Суббота , 5 июля 2025

Тәуелсіз Қазақ мемлекетінің ЕКІЖҮЗДІ идеологиясы қалай жасалды

Соңғы он жыл­дың ішін­де­гі көп сөз болған да, бар­дан жоқ болған да, жоқтан бар ете алмай жатқан да мәсе­ле – ұлт­тық идео­ло­гия. Бәрі­міз де білетін сияқты­мыз, бірақ сынап­ша сырғып, қолы­мы­зға түс­пей­ді. Кей­де мен осы­ның басты себебі – бүгін­гі жүр­гізіп оты­рған мем­ле­кет­тік идео­ло­ги­яда ма деп те ойлай­мын. Егер ұлты­мыз өзінің мем­ле­кетін өмір­ге әкел­се, ұлт­тық идео­ло­ги­я­ны іздеп не жыны­мыз бар? Әлде Тәу­ел­сіздік алған­нан бері ешқан­дай идео­ло­ги­я­сыз, тақыр жер­де өмір сүр­дік пе? Қысқа­сы, біз қан­дай идео­ло­ги­я­ны ұста­нып, соған қаты­сты қан­дай идео­ло­ги­я­лық жұмыстар жүр­гізіп жатырмыз?



Тәу­ел­сіздік алған күн­нен бастап, Кеңес Одағы­ның ішін­де болған рес­пуб­ли­ка­лар­дың басым көп­шілі­гі тота­ли­тар­лық басқа­ру жүй­есіне негіз­дел­ген ком­му­ни­стік идео­ло­гия мен өзге ұлт­тар­ды оры­стан­ды­ру, орыс мәде­ни­етіне, орыс тіліне көші­ру идео­ло­ги­я­сы­нан ары­лу мәсе­лесін алда­ры­на қой­ды. Тота­ли­тар­лық жүй­енің әсері­нен қалып­тасқан ауру­дан толы­қтай құтыл­май­ын­ша, жаңа, ұлт­тық идео­ло­ги­я­ны енді­ре алмай­тын­ды­ғын олар жақ­сы түсінді. 

Әңгі­ме – мем­ле­кет­тік ту мен әнұран­ды, елтаң­ба­ны ауы­сты­ру емес, адам­дар­дың мем­ле­кет­ке деген көзқа­ра­сын, адам құқы­ғы мен еркін­ді­гіне деген түсіні­гін, ұлт­тың тарихы мен мәде­ни­етіне, тілі мен дініне деген көзқа­ра­сын бүтін­дей өзгер­ту­де бола­тын. Өкініш­ке орай, біздің елі­міз бұл мәсе­ле­лер­дің біріне де бар­ма­ды. Билік­тің идео­ло­ги­я­лық бағыт­тағы жасаған алға­шқы қада­мы – қазақ халқы­ның сан ғасыр­лар бойы арман­даған Қазақ рес­пуб­ли­ка­сы­ның атын «Қаза­қстанға» ауы­сты­ру болды. 

90-жыл­дар­дағы Тәу­ел­сіздік алуға бағыт­талған ұлт-азаттық қозға­лы­сы­ның бір құрам­дас бөлі­гі – тота­ли­тар­лық басқа­ру жүй­есін ауы­сты­рып, демо­кра­ти­я­лық жүй­е­ге бет бұру бола­тын. Сон­ды­қтан болу керек, бұры­нғы одақтағы көп­те­ген елдер ком­му­ни­стік идео­ло­ги­я­ның тео­ри­я­сын жаса­у­шы­лар мен оны жүзе­ге асы­ру­шы­лар­ды билік­тен ала­ста­туға күш салды. 

