Суббота , 5 июля 2025

Қазақстан-Ресей ынтымақтастығы: ЖАЛТАҚТАЙТЫН НЕ ҚАЛДЫ?

Бүгін – 8 қара­ша күні Қызы­л­жар­да (Пет­ро­павл) Қаза­қстан-Ресей аймақтық-шека­ра­лас ынты­мақ­та­сты­ғы­ның екі күн­ге созы­ла­тын он бесін­ші фору­мы баста­ла­ды. Бұған дей­ін дәстүр­лі түр­де өтіп тұрған бұл жиын бұдан былай Қаза­қстанға не береді? Ресей­мен ынты­мақ­та­сты­қтың бола­шағы қандай?

Кремль­дің агрес­си­я­лық-импе­ри­я­лық сая­са­ты­на қар­сы АҚШ тара­пы­нан салы­нған санк­ция сал­да­ры­нан Ресей эко­но­ми­ка­сы күн санап құр­ды­рау үстін­де. Қар­жы тап­шы­лы­ғы­нан Феде­ра­ци­я­ның көп­те­ген әле­умет­тік бағ­дар­ла­ма­ла­ры жабыл­ды, оның зей­нет рефор­ма­сы­на қар­сы халы­қтық қозға­лыс өрши түсу­де. Аймақтық құры­лым­дар­дың орта­лы­ққа деген нара­зы­лы­ғы артуда. 

Ресей­лік­тер­дің Вла­ди­мир Путин­ге деген сенім рей­тин­гі балаққа дей­ін түсті. Оның күн­діз – күл­кі­ден, түн­де – ұйқы­дан қалға­ны­на біраз уақыт бол­ды. Ресей – жаһан­дық жексұрын (изгой) елге айнал­ды.
Дүни­е­жүзілік өрке­ни­ет­ке қар­сы регрес­сив­тік сая­сат ұстанған осын­дай елмен эко­но­ми­ка­лық тұрғы­да ғана емес, бір­тұ­тас сая­си одақ­та­сты­қта болу – Қаза­қстан үшін қан­ша­лы­қты қолай­лы болуы мүм­кін? Әлем­де дамы­ған 30 елдің қата­ры­на кіруді жос­пар­лаған біздің ел озбыр­лы­ғы үшін оқша­у­лан­ды­ры­лған орыс мем­ле­кеті­мен досты­қтан қан­дай опа таппақ?

Амал жоқ, гео­са­я­си тұрғы­дағы орна­ла­суы­мы­зға бай­ла­ны­сты және бес елі соры­мы­зға қарай оры­спен көр­ші болу­ды жазған екен. 

Кезін­де Бұхар жырау: 

«Баты­стан келер бір кәпір,
Аузы-басы жүн кәпір.
Санаққа алар малы­ң­ды,
Бауы­зда­май сояр қаны­ң­ды,
Суы­рып алар жаны­ң­ды», – деп еді. 

Ала­шор­да үкі­метін құру­шы­лар­дың бірі Халел Досмұ­ха­медұлы­ның: «Қаза­қтың батыс өңірі 250 жылы қан­мен жазыл­ды. Сол қан­ды төк­кен – оры­стар» деген сөзі­нен біздің соры қай­наған билік тәлім алма­ды.
Қазір заман өзгер­ді, бірақ тәу­ел­сіздік алға­ны­мы­зға 27 жыл­дан асса да, сол Ресей­дің арты­нан сүй­ретіліп жүр­гені­міздің ақыр соңы неге алып келетінін түсі­нетін уақыт бол­ды. Басқа былай тұр­сын, сла­вян­ның бір емше­гін бір­ге емген Бела­русь пре­зи­ден­ті Алек­сандр Лука­шен­ко­ның өзі Ресей­ге азуын ақси­тып, нақты ынты­мақ­та­стық талап­тар­ды орын­да­май­тын бол­саң­дар, «24 сағат­тың ішін­де Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық одақтан шығып кете­міз» деп сұс көрсетті.

Біздікі олай айта алмай­ды. Себебі – сая­си мүд­делілік қамы­тын кеп­теп киіп алған. Кремль­дің аузы­на қара­у­мен көп­век­тор­лы сыр­тқы сая­сат әдірам қал­ды. Санк­ци­я­лар сорып бата жатқан аме­ри­кан­дық сая­сат­тың салқын ызға­ры біз­ге де сезі­ле баста­ды: құн­сызданған рубль­мен бір­ге тең­ге­міз терең­ге батып барады. 

