая­си, мате­ри­ал­дық және руха­ни даму бары­сын­да жоға­ры жетістік­тер­ге қол жет­кіз­ген жағ­дай­да ғана елде құқы­қтық мем­ле­кет қалып­та­сты­руға болады.

Қаза­қстан қоға­мы бола­шақта әділет­ті дамып, өрке­ни­ет­ті елдер­дің қата­ры­на қосы­луы үшін, жоға­ры­да айты­лған төрт прин­цип, атап айтқан­да – адам құқы­ғын қорғау, титул­ды ұлт­тың мүд­десін сақтау, демо­кра­ти­я­лық қоғам құру, құқы­қты мем­ле­кет орна­ту сияқты прин­циптер­ге негіз­дел­ген иде­я­ны халы­қтың сана­сы­на сіңі­ре білуі­міз керек. 

Ол үшін біз әуелі сана­мы­зды сауы­қты­руға тиіс­піз. Себебі бір­не­ше ғасыр Ресей­дің, одан кей­ін «қызыл импе­ри­я­ның» бода­ны болып, отар­шыл­дық сая­сат­тың сал­да­ры­нан ұлт­тық сана­мыз әлсіреп, ұлт­тық бол­мысы­мы­здан ажы­рай баста­дық. Елі­міз тәу­ел­сіздік алған­нан кей­ін де, билік бұры­нғы ком­му­ни­стер­дің интер­на­ци­о­нал­дық идео­ло­ги­я­сын жалға­сты­рып, ұлты­мы­здың сая­си сана­сы еш өзгеріс­сіз қал­ды. Сон­ды­қтан да біз­ге ұлт­тық бол­мысы­мы­зды, сая­си сана­мы­зды ұлт­тық негіз­де қал­пы­на кел­тіріп, қаза­қи мүд­де­мізді қорғау үшін, ұлт­тық идео­ло­гия ауа­дай қажет. 

Ал сая­си сана біздің өмірі­міз­де­гі сая­си қаты­на­стар­ды айқын ажы­ра­та білуі­міз­ге сеп­ті­гін тигі­зеді. Қан­дай да бол­сын сая­си идея адам­дар­дың бел­гілі бір сезі­мін туды­рып, оның көңіл-күй­іне әсер етпей қой­май­ды. Сая­си сана­ның құрам­дас бөлі­гі және өзе­гі – сая­си идео­ло­гия болып табы­ла­ды, соны­мен қатар қоғам өмірін­де идео­ло­гия маңы­зды рөл атқа­ра­ды. Сая­си идео­ло­гия тео­ри­я­лық тұрғы­дан әле­умет­тік-топ­тық, діни қауым­да­стық неме­се титул­ды ұлт­тың негіз­гі мүд­де­лерін біл­діретін және оны қорғап, іске асы­ру­дың жол­да­ры мен ере­же­лерін белгілейді. 

Сая­си идео­ло­гия адам­дар­дың пси­хо­ло­ги­я­сы­на бұқа­ра­лық ақпа­рат құрал­да­ры арқы­лы әсер ете­ді. Оған бас­пасөз, теле­ди­дар, радио, бей­не­жа­зу­ды жатқы­зуға бола­ды. Демо­кра­ти­я­лық қоғам­да бұқа­ра­лық ақпа­рат құрал­да­ры арқы­лы шын­ды­қты айтуға бола­ды, ол өз кезе­гін­де қоғам­да оппо­зи­ци­я­лық күш­тер­дің пай­да болуы­на ықпал етеді.

Жиыр­ма­сын­шы ғасыр­дың соңын­да «зұлым­дық импе­ри­я­сы» деп аталған, тота­ли­тар­лық сая­си жүй­енің орда­сы болған «Совет Одағы» деген алып импе­рия ыды­рап, оның орнын­да бір­не­ше рес­пуб­ли­ка пай­да бол­ды. Бірақ та тота­ли­тар­лық жүй­енің шек­пе­ні­нен шыққан рес­пуб­ли­ка­ларға бір­ден демо­кра­ти­я­лық қоғам құру мүм­кін болмады. 

Соның сал­да­ры­нан «жаңа» ком­му­ни­стер­дің жете­гін­де­гі авто­ри­тар­лық жүйе пай­да бол­ды. Солар­дың бірі – Қаза­қстан. Соңы­нан кей­бір рес­пуб­ли­ка­лар­да халы­қтың тала­бы­мен билік ауы­сып, өзгерістер болға­ны рас. Тек Қаза­қстан тәу­ел­сіздік алған­нан бері еш өзгеріс­сіз қалып кел­ді. Алай­да өмір­де мәң­гілік ештеңе бол­май­ды, сон­ды­қтан бола­шақта біз­де де өзгеріс бола­ры анық. Әңгі­ме тек оның қалай және қай бағыт­та өзге­руін­де. Ал халы­қтық мақ­сат-мүд­де­лер өмір­де іске асуы үшін, халы­қтың сая­си сана­сы­на әсер ететін оның қолын­да идео­ло­ги­я­сы болуы керек.

Ермек МҰҚАНҒАЛИЕВ

Республиканский еженедельник онлайн