Жаңа сипаттағы жаңа елді бұры­нғы идео­лог­тар­дың биле­уі – сол идео­ло­ги­я­ның қай­та тірілуі болып табы­ла­ты­ны да айдан анық мәсе­ле. При­бал­ти­ка елдерін­де бұры­нғы ком­пар­ти­я­ның бас­шы­ла­ры бар­лық мем­ле­кет­тік басқа­ру жұмыста­ры­нан шыға­рыл­ды (көп жағ­дай­да аза­мат­тық мінезі бар қай­сар жан­дар­дың өздері-ақ «ком­пар­ти­я­ның сара жолын» мой­ын­да­май­тын жүй­е­ге қыз­мет істе­уден бас тарт­ты. Әрине, біздің қар­сы­ла­сы­мыз бол­са да, бұлар – нағыз адам­шы­лық, прин­ципшіл­дік екенін мой­ын­да­уы­мыз керек). 

Бұры­нғы ком­пар­тия тарихы­нан не ғылы­ми ком­му­низ­мнен атақ, лау­а­зым алған, оқы­ту­шы болған док­тор­лар «жалған ғылым­ды наси­хат­таға­ны үшін» атақта­ры­нан айы­рыл­ды, заң бой­ын­ша жұмыстан шыға­рыл­ды. Ком­му­ни­стік идео­ло­ги­я­ны халы­қтың сана­сы­на сіңді­ру үшін жаса­лы­нған бел­гілер (ескерт­кі­ш­тер, қала, көше атта­ры) алы­ны­лып тастал­ды, идео­ло­ги­я­лық мақ­сат­тағы кино-теле өнім­дер көр­сетіл­мей­тін бол­ды, т.т. Соны­мен қатар Кеңес өкі­меті кезін­де­гі сыр­тқы және ішкі сая­си қателік­тер жаңа тұрғы­дан бағаланды. 

Айта кету керек, демо­кра­ти­яға бір табан жақын Евро­па­дағы соци­а­ли­стік елдер бұдан да әрі кет­ті. Сол уақыт­тағы ком­пар­ти­я­ның жасаған қыл­мыста­ры (ком­му­ни­стер­дің ұғы­мын­ша – «жетістік­тері») әшке­ре­леніп, бас­шы­лар мен идео­лог­тар сотқа тартылды.

Қазақ рес­пуб­ли­ка­сын­да да айқай-шусыз ком­му­ни­стер­дің съезі болып, бір сәт­тің ішін­де олар өздерін «соци­а­ли­стік пар­ти­я­мыз» деп жари­я­ла­ды да, пар­ти­я­ның атын өзгер­ту­ші ком­па­ри­я­ның бас­шы­ла­ры өздерінің пар­ти­я­сы­на кіру­ден бас тарт­ты… Әрине, бәрі де бала­ның ойы­ны сияқты бол­ды, бірақ тәу­ел­сіздік дүбірі жақын­дап келе жатқан­да, ондай ойын­дарға ешкім пәлен­дей мән бер­ген жоқ. «Егер ком­пар­тия сүт­тен – ақ, судан – таза бол­са, нелік­тен жабыл­ды, ал халы­қтың алдын­да қыл­мысы бол­са, нелік­тен соның бас­шы­ла­ры жау­ап бер­мей­ді?» деген ақы­лға қоным­ды сұрақ күн тәр­тібі­нен түсіп қалды. 

Сон­ды­қтан болу керек, бел­гілі бір «рекла­ма­лық пау­за­дан» соң, бұры­нғы идео­ло­гия қай­та тіріл­ді де – ком­пар­ти­я­ның идео­лог­та­ры – мем­ле­кет­тік идео­ло­ги­я­ның сенім­ді сол­дат­та­ры­на айнал­ды. Мәс­ке­у­ге қыз­мет еткен, Кеңе­стік идео­ло­ги­я­ны қазақ жерін­де жүр­гі­зу­шілер тәу­ел­сіз Қазақ елінің еге­мен­ді идео­ло­ги­я­сын жүр­гізу­ге кірісті. 1991 жылғы Қазақ жерін­де­гі екі­жүзділік осы­лай бастал­ды: облы­стық ком­пар­тия бас­шы­ла­ры бір күн­нің ішін­де облы­стың әкі­мі болып атал­ды; «КПСС тарихы­нан» сабақ бер­ген ғалым­дар бір күн­нің ішін­де «Қаза­қстан тарихы­ның» мама­ны болып шыға кел­ді; ал өмір бойы Құдай­дың жоқ екен­ді­гін ғылы­ми түр­де дәлел­де­ген «Ғылы­ми ате­из­мнің» білік­ті ғұла­ма­ла­ры «Дін­нің тарихы­нан» сабақ бере баста­ды. Менің­ше, бұл жағ­дай қазақ тілі мама­ны­ның квант­тық физи­ка­дан дәріс оқуы­нан бір де кем емес. 

