Пятница , 4 июля 2025

«МАЙМЫЛДЫҢ МӘДЕНИЕТІ»

Марқұм Қажы­тай аға Іли­я­со­втың дәл осын­дай – «Май­мыл­дың мәде­ни­еті» деген өлеңі болған еді (81-ші жылы осын­дай ата­у­мен кіта­бы да шықты). Өлеңі орыс сықақ­шы­сы Кры­ло­втың әйгілі «Мар­тыш­кин труд» деген мыса­лы­мен маз­мұн­дас: адам­ның айтқа­нын, оның ісін ғана ебе­дей­сіз қай­та­лай­тын, мисыз май­мыл­дың машақаты.

Біз­де­гі пары­қ­сыз поли­ция мен кісілік кел­бет­тен кет­кен «КНБ»-ның қылы­ғы да осы – Ақор­да­ның айтқа­нын, басты­ғы­ның тап­сыр­ма­сын «тупо» тын­ды­ра­тын май­мыл­дар­дан аумай­ды. Өткен Тәу­ел­сіздік күні бұған тағы да куә бол­дық – елдің ерен мере­кесін мезі етті: айдап салушы­ның айтақта­уы­мен алаңға жиналған жұрт­ты ұстау, қамау, жау­ап алу, жаза­лау… Аумаған маймыл!

Біз де ұстал­дық – есік­тің алды­нан алып кетті. 

«Ей, неге?!» – дейсің.

«Бастық айт­ты, алып кел деді…».

«Не үшін?».

«Біл­мей­мін, барған­да білесіз…». 

Басқа­ны біл­мей­ді – «пря­мо мартышка»!

Апарған­дағы сұрағы: 

«ДВК-ны білесіз бе?».

«Оны кім білмейді?!».

«Әле­умет­тік желі­де­гі «ДВК»-ның чатын­да бар­сыз ба?».

«Бар­мын деп айта қояй­ын саған!..».

Міне, осы – жау­ап алған­да­ры­ның түрі! Ара­ла­рын­да бетін бүр­кеп алған 

«КНБ»-ның бір жай киім­ді «жүгір­ме­гі» өзі­нен жасы да, басы да үлкен поли­цай­ларға жар­лық беріп жүр (сурет­те). Бұны басты­қта­ры әлгі «май­мыл­дар­дың» ара­сын­дағы дені дұры­ста­уы деп жұм­саған болуы керек: бірақ «қақ­пай­тын» қал­пы түк­си­ген түрі­нен көрініп тұр. Тұп-тура «тупой­дың» тұр­па­ты – «тізе­ге сал­сам», тұра жүгіреді дей­тін болуы керек: әкірең­де­ген­де, әкесін ауы­здан ұрай­ын деп жүр.
Поли­цай көлі­гін­де келе жатқа­ны­мы­зда, бір жана­шы­рым теле­фон соқты. Қоңы­ра­уды құлағы шалған әлгі «кнбш­ник» қасым­дағы маңқа сер­жан­тқа: «Теле­фо­нын тар­тып ал!» деп коман­да береді. 



Оппо­зи­ци­ядағы менің «авто­ри­тет­ный вор» екенім­нен хаба­ры жоқ. 

«Тапқан екен­сің – тар­тып ала­тын адам­ды! Кім саған теле­фон­ды бере қояй­ын деп тұр?!».

«Тәр­тіп солай…».

«Ұрған екем! Мені қамау тура­лы қау­лы шыға­ра­сың – сон­да ғана ала­сың теле­фон­ды. Ал әзір­ге салып қой қал­таңа ондай тәр­тібіңді!».
Кей­ін­нен менен жау­ап алмақ болған поли­цай­ға «шығып кет!» деп, сұқ сау­сағы­мен есік жақты нұсқай­ды. Анау биша­ра орын­ды­ғы к…тіне жап­сы­ры­лған күйі тұра жүгіреді.

Қысқа­сы, не керек, Жел­тоқ­сан мен Тәу­ел­сіздік­ке тәу ету­ге жиналған алаң­дағы халық тара­ды-ау деген­де, Герой­хан бастаған үш жігіт­пен (төмен­гі сурет­те) бір­ге біз де «бостан­ды­ққа» шықтық. 



Айт­пағым не еді?

Айт­пағым – былы­ғып біт­кен билік осын­дай «май­мыл­дық мәде­ни­ет­пен» ел басқа­рам, «дамы­ған 30 елдің қата­ры­на кірем» дей­ді. Сөй­те тұра, қанға бөк­кен Жел­тоқ­сан мен Жаңаө­зен­нің жаңғы­ры­ғы­нан тыша­дай қорқа­ды. Үдірей­ген үрей жан­да­рын алып бара­ды. Қанға қаты­ста­ры бол­ма­са, бұлар неден қорқа­ды?
Содан да ма, бір қатер­дің бары анық: айтақ­шы «ат!» десе, мынау «май­мыл­дар» халы­ққа оқ ату­дан аулақ емес. Оған кеше­гі Жаңаө­зен қырғы­ны куә… 

«Ертеңіне елең­де­ген ел аман бол­сын!» деуден басқа езіл­ген елге не айтасың?!.

Ерму­рат Бапи

«Тәу­ел­сіздік мере­кесін­де» КІМДЕРДІҢ  ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ НҰҚСАН КЕЛДІ?

Алма­ты қаласынан:

  1. Мар­жан Аспандиярова
  2. Абай Ере­ке­нов
  3. Ғалым Ағе­ле­уов
  4. Арман Иман­жа­нов
  5. Гүл­ба­ла Әбдіхалық
  6. Дариға Рақым
  7. Герой­хан Қыстаубаев
  8. Құрал Меде­уов,
  9. Сүй­ін­дік Алдабергенов 
  10. Жаса­рал Қуанышәлин
  11. Есенға­зы Қуандық
  12. Ген­на­дий Крестьянский
  13. Сақып Жаңа­ба­е­ва
  14. Раи­са Дүйсембаева
  15. Рабиға Рақы­ше­ва
  16. Сал­та­нат Тәшимова
  17. Мади­на Хабибула
  18. Аль­жан Өтегенов 
  19. Еркебұлан Қазақ
  20. Илшат Кен­жин
  21. Болат Жәкі­шев
  22. Асқар Ерім­бе­тов
  23. Ардақ Ерім­бе­то­ва
  24. Ақсерік Оңғарұ­лы
  25. Ерлан Қали­ев
  26. Ермұрат Бапи
  27. Бағнұр Оқа­с­ба­ев
  28. Рыс­бек Сәрсенбай
  29. Әсел Көп­бо­сы­но­ва
  30. Ғаби­ден Жәкей
  31. Мах­мұт Құлментегі

Орал қала­сы­нан:

  1. Мария Мель­ни­ко­ва
  2. Рауль Упо­ров
  3. Аслан Сагут­ди­нов
  4. Әлі­бек Ерғазиев

Ақтау қала­сы­нан:

  1. Жеңіс Бисенға­зи­ев
  2. Нұри­яш Абдреймова

Ақтө­бе қаласынан:

  1. Бақыт­гүл Досмырза

Аста­на қаласынан:

  1. Фара Кана
  2. Дулат Аға­діл
  3. Ғабит Әлі­п­бай­ұ­лы
  4. Серік Жахин
  5. Зауре Сағи­дол­ди­на
  6. Қай­рат Сейтқазиев
  7. Рус­лан Жәми 
  8. Қанат Абдікәрі­мов

Шым­кент қаласынан:

  1. Гүл­нар Момынова
  2. Нұр­жан Мұхамеджанов
  3. Дәу­лет Насырұлы
  4. Жарқын­бек Сейтімбет
Республиканский еженедельник онлайн