Ал АҚШ тара­пы­нан Ресей­ге салы­нып жатқан кез кел­ген санк­ци­я­ның мақ­са­ты – қар­сы тарап­тың тыны­сын тары­л­ту, сағын сын­ды­ру, аяғы­на тұсау салу, дамуын тежеу ғана емес, оны тұңғиы­ққа баты­ру болып табы­ла­ды. Санк­ци­я­ның соры­нан Ресей­дің эко­но­ми­ка­сы іштен іріп, ірге­та­сы бір­жо­ла­та шай­қа­ла баста­ды. АҚШ тара­пы­нан салы­нған санк­ци­я­лар, бірін­ші­ден, Ресей­дің тұтас эко­но­ми­ка­сын ғана емес, жеке­ле­ген оли­гарх-тұлға­ла­рын, кәсі­по­рын­да­рын, қар­жы­лық құры­лым­да­рын тұңғиы­ққа тар­тып бара­ды. Бұл тізім­ге енген­дер­дің қата­ры күн сай­ын толы­ғу­да. Ал санк­ци­я­ның әсері ресей­лік кәсі­по­рын­дар­да, банк­тер­де, өндіріс ошақта­рын­да біте қай­на­сып жұмыс істей­тін қаза­қстан­дық ком­па­ни­я­лар­ды тең­сел­те бастады. 

Ол – ол ма? Одақ­тас елдер ара­сын­да еркін тау­ар айна­лы­мы мен жұмыс нары­ғы орнай­ды деген баста­пқы болжам был­жы­рақ болып шықты: Ресей Қаза­қстан­ды өз нары­ғы­на енгі­зуді шек­теу сая­са­тын барған сай­ын үде­те түсу­де. Ресей жыл­дың басын­да өз өнім­дерін «одақ­тас» елдеріне өткізіп жібе­реді де, жыл­дың соңы­на қарай Қаза­қстанға рұқ­сат ете­ді. Осы­ған көніп жүр­ген қаза­қтар­дан басқа ешкім жоқ. Ресей нары­ғын «жау­лай­мыз» деп дәмет­кен біздің біраз кәсіп­кер­лер Мәс­ке­у­ге дей­ін барып: «Тауы­мыз шағыл­ды, тау­а­ры­мы­зды өткіз­бей­ді, өткіз­бе­удің мың түр­лі ама­лы­мен жоқ жер­ден ілік іздей­ді, кеде­на­ра­лық дау шыға­ра­ды», – деп, зар­лап отыр. Яғни, Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық одақтың еркін сауда прин­ци­пі мүл­де жүр­ме­уде деген сөз. 

Өз нары­ғын қорға­уға кел­ген­де, Ресей бұл одақтың кез кел­ген заңын іске алғы­сыз ету­ге әзір. Бұлар­дың тех­ре­гла­мент­тер­мен, мал­дәрі­гер­лік талап­тар­мен шек­тел­ген өз заңы бар. Ол талап­тар­ды аттап, Ресей нары­ғы­на кіріп көр: қай жер­де бол­ма­сын, нары­ғын оқша­у­лау заңы кесе-көл­де­нең тұрады. 

Өзге әлем­нен іргесі сөгіл­ген елдің қан­дай күй­ге түсетіні бесе­не­ден бел­гілі: экс­порт пен импорт шек­те­леді, тау­ар айна­лы­мы тары­ла­ды, жаңа тех­но­ло­ги­я­лар­мен алма­су ере­же­сі бұзы­ла­ды. Ресей сырт көз­ге жалын күдірей­тіп көрін­гені­мен, іс жүзін­де іріп-шіріп бара жатқан елге айнал­ды. Мұның кесірін Қаза­қстан да, сөз­сіз, тар­ту­да. Өйт­кені біз – сая­са­ты сай­қы­ма­за­ққа айналған, эко­но­ми­ка­сы етек­ке түс­кен Еура­зи­я­лық одақтың бір мүшесіміз. 

Қаза­қстан пре­зи­ден­ті Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев осы одақ құры­лар алдын­дағы бір сөзін­де: «Ресей – Қаза­қстан­ның ең ірі сая­си һәм эко­но­ми­ка­лық тең әріп­тесінің бірі», – деген еді. Қай­дағы тең әріп­те­стік?! Тең әріп­тес бол­са, Қаза­қстан неге Кеден­дік одақтан – 15 мил­ли­ард дол­лар, Еура­зи­я­лық одақтан – $20 мил­ли­ард зардап шегеді?
«Ресей, Бела­русь және Қаза­қстан – бар­лы­ғы тең» деген қағи­да сөз жүзін­де қал­ды. Ал аны­ғын­да ЕАЭО – Ресей­дің бодан­ды­ғын­дағы елдер жиын­ты­ғы болып шықты. Ортақ одақ құра­мыз деп, ақы­рын­да Қаза­қстан жыл сай­ын өсу үстін­де­гі әлем­дік эко­но­ми­ка­ның көші­нен қалып қой­ды. Соның сал­да­ры­нан мем­ле­кет тара­пы­нан қол­да­уды қажет ететін сала­лар кен­же­леп қал­ды. Одақ ішін­де Ресей­дің үстем­ді­гі артқан соң, Қаза­қстан­дағы мұнай өңдей­тін завод­тар кен­де­леп қал­ды, жаңа «НПЗ» сала­мыз деген жос­пар құр дол­барға айнал­ды, жанар-жағар­май оты­ны­ның тап­шы­лы­ғы арт­ты, «Ай-Ти» (IT) сала­сы, көлік құра­с­ты­ру, туризм және спорт, инже­не­рия дамы­м­ай қалды. 

