Суббота , 5 июля 2025

Досай Кенжетай: Исламда қыз балаға ОРАМАЛ ЕМЕС, білім алу басты парыз

«Қазір­гі таң­да қоғам мен мек­теп ара­сын­да хижап мәсе­лесі жиі дау туды­рып, өзек­ті дүни­е­ге айнал­ды. Өзге ұста­ным­дағы қан­даста­ры­мыз зай­ыр­лы мем­ле­кет­тің заң талап­та­рын еле­мей, қызда­рын жал­пы білім беру ошақта­ры­на тұм­ша­лап жібе­руі көп­шілік тара­пы­нан талқы­ға айнал­ды. Бір қызы­ғы – балиғатқа тол­май басы­на «қара жамы­лған» қара­көз­дер­ді қол­дай­тын­дар да бар. Ұлт­тың ертеңін ойлап, улап-шулаған­дар да жетер­лік. Мәсе­ленің мәнісін фило­со­фия және тео­ло­гия ғылым­да­ры­ның док­то­ры, про­фес­сор Досай Кен­же­тай­дан сұраған едік», – деп, Jasqazaq.kz пор­та­лы ғалым­мен келелі сұх­бат өткіз­ген екен. 

Діни таным мен ұлт­тық талғам тақы­ры­бы­ның ара-жігін ажы­ра­ту үшін, оқыр­ман қауы­мға жәр­дем­ші болар деген оймен осы сұх­бат­ты қаз-қал­пын­да көшіріп басып отырмыз.

– Досай Тұр­сын­бай­ұ­лы, соңғы кез­дері елі­міз­де қыз бала­лар­дың басы­на ора­мал тағу мәсе­лесі жиі көтеріліп жүр? Неге бұл аху­ал ушы­ғып кетті? 

– Ол рас, ора­мал тағу емес, «хижап» қоғам­дық сана­да еле­улі қай­шы­лы­қтар алып кел­гені жасы­рын емес. Егер ора­мал тағу діни таным­дық мәсе­ле ретін­де көрініс бер­ген бол­са, оның жара­сы жеңіл. Оның сау­а­тын ашу, діни негіз­дерін көр­се­ту арқы­лы таны­мын кеңей­тіп, ағар­ту­шы­лық жол­мен шеш­кен болар едік…

Негізі­нен бұл мәсе­ле төңіре­гін­де бұқа­ра­лық ақпа­рат құрал­да­ры мен Қаза­қстан мұсыл­ман­да­ры діни басқар­ма­сы тара­пы­нан көп­те­ген іс-шара­лар ұйым­да­сты­ры­лып, мақа­ла­лар жарық көр­ді. Бірақ халық ара­сын­да қоғам­дық санаға әсері бай­қал­май келеді. Енді оның себеп­терін аны­қта­уға тыры­сып көрей­ік. Бірін­ші­ден, қазір­гі БАҚ ішін­де осы құбы­лы­сты іздеп жүріп жари­я­лай­тын тен­ден­ци­я­лық әре­кет­тер бай­қа­ла­ды. Демек, осы тақы­рып­ты үде­ту тура­лы тап­сыр­ма болуы әбден мүм­кін. Бұл тап­сы­рыс біздің қоғам­ның ішкі тұрақты­лы­ғы­на сызат іздеп жүр­ген сыр­тқы сая­си күш­тер­ден болуы ықтимал. 

Екін­ші­ден, осы ора­мал арқы­лы сыр­тқы құқық қорғау орта­лы­қта­ры қоғам­дағы жыныс негізін­де­гі сая­сат­та­ры­на жол салып жатқан сыңай­лы. Мыса­лы, ген­дер­лік сая­сат­тың қаза­қстан­дық шаб­ло­ны­на діни мотив­тер­ді қосып, жан-жақтан қысым көр­се­ту­ге дай­ын­дық жасап жатқан да болуы мүм­кін. Сон­да хижап олар үшін қоғам­да қай­шы­лық туғы­зу­дың жыны­стық (ген­дер), діни, әле­умет­тік, сая­си, құқы­қтық орта­лы­ғы­на өз-өзі­нен айна­лып шыға келеді.

Рас, сыр­тқы күш­тер­ге, олар­дың осын­дай тұза­ғы­на құрал болып кет­пеу үшін де біздің қоғам­дық, демо­кра­ти­я­лық келісім­ге негіз­дел­ген зай­ыр­лы­лық ұста­ны­мы­на құры­лған мем­ле­кет пен дін қаты­на­сы­ның маз­мұ­ны мен иде­я­сын қоғам­ның кез кел­ген қабат­та­ры­на түсін­ді­ру жұмыста­ры жет­пей жатыр.

Үшін­ші­ден, діни тұрғы­дан алсақ, алты жасар қыз бала­ның Алла алдын­да ешқан­дай жау­ап­кер­шілі­гі жоқ. Сон­ды­қтан ол бала­ның осы жаста жыны­сын нақты­лап, діни ерекшелі­гін көр­сетіп, сынып­та­ста­ры­нан оқша­у­ла­нуы діні­міз­ге де, ділі­міз­ге де, заңы­мы­зға да қар­сы әре­кет. Енді осы әре­кет­ті сол бала жасап оты­рған жоқ, оны тәр­би­е­леп оты­рған ата-ана­сы. Оған оның еркі де, сана­сы да, ақы­лы да, ішкі діни сезі­мі де жет­пей­ді. Бұл ата-ана­сы­ның бала­сын құрал қылуы, сол арқы­лы еркін заңға қар­сы екен­ді­гін, зай­ыр­лы­лық талап­та­рын мой­ын­да­май­тын­ды­ғын көр­сетіп отыр.

Біз – ислам арқы­лы мәде­ни бол­мысқа айналған, ұлт­ты­ғы­мы­зды қалып­та­сты­рған, дәстүр­лі мем­ле­кет­тілі­гі мен тари­хи тәжіри­бесі бар халы­қ­пыз. Біз кеше ғана мұсыл­ман болған ел де емес­піз. Қазір­гі қоғам­дағы неосәла­фи­лік тен­ден­ция осы жоға­ры­да айты­лған­дар­дың бәрін жоққа шыға­рып, дін­дар­лар ара­сын­да теріс пси­хо­ло­ги­я­лық пиғыл қалып­та­сты­руға мұрын­дық болып отыр. Бұл үдеріс отба­сы инсти­ту­тын зай­ыр­лы қоғам­нан оқша­у­лау, имма­нент­ті мән­де­гі ішке бүлі­ну, қоғам тала­бы­на немқұрай­ды қарау, заң­ды еле­меу, кеңістік пен уақыт үндесті­гі үйлесім­ділі­гіне қаты­спа­уды өз құрал­да­ры­ның ерекшелі­гі мен сипа­ты ретін­де сомдап жатыр.

Төр­тін­ші­ден, ислам­да жыны­сы­на қара­ма­стан – ер ме, әйел ме – жара­ты­лы­сы­нан тең, бір рух­тан шыққан. Біре­улер­дің негіз­деп жүр­генін­дей, «ислам­да әйел еркек­тің қабы­рға­сы­нан жарал­маған». Алла алдын­да тең болған­ды­қтан да, ислам­да әйел мен еркек­ке бір­дей білім алу парыз етіл­ген. Бұл білім алу­дың маз­мұ­ны да сол уақыт пен кеңістік­тің тала­бы­на сай болуы қарас­ты­ры­лған. Бүгін­гі жаһан­данған дүни­е­де білім алу маз­мұ­нын­да елі­міз басқа­лар­мен тере­зесі тең болу мақ­са­тын көз­де­ген бол­са, Хана­фи маз­ха­бы да бұл шар­тты қол­дай­ды. Елі­міздің білім беру жүй­есі зай­ыр­лы сипатта, бұл – шарт. Олай бол­са, діни үкім тұрғы­сы­нан да – ол дін­дар әйел не еркек бол­сын – Алла алдын­дағы жау­ап­кер­шілік­тен ада бола­ды. Бірақ елі­міз ислам дінінің өркен­де­уіне барын­ша қол­дау көр­сетіп оты­рған бір­ден-бір мемлекет.

Зай­ыр­лы­лы­қты елба­сы­мыз Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев құн­ды­лық ретін­де таныт­ты. Ал құн­ды­лық – аксио­ло­ги­я­лық тұрғы­дан құр­мет­те­луі тиіс тұғыр. Сон­ды­қтан алты жасар бала ғана емес, балиғатқа жет­кен, орта мек­теп­те оқи­тын кез кел­ген жасы­мыз діни атри­бут­тар­ды желеу етіп, мем­ле­кет­тік меке­ме­де оқша­у­ла­нуы­на, дара­ла­нуы­на, ерекше­ле­нуіне жол беріл­мей­ді. Осы жастағы кез кел­ген жасөс­пірім мек­теп­тен білім алуы шарт, мем­ле­кет­тік мін­дет­ті білім стан­дар­ты­нан аттап кете алмай­ды. Зай­ыр­лы­лық ұста­ны­мы бұл мәсе­лені де шешіп қой­ған – діни атри­бут­тар­мен білім ала­тын арнайы мек­теп, оқу орын­да­ры бар. Ал мек­теп­ті бітіріп шыққан соң, ол аза­мат әрі қарай жоға­ры білім ала ма, алмай ма – өз еркі.

Бесін­ші­ден, ерекше еске­ретін жайт – мек­теп, отба­сы­лық құн­ды­лы­қтар мен зай­ыр­лы талап­тар елі­міздің ертеңі бола­тын бола­шақ жастарға педа­го­ги­ка­лық стан­дарт­тар­ды қалай, қан­дай жол­дар­мен сіңді­ру төңіре­гін­де жеті ойла­нып, мың толға­нып шеші­лу керек. Қазір­гі мек­теп қабы­рға­сын­да жүріп-ақ жүк­ті болып қала­тын, жүк­ті қылып қоя­тын «бала-әке, бала-шеше­лер­дің» белең алуы ата-ана­ны алаң­дат­пай қой­май­ды. Ата-ана бала­сын діни таным­дық шең­бер­лер­ге тыққы­сы келетін­дік­тері де қазір­гі мек­теп­те­гі осын­дай келеңсіздік­тер­ден болуы ықти­мал. Яғни, мек­теп­те білім беру мен тәр­бие жұмыста­ры өза­ра қабыспай жатыр деген сөз. Міне, ата-ана осын­дай сенім­сіздік­тен діни пси­хо­ло­ги­я­лық күй­зеліс­ке түсіп, бала­сы­на мына қоғам­ның білім беру жүй­есіне парал­лель «пана­ны» діни таным­нан ізде­уі табиғи жайт бол­са керек. Бұл ата-ана­ның үрейі балаға ауы­сқан­да, қан­дай қос үрей пай­да бола­тын­ды­ғын пси­хо­лог­тар жақ­сы түсін­се керек-ті. Содан орта­да зардап шегетін бала болып қала береді.

Түп­теп кел­ген­де, қыз бала­сын мек­теп­ке жібер­мей қою­дан ата-ана­сы сенім­ді болға­ны­мен, бола­шақта ол қыз қоға­мға да жиір­кене қара­уы ықти­мал. Күдік, үрей, қорқу, өкі­ну, жек­кө­ру, соңын­да режим­ге қар­сы тұру пси­хо­ло­ги­я­сы­ның бұлағы екен­ді­гін есте сақтаға­ны­мыз жөн. Бұл пси­хо­ло­гия сей­іл­ме­се, қоғам­да уаха­би­лік тен­ден­ция өрші­ме­се – әлсіре­мей­ді. Оларға осы тұс нағыз азық, нағыз «сыны­ққа сыл­тау» болып қала бер­мек. Нәти­же­сін­де мұн­дай қоғам­да діни таным ғылы­ми таны­мға қараған­да басым­ды­ққа ие болады.

Алтын­шы­дан, қоғам­да уаха­би­лік тен­ден­ция модаға айна­лып бара жатыр. Ол жастар­дың діни таным­дық сұрағы­нан нақты көрініс береді. Ол – «Құран­да бар ма?» сұрағы… Кез кел­ген мәсе­ле, құбы­лыс яки өмір­дің қара­пай­ым мысал­да­ры­на Құран­нан жау­ап іздей­ді. Ең бол­ма­са, Құран осы мәсе­ле­ге қалай қарай­ды деп бір ұста­ным, түсінік, тұжы­рым, таным ретін­де сұра­са – айна­ла­сың. Олар ұғым, қағи­да, ере­же, заң ретін­де сұрай­ды. Егер ұғым ретін­де қара­саң, Құран­нан мол­да, мед­ре­се, ора­за, намаз, пай­ғам­бар, хижап, құдай, т.б. ұғым­дар­ды тап­пай­сың. Бұлар­дың араб­ша бала­ма­ла­ры бар: саум, салат, наби, расул, хумур сияқты. Сон­ды­қтан бұл тен­ден­ци­я­ны біздің жаста­ры­мыз діни киім ретін­де қабыл­данған «араб мәде­ни­еті мен діни таны­мын» қоса-қабат алып келіп жатқан­да­ры­нан бей­ха­бар. Кісісі өлген жесір сияқты «қара жамы­лып», ерте қар­тай­ғы­сы кел­ген қауға сақал шайх болып жүр­ген­дер­ге араб мұсыл­ман­ды­ғы­ның өкіл­дері екен­дік­терін түсін­ді­ру қажет-ақ. Бұларға осы көріністері­мен-ақ қоғам­дағы «исла­мо­фо­бия» ескерт­кі­ш­тері екен­дік­терін мой­ын­да­ту керек.

Жетін­ші­ден, хижап­тың артын­да ұлт­тың транс­фор­ма­ци­я­ла­нуы, дәстүр­дің реви­зи­я­ла­нуы, діл­дің тілім­де­нуі келе жатыр. Қазақ мәде­ни­етінің, салт-сана­сы­ның, отба­сы­ның орта­лы­ғы – ана. Уаха­би­лік таным­мен тұм­ша­ланған қызда­ры­мыз, бола­шақ ана­ла­ры­мыз ара­б­тың салт-сана­сы­мен де тұн­шы­қты­ры­лып жатыр. Бұл кеше­гі ком­му­низм идео­ло­ги­я­сы­нан да қауіп­ті. Бір­ге туыс-ағай­ын­дар осы ұста­ным арқы­лы, егер үйде бауы­ры жоқ бол­са, босаға­дан аттап кіре алмай­тын жағ­дай­ға жете­міз. Неге? Үйде ері жоқ. Қаза­қы діл кей­ін­ге шегініп бара­ды. Бара-бара жеті ата да қала­ды. Себебі Құран­да емшек­тес бол­ма­са – бол­ды, неке­ге рұқ­сат. Осын­дай діни таным­мен тұм­ша­ланған қаза­қтың бала­сы ертең неме­ре қарын­да­сы­на басқа­ша көз­бен қара­ма­сы­на кім кепіл?

Жал­пы, бұл уаха­би­лік таным қаза­қтың дәстүр­лі мұсыл­ман­дық түсіні­гі, діни таны­мы, ділі мен салт-дәстүрін де рестав­ра­ци­я­лаға­лы тұр. Қазақ фор­маға емес, маз­мұнға, фено­мен­ге емес, мән­ге көңіл ауда­ра­тын халық еді. Енді бүгін қыздар тұм­ша­лан­ба­са, фит­наға себеп бола­тын болып­ты. Бұл жер­де қазақ қызда­ры­на жарасқан ұлт­тық киі­мі болған­ды­ғын айтып отыр­мыз. Егер осы­лай кете бер­сек, кез кел­ген ұрға­шы – ол жең­ге демей, қарын­дас демей, фит­наға себеп бола­ды дей­тін болар­мыз. Ал Құран­да әурет­ті жабу­дың ар жағын­да жүрек­ті жабу тұрған­ды­ғы­на назар аудар­май­тын бол­дық. Сон­ды­қтан қарын­даста­ры­ма айта­рым – жамы­лғы­ны жүрек­ке салай­ық, алды­мен білім алай­ық, надан болып қал­май­ық. Ертең ана­сы надан ұрпақтан қан­дай білім­ді ұрпақ, елі үшін ой толғай­тын аза­мат шыға­ды? Ата-ана­лар­ды да төзім­ділік пен шыдам­ды­лы­ққа шақырамын.

– Қарап отыр­сақ, кей­бір дін­дар­лар мен оқу орны бас­шы­ла­ры бір мәміле­ге келе алмауда. Себебі неде?

– Себеп­теріне жоға­ры­да тоқтал­дым. Бұл мәсе­ле екі жақтың да діни таным­дық, зай­ыр­лы­лық тұрғы­сы­нан сау­ат­сызды­ғы­на тіреліп отыр. Ең басты­сы – бұл дау қоғам шар­тта­рын, кеңістік пен уақыт тала­бын тани алмаудан туын­да­уда. Жал­пы, ислам дінін­де қыз балаға ең бірін­ші «білім алу парыз ба», әлде «ора­мал тар­ту ма»? Ислам­да қыз балаға білім алу – парыз. Аллаға құл­шы­лық ету үшін де, алдын­дағы түп­кілік­ті мін­деті мен жау­ап­кер­шілі­гінің шегі мен мүм­кін­ді­гі ара­сын ажы­ра­ту үшін де білім, таным, ойлау, сана тұра­ды. Ора­мал­дың да кезе­гі келеді сосын.

– Бұл мәсе­лені шешудің қан­дай оңтай­лы тетік­тері бар?

– Басты тетік – біздің зай­ыр­лы заңы­мы­зда нақты көр­сетіл­ген, онда «өгіз де өлмей­тін, арба да сын­бай­тын» тетік­тер бар. Сол тетік­тер қол­да­ны­стан тыс қалып қой­ған. Ол – қоғам­мен үндестік­те, үйлесім­ділік­те қол­да­на­тын мем­ле­кет­тік инсти­тут­тар мен қоғам­дық діни ұйым­дар ара­сын­дағы «көпір­ді» қай­та жарақтау қажет. Екі инсти­тут­тың да бағыт­та­ры мен мүд­де­лері тоғы­сып, бірін-бірі толы­қты­рып оты­руы тиіс. Мем­ле­кет – «әке», қоғам – «ана» рөлін жақ­сы бел­сен­ді атқар­са, орта­да «бала» да ешкім­ге құрал бол­мас деген ойдамын…

– Әңгі­меңіз­ге рахмет!

Сұх­бат­тасқан –

Зари­на КИБАЕВА

Jasqazaq.kz

Республиканский еженедельник онлайн