Понедельник , 12 мая 2025

ҮНДЕУМЕН ҮЙЛІ БОЛМАЙМЫЗ немесе Алдамшы бағдарлама кімді жарылқайды?

Адам аты­на сай, адам­ша өмір сүру үшін, ең әуелі оған тамақ­пен киім керек. Сол керектер­дің қата­рын­дағы аса маңы­здысы – бас­па­на. Сон­ды­қтан­да бәрінің баға­сын біл­ген баба­ла­ры­мыз «Үйі жоқтың – күйі жоқ» деген мәң­гілік­мән­ді сөзді ұлағат еткен.

Уақыт оза­ды, халы­қтың әле­умет­тік-тұр­мыстық жағ­дай­ы­на орай ой да өзге­реді, тіп­ті маз­мұ­ны терең­дей түседі. Кісі есі­гін саға­ла­у­мен шашы аға­рып, одан кей­ін­гі бүкіл ғұмы­рын жатақ­ха­на­да өткіз­ген бір заман­да­сым әбден тау­сы­лған-ау, шама­сы: «Үйі түс­кен­нің күйі түседі, күйі түс­кен­нің миы түседі екен, бауы­рым», – деді ашы­нып. Қайт­сін-ай, шір­кін?! Ішкі зар күй­ін ашы­нып шығарған түрі ғой. Кеңес өкі­меті құр­дым болар кез­де өзі жұмыс істей­тін завод­тың жатақ­ха­на­сы­нан қуы­қтай бір бөл­ме­ге әзер қолы жетіп, қат­ты қуа­нып­ты. «Өз үйім – өлең төсе­гім ғой» деп той­лаған. Сол «өлең төсе­гін­де» екі ұл, бір қызы өскен, қызды ұза­тып, ұлдар­ды үйлен­дір­ген. Құда­ла­ры­на ақ дастар­ха­нын көр­сетіп, дәм таты­ра алмаған. «Олар­мен жүз­дескен сай­ын жер бола­мын», – дейді.

Иә, оқыр­ман, әлгі бауы­ры­мы­здың «күйі түс­кен­нің – миы түседі» деген күй­іні­шті сөзінің себеп-сырын сіз де ұққан шығар­сыз? Заво­ды жабы­лған, одан кей­ін­гі кәсібі – көше сыпы­ру. Табысы талға­жа­уы­на әзер жете­ді. Әйте­уір бір ұлы бас­па­на­лы болып­ты. Ол да қай­ын жұр­ты­ның қарай­ла­суы арқа­сын­да. Екін­ші ұлы үйсіз, пәтер жал­дап, Алма­ты­ның әр бұры­шын­да көшіп-қонып жүр. Бұл қала­лық бола­мыз деп кел­ген қай қаза­қтың да басын­да болған үйрен­шік­ті жай? Әрине, ауыр…

Біз­дер қалай үйлі болдық

Бас­па­на мәсе­лесі әсіре­се қазақ үшін қай заман­да да қиын бол­ды. Десек те, кеше­гі кеңе­стік кездің азды-көп­ті қызы­ғын көр­ген соци­а­ли­стік жүй­е­де үй алу­дың үміті бар еді. Олай дей­тінім, мәсе­лен, уни­вер­си­тет­ті 1981 жылы бітір­ген кур­с­та­ста­рым­нан ішін­де қыз­мет орны­нан үй ала алмай, арман­да қалған бір­де-бірі жоқ. Бірін­ші болып, «Соци­а­ли­стік Қаза­қстан» газетін­де жұмыс істе­ген Жұме­кең досы­мыз – Жұма­бек Кен­жа­лин Алма­ты­ның жүрек тұсы «ЦУМ-ның» тура түбі­нен ойып тұрып үй алды. 