Қысқа­сы, Қаза­қстан­дағы мем­ле­кет­тік идео­ло­ги­я­ны жүр­гі­зетін адам­дар әуелі шапан­да­рын ауы­сты­рып алды. Әрине, ком­пар­ти­я­ның бас­шы­ла­ры болға­нын тарих беті­нен өшіріп тастай алмай­сың, сон­ды­қтан олар­дың жүр­гіз­ген алға­шқы идео­ло­ги­я­лық жұмыста­ры «Бәріне Мәс­кеу кінәлі, біз­дер сүт­тен – ақ, судан – таза­мыз» бол­ды. Сон­ды­қтан болуы керек, қазір­гі бас­шы­лар­дың өмір­де­ре­гі­нен «жоғарғы пар­тия мек­тебін бітір­ген» деген сөз­дер алы­нған да жоқ. Қаза­қстан ком­со­мол­да­ры өздерінің той­ла­рын (100 жыл­дық – Ред.) ашы­қтан-ашық дүріл­деп өткіз­ген­дері де осы кеңе­стік идео­ло­ги­я­ның толы­қтай сақталға­ны­ның куәсі.

Совет­тік идео­ло­ги­я­ны сақтау және оны Қазақ мем­ле­кетінің идео­ло­ги­я­сы­на айнал­ды­ру жөнін­де біз­дер Ресей­дің өзі­нен асып түсе­міз. Ресей Феде­ра­ци­я­сы өзінің жеке туын көтер­ген күн­нің ертеңіне ком­му­ни­стік идео­ло­ги­я­ның бел­гілері­нен құты­луға кірісіп, Улья­новск қала­сын – Ека­те­рин­бург, Ленин­град­ты – Санк-Петер­бург, Куй­бы­шев­ті – Сама­ра, т.т., жал­пы саны мың­даған елді мекен­дер­дің атта­рын ауы­сты­рып тас­та­са, Қазақ мем­ле­кетінің билі­гі екі қала­ның (Пав­ло­дар мен Пет­ро­павл) пат­ша­лық кезең­де­гі атта­рын ауы­сты­ру­дан бас тар­тып, жер тіреп отыр… 

Әлі есім­де, 1991 жылы Алма­ты­дағы Дзер­жин­ский­дің ескерт­кі­шін құла­туға ниет біл­дір­ген аза­мат­тар тұтқын­далған бола­тын. Ал Москва­ның қақ орта­сын­дағы «темір Феликс­тің» ескерт­кі­шін демон­таж жасаған­да, Ресей­де кіші­гірім той бол­ды… Бұл да біздің ком­му­ни­стік иде­яға оры­стар­дан да артық беріл­ген­ді­гі­міздің бел­гісі. Сон­ды­қтан болар, Қазақ жеріне, Қазақ еліне қан­дай жақ­сы­лық жасаға­ны бел­гісіз Фур­ма­нов, Уша­нов, Чапа­ев, Киров пен Кали­нин­дер­дің тас мүсін­дері қасқай­ып әлі де тұр. Құдай­ға шүкір, біз­дер үшін басқын­шы болып табы­ла­тын Ермак­тың ескерт­кі­ші «Азат» қозға­лы­сы­ның күші­мен алы­нып тасталды.

Совет­тік идео­ло­ги­яға мін­сіз берілудің тама­ша үлгісі – Кеңес өкі­метінің басқын­шы­лық соғы­ста­ры­на бүгін­ге дей­ін жоға­ры баға беру дер едім. Кеңес өкі­метінің бей­біт жатқан Ауған­станға басып кіруі – сол уақыт­та халы­қа­ра­лық дең­гей­де, кей­ін Кеңес өкі­метінің тарихын­да да «сая­си қателік» деп баға­ланға­ны бел­гілі. Әрине, Совет­тік идео­ло­гия бұл басқын­шы­лық әре­кет­ті «туы­сқан халы­ққа интер­на­ци­о­нал­дық көмек» деп көр­сет­ті. Өкініш­ке орай, бұл «қателік­тің» сал­да­ры­нан мың­даған жастар өмір­лерін беріп, мың­даған жан­дар жарым­жан болды.

Идео­ло­ги­я­лық ойын­ның құр­бан­да­ры қазір де ара­мы­зда жүр. Мен олар­дың сол бір әділет­сіз (басқын­шы­лық!) соғы­ста көр­сет­кен ерлік­терін жоққа шыға­рай­ын деп оты­рған жоқ­пын. Жауын­гер­лер­дің мін­деті – бұй­ры­қты орын­дау. Бірақ оларға Қазақ жерінің қала­ла­рын­да ескерт­кі­ш­тер қой­ып, идео­ло­ги­я­лық құралға айнал­ды­ру – түсініксіз мәсе­ле… Өзінің елін-жерін (мей­лі ол Кеңес өкі­меті бол­сын) қорға­маған, не бол­ма­са өз халқы­ның тәу­ел­сізді­гі үшін күре­спе­ген жан­дарға құр­мет көр­се­ту – сол басқын­шы­лық соғы­сты құр­мет­теу, наси­хат­тау болып табыл­май­ды ма? 

Менің білуім­ше, тәу­ел­сіздік үшін күрес­кен Жел­тоқ­сан­ды­қтарға бір ғана ескерт­кіш орна­тыл­са, Ауған соғы­сы­на қаты­су­шы­ларға арналған оншақты ескерт­кіш бар екен! (Айта кету керек, Кеңес өкі­меті тараған уақыт­та Ресей өзін СССР-дің мұра­гері деп жари­я­лап, сол мем­ле­кет­тің бар­лық мін­детін де, бай­лы­ғын да өздерінің мой­ын­да­ры­на алған. Демек, Ауған соғы­сы­на қаты­сқан аза­мат­тарға әле­умет­тік көмек те сол Ресей тара­пы­нан берілуі керек). Бұл – жүзе­ге асы­луы керек Қазақ мем­ле­кетінің идео­ло­ги­я­сы мен қазір­гі жүр­гізіліп оты­рған Кеңес өкі­метінің идео­ло­ги­я­сын салы­сты­ру­дың ең қара­пай­ым түрі. 

Менің­ше, Аста­на­ның орта­сы­нан қолы­на авто­мат ұстаған, сәл­десі желбіре­ген, қаба сақал­ды мод­жа­хет­тің (Ауған­дық сар­ба­з­дың) ескерт­кі­шін қоя­тын уақыт жет­кен сияқты. Ескерт­кі­штің асты­на «Ота­ны­ң­ды, жеріңді дәл осы Ауған аза­мат­та­рын­дай қорға!» деген сөз жазы­луы керек. Ешқа­шан басқа елдің қол асты­на түс­пе­ген, жері үшін өмір­лерін беру­ге дай­ын ауған халқы­ның ерлі­гі біз­дер­ге де үлгі бол­сын. Бұн­дай ескерт­кі­штің жақын ара­да бой көтер­мей­тінін жақ­сы біле­мін, себебі бұл – ауған сар­ба­з­да­рын дұшпан ретін­де көр­се­тетін Совет­тік идео­ло­ги­яға қар­сы бастама. 

Ал тәу­ел­сіз Қазақ елі әлі де сол идео­ло­ги­я­ның құлы болып отыр. Алай­да әлім­сақтан бастап басқа елге, жер­ге басып кір­ген­дер – дұшпан болып сана­ла­ды. Мүм­кін, «Ауған соғы­сы­на көзқа­рас» идео­ло­ги­я­сы – мем­ле­кет­тің жүр­гізіп оты­рған сая­са­ты­ның дұрыс-бұры­сты­ғы­на қара­май, көзіңді жұмып, бағы­на беруді наси­хат­тай­тын идео­ло­гия шығар. Бұл да – нағыз тота­ли­тар­лық, совет­тік идео­ло­гия болып табылады. 

Совет­тік идео­ло­гия өз кезін­де ұлт-азаттық күре­стің құр­бан­да­ры­нан – Ұлы Отан соғы­сы­ның құр­бан­да­рын жоға­ры қоя­тын. Біздің Қазақ мем­ле­кетінің идео­ло­ги­я­сы бүгін де осы жол­дан тай­май келеді. Сон­ды­қтан болуы керек, біз қазақ ұлтын, қазақ елін сақтап қалған Аңы­рақай шай­қа­сын емес, Екін­ші дүни­е­жүзілік соғы­стың аяқталған күнін ерекше тойлаймыз.

Идео­ло­ги­я­ны халы­ққа жет­кі­зудің басты жол­да­ры – оқу-білім мен мәде­ни­ет болып табы­ла­ды. Тәу­ел­сіздік жари­я­лап, мүл­дем басқа қоғам­дық фор­ма­ци­яға көш­сек те, біздің оқу бағ­дар­ла­ма­мыз да Совет­тік идео­ло­ги­я­ны тара­ту­шы болып отыр; оқулы­қтар­ды ашып қал­саңыз, ұлты­мы­зды қан жылатқан кол­лек­тив­тен­ді­ру де, жері­мізді оры­стан­ды­ру­дың ең тиім­ді жос­па­ры­на айналған тың иге­ру де қазақ халқы үшін үлкен жетістік екен. Біздің пуб­ли­ци­сти­ка жан­ры тарих­шы­лар­мен бірі­ге оты­рып, 30-жыл­дар­дағы кол­лек­тив­тен­дірудің зоба­лаңын алды­мы­зға тарт­са, 50-жыл­дар­дағы тың иге­рудің ұлт­тық мәсе­ле­ге, эко­но­ми­каға тигіз­ген зардап­та­рын жеріне жет­кі­зе көр­сет­се, ресми идео­ло­гия 80-жыл­дар­дағы көзқа­рас­ты тық­па­лай­ды. Мүм­кін, сол оқулы­қтар­ды жаза­тын жан­дар мен оны қабыл­дай­тын мини­стр­лік­тің қыз­мет­кер­лері де кезін­де ком­му­ни­стік идео­ло­ги­я­ның жалын­ды сар­ба­з­да­ры болған шығар…

Ең қызы­ғы, идео­ло­ги­я­ны тара­ту тәсіл­дері де бұры­нғы совет­тік кезең­ге қай­тып келе жатыр. 90-жыл­да­ры қағазға қарап, сөз сөй­лей­тін бас­шы­ларға жұрт­шы­лық күле қарай­тын, маза­ққа айнал­ды­ра­тын. Бреж­нев­тің баян­да­ма­сы жазы­лған қаға­зын жоғал­тып алып, басқа мәсе­ле тура­лы лағып кет­кені тура­лы анек­дот­тар да осы уақыт­та көп айтыл­ды. Өзінің пікірін тың­да­у­шы­ларға жет­кі­зе білетін, көзқа­ра­сын ашық пікір­та­ла­ста дәлел­дей білетін жан­дар алды­ңғы сапқа шыққан бола­тын. Қазір біз таз қал­пы­мы­зға қай­та­дан түстік. Бас­шы біт­кен қағаз­дан көзін алмай­ды, ал дай­ын­ды­қ­сыз сөз сөй­леу аты­мен жоқ. 

Тағы бір көңіл ауда­ра­тын мәсе­ле: бұрын бас­шы­лар­дың «біс­сі­міл­дәсі» Ком­пар­ти­я­ның кезек­ті съезі бола­тын. Әр баян­да­ма: «XXIV съездің шеші­мі­мен қару­ланған», «Ком­пар­ти­я­ның дана бас­шы­лы­ғы­ның арқа­сын­да» деген сияқты кли­ше­лер­мен (тап­та­уы­рын сөз тір­кестері) баста­ла­тын. Қазір пар­ти­я­ның орнын пре­зи­дент басқан сияқты. 

«Пре­зи­дент­тің жол­да­уы­мен қару­ланған» неме­се «Елба­сы­ның дана бас­шы­лы­ғы­ның арқа­сын­да» деп баста­ла­тын баян­да­ма­лар құлақты сар­сы­л­та­тын бол­ды. Оны баян­да­ма­шы­лар да жақ­сы біледі. Бірақ совет­тік идео­ло­ги­я­ның тәр­тібін сақтай­ды. Біре­уді мақтау керек, бар­лық құр­мет­ті соған беру керек, себебі кей­ін­нен «бәріне де сол кінәлі (ком­пар­тия не пре­зи­дент), заман солай еді ғой» деп ақта­луға жақсы.

Айт­пақ­шы, елді бір шулатқан «Қаза­қстан­дық ұлт» иде­я­сы да совет­тік кезең­де­гі (Бреж­нев­тің бас­шы­лы­ғы) «Совет­тік ұлт» жаса­удан шыққан». Бұры­нғы ком­му­ни­стер бұры­нғы иде­я­ла­ры­нан айы­ры­лар емес!
Сыр­тқы сая­сат­та да совет­тік идео­ло­ги­я­ның сары­ны жоға­лар емес. Аме­ри­ка импе­ри­а­ли­стері әлі де дұшпан бей­несін­де, ал Қытай «қазақ елін басып ала­тын тажал» рөлін­де қалды.

Мем­ле­кет­тік иде­я­ның тағы бір қатып қалған тәсілі – қап­таған мей­рам­дар күні. Оның ішін­де ұлт­тық, халы­қтық мей­рам­ның бірі де жоқ, бәрі де қол­дан жасалған ресми мей­рам­дар. Әрине, Кеңес өкі­меті­нен қалған (ол уақыт­та негіз­гі мей­рам­дар: Кон­сти­ту­ция күні, Октябрь мей­ра­мы, 1 май күні) мере­ке­лер­дің көп­шілі­гі, өңдерін ауы­стыр­са да, сол қал­пын­да қал­ды. Тек қана 1 май – Халы­қа­ра­лық еңбек­шілер­дің ынты­мақ күнінің орны­на «Қаза­қстан­дағы ұлт­тар­дың ынты­мағы» сияқты өзі­мізді-өзі­міз алдай­тын бол­ма­шы өзгерістер енгізіл­ді. Бұры­нғы­дан қалған «Құры­лыс­шы­лар күні», «Ұста­здар күні», т.б сияқты кәсіп­тік мей­рам­дарға тағы бір қатар мере­ке қосылды. 

Деген­мен, егер кәсіп­тік мей­рам­ды бекі­тетін бол­сақ, бірін­ші болып бекіту­ге тиісті қазақ халқы­ның басты кәсібі болып сана­ла­тын «қой­шы­лар күні» ата­у­сыз қал­ды. Ең қызы­ғы – билік басын­да оты­рған­дар­дың да басым көп­шілі­гі сол қой­шы­лар­дың неме­ре-шөбе­ре­лері екені дау­сыз. Бірақ ол – қаза­қтың кәсібі, ал қаза­қтың кәсібін көк­ке көте­ру – Қазақ мем­ле­кетінің идео­ло­ги­я­сы­на жат құбылыс…

Жақын­да «мем­ле­кет қыз­мет­кер­лерінің күнін» де жеке мей­рам ретін­де бел­гілеу тура­лы мәсе­ле көтеріліп­ті. Менің­ше, көп­те­ген кәсіп­тік мей­рам­ның иелері – мем­ле­кет­тік қыз­мет­кер­лер, демек олар­дың тойы бір емес, екі рет бола­тын бол­ды. Той­ға тар­шы­лық жаса­удан аулақ­пын, сый-құр­мет алып, төс­ке бел­гі таққанға не жетсін… 

«Бел­гі» демек­ші, біз­де­гі мара­пат­тар да ұлт­сыздан­ды­ру иде­я­сы­ның нақты көр­сет­кі­ші тәрізді. Тәу­ел­сіздік алған­нан соң, қаза­қтың ұлы­ла­ры­ның атын­дағы орден-медаль, атақ-сыя­пат болуы – талас­сыз мәсе­ле деп ойлай­тын­быз. Кеңес өкі­метінің кезін­де соғыс бары­сын­да үлкен ерлік жасаған батыр­ларға Уша­ков, Нев­ский, Нахи­мов, т.б. атын­дағы орыс қол­бас­шы­ла­ры­ның (!) суреті салы­нған, аты жазы­лған орден­дер бола­тын. Енді біз де жеке ел болып, Кене­са­ры, Сырым, Бөген­бай, Қабан­бай атын­дағы орден- медалі­мізді жауын­гер­лік мара­патқа айнал­ды­руы­мыз керек қой. Спорт­шы­ларға Қажы­мұқан Мұңайт­па­сов, ғалым­дарға Фара­би, ақын-жазу­шы­ларға Абай атын­дағы төс­бел­гілер тағай­ын­дал­са, қан­дай тама­ша болар еді. Әлде біздің Бөген­бай­лар­дың ерлі­гі Уша­ко­втар­дан төмен болға­ны ма? 

Кеңес өкі­меті кезін­де оры­стар­дың ұлы­ла­ры ұлы­қтал­са, тәу­ел­сіздік кезін­де біз­дер Аме­ри­ка­ның үлгісін ұстанған сияқты­мыз. Олар­да да адам­ның аты­нан гөрі «Күміс крест», «Алқы­зыл жүрек» деген сияқты абстрак­ті мара­пат­тар басым. Біз­дер де жоға­ры­дағы қазақ ұлы­ла­ры­ның атын­дағы мара­пат­тан гөрі «Пара­сат», «Айбын», «Құр­мет» сияқты иесіз (абстрак­ті) сөз­дер­ді қол­да­нуға көштік. Бұлар­дың бар­лы­ғы – совет­тік кез­ден келе жатқан ұлт­сыздан­ды­ру идео­ло­ги­я­сы­ның жалғасы.

Халы­қа­ра­лық тәжіри­бе тағы бір мәсе­лені анық көр­сетіп отыр. Ол – өзінің мем­ле­кетін құрған ұлт­тың мей­рам­да­ры­ның мем­ле­кет­тік, ресми мей­ра­мға айна­луы. Фран­ция рес­пуб­ли­ка­сы­ның басты мей­ра­мы – Тәу­ел­сіздік күні – фран­цуз халы­қы­ның Басти­ли­я­ны алған күні. Бұл күн тек қана фран­цуз халқы­ның тарихы­на кір­ген дата, басқа ұлт­тар­дың бұл мей­ра­мға ешқан­дай қаты­сы жоқ. Бірақ Фран­ци­яда тұра­тын бар­лық ұлт өкіл­дері осы күн­ді мем­ле­кет­тік мей­рам ретін­де атап өтеді. 

Қазақ елін­де де ұлт­тың тарихын­да ата­лып өту­ге тиісті аза­лы күн­дер де, айры­қ­ша той жасай­тын күн­дер де жет­кілік­ті деп ойлай­мын. «Ұлт тағ­ды­ры» қозға­лы­сы­ның баста­ма­сы­мен ұлт­тық бағыт­тағы аза­мат­тар 3 жыл қата­ры­нан Алма­ты­дағы Аман­гел­ді батыр­дың ескерт­кі­шінің жаны­на жина­лып, 1916 жылғы көтерілісті атап өтіп, сол көтерілі­сте қаза тапқан ата-баба­ла­ры­мы­зға құран бағы­шта­уды дәстүр­ге айнал­ды­ра баста­дық. Сол жер­де пар­ла­мент­ке арнап, «Тәу­ел­сіздік үшін күрес­кен аза­мат­тар­ды» еске алу күнін бел­гілеу қажет­ті­гі тура­лы Үндеу де қабыл­дан­ды. Қазақ дала­сын­да бодан­ды­қта болған екі жарым ғасыр­да 300-ге жуық ірілі-ұсақты көтеріліс болға­нын бәрі­міз біле­міз. Бүгін­гі біздің еге­мен­ді ел болуы­мы­зға олар­дың қосқан үле­стері ұшан-теңіз. Олар­ды еске алып, құран бағы­штай­тын бір күн­нің бол­мауы біздің елді­гі­міз­ге сын!

Қаза­қтың жар­ты­сы­на жуы­ғын алып кет­кен ашар­шы­лы­қты аза­лы күн есебін­де ресми атап өтудің қажет­тілі­гін қан­ша дуа­лы ауы­здан естідік. Бұл мәсе­лені 70 пай­ы­зға жет­кен қазақ халқы­ның бар­лы­ғы да қол­дай­ты­ны анық. Бірақ бұл идея да мем­ле­кет­тік идео­ло­ги­я­ны дай­ын­да­у­шы­лар­дың құлағы­на жет­кен жоқ. 

Өз басым, тәу­ел­сіздік алған соң, тота­ли­тар­лық жүй­е­ге алға­шқы соққы бер­ген Жел­тоқ­сан оқиға­сы жастарға пат­ри­от­тық тәр­бие беретін мем­ле­кет­тік идео­ло­ги­яға айна­лар деген үмітім бола­тын. Ал қазір­гі билік Жел­тоқ­сан күнін атап өтпек түгілі, сол күні сту­дент­тер­ді үйлеріне жіберіп, алаңға келу­леріне, боздақтарға гүл қой­ып, құран оқу­ла­ры­на қол­дан кел­ген­ше бөгет жаса­уда! Біздің мем­ле­кет­тік идео­ло­ги­я­мы­здың сиқы осы…

Тәу­ел­сіз елдің сын­дар­лы идео­ло­ги­я­сы­ның әлі күн­ге дей­ін қалып­тас­паға­ны­ның нақты мыса­лын жыл сай­ын 9 мамыр­да көре­міз. Кей­бір кәсі­по­рын­дар­дың (жеке, мем­ле­кет­тік) бас­шы­ла­ры қыз­мет­кер­леріне «геор­ги­ев лен­та­сын» (коло­ра­до қоңы­зын) таққыз­са, енді біре­улері Қаза­қстан туы­ның түсі бар лен­та­ны тара­та­ды. Бір-бірі­міз­ге дүр­дие қарап, біре­улері­міз: «Мынау орыс шови­ни­стерінің бел­гісін алып таста!» десе, енді біре­улері­міз: «Бұл біздің соғы­стың, жеңістің бел­гісі!» деп көзін алайтады. 

Шаңы­рақ – біреу, ал түсіні­гі­міз – төртеу…

Дос КӨШІМ

(медиа-про­ект «DAT» №39 (451) от 1 нояб­ря 2018 г.)

Республиканский еженедельник онлайн