Пятница , 4 июля 2025

ӘКІМДЕР қанша айлық АЛАДЫ?

Қазан айын­да облыс әкім­дері өздерінің айлық жалақы­ла­рын жария еткен бола­тын. Nur.kz бұл ақпа­рат­тар­ды тал­дап, басым көп­шілі­гінің жалақы­сы бір дең­гей­де екенін аны­қта­ды. Алай­да қол­да­ры­на басқа­лар­дан көп айлық ала­тын­дар да бар болып шықты.

Елде­гі 14 облыс әкі­мінің жете­уі өз жалақы­ла­рын жария еткен еді. Түр­кістан облы­сы (Жан­сей­іт Түй­ме­ба­ев) және Қараған­ды облы­сы (Ерлан Қоша­нов) әкім­дерінің айлы­қта­ры мем­ле­кет­тік қыз­мет­те­гі өтіл­дерін есеп­ке алған­да, 967 мың тең­ге болған. Мін­дет­ті салық пен зей­нет­кер­лік төлем­дер­ді алып тастаған­да, 786 мың тең­ге қала­ды екен.
Ақмо­ла облы­сы­ның бас­шы­сы қолы­на 786 мың тең­ге алса, Батыс Қаза­қстан облы­сы­ның әкі­мі Алтай Көл­гі­нов 761 мың тең­ге ала­ды екен. Пав­ло­дар облы­сы­ның әкі­мі Болат Бақа­у­ов 744 мың айлық алса, Аты­рау облы­сы­ның бас­шы­сы 742 мың алады.

Ақтө­бе облы­сы­ның әкі­мі Бер­ді­бек Сапар­ба­ев­тың жалақы­сы Түй­ме­ба­ев пен Қоша­но­втікі­мен бір­дей – 967 мың тең­ге. Мін­дет­ті салы­қтар мен зей­нет­кер­лік төлем­дері төлен­ген­нен соң, ол 864 мың тең­гені толы­ғы­мен ала­ды. Бұл Түр­кістан мен Қараған­ды облы­ста­ры әкім­дерінің жалақы­сы­нан 78 мың тең­ге­ге көп.

Себебі Сапар­ба­ев зей­нет­кер­лік жасы­на жетіп, БЖЗҚ-на зей­не­тақы төлем­дерін төле­мей­ді екен. Осы жайт­ты ескер­сек, зей­нет­кер­лік жасы­на жет­кен басқа өңір бас­шы­ла­ры да бір­та­лай ақша­ны өздеріне қал­ды­ра­ды. Зей­нет­кер­лік жасы­на келесі облыс әкім­дері жет­кен: Қызы­лор­да (Қырым­бек Көшер­ба­ев), Алма­ты (Аман­дық Бата­лов), Шығыс Қаза­қстан (Дани­ал Ахметов).

Аста­на бас­шы­сы Бақыт Сұл­та­но­втың жалақы­сы 967 тең­ге. Ол қол­ма-қол 786 мың тең­ге ала­ды. Шым­кент әкі­мі Ғаби­дол­ла Әбдірахы­мо­втың жалақы­сы 953 тең­ге бол­са, өз қолы­на 762 тең­ге ала­ды екен.
Рес­пуб­ли­ка­лық маңы­зы бар қала­лар әкім­дері мен облыс әкім­дерінің жалақы­сын салы­стыр­сақ, олар­да жалақы көле­мі бір дең­гей­де екенін бай­қа­уға бола­ды. Мини­стр­лер­дің де жалақы­сы осы көлемде.

«Мил­ли­ард­тар­дың тағ­ды­рын шешетін қол­таң­ба­ны қоя­тын адам­ның жалақы­сы жоға­ры болуы керек. Сон­да оны азғы­ра алмай­сың және ол өз лау­а­зы­мын қадір­лей­тін бола­ды. Жалақы көле­мі жоға­ры болған­мен, жау­ап­кер­шілік те жоға­ры болуы керек», – дей­ді сая­сат­та­ну­шы Талғат Қалиев.

«Мем­ле­кет­тік қыз­мет­кер­лер­дің еңбе­гін баға­лау жүй­есіне кел­сек, олар­дың жалақы көле­мі ірі жеке кәсі­по­рын­дар­дағы қыз­мет­кер­лер­дің жалақы­сы­мен пара-пар болуы керек. Бұл халы­қа­ра­лық тәжіри­бе! Мем­ле­кет­тік қыз­мет­кер­лер­дің жалақы­сы ештеңе­ден қысыл­май өмір сүру­ге мүм­кін­дік беруі керек, сон­да сыбай­лас жемқор­лық қау­пі де аза­яды», – дей­ді Шым­кент әкі­мі Ғ.Әбдірахымов.

Nur.kz

(медиа-про­ект «DAT» №39 (451) от 1 нояб­ря 2018 г.)

Республиканский еженедельник онлайн