Одан кей­ін бүкілі­міз «Жәке» деп жүретін үлкені­міз – Жай­лау­бай Қази­ев аға­мыз бас­па­на­лы бол­ды. Ол кісі «Жазу­шы» бас­па­сын­да кор­рек­тор­лық қыз­мет­те, ал жең­ге­міз Бақыт­күл поч­та­да жұмыс істей­тін. Үш бала­сы­мен Көк­тө­бе бау­рай­ын­дағы Маңғы­стау көше­сін­де, Федор дей­тін оры­стың аула­сын­дағы кіш­кен­тай құжы­ра­да тұра­тын. Бұл гор­ба­чев­тік «қай­та құру» сая­са­ты­ның ұра­ны жала­у­лай бастаған 1985 жыл­дың көк­те­мі еді. Алда КПСС-тің кезек­ті XXVII съезі өтетін уақыт таяп қалған. Мәс­ке­уден шыға­тын «Прав­да», «Изве­сти­ядан» бастап, өзі­міздің рес­пуб­ли­ка­лық, облы­стық, тіп­ті аудан­дық газет­тер­ге дей­ін жары­са жарық көріп жатқан әр саны сай­ын арнайы бет, руб­ри­ка ашып, онда жер-жер­де­гі еңбек­шілер мен ақын-жазу­шы, ғалым­дар­дың, пар­тия, кеңес, соғыс арда­гер­лерінің ой-ұсы­ныс, тілек­терін «Съез­ге хат» деген айдар­мен тоқта­у­сыз жари­я­ла­у­мен болды. 

Қай газет­тің де беделі зор. Тіп­ті сын мате­ри­ал­дар­ды имен­бей баса­ды. Ел сот пен про­ку­ра­ту­ра, жер­гілік­ті билік­ке өткі­зе алмай, көр­ген жәбір-жапа, қия­на­тын газет­тер­ге жазған хаты­мен жет­кі­зеді. Мен де жағ­дай­ым­ды бір газет­ке баян­дай­ын деп жүр­ген ниетін Жәкең өзі­мен бір бас­па­да аға редак­тор болып қыз­мет істей­тін сати­рик-ақын Шона Сма­ханұлы­на айтып қал­са, ойы ұшқыр аға­мыз: «Әй, Жәке, сен өйт­пе. Бәрін қой да, съезд ашы­ла­тын күні тура КПСС Орта­лық Коми­тетінің бас сек­ре­та­ры Гор­ба­чев­тің өз аты­на жедел­хат жол­да, – дей­ді. – Екін­ші топ­тағы мүге­дек­ті­гіңді, үш бала­мен пәтер­де қаңғып жүр­геніңді, әкесіз жетім өскеніңді де қал­дыр­май, қысқа­сы, бар ойы­ң­ды жар­ты бет­ке сый­ғы­зып жазу керек». 

Содан Шона аға­мыз Жай­лау­бай інісінің жазған жедел­хат мәтінін орыс редак­ци­я­сын­дағы бір әріп­тесіне аудар­тып, мұн­та­здай етіп қолы­на ұста­та­ды. Келесі күні таңер­тең Жәкең келін­ше­гі жұмыс істей­тін поч­та бөлім­ше­сіне барып, оны сол жер­ден «Мәс­ке­у­ге, Съез­дер сарайы, М.С.Горбачевқа» деп жөнел­тіп жібереді. 

«Содан соң не бол­ды?» дей­сіз-ау, ә?

– 21-авто­бу­сқа мініп, пәтері­ме кел­ген­ше бір-бір жарым сағат­тай болған шығар, – дей­ді Ж.Қазиев сәбидей таза күл­кісіне салып. – Таяғы­ма сүй­еніп, сүй­ретіліп келіп, қақ­па­ны ашсам, үй иесінің жанын­да әде­мі киін­ген бей­та­ныс екі жігіт тұр. Мені көре салып Федор: «Вот он сам появил­ся!» деді. Әлгі мен таны­май­тын еке­удің наза­ры маған ауып, түрі­ме тесі­ле қара­ды, бір жағы­на қарай қисая бүгіл­ген аяғы­ма, қолым­дағы таяғы­ма қара­ды. Біре­уі қазақ екен, соны­сы: «Сіз Жай­лау­бай Қази­ев­сіз бе?» деп сұра­ды. «Иә, соның дәл өзі­мін». «Съез­ге жедел­хат жібер­діңіз бе?» «Жібер­дім». «Неге өйтесіз?» «Неге өйт­пей­мін? Енді соның нақты себебін біл­гілерің кел­се, бала-шағам­мен тығы­лы­сып тұрып жатқан құжы­рам­ды көрің­дер», – деп, қожай­ын­ның зәулім үйіне жап­сар­ла­тып, ақша табу үшін ғана салған қорас­ы­на алып бардым. 

Олар бір төсек пен үстел әрең сый­ып, ішін­де бірі жылап, бірі нан жеп, үшін­шісі ана­сы­ның төсіне басын тыға емініп жатқан пәтері­ме кір­ді де, ләм-мим деп ауыз ашпай, кет­ті де қал­ды. Еке­уі «КГБ» мен Алма­ты қала­лық атқа­ру коми­тетінің арнайы жібер­ген жау­ап­ты адам­да­ры екен. Не көр­ген­дерін басты­қта­ры­на жет­кізіп барған шығар, сол жол­даған жедел­ха­тым­ның пай­да­сы – пар­ти­я­ның съезі біт­пей жатып, Айма­нов пен Жан­до­сов көше­лерінің қиы­лы­сын­дағы поч­та­шы­лар­дың үйі­нен екі бөл­мелі пәтер­ге ие бол­дық», – деген еді Жай­лау­бай аға­мыз.
Ол заман­да Алма­ты қаза­қтар үшін жабық қала еді. Бұл ашық айтыл­май­тын, алай­да мәс­ке­улік билік­тің ұстанған сая­са­ты­ның сипа­ты дәл солай. Оқуға түс­кен жастар уақыт­ша ғана тір­ке­леді, оқу мерзі­мі біт­кен соң, тір­ке­уден шыға­рып тастайды. 

Жол­да­ма­мен Алма­ты­да қалған­дар бол­са, төлқұ­жат­та­рын қай­та тір­ке­те алмай итәу­ре­ге түседі. Өз бетін­ше жұмыс тауып, орна­ласқан­дарға үй кезе­гіне тұру да бір азап. Өйт­кені қала­да бес жыл тұра­ды деген аны­қта­ма қағаз талап етіледі. Соның өзін­де менің алма­ты­лық атанған он бес шақты кур­с­та­ста­рым 1989 жылға дей­ін кезек бой­ын­ша түгел­дей мем­ле­кет­тен үй алды. Бұл бүгін­гі тәу­ел­сіз елміз деп көкі­ген­де көкіре­гі­міз көк тірей­тін Нұр-заман­ның жағ­дай­ы­мен салы­сты­рған­да, ғажап қой, ғажап, ерте­гінің нақ өзі!

Бес баста­ма­ның бір кілтипаны 

Биы­лғы жыл­дың наурыз айы­ның орта­сын­да мем­ле­кет есебі­нен күн көретін газет­тері­міздің бәрі «Біз бүгін әле­умет­тік жаңғы­ру жолын­да жаңа, ауқым­ды қадам жаса­уға дай­ын­быз» деген тақы­рып­пен «Пре­зи­дент­тің бес әле­умет­тік баста­ма­сы» атты Назар­ба­ев­тың үнде­уін жари­я­ла­ды. Халы­ққа арналған үнде­удің бета­шар сөзін­де елба­сы­мыз: «Мен халқым­ның өз келе­ше­гіне сенім­мен қара­уы үшін еңбек еттім, қазір де, бола­шақта да осы мақ­сат жолын­да жұмыс істей бере­мін, – дей келіп: «Қаза­қстан – біздің ортақ үйі­міз» деген идея жаңа мағы­на­мен толы­ға түсу­ге тиіс… Бір­ден айтай­ын: бүгін айты­ла­тын ұсы­ны­стың бәрі – есеп-қиса­бы мұқи­ят жасалған бағ­дар­ла­ма. Бұл – елдің игілі­гіне арналған ұтым­ды, соны­мен қатар опти­ми­стік жоба», – дейді.

Пар­ла­мент пен үкі­мет­тің бір­лес­кен оты­ры­сын­да жари­я­ланған, пре­зи­дент­тің әле­умет­тік жаңғы­ру жолын­дағы жаңа, ауқым­ды қадам деп әспет­те­ген жоба­сы­ның әуел­гі және ең негіз­гі бөлі­гі әрбір отба­сы­на бас­па­на алуға мүм­кін­дік беру жай­ы­на арналған. Есті­ген­ге де кере­мет әсері мол, өте жағым­ды сөз-ау! Сай­ра­уық біл­гі­ш­тер «бұрын-соң­ды бол­маған баста­ма» деп іліп әкетті. 

Сон­дағы «7−20−25» бағ­дар­ла­ма­сы­ның ерекшелі­гі: «Несие өсі­мінің мөл­шер­ле­месі қазір­гі­дей 14–16 емес, жылы­на 7 пай­ы­здан аспай­тын бола­ды; Қазір­гі банк­тер баста­пқы жар­наға бас­па­на құны­ның 30 пай­ы­зы­на дей­ін, кей­де тіп­ті 50 пай­ы­зын салу­ды талап етсе, бұл бағ­дар­ла­ма бой­ын­ша ол 20 пай­ы­здан аспа­уға тиіс; Несие алушы­ның ай сай­ы­нғы төле­мін азай­ту үшін, оның мерзі­мі 10–15 емес, 25 жылға дей­ін болады». 

Бұл басқа емес, елба­сы­мы­здың аузы­нан шыққан өз сөзі! Құдай-ау, бас­па­на зарын тар­тқан жұр­тқа бұдан артық не керек, қан­дай жақ­сы­лық пен жары­лқау қажет?! Кісі есі­гін саға­лаған сан­сыз қазақ алақай­лап үн қатып, билік­тің бас­па­на­лы болу үшін жол ашқан тең­дес­сіз, тосын көме­гін тез ара­да пай­да­ла­нып қалуға жаны­ға, жан­та­ла­са ұмты­луы тиіс еді…

Жоқ, олай бол­ма­ды. Үнде­уі теле­ди­дар мен радио­дан беріл­ген күн­нің кешін­де-ақ есеп­ке жүй­рік, ненің не екенін әп-сәт­те айы­ра­тын аза­мат­тар­дың ара­сы­нан Айбо­лат Бөке­нов деген заман­да­сы­мыз «Фейс­бук­тағы» парақ­ша­сын­да: «Елба­сы­ның айтқан ипо­те­ка­сы осы ма? – деп кей­іне жаз­ды. – Ипо­те­ка есебі: 7−20−25. Құны шама­мен 15 мил­ли­он­дық пәтер­ді ипо­те­каға алсаңыз, став­ка­сы 7 про­цент, төлей­тін баста­пқы жар­наңыз – 3 000 000 тең­ге. Қала­ты­ны – 12 000 000 тең­ге. Оның қай­та­ру мерзі­мі 25 жыл. Бұл 300 ай деген сөз. Содан ай сай­ы­нғы орта есеп­пен төле­міңіз 84 814 тең­ге бола­ды. Түп­теп кел­ген­де, үй үшін төлей­тін бүкіл шығы­ны­ңыз 28 444 051 теңге…»

Кей­ін, араға бір­ша­ма уақыт салып, бағ­дар­ла­ма бой­ын­ша үй алуға берілетін несие мөл­шері нақты­лан­ды. Баста­пқы төлем мөл­шері азай­тыл­ды. Банк­тер Аста­на, Алма­ты, Аты­рау секіл­ді халқы­ның табысы жоға­ры делі­нетін қала­лар­да 25 мил­ли­онға дей­ін ақша бере ала­ды. Жоға­ры­да басқа қала­лар­дағы 15 мил­ли­он­дық несие кар­та­сын Айбо­лат­тың есебі арқы­лы аштық қой, енді осы өзгеріс бой­ын­ша 25 мил­ли­онға тоқталайық. 

Әуел­гі төлей­тініңіз – 2 мил­ли­он 400 мың десеңіз, одан қалған 22 мил­ли­он 600 мың тең­гені 7%-дық төлем­де есеп­теп көріңіз. Ай сай­ы­нғы қай­та­ра­тын ақшаңыз – 159 667 тең­ге. Осы­ны 300 айға көбейт­сеңіз, 47 мил­ли­он 900 мың болып шыға келеді. Банк­тен санап алға­ны­ңыз әлгін­дей қар­жы, ал үсте­месі – 25 300 700 тең­ге. Яғни, банк­ке қай­та­ра­ты­ны­ңыз 100 пайыз!

Сон­да бұл кім үшін жасалған бағ­дар­ла­ма? Кім­дер­ге арна­лып жасалған жақ­сы­лық? Кім­ге пай­да, кім­ге зиян? Мем­ле­кеті­міздің үйсіз-күй­сіз қаңғы­ған халы­ққа көр­сет­кен әкелік қамқор­лы­ғы, бұған дей­ін болып көр­ме­ген кере­мет жоба­лы жақ­сы­лы­ғы осы ма? 

Қарап отыр­сақ, ғажап түгі жоқ! Билік­тің момын, аңғал қаза­қты тағы да қары­з­бен қарғы­ла­уды терең­нен ойла­сты­рған кезек­ті бір шара­сы. Алай­да осын­дай «әрбір отба­сы­на бас­па­на алу­дың жаңа мүм­кін­дік­терін беру» мақ­са­тын­дағы бағ­дар­ла­ма­ны түз­ген­дер оның қитұрқы қулық екенін алдын ала біл­ді, әйт­кен­мен бас­па­на мұңы­на батып, көзі қара­уы­тқан ел ештеңені аңғар­май, оп-оңай алда­на қала­ды деп ойлады. 

Бірақ халық алда­на-алда­на жетер жеріне жет­кен екен. Оның үстіне бәрі бір­дей тұр­мысты ма? Екі қолы­на бір күрек таба алмай, сен­деліп жүр­ген­дері қан­ша­ма?!.. Шүкір, жұмыс­сыз емес­пін деп, көше сыпы­рып, қақ­па күзетіп, асха­на­лар­да ыдыс-аяқ жуып, тіп­ті оны айта­сыз, мек­теп­те бала оқы­тып, ауру­ха­на­лар­да меди­ци­на мама­ны, кіта­п­ха­на­лар­да күні бойы елге қыз­мет көр­се­тетін сала қыз­мет­кер­лерінің ала­тын мар­дым­сыз жалақы­сы­мен ипо­те­ка­лық неси­е­ге пәтер алу ниет­тері көз­дері жұмы­лып, көр­ге кір­ген­ге дей­ін орын­дал­май­тын асыл арман болып қала береді.

Деген­мен, мән-жай­дың солай екенін біле тұра, халы­ққа арналған «Пре­зи­дент­тің бес әле­умет­тік баста­ма­сы» атты үнде­уін іліп әкетіп, оны «таңға­жай­ып дүние», пәтер­сіз қаңғып жүр­ген жастар­ды «нұр­лы өмір­ге жет­кі­зетін жақ­сы жоба» деп, ауы­зда­ры­ның суы ағып там­санған­дар­мен таны­сқы­ңыз кел­се, «Еге­мен» мен «Айқын» бастаған билік басы­лым­да­рын ақта­рып, «Хабар» теле­ар­на­сы­на қараңыз. 

Бүгін­гі жастар­ды алдай алмайсың 

Ал қоғам­да болып жатқан әрбір оқиға, құбы­лы­сқа өзін­дік ой-пікір айтып, сыни тұрғы­да сөз ету­ге бей­ім «Жас Ала­шта» (8 наурыз, 2018 жыл) үнде­у­ге бай­ла­ны­сты бел­гілі сая­сат­та­ну­шы Айдос Сарым­ның «Халы­қты мәң­гілік алдау мүм­кін емес неме­се Бес баста­маға төрт ауыз сөз» деген тал­дау мақа­ла­сы басылды. 

«Әле­умет­тік бес баста­ма­ның басым көп­шілі­гі, негіз­гі век­то­ры жастарға арналға­ны айқын көрініп отыр, – деп бастай­ды бір уәжін автор. – Оның себебі – бүгін­гі билік­тің бола­шағы жастар­дың, дәлірек айт­сақ, қазақ жаста­ры­ның қолын­да… Бүгін­гі билік, режим, пре­зи­дент Н.Назарбаев, сөз­сіз, тарих­та жақ­сы атпен қалғы­сы келеді… Ал пре­зи­дент­тің тарих­тағы орнын айқын­дай­тын ақсақал­дар тобы емес: олар­дың сөзін естіп, тың­дап жатқан жастар бүгін шама­лы… Н.Назарбаев құрған сая­си режим­нің тарих­тағы рөлі мен орнын, атқарған жұмысы­ның қан­ша пай­ы­зы дұрыс, қан­ша пай­ы­зы бұрыс екенін аны­қтап-айқын­дай­тын­дар – тәу­ел­сіздік түлек­тері. Жасы жиыр­ма бес­тен төмен ұрпақ…».

Міне, сол жастар не көр­ді? Қалай өсті, қазір қан­дай күй­де?.. Лай­ы­қты білім ала алды ма? Өмір­де­гі орын­да­рын тап­ты ма? Өмір сүріп оты­рған қоға­мы өздерін қажет­сіне ме? Олар­ды нен­дей мәсе­ле­лер қат­ты мазалайды? 

Бұл сұрақтар ең әуелі жастар­ды емес, билік­ті ойлан­ды­ра­тын басты мәсе­ле десек, әсте қате­ле­се қой­мас­пыз. Ақиқа­ты­на жүгін­сек, біздің бүгін­гі билік биші­гін темір уыста ұстаған­дар мұны мүл­де ұмыт­ты. Солай болған­ды­қтан да сая­сат­кер А.Сарым біз тіл­ге тиек еткен тал­дау мақа­ла­сын­да: «…қазақ жаста­ры­ның басты про­бле­ма­сы – бас­па­на, – дей­ді. – Үйі жоқтың мүл­кі жоқ, капи­та­лы жоқтың Ота­ны да бол­май­ды. Ота­ны бол­са да, оған деген құр­меті де бол­май­ды. Жастар неге елден безу­ге құмар? Жастар неге отау құра сала ажы­рас­а­ды? Жастар неге қор жинай алмай­ды? Жастар неге несие алғыш? Елді неге жалғы­з­ба­сты ана­лар, әке көр­ме­ген бала­лар жай­ла­ды? Жастар неге ішім­дік­ке, есірт­кі­ге салы­на­ды? Жастар неге жат діни ағым­дарға кетіп жатыр? Өз Ота­нын тастап, бөтен Сири­яда уто­пи­я­лық мем­ле­кет­ті неге қорғап жүр? Осы сияқты көп­те­ген өзек­ті мәсе­ле­ге жау­ап­тың басы осы – бас­па­на мәсе­лесі­нен туындайды… 

«Еті­гің тар бол­са, дүниенің кеңді­гі­нен не пай­да?» демек­ші, Қаза­қия әлем­де­гі ауқы­мы тоғы­зын­шы тер­ри­то­рия бола тұра, онда өз бұры­шың, өз панаң бол­ма­са, ұлан-ғай­ыр жер­дің не кере­гі бар?..».
Рас-ау, ә?.. Айдо­стың әбден екшеп, зер­де­ле­ген ойы­на қар­сы айтар уәж жоқ! Оның осы­дан алты ай шама­сы бұрын «Жас Алаш» арқы­лы жал­пақ жұр­тқа жет­кіз­ген осы пікір-пай­ы­мы билік­тің де бүй­ірін бір түр­тіп­ті. Содан өздерін­ше әре­кет бастап, келесі жыл­ды – «Жастар жылы» деп жари­я­ла­ды. Ол да жай­дан-жай жари­я­ла­на салы­нған жоқ. Пре­зи­дент­тің 2019 жылға арна­лып, халы­ққа жол­даған Жол­да­уын­да мәлім­дел­ді. Эко­но­ми­каға, әле­умет­тік жағ­дай­ға қаты­сты көп нәр­се ауы­зға алынды. 

Елба­сы­мыз «7−20−25» ипо­те­ка­лық бағ­дар­ла­ма­сы­ның өзі күт­кен­дей нәти­же бер­ме­генін мой­ын­да­ды және үй алушы­лар саны­ның азды­ғы­на көңілі тол­май, қын­жы­лыс біл­дір­ді. Ара­сын­да баста­пқы жар­на­ның өзін төле­у­ге кез кел­ген­нің шама­сы келе бер­мей­тінін де жасыр­ма­ды. Бұл рет­те Аста­на әкім­шілі­гінің осы бағ­дар­ла­ма­мен үй алушы­ларға жасаған жеңіл­ді­гін құп­тап, жап­пай қол­да­ну­ды ұсын­ды. Бұның бәрі жастар про­бле­ма­сы біздің наза­ры­мы­зда деген ойын аңғар­та­тын сөз­дері шығар, бірақ бүгін­гі­дей абы­р­жы­ған қоғам­дағы қау­саған, күй­сіз елдің көңілін дем­дей ала ма?.. Әй, қай­дам дей­ді менің ішкі ойым. Сон­ды­қтан, амал жоқ, тағы да сая­сат­кер А.Сарымның сол мақа­ла­сы­на еріксіз жүгі­ну­ге мәжбүрмін. 

«…Жастар­дың, қазақ жаста­ры­ның тыны­сы мен көк­жи­егін ашу үшін, бір­не­ше ауа­дай керек қажет­тілік­тер бар. Олар: ден­са­улық, бас­па­на, білім, жұмыс, жақ­сы жалақы. Осы бес мәсе­лесі шешіл­се, осы бес бағы­ты тура­лы пай­ы­мы, жос­па­ры түзел­се, жастар Ота­нын таста­май­ды, ертең­ге сенім­мен қарай­ды, адал еңбек ете­ді, отба­сын құра­ды, бала өсіреді. Олай бол­са, бес әле­умет­тік баста­ма дегені­міз – жол­дың аяғы, нақты нәти­же­сі ғана емес, басы ғана. Бұл баста­ма­лар­дың саны бес емес, елу бес болу керек шығар… Кемел, кешен­ді бет­бұрыс, содан туын­дай­тын сая­сат керек қазақ жаста­ры­на… Мәсе­ле – әділ ойын ере­же­лерінің қалып­та­суын­да, ол ере­же­лер­дің бар­шаға ортақ болуын­да, бұл­жы­май орындалуында…». 

Айты­ңыз­шы, бар ойын осы­лай­ша бүк­пе­сіз, анық та шынайы жана­шыр­лы­қ­пен сарқып айтқан сая­сат­кер Айдос Сарым­ның бұл ұста­ны­мы­на құп­тай қосы­лу­дан басқа жол бар ма? Бар бол­са, кәне, көр­сетіңіз­ші! Көз­ге түр­тіп көр­се­те алмай­сыз. Өйт­кені келе­ше­гі кемел бол­са екен деп арман­дап, үлкен үміт­пен қарай­тын еге­мен­ді елі­міздің бүгін­гі жағ­дайы билік­те­гі бір кісі мен коман­да­сы­нан тыс бар қаза­ққа, айдай әлем­ге айқын ғой…

Республиканский еженедельник онлайн