Суббота , 5 июля 2025

Әбдірашит БӘКІРҰЛЫ: Тәуелсіздік тізгінін жастар қолға алған күні бар мәселені шешеді

Қоға­мға таны­мал қай­рат­кер аза­мат, фило­соф-пуб­ли­цист Әбдіра­шит Бәкірұ­лы өзінің «Фейс­бук­тағы» парақ­ша­сын­да мына­дай жаз­ба жари­я­лап­ты (қаз-қал­пын­да): «Жыл сай­ын 16–17 жел­тоқ­сан күн­дері қазақ жұр­ты ыңғай­сызды­ққа тап болу­да: бір жағы­нан – Тәу­ел­сіздік мере­кесі, екін­ші жағы­нан – Жел­тоқ­сан көтерілісі. Еке­уі де қазақ жаны үшін қаси­ет­ті ұғымдар…

Сол себеп­ті аза­лы күн­ді еске алған­дар мен мере­кені той­лаған­дар ара­сын­да кикіл­жің жағ­дай жиі орын алып қалу­да. Сон­ды­қтан осы – бір-біріне мораль­дық тұрғы­дан қай­шы­лық туғы­зған бұл дата­лар­ды бола­шақта бәрібір рет­те­у­ге тура келеді. 

Жел­тоқ­сан көтерілісі 1986 жылы, тәу­ел­сіздік­ке дей­ін орын алды – енді оны ешкім де, ешқа­шан да өзгер­те алмай­ды! Оның үстіне ол көтерілісті көп­те­ген елдер мой­ын­дап та үлгерді…

Ал Тәу­ел­сіздік күні елі­міз­де орын алған көп­те­ген тәу­ел­сіздік атри­бут­та­ры­мен, заң­да­ры­мен бай­ла­ны­ста қарас­ты­ры­ла ала­ды. Сон­ды­қтан сол оқиға­лар тіз­бе­гі­нен Тәу­ел­сіздік­ке қаты­сы бар деген ең маңы­здыс­ын аны­қтап алып, сол күн­ді Мере­ке жари­я­лап, қазақ жұр­тын екіұ­дай­ы­лы­қтан құтқа­ру керек.

Біз, шыны­мен де, «басы­мыз біріксін», «бір­лік­ті болай­ық» дей­тін бол­сақ, «Аза күні» мен «Қуа­ныш күнін» «бір қаза­нға тоғыт­па­удың» ама­лын қарас­ты­рға­ны­мыз жөн…».

Міне, Әбдіра­шит мыр­за қозғап оты­рған, бұған дей­ін де әр жер­де тиіп-қашып айты­лып жүр­ген осы қара­ма-қай­шы­лы­қты «өгізді де өлтір­мей, арба­ны да сын­дыр­май», қалай рет­те­у­ге бола­ды? Осы сұрақ­пен қам­көңіл қоғам­шыл аза­мат – Әбдіра­шит Бәкірұлы­ның өзін «ДАТ» айда­ры­ның аясын­дағы сұх­батқа тарттық.

– Иә, Әбе­ке, «жоға­ры жақта» – Ақор­да­да ести­тін құлақ бол­са, өте орын­ды мәсе­лені әле­умет­тік желі­де сөз еткен екен­сіз. Расын­да да, ата­лы күн мен аза­лы күн­нің қатар аталға­ны қоғам­да біраз қолай­сызды­қтар туды­рып жүр. Сіз қалай ойлай­сыз, Тәу­ел­сіздік күнін Жел­тоқ­сан көтерілісі дата­сы­на мің­ге­стіріп қою­дың аста­рын­да қан­дай қитұрқы сая­сат болуы мүмкін?

– Иә, жыл сай­ын 16–7 жел­тоқ­сан күн­дері тек мен ғана емес, мың­даған жан­ның көңіл-күй­ін­де әйте­уір бір маза­сыздық бола­ды деп ойлай­мын. Мұн­да сіз­дер «ата­лы күн» деп оты­рған Тәу­ел­сіздік күні – қазақ халқы­ның ұлы мере­кесі! Ол – тай­ға мін­ген бала­дан бастап, ата сақал данаға дей­ін дүр­кіретіп той­ла­уы тиіс той! Себебі қазақ халқы өзінің мем­ле­кет­тік тарихын­да тәу­ел­сіздік­тің ащы дәмін әбден татқан халық. Сон­ды­қтан Тәу­ел­сіздік­тің қадірі қазақ үшін ерекше! Бірақ басқа­ны қай­дам, дәл өзім сол күні Ұлы той­ды сезіне алмай келе­мін. Ойым­ды 1986 жылғы Жел­тоқ­сан көтерілісі оқиға­ла­ры­ның еле­стері баса­ды… Кей­бір сәт­тер, мыса­лы, әйелім­мен бір­ге алаңға кіріп кет­кен жеті жасар қызым­ның аяқ астын­да тап­та­лып қалуы мүм­кін болға­ны еске түс­кен­де – денем түр­ші­гіп, кеудені қорқы­ныш кеулей­ді… Осы уақы­тқа дей­ін, бүгін­де сол қыздан неме­ре сүй­іп оты­рған­ды­қтан, олар­ды қолы­нан жете­леп алаң­нан шыға­рып жібер­ген қаза­қтың екі жас мили­ци­о­нер жігіт­теріне рах­метім­ді айта­мын… Қай­дағы той ондайда! 

Рас, 1986 жылғы 16–17 жел­тоқ­сан күн­дер­гі қан­ды оқиға­ның дата­сын басқа күн­ге ауы­сты­ра алмай­мыз. Ал Тәу­ел­сіздік күнін атап өтуді 25 қаза­нға – Қаза­қССР Жоғарғы Кеңесі «Тәу­ел­сіздік декла­ра­ци­я­сын» қабыл­даған күн­ге ауы­сты­руға болар ма еді? 

– Иә, Жел­тоқ­сан көтерілісі болған күн­ді өзгер­ту енді ешкім­нің қолы­нан кел­мей­ді. Ол қазақ халқы­ның тарихы­на енді. Сон­ды­қтан ол күн­дер қазақ халқы үшін әр уақыт­та да аза­лы күн­дер болып қала береді… Біз не себеп­тен ол күн­дер­ді баяғы КСРО кезін­де­гі «Ұлы Октябрь рево­лю­ци­я­сы мей­ра­мы» сияқты мере­ке­ге айнал­ды­ра алмай­мыз? Себебі Жел­тоқ­сан көтерілісі Қаза­қстан­ның Тәу­ел­сіздік алуы жеңісі­мен аяқталған жоқ. Көтеріліс жеңіліспен аяқтал­ды. Көтерілі­стен кей­ін қазақ халқы кезек­ті репрес­си­яға ұшы­ра­ды: оны – азаттық күресі деп қабыл­да­ма­ды. Оған «солақай ұлт­шыл­дық», «бұза­қы­лық», «билік­ке таласқан­дар­дың интри­га­лық ойы­ны» деген­дей баға­лар беріл­ді. Жастар осы­ның ойын­шы­ғы­на айнал­ды делін­ді. Біз­ге Тәу­ел­сіздік араға тек 5 жыл салып қана кел­ді. Сон­ды­қтан Жел­тоқ­сан билік­ті төтесі­нен басып алған «Ұлы Октябрь рево­лю­ци­я­сы» сияқты бола алмай­ды. Бірақ Жел­тоқ­сан көпұлт­ты КСРО-дағы бұғып жатқан «ұлт­тық сана­лар­ды» дүр еткізіп көтеріп кет­ті… Нәти­же­сін­де ұлт­тық сана­лар­дың еркін­дік­ке ұмты­лы­сы 70 жыл­дай фор­маль­ды түр­де «ұлт­тық мәде­ни­ет­тің дамуы», ал іс жүзін­де «ұлт­тар­дың өза­ра сіңуі» (оры­стан­ды­ру – Ә.Б.) прин­ци­пін жүзе­ге асы­рған, соңын­да оны жасы­ру үшін «Ұлы совет халқы» деген­ді ойлап тапқан КСРО-ның ұлт­тық сая­са­тын қират­ты. 90-жыл­да­ры бір фило­со­фи­я­лық кітап­тан З.Бжезинскийдің 1973 жылы қабыл­данған «КСРО-ны қира­ту тура­лы» жос­па­рын оқып едім. Сон­да АҚШ-та эко­но­ми­ка­дан өзге, ұлта­ра­лық қаты­на­сты да КСРО-ны қира­ту құра­лы­на айнал­ды­ру көз­дел­ген екен. Ақы­ры сол іске асып, «қай­та құру» деген атпен баты­спен «демо­кра­тия ойы­нын» ойна­мақ болған М.Горбачевтың қолы КСРО-дағы ұлта­ра­лық қаты­на­стың тіз­гіні­нен ажы­рап қал­ды. Аты айда­лаға шауып, КСРО мерт болды… 

Деген­мен, «Жел­тоқ­сан­ның жеңісі біз­ге төтесі­нен кел­ген емес, өзге рес­пуб­ли­ка­лар­дағы ұлт-азаттық күре­стер­дің, оқиға­лар­дың тіз­бе­гі­мен жалға­сып жет­ті» дегені­міз – шын­ды­ққа әлдеқай­да жақын. Енде­ше қаза­қтар «біз бастап едік» деп кеудені қаға бер­мей, ара­кідік, қазақ жаста­ры­ның азатты­ққа ұмты­лы­сын бір­ден қол­дай кет­кен басқа да рес­пуб­ли­ка­лар­дың халы­қта­ры­на, олар­дың жаста­ры­на риза­шы­лы­ғы­мы­зды біл­діріп оты­рға­ны­мыз дұрыс бола­ды. Сон­ды­қтан басқа бол­ма­са да, ең алды­мен Жел­тоқ­сан күн­дері При­бал­ти­ка мем­ле­кет­терінің, Гру­зия мен Әзер­бай­жан мем­ле­кет­терінің жаста­ры аты­на арнайы «Жел­тоқ­сан көтерілісі күні­мен құт­ты­қтау» хат­та­рын жол­дап қою артық етпей­ді деп санаймын… 

Менің­ше, біздің депу­тат­тар баста­пқы кез­де­гі Тәу­ел­сіздік эйфо­ри­я­сы­мен бір-біріне мораль­ды тұрғы­да қай­шы дата­лар­ды бірік­тіріп жібер­ген сыңай­лы. Бей­нелі түр­де айт­сақ, бұл жер­де «Жел­тоқ­сан­ның Тәу­ел­сіздік алдын­да еш айы­бы жоқ, керісін­ше, Жел­тоқ­сан күніне Тәу­ел­сіздік рұқ­сат­сыз кіріп алған» дей­тін жағ­дай орын алып отыр. Әрине, мұны қабыл­даған депу­тат­тар: «Жел­тоқ­сан тәу­ел­сіздік баста­уы», «Тәу­ел­сіздік пен Жел­тоқ­сан бір ұғым», «Тәу­ел­сіздік ұлы той» деген фор­маль­ды логи­ка шең­бері­нен шыға алмай қалған сыңай­лы. Сөй­тіп, бірі­гуі мін­дет­ті емес нәр­се­лер бірі­гіп кет­кен. Нәти­же­сін­де халы­қтың жар­ты­сы той­лап жата­ды, қалға­ны ас беріп жата­ды… Тіп­тен осы­лай жалға­са бер­се, Жел­тоқ­сан көтерілісі бір­тін­деп ұмы­ты­ла беруі де мүм­кін… Онда соны­мен бір­ге Тәу­ел­сіздік­тің де құн­ды­лы­ғы төмен­де­мей ме? 

Енді «басқа күн­ге ауы­сты­ру» деп­сіз… Әрине, біз Жел­тоқ­сан­ды ешбір «басқа күн­ге» ауы­сты­ра алмай­мыз. Ал Тәу­ел­сіздік күніне бай­ла­ны­сты қоғам­дық пікір ұйым­да­сты­руға, қоғам қай күн деп шеш­се – сол күн­ді таң­да­уға ешқан­дай кедер­гі жоқ. Біз­де Тәу­ел­сіздік­ке қаты­сты маңы­зды (күре тамыр­лы) істер аз емес! Соның біріне тоқта­луы­мыз керек. Мыса­лы, Айдос Сарым оны бұры­нғы­дай қазан айы­на көшіруді ұсы­на­ды. Мен де сол пікір­де­мін. Себебі қазан айын­да бірқа­тар түр­кілік мем­ле­кет­тер­дің мере­ке­лері атап өтіледі (мыса­лы, Түр­кия). Әрі ауа райы тұрғы­сы­нан да қазан айы ыңғай­лы. Тәу­ел­сіздік­тің Ұлы той­ын ызғар­лы жел­тоқ­сан­ның шана­сы мен шаңғы­сы­на мініп емес, қоңыр күздің жай­ма шуақ айын­да, қаза­қтың батыр­лық сим­во­лы­ның бірі – айғы­рға мініп қар­сы алғанға не жетсін!

– Бірақ ондай­да Тәу­ел­сіздік­тің атағы ҚР пре­зи­ден­ті Назар­ба­ев­тың үлесіне бұй­ыр­май қала­ды деген жан­дай­шап­тық пікір бар. Оның түп-төр­кіні Нұре­кеңнің өз қиса­бы­нан да тарап жатуы мүм­кін. Себебі «Тәу­ел­сіздік декла­ра­ци­я­сын» қабыл­даған Жоғарғы Кеңе­стің төраға­сы Серік­бол­сын аға Әбділ­дин бол­ды. Десек те, «тәу­ел­сіздік» деген ұлы ұғым­ды сая­сат­кер­лер­дің жеке баста­ры­на теліп қоюға бола ма? Бұл –ұлтқа, мем­ле­кет­ке ортақ дата емес пе?

– Мен бұл мәсе­ленің «сая­си­ла­нуын» қала­май­мын. Сая­сат­кер­лер ара­сын­дағы бола беретін, орын ала­тын тар­ты­стың «өз тақы­ры­бы» бар. Қазақ дүни­е­та­ны­мын­да не нәр­се­ге бол­са да кірісті­ре беру­ге бол­май­тын көп­те­ген киелі ұғым­дар жет­кілік­ті. Мыса­лы, Ана, Жер-ана, Отан, Халқым, Елім деген киелі құн­ды­лы­қтарға қаты­сты қазақ бала­сы ешқа­шан әбес­тік­ке, оғаш ойға бар­май­ды. «Киесі ұра­ды» деп тар­ты­на­ды. Біз үшін де «Жел­тоқ­сан» көтерілісінің, «Тәу­ел­сіздік» ұғы­мы­ның орны ерекше! Еке­уіне де қаза­қтың қаны төгіл­ген! Сон­ды­қтан мен мұн­дай «есеп-қисап­ты» жан-тәнім­мен қабыл­дай алмай­мын. Ондай­ға менің санам­да орын жоқ – КИЕСІ ҰРАДЫ! Бірақ бұл мәсе­ле түбін­де рет­те­леді деп сене­мін. Тәу­ел­сіздік тіз­гінін жастар қолға алған­да – олар ең алды­мен осы мәсе­лені шешетін бола­ды! Еш күмән болмасын!

– Жал­пы, сіздің өзіңіз тәу­ел­сіздік­тің бүгін­гі нәти­же­сіне разы­мын деп айта ала­сыз ба? Мәсе­лен, ел тәу­ел­сіз бол­са да, осы елдің аза­мат­та­ры билік­ке тәу­мен­ді жағ­дай­да жүр­гені жасы­рын емес қой…

– Адам тек өлген­де ғана разы бола­тын шығар… Ал сұрағы­ңа діни кон­тексті қоя тұрып, дүни­елік тұрғы­дан жау­ап бер­сем – әрине, риза емес­пін. Иә, мен биыл­дан бастап зей­нет­кер­лік­ке шықтым. Қазір «мем­ле­кет қамқор­лы­ғы­на өттім» деп айт­сам бола­ды. Зей­не­тақым аз ба, көп пе – мәсе­ле онда емес. Сон­ды­қтан сұрақты «Елі­міздің эко­но­ми­ка­лық қуа­ты елі­міздің тәу­ел­сізді­гін сақта­уға қабілет­ті ме?» деп өзгерт­кен дұрыс па дей­мін. Осы тұрғы­дан алған­да, біз көш­тен кей­ін қалып бара­мыз. Мыса­лы, елі­міздің инду­стри­я­лан­ды­ру бағ­дар­ла­ма­сы экс­порт­тық тау­ар өндірісін алға шыға­ра­ды. Әрине, ол инве­сти­ция тар­ту көзі. Алай­да соны­мен бір мезет­те біз­де «биз­не­стің әле­умет­тік жау­ап­кер­шілі­гі» жоқтың қасы. Біз­де Қаза­қстан эко­но­ми­ка­сы арқа­сын­да орас­ан зор бай­лық тапқан­дар­дың капи­та­лын ішкі нары­ққа жұмыс істе­у­ге, отан­дық тау­ар өндірісін дамы­туға бұру жоқ. Мем­ле­кетт­тің орас­ан зор ықпа­лы бола оты­рып, мем­ле­кет бұл шара­ны қолға ала алмай отыр. Мәсе­лен, әлем­дік санк­ци­яға ұшы­раған Ресей оли­гарх­та­ры өз капи­та­лы­ның көп бөлі­гін өз эко­но­ми­ка­сы­на құю­да. Олар жаңа жұмыс орын­да­рын ашып, эко­но­ми­ка­лық және азық-түлік­тік қауіп­сізді­гін сақтау үшін жан­та­ла­су­да. Біз­де ол жоқ. Әрине, орта биз­нес өкіл­дерін­де ондай тал­пы­ныс бар. Бірақ олар­дың да қолын оли­гар­хия бай­лап тастаған. Міне, дәл осын­дай жағ­дай­да ешкім де «бар­лық жағы­нан тұрақты елде тұрып жатыр­мыз» деп сенім­мен айта алмай­ды. Себебі тұрақ­сыздық – сенім­ді шая­ды. Бола­шаққа сенім азай­ған­да – әркім «сенім­ді орта» табуға ұмты­ла­ды… Сон­ды­қтан «қар­тай­ған­да неме­ре­лер­дің қызы­ғын көріп отыр­сам ба» деген арма­ным­ның осын­дай «тәу­е­кел­ге» тіреліп тұрға­ны рас. Билік тара­пы­нын оған кепіл бола­тын іс-шара­лар әлі жет­кіліксіз, себебі мем­ле­кет­тің тамыр жай­ып кет­кен кор­руп­ци­яға қар­сы тұруға шама­сы келер емес… 

Сұрақтың екін­ші – «тәу­мен­ді» деген жағы қызы­қты екен. Менің­ше, халы­қтың өз билі­гіне «тәу­мен­ді» болуы емес, «сенуі» маңы­зды. Сол сенім­ге лай­ық «ақыл­ды» билік болуы маңы­зды! Бірақ біз­де ол да жоқ қой. Қыз­мет­ке тамыр-таны­сты­қ­пен орна­ла­су бар­да – «ақыл­ды билік» қай­дан шық­сын. Ол тура­лы өткен­де елба­сы­ның өзі де ашу­лы түр­де мәлім­деді. Содан кей­ін кей­ін­гі кез­де осы мәсе­ле­де сең қозға­ла­ды деп жора­мал­дай­мын… Бұл өзі кор­руп­ци­я­мен қара­ма-қар­сы, про­пор­ци­о­нал­ды құбы­лыс – кор­руп­ци­я­ны­ның тамы­ры тар­ты­лған сай­ын, «ақыл­ды билік­тің» тамы­ры жуан­дай береді дегендей… 

– Оның үстіне біздің тәу­ел­сіз елі­міз Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық одақ арқы­лы Ресей­дің импе­ри­я­лық құшағы­на батып бара жатқа­нын жоққа шыға­ра алмай­тын шығар­сыз? Кеден­дік одақ пен осы ЕАЭО құры­лған­нан бері Қаза­қстан­ның эко­но­ми­ка­лық жағ­дайы, халы­қтың әле­умет­тік-тұр­мыстық аху­а­лы ауыр­лап кет­кені шын­дық қой…

– Иә, Ресей тара­пы «қиын­ды­қтан бір­ге шығай­ық» деп ұсы­нып жатыр дей­ді. Бұл «бір­ге кірей­ік» деген сөз­бен пара-пар. Ресей – қан­дай жағ­дай бол­ма­сын, өзінің «импе­ри­я­лық дең­гей­ін» сақтап тұруға қабілет­ті ел. Оның табиғи ресур­сы әлем­де алды­ңғы орын­да. Ал біз табиғи ресурс бой­ын­ша жоға­ры тұр­сақ та, «импе­ри­я­лық амби­ци­я­сы» бар елдер қата­ры­на жат­пай­мыз. Оның үстіне стра­те­ги­я­лық табиғи ресур­стар­дың біра­зын ешбір қажет­сіз шетел­дік тран­сұлт­тық ком­па­ни­я­лар­дың, шетел­дік аза­мат­тар­дың қолы­на өткізіп беріп қой­дық. Әлі де беріп жатыр­мыз. Яғни, бұл біздің даму­шы елдер қата­рын­да екені­мізді біл­діреді. Сон­ды­қтан біз­ге кез кел­ген импе­ри­я­лық алпа­уыт мем­ле­кет­тің «ыстық құшағы­на» көз­сіз ену­ге бол­май­ды – тұн­шы­ға­мыз. Осы тұрғы­да Бело­рус­си­ядан өне­ге алсақ болар еді…

– Ал енді, Әбе­ке, жел­тоқ­сан­шы­лар­дың өз ішін­де де ауы­з­бір­лік жоқ екенін білесіз: Қаза­қстан­дағы бір қан­ды дата­ны «Жел­тоқ­сан» ата­уы бар 7–8 қоғам­дық ұйым өза­ра бөлі­се алмай, жік-жік­ке бөлініп кет­кенін қалай түсін­дірер едіңіз? 

– Мен жел­тоқ­сан­шы ретін­де мына­дай ой тастар едім: Қазақ қоға­мы әр уақыт­та тари­хи-мәде­ни-руха­ни сабақ­та­сты­қты «Ата, әже – неме­ре» тіз­бе­гі арқы­лы жалға­сты­рып оты­рған. Яғни, «балаң –өскен­ше, неме­рең – өлген­ше» деп қазақ тегін айт­паған. Жал­пы мағы­на­сын­да біз мұны «ұлт­тық тәр­бие» деп атай­мыз. Соның арқа­сын­да ұлт­тық намыс пен ұлт­тық мінез ерекшелі­гі (қаза­қи­лы­ғы) уақыт­тан уақы­тқа жетіп оты­рған. Бүгін­де жел­тоқ­сан­шы­лар­дың көбі дер­лік зей­нет­ке шығып, арда­гер­лер қата­рын толы­қты­ру­да. Яғни, жақын бола­шақта олар «арда­гер» ста­ту­сы­на бай­ла­ны­сты жап­пай «ұлт­тық-пат­ри­от­тық тәр­би­е­ге» ара­ла­са бастай­ды. Бүгін­де мен өзі­ме «біз осы­ған дай­ын­быз ба?», «ұлт­тық маңы­зды мәсе­ле­лер­ді мой­ы­нға алуға интел­лек­ту­ал­ды өре­міз бен ада­ми қабілеті­міз жет­кілік­ті ме?» деген сұрақтар­ды қоя баста­дым. Яғни, қазір­гі «үй бер, жер бер, газ бер, тегін жолақы бер және т.т.» сұрақтар­дан гөрі, жел­тоқ­сан ұйым­да­ры ұлт­тың бола­шағы­на көбірек «үңіл­се» деп арман­дай­мын. Кезін­де ұлт­тық намыстың абы­рой­ын қорғаған жастар бүгін­де – шау тар­тқан кез­де, Абы­лай­хан­ның түсін­де­гі­дей «бақа-шаянға» айна­лып кет­пе­се екен деп арман­дай­мын… Сон­ды­қтан Жел­тоқ­сан бүгін­гі құры­лған 9–10 ұйы­мға емес, ол Ұлт­тық намыстың баро­мет­ріне, Ұлт­тық бағы­тқа үне­мі жол сіл­те­уші шам­шы­раққа, Ұлт­тық ИДЕЯҒА – Қаза­қтың соңғы әрі нәти­желі ұлт­тық-азаттық көтерілісі деп таны­лып, осы жағы­нан тарих­та қал­са деген, сол үшін күре­су керек деген ұста­ны­мға кел­дім. Содан болар, мен «бөлініп жатыр екен», «қырқы­сып жатыр екен» деген­ге аса назар ауда­ра бер­мей­мін. Шыным сол, ондай пен­де­шілік­ке мүсір­ке­ушілік­пен қарай­мын. Мені өкін­діретіні – Жел­тоқ­сан көтерілісіне қаты­сқан мың­даған зия­лы қауым өкіл­дерінің әлі күн­ге дей­ін оны жасы­ра­ты­ны, бұғып оты­рған­да­ры… (Сірә, Ленин­нің «интел­ли­ген­ци­я­ны» басты күш­ке сана­мауы­ның да сыры осын­да ма дей­мін… (әзіл ғой)). Себебі олар­дың көбі әлі де Жел­тоқ­сан­ның бола­шақта өз тари­хи баға­сын ала­ры­на көз­дері жет­пей­ді. Бүгін­де Жел­тоқ­сан идео­ло­ги­я­сын жаса­у­шы һәм жүр­гі­зу­ші зия­лы қауым қата­ры аз. Бірік­тіру­ші Идея әлсіз. Сол себеп­ті де көбіне-көп әркім өз біл­гені­мен жүр…

– «Пост­на­зар­ба­ев­тық кезең» демек­ші, қаза­қстан­дық қоғам­да билік­тің ауы­суы­на дай­ын­дық нышан­да­рын бай­қап жүр­сіз бе? Мүм­кін болар мұн­дай өзгерістер­ге қам жаса­удың қан­дай нышан­да­рын атап өтер едіңіз?

– Иә, әкім­шілік дең­гей­де ол бай­қа­ла­ды. Бүгін­де әкім­шілік­тер қоғам­мен жұмыс істеу фор­ма­тын аздап өзгер­те баста­ды. «Халы­қ­пен жақын­да­су» жол­да­рын ізде­уде. Мұның оңды­лы­ғы сол – «халы­ққа бет бұру­дың» әртүр­лі мем­ле­кет­тік құры­лым­дар­да қыз­мет ету­ші жастар­ды мем­ле­кет­шіл­дік­ке тәр­би­е­ле­у­ге әсер ете ала­тын мүм­кін­ді­гін­де ме дей­мін! Шынын­да да, біз­ге олар­дың кор­руп­ция жете­гіне емес, мем­ле­кет пен халық мүд­десіне бұры­лға­ны керек қой! 

Сөз соңын­да бар­лы­қта­ры­ңы­зды алдағы жел­тоқ­сан күн­дері еркін­дік үшін өмірін бер­ген намыс­шыл қазақ жаста­рын еске алып, оларға тағ­зым ету­ге шақырамын. 

Тәу­ел­сізді­гі­міздің тұғы­ры нығая берсін! 

– Тұғы­ры мықты тәу­ел­сіз елде өмір сүру – әр қаза­қтың арма­ны. Айтқа­ны­ңыз кел­сін, Әбеке!

Ермұрат БАПИ

«

Республиканский еженедельник онлайн