«Қаза­қстан­да жасалған» деген жоба­лар­мен шыға­тын тау­ар­лар­дың өзін­дік құны тым қым­бат. Өйт­кені олар шын мәнін­де «өзі­міздікі» емес. Солар­ды құра­с­ты­руға қажет­ті тау­ар­дың бәрін сырт­тан алдыр­та­мыз. Басқа­ны былай қой­ған­да, 18 мил­ли­он халы­қтың ішер тамағы мен киер киі­мінің 95 пай­ы­зы басқа елдер­ден келеді. Өз іші­міз­де күрек­тің темір басын өндір­мей­міз. Қаза­қ­ша айта­тын бол­сақ, «таза нан соғар­мыз». Әр жылғы жол­да­у­лар­да Нұр­сұл­тан Назар­ба­евқа «Made in Kazakstan» деп жазы­лған Түр­ки­я­ның костю­мын кигізіп қой­ып, ел-жұрт­ты алдап қою ғана қолы­мы­здан келеді. 

Мұнай мен газ­ды, темір мен басқа шикі­затты есеп­те­ме­ген­де, біздің елдің нары­ғы Еура­зи­я­лық одақтан басқа ешкім­ге кере­гі жоқ. Себебі Ресей­дің есіл-дер­ті ортақ эко­но­ми­ка құрып, ортақ­та­сып өркен­деу емес, Қаза­қстан­ды ашса – алақа­нын­да, жұм­са – жұды­ры­ғын­да ұстағы­сы келетін сая­си мүд­де ғана. Қаза­қта «жуас түйе жүн­де­у­ге жақ­сы» демек­ші, Ресей жыл­дар бойы бізді өз мүд­десіне пай­да­ла­ну­мен келеді. 

Ал Баты­стың мақ­са­ты айқын – әпер­бақан, ұр да жықтан басқа­ны біл­мей­тін Ресей­ді бір­жо­ла­та тұқыр­тып тыну. Ресей­дің сыр­тқы сая­са­тын­да аяқ асты­нан өзгеріс бол­ма­са, АҚШ та, Батыс та бұл мақ­са­ты­нан тай­ын­бай­ды. Ал оның кесірі Ресей­ге ғана емес, оның Қаза­қстан сияқты мүд­делі одақ­та­ста­ры­на сой­ыл­дың жұмыр басы болып тиюде.

Сон­ды­қтан, сарап­шы-маман­дар­дың пікіріне қараған­да, жаһан­дық әлем­нен жырақта­ну – түп­тің-түбін­де Ресей­дің ыды­ра­уы­на алып келуі әбден мүм­кін. Осы­дан кей­ін КСРО сияқты күй­реп тына­тын Ресей­мен одақ­тас болу біз­ге қан­ша­лы­қты қажет саясат? 

Біз үшін Ресей АҚШ-пен араз­дас­са да, басқа әлем­дік елдер­ден бөлек­тен­бей­тін сая­си ойын ере­же­сін еркін қол­да­на­тын кез кел­ді. Әйт­пе­се осы­лай сор­лаға­ны­мыз – сор­лаған! Ресей құр­ды­мға кет­се, оны­мен бір­ге біз де қоса батуға мін­дет­ті емес­піз. Өз елі­міздің тұр­мыстық-эко­но­ми­ка­лық жағ­дайы Кремль­дің куран­ты­мен емес, АҚШ-тағы Бостан­дық ста­ту­я­сы­ның жарқы­раған ала­у­ы­мен жылы­тып, Ұлы­бри­та­ни­ядағы Биг-Бен мұна­ра саға­ты­мен өлшей­тін уақыт кел­ді. Ол үшін Ресей­дің шамы­на тие­міз деген қорқы­ны­штан ары­лу керек. 

Сон­ды­қтан Еура­зи­я­лық одақтан бас тар­тып, «ортақ өгіз­ден оңа­ша бұзау артық» деген­дей, өз алды­мы­зға отау тігіп, басқа­лар­дың өрке­ни­ет­ті сауда-эко­но­ми­ка­лық нары­ғы­на кіруді қарас­ты­рған абзал. Бірақ бұл сая­си шешім Крем­ль­ге жал­тақтаған жағым­паз қаза­қстан­дық билік­тің қолы­нан келер ме екен? Міне, бар­лық мәсе­ле осы сұраққа тіреледі. 

Жұма­мұрат ШӘМШІ, жур­на­лист,
тарих ғылым­да­ры­ның кандидаты

(медиа-про­ект «DAT» №40 (452) от 8 нояб­ря 2018 г.)

Республиканский еженедельник онлайн