Четверг , 15 мая 2025

Халық банктерге 6 триллион теңге ҚАРЫЗ

More Photos like this here..

Соны­мен, кел­ген жаңа жыл­мен бір­ге өткен жыл­дың қоры­тын­ды­ла­ры да шыға баста­ды. Мәсе­лен, Бірін­ші кре­дит­тік бюро­ның есебіне сай, өткен жылы қара­пай­ым халық банк­тер­ге 6 трил­ли­он тең­ге­ге жуық қары­здар екен, деп хабар­лай­ды Stan.kz порталы.

Халы­қты қарыз қылқын­ды­рып бара­ды. Ел ішін­де банк­тер­ге бере­шек емес адам­ды итпен иіс­кетіп тап­пай­сың. Ал «көгіл­дір көзіл­дірік» киіп алған Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев «Қаза­қстан халқы­ның орта­ша жалақы­сы 500 000 тең­ге» деп шер­тіп отыр. Айы­на 500 мың тең­ге жалақы ала­тын адам банк­тен қарыз алушы ма еді? 

Бірақ кеше ғана ҚР Ұлт­тық эко­но­ми­ка мини­стр­лі­гінің Ста­ти­сти­ка жөнін­де­гі коми­теті «Суды­рах­мет» пре­зи­ден­тінің сөзін жоққа шығар­ды (МИА «Каз­ин­форм» – қаз-қал­пын­да): «В Казах­стане в декаб­ре 2018 года раз­мер сред­не­ме­сяч­ной номи­наль­ной зара­бот­ной пла­ты одно­го наем­но­го работ­ни­ка, по оцен­ке, соста­вил 174 642 тен­ге, пере­да­ет кор­ре­спон­дент МИА «Каз­ин­форм» со ссыл­кой на Коми­тет по ста­ти­сти­ке Мини­стер­ства наци­о­наль­ной эко­но­ми­ки РК. В свою оче­редь раз­мер сред­не­ду­ше­вых денеж­ных дохо­дов насе­ле­ния в нояб­ре про­шло­го года, по оцен­ке, соста­вил 95 152 тенге».

Қаза­қстан­дық банк­тер­дің қар­жы­лық жағ­дай­ы­на етене қанық Бірін­ші кре­дит­тік бюро­ның маман­да­ры елде­гі жағ­дай көңіл көн­шіт­пей­тінін айта­ды. Несие алушы­лар­дың қата­ры артқан, есесіне қары­зда­рын қай­тар­май­тын­дар да көбей­ген. Ал кол­лек­тор­лық ком­па­ни­я­лар сатып алған кре­дит­тік үле­стің жар­ты­сы­нан көбі өтел­меп­ті. Жеке тұлға­лар­дың 92 пай­ы­зы екін­ші дең­гей­де­гі банк­тер­ге, 5 пай­ы­зы түр­лі қар­жы­лық ұйым­дарға, ал 3 пай­ы­зы онлайн несие беру­шілер­ге борышкер.

«6 трил­ли­он деп оты­рға­ны­мыз бұл тек жеке тұлға­лар­дың алған неси­есі. Оның ішін­де мүл­дем өтел­мей, ісі сотқа түс­кен­дер де бар. Бұдан өзге, заң­ды тұлға­лар­дың несие порт­фелі бар. Ол 15 трил­ли­онға жет­кен», – дей­ді Бірін­ші кре­дит­тік бюро­ның атқа­ру­шы дирек­то­ры Әсем Нұрға­ли­е­ва пор­тал­да жари­я­ланған түсініктемесінде.

Маман­дар алда-жал­да кей банк­тер банк­рот болып, жұмысын тоқта­тып жат­са, нағыз былық сон­да бола­ды дей­ді. Себебі кол­лек­тор­лық ком­па­ни­я­лар сатып алған келісім-шарт негізін­де қара­пай­ым халы­қты қысып, тіп­ті несие пай­ы­зда­рын көбей­те­ді. Тіп­ті тұр­пайы әре­кет­тер­ге де баруы мүмкін.

Елі­міз­де 18 мил­ли­он­нан астам адам өмір сүр­се, оның үштен бір бөлі­гі, яғни 6 мил­ли­он­нан аста­мы банк­тер­ден несие алып, қары­зға бел­ше­сі­нен батқан­дар екен. Оның үстіне биы­лғы көр­сет­кіш бой­ын­ша 1,5 мил­ли­он адам алған неси­есін өте­у­ге қауқар­сыз. Маман­дар­дың сөзін­ше, бұған себеп – елі­міз­де­гі несие берудің пай­ы­здық үлесінің жоға­ры болуы (Stan.kz).

Ал енді осы 6 мил­ли­он қары­здар адам­дар­ды әле­умет­тік топ­тарға жік­теп көрей­ік: бұлар – несие алуға құқы және қан­дай да бір бол­ма­шы табыс көзі бар 18 бен 63 жастың ара­сын­дағы адам­дар. Яғни, елде­гі еңбек­ке жарам­ды 9 мил­ли­он адам­ның 6 мил­ли­о­ны. Ал осы 9 мил­ли­он­ның 3 мил­ли­онға жуы­ғы «өз күнін өзі көр­ген­дер». Сон­да не қала­ды? Жеке­ле­ген адам­дар­дың екі кре­ди­ті бар деген­нің өзін­де, құры­ған­да 5 мил­ли­он адам қары­здың қамы­тын киіп отыр деген сөз.

Ал елде­гі эко­но­ми­ка­лық жағ­дай, оны­мен бір­ге тұр­мыстық аху­ал күн­нен-күн­ге ауыр­лап бара­ды. Енді қайт­пек керек? 

Қай­дам, «битін сығып жеудің» аз-ақ алдын­дағы халық бұл сұраққа бас қаты­рып отыр­маған сияқты көрі­неді де тұра­ды. Ең қорқы­ны­шты­сы – осы!

Ермұрат БАПИ

Республиканский еженедельник